Теңге халықаралық экономикада

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2014 в 18:05, реферат

Описание работы

Қазақстанның ұлттық валютаға көшуі бұрынғыдан да нақты әрі тәуелсіз жоспар бойынша әлеуметтік-экономикалық реформалар бағытын жалғастыруға мүмкіндік береді. Ақша реформасын дәйекті жүргізу бізге көп ұлтты Қазақстан халқының тұрмыс дағдайын бірте-бірте жақсартуға көмектеседі.
Бүгінгі күні Банкнот фабрикасы Мемлекеттік қоймамен бірге кейбір ретте Қазақстандағы қаржылық тәуелсіздіктің тірегіндей болды. Ол мемлекетімізде ақшаның ұлттық валютамыз – теңгенңғ қалыпты атқарымданып, жұмыс істеуін қамтамасыