Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Мая 2013 в 19:05, реферат
Сөйтіп, медициналық сақтандыру сақтандыру жүйесінің маңызды құрамды буыны болып табылады және қоғамдық өндірістің аса маңызды факторы - еңбек ресурстарының ұдайы толықтырылуының әлеуметтік-экономикалық үдерістерінде оның рөлі салмақты. Бұл рөл медициналық сақтандыру қорларының жұмыс істеунің қағидалық ерекшеліктеріне негізделген: қалыптастырудың қоғамдық ынтымақтастығы, іс-әрекеттің орталықсыздандырылуы (бөлшектенуі), ұйымдастырудың міндетті нысаны - бұлар барлық азаматтарға қажетті медициналық көмек берудің кепілдіктерін қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
«Экономика және бизнес» жоғарғы мектебі
«Қаржы» кафедрасы
C Ө Ж
Тақырыбы: Сақтандырудың жіктелімі
Алматы, 2012
Мемлекеттік Сақтандыру – сақтандыру түрлерінің бірі.
Мұнда мемлекеттік ұйым сақтандырушы ретінде әрекет етеді. Ол сақтандырудың барлық түрлерін жүзеге асыруға мемлекеттік монополия (әмбебап)‚ сақтандырудың тек кейбір түрлеріне ғана мемлекет монополиясы болатын немесе сақтандыруға мемлекеттің монополиясы болмайтын (Мемлекеттік сақтандыру акцион.‚ кооп.‚ т.б. сақтандырумен қатарлас жүргізіледі) жағдайда жүзеге асырылады. Мемлекеттік сақтандыруда мүліктік және жеке басты сақтандыру қамтылады.
Акционерлік сақтандыру компаниясы - акция сату жолымен қаржыны орталықтандыру негізіндегі сақтандыру қорын ұйымдастыру нысаны. Нарықтық экономикадағы сақтандырудың кен тараған түрі Акционерлік сақтандыру компаниясы - акционерлік сақтандыру коғамынын баламасы. Акционерлік сақтандыру компаниясы - мақсат-міндеттері, жарғы капиталының мөлшері, істі басқару тәртібі көрсетілген жарғысы бар заңды тұлға. Оның жоғарғы басқару органы ретінде — акционерлік сақтандыру компаниясы жұмысынын стратегиялық бағытын анықтайтын, жылдық есепті бекітетін, акционерлердің жалпы жиналысы саналады.
Өзара сақтандыру – қабылданған шарттарға сәйкес бір – біріне мүмкін шығындарды анықталған үлесті көлемінде жабу жөнінде жеке және заңды тұлғалар топтар арасындағы келісімді бейнелейтін мемлекеттік ұйымдастыру түріне жатады. Бұл түрдің қызметі құрылған сақтандыру кәсіпорыннан пайда табу мақсатын көздемейтін, яғни коммерциялық емес сақтандыру ұйымы болып табылатын өзара сақтандыру қоғамы арқылы жүзеге асырылады.
Кооперативтік сақтандыру – сақтандыру қызметінің ерекше ұйымдық түрі, мемлекеттік емес ұйымдастыру түріне жатады.
Медициналық сақтандыру - бұл жұмыс берушілердің, азаматтардың сақтық жарналары мен бюджеттік қаражаттар есебінен сақтандырылған адамдарға зиянның орнын өтеу үшін және медицина мекемелерінің шығындарының өтемақысын төлеу үшін ауырған, жарақат алған жағдайда денсаулықты қаржыландыру жөніндегі қатынастар. Ол әлеуметтік бағдарланған экономикасы бар елдердің сақтық қорғауы тұтас жүйесінің міндетті атрибуттарының бірі болып табылады.
Медициналық сақтандырудың екі түрі бар: міндетті және ерікті.
Міндетті медициналық сақтандыру кезінде заңнамамен барлық азаматтар үшін бюджетке төленетін аударымдардың бірдей мөлшерлемесі белгіленеді, соның есебінен денсаулық сақтауға жұмсалатын ақшалай қор қалыптасады. Мұндай жүйе халықтың барлық жіктері үшін медициналық және дәрі-дәрмектік көмектің тең көлемі мен сапасын қамтамасыз етеді. Бірақ, бұл нысан, оның барлық артықшылықтарына қарамастан, Қазақстанда іске асырылмайды.
Міндетті медициналық
Міндетті медициналық
Ерікті медициналық сақтандыру міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне толықтыру болып табылады. Ол сақтық төлемақыларды, яғни медициналық қызмет көрсетуге жұмсалатын өтемді, жүзеге асыруды қарастыратын жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып келеді. Сақтық полисінің құны қызметтердің ассортиментіне, емдеуге жататын сырқаттардың түріне, сақтандырылған ауруға қызмет көрсетілетін емдеу мекемелеріне байланысты болады. Ерікті медициналық сақтандырудың негізгі құндылығы қазіргі құрал-жабдықпен жарақталған және жоғары сыныптық мамандары бар клиникаларда сапалы медициналық жәрдем алу мүмкіндігі болып табылады.
Дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп
отырғандай,ең дұрысы міндетті және ерікті
медициналық сақтандырудың
Мысалы, АҚШ-та «Медикор» жүйесі - егде адамдар үшін, «Медикэйд» жүйесі - кедейлер, жұмыссыздар мен мүгедектер үшін; ГФР-де - сыркатты сақтандыру. Медициналық сақтандырудың шетелдік жүйелері, әдеттегідей, өзін-өзі сақтандыру қағидатында (жұмыс берушілердің, жұмыскерлердің және мемлекеттің негізінен төменгі әкімшілік буынның қатысуы) жұмыс істейді және нысандары мен әдістерінің сан алуандығымен ерекшеленеді. Медициналық сақтық қорғаудың ұжымдық (сапалық), қоғамдық (мемлекеттік) және жеке (жекеше) жүйелері бар. Медициналық сақтандыру қорларына сақтық жарналарын төлеуде жұмыс берушілердің міндетті қатысуы заңнамада қарастырылған. Сақтық қорларын қалыптастыру, қызметтер көрсету сияқты, сақтаушылардың табыстарына, қор мекемесінің мәртебесіне, кейде сақтандырылғандардың жасына қарай сарапанған.
Қазақстанда медициналық сақтандыруды
ұйымдастырудың белгілі бір тәжірибесі
жинақтапған еді, бірақ жүйені басқару
сапасының төмендігінен және міндетті
медициналық сақтандыру қорының
жұмылдырылған қаражаттарын мақсатты
және тиімді пайдалануды бақылаудың
жеткіліксіздігінен ол беделін жоғалтқан
болатын. Қор жойылды, емдеу мекемелері
қаржыландырудың басты
Міндетті медициналық
Медициналық сақтандыруды ұйымдастырудың
жұмыс істеуі медщиналық қызмет көрсетудің
рыногын тудырады, онда бұл қызметтер
көрсетуді жасаушылардың - медициналық
мекемелердің, олардың жұмыскерлерінің,
жеке машықтанушы дәрігерлердің
нақтылы бағалауы болатын өз еңбегінің
саны мен сапасына тікелей мүдделігі
пайда болады. Басқа жағынан, медициналық
көмекті тұтынушылар ретіндегі
Сөйтіп, медициналық сақтандыру сақтандыру
жүйесінің маңызды құрамды