Өндіріс шығындары және олардың түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 00:47, реферат

Описание работы

1 Кәсіпорындардың шығындары және олардың түрлері
2 Өндірілетін өнімнің өзіндік құны
3 Өндіріс шығындарының төмендеуінің негізгі бағыттары.

Файлы: 1 файл

9 Өндіріс шығындары және олардың түрлері.docx

— 20.89 Кб (Скачать файл)

9 Өндіріс шығындары және олардың түрлері

1 Кәсіпорындардың шығындары  және олардың түрлері

2 Өндірілетін өнімнің  өзіндік құны 

3 Өндіріс шығындарының  төмендеуінің негізгі бағыттары.

 

Кәсіпорынның шығаратын  тауарларының мөлшерін рынокқа ұсынуы, оны өндіруге кететін шығындарына  және сол тауарлардың рынокта  сатылатын бағаларына тікелей байланысты болады.

 

Өндірістік шығындардың  жіктелуі

 

Сыныпталу белгілері

Шығындардың бөлшектенуі

1 Экономикалық элементтер

2 Өндірістік құнның тараптары

3Технологиялық процестерге  қатыстылығы 

4 Құрамы

5 Өнімнің өзіндік құнына  қатысуының тәсілі 

6 Өндірістік процестегі  ролі

7 Мақсаттарға сәйкес жұмсау

8 Жоспарға қатысу мүмкіншілігі

9 Өнімнің көлеміне қатысы

10 Шығу мерзімділігі

11 Дайын өнімге қатысы 

Шығындардың экономикалық элементтері 

Өзіндік құнның калькуляция  тараптары

Негзізгі, қосымша 

Бір элеменнттік, кешенді

Тікелей, жанама

Өндірістік, өндірістен тыс

Өндірістік, өндірістік емес

Жоспарлы, жоспарсыз

Тұрақты, ауыспалы

Күнделікті, бір жолғы

Аяқталмаған өнімге кететін  шығындар, дайын өнімнің шығындары


 

Бұдан шығатын қорытынды, тауарларды өндіру және сатуға кететін  шығындарды білу кәсіпорынның шаруашылық жүргізудегі тиімділігінің басты  жағының бірі болып табылады.

Шығындар – бұл кәсіпорынның өндіретін және коммерциялық қызметін іске асыру үшін өндіріс факторларының  ақшалай түріндегі шығындары. Өндіріс  процесіндегі айқын шек қоятын шығындар және олардың маңызы мен практикалық  қызметіндегі анықтайтын межесі болып  табылады. Кәсіпорын шығындары өндірістік белгісіне қарай үш түрге бөлінеді:

- өзіндік құн құрайтын  өнімдерді өндіру және сатуға  кететін шығындар. Бұл капиталдың  ауыспалы айналымы арқылы сатудан  түскен ақшалай түсімді жабатын  ағымдағы шығындар;

- өндірісті ұлғайтуға  және жаңартуға кететін шығындар. Бұл жаңа немесе ерекше өндірілетін  өнімге жұмсалатын бір жолғы  ірі күрделі қаржы шығындары;

- өндірістің әлеуметтік-мәдени, тұрғын үй, тұрмыстық қызмет көрсету  және осыған ұқсас басқа да  мұқтаждықтарға кететін шығындар. Олар негізінде пайданың есебінен  бөлінетін арнаулы қорлардан  қаржыландырылады.

Шығындар практикалық  маңызы жағынан тұрақты және ауыспалы болып бөлінеді. Тұрақты шығындар осы кезеңдегі уақыт ішіндегі сомасы өнімді өндіру және оны сатудың  мөлшеріне, құрылымына тікелей тәуелді  болмайды. Тұрақты шығыдарға жататындар: міндетті заемдық ақылар, есепті төлемдер, ғимараттар және жабдықтардың амортизациясы, сақтандыру жарналары т.б.

Ауыспалы шығындар – бұл  осы кездегі уақытта өнімді өндірудің  мөлшеріне және сатылуына тәуелді  болатын шығындар. Олар: еңбек ақы шығындары, шикізаттар, отын, энергия т.б. Тұрақты шығындар өндірілмеген өнімге де төленуі тиіс, ал ауыспалы шығындармен кәсіпкер өндіріс көлемін өзгерту жолымен басқаруы мүмкін. Шығындар экономикалық және бухгалтерлік болып ажыратылады. Экономикалық шығындар кәсіпорынның ресурстарды пайдаланғаны үшін жеткізушілерге төлейтін төлемдердің барлық түрлерін айтады. Олар екі түрге бөлінеді: сыртқы және ішкі. Сыртқы шығындар бұл ресурстарды жеткізішілерге ақшалай түріндегі төлемдері, шикізаттар төлемдері, материалдар т.б. Бұл топтағы шығындар бухгалтерлік шығындарға жатады. Кәсіпорынның ішкі шығындары кәсіпорын иелерінің қарамағындағы ресурстары өндірісте пайдаланғанын нақтылап көрсетеді, жерді, ғимараттарды, еңбектері үшін кәсіпорын ресми төлемейі.

2 Кәсіпорынның іс әрекетіндегі  басты көрсеткіштердің бірі –өнімнің  өзіндік құны. Бұл өнімді өндіруге  және оны сатудағы ақшалай  нысанында көрсетілген шығындардың  жиынтығы. Сөйтіп жылпы өндірістік  жиынтығын анықтайды. 

Өзіндік құнның экономикалық мазмұны – жұмсалған шығындардың  орнын толтыру және соның есебінен өндірілетін барлық элементтердегі жай ұдайы өндірісті, өндірістік қорларды және жұмыс күштерін қамтамасыз ету. Осы арада, кәсіпорынның өзіндік  құнының маңызды элементтері: амортизация, жұмсалған материалдық ресурстардың құны, еңбекақы бұл шығындардың басты  баптары.

Сонымен қатар, кәсіпорын  бір уақытта басқа да шығындарды іске асырады: өздерінің қызметкерлеріне  сыйлық, банктік несиеге процент  төлеу т.б. бұл кәсіпорын шығындарының қосымша шығындарын құрайды.

Өзіндік құн тиімділіктің мынадай маңызды көрсеткіштері: пайда және пайдалығының денгейі  мен серпінін анықтайды. Өзіндік  құнның маңызы оның орындалу функцияларымен анықталады.

1 Өзіндік құн өнім құнының  кең бөлігі болып табылады. Мұның  мәнісі, өнімнің өзіндік құны  арқылы өндіріс қаражаттарын  жұмсауды қамтамасыз етеді. 

2 Өзіндік құн көтерме  сауда бағасын қалыптастырудың  негізі болып табылады, оның есепсіз  жүргізілуі бағаның құрылуына  негіздеме бола алмайды. 

3 Өзіндік құнның негізінде  пайданы, кейбір бұйымдардың пайдалылығын, яғни оларды шығарудың мақсатқа  сай екендігін есептеу.

 

Кәсіпорынның  өзіндік құны, жалпы табысы және пайдасы

 

 

Жалпы табыс

Материалдық шығындар

Еңбекақы 

Пайда

Өндірістің шығындары (өзіндік  құн)

Таза табыс 

Ө т к і з у    к ө л е м і


 

Бұл айтылғандардан өнімнің  өзіндік құнына деген көзқарасты төмендетуге болмайтындығын көруге болмайды. Өзіндік құнның деңгейіне  кәсіпорынға қатысы бар және қатысы жоқ факторлар ықпал етеді. Мысалы, кәсіпорынға табиғи жағдайлар, оның ішінде шикізат көздерін және өнім тұтынушыларда территориялық қашықтығы, шикізатқа баға денгейі, отын, жабдықтар, электроэнергия, көлік тарифтері және т.б. жатады.

Өнімнің өзіндік құнын  құрайтын шығындар екі негізгі белгілермен  топтастырылады:

- шығындардың бастапқы  элементтерімен;

- пайда болу және міндет  жүктеу сипатымен.

Экономикалық элементтердің  шығыстарын топтастыру өндіріс шығындар сметасын дайындағанда қолданылады. Бұл  топтастырудың мәні –әрбір шығынның элементі өнімнің өзіндік құнының  жиынтығына қосылады. Сонымен, мына төмендегі  шығын элементтері бөлінеді:

- материалдық шығындар;

- еңбекақыға жұмсалған  шығындар;

- әлеуметтік сақтандыруға  аударым;

- зейнетақы қорына аударым;

- жұмыспен қамтылу қорына  аударым;

- амортизация;

- басқа да шығындар.

3 Шығындарды жүйелі түрде  төмендету- кәсіпорындардың жұмыс  істеу тиімділігін арттырудың  негізгі құралы болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында  залалды кәсіпорындарды қаржылай  қолдау қағидаға жатпайды.

Ұлттық экономиканың барлық салаларында өндіріс шығындарын төмендетудің мына төмендегі негізгі  бағыттарын айтуға болады:

- ғылыми –техникалық прогрестің жетістіктерін пайдалану;

- өндіріс және еңбекті  ұйымдастыруды жетілдіру;

- экономикалық процестерді мемлекет тарапынан реттеу.

Ғылыми- техникалық прогрестің жетістіктерін іске асыру- бұл бір  жағынан өндіріс қуатын, шикізат  және материалдар, оның ішінде отын-энергия  ресурстарын көптен көп пайдалану, ал екінші жағынан тиімді жаңа машиналарды, жаңа технологиялық процестерді  іске асыру.

Шығынның белгілі бір  мөлшерін мейлінше тиімді ету- шаруашылықты жүргізудің әр түрлі мәселелерін  шешуге келгенде басты талап осы  болып отыр. Тек қанша өнім өндірілгендігінің  ғана емес, оны өндіруге қанша еңбек  жұмсалғандығының да маңызы зор. Мәселенің  бұлайша қойылуы мынаны аңғартады: шикізатпен материалдарды жұмсау отырып немесе машиналар мен механизмдерді пайдалан отырып, шикізаттардың әрбір бөлігін неғұрлым көп өнім алуға, әрбір станок пен технологиялық процестердің түсімін өсіруге, шығындарын бұйымдардың өзіндіктік құнын төмендетіп, кәсіпорындардың пайдасын көбейтуге, өндірістің тиімділігін аттыруға жету керек.

Егер кәсіпорын ұйымдарының  ішкі шаруашылық резервтерін тауып, пайдалануының негізгі бағыттарын қорытындылауға талпыныс жасалса, онда оларды үш топқа бөлуге болады. Өндіріс  тиімділігі, біріншіден, негізгі өндіріс  қорларының пайдалануын жақсартудың, екіншіден, айнымалы өндіріс қорларды неғұрлым тиімді пайдаланудың және үшіншіден, қазіргі еңбек шығындардың нәтижелігінен  жақсартудың есебінен арттыру.

Өндірісті және еңбекті ұйымдастыруды  жетілдіруге келсек, онда бұл процесс  ысырапты қысқарту есебімен шығындарды үнемдеумен қатар барлығы да тәжірибе жүзіндегідей болады, яғни нақты еңбектің шығынын үнемдеу. Қазіргі кезде  нақты еңбекті үнемдеудің экономикалық дамуы қоғамдық еңбекті үнемдеумен салыстырғанда едәуір салмақты нәтиже береді.

Өзіндік құнды кемітудің  басты факторлары:

- өндірістің техникалық  денгейін көтеру;

- өндірістің материал, отын, энергия және еңбек сыйымдылықтарын  төмендету;

- басқару және еңбекті  ұйымдастыруды жетілдіру;

- технологиялық процестерді  қуаттылықпен негізгі қорларды  пайдалануды жақсарту т.б. 

 


Информация о работе Өндіріс шығындары және олардың түрлері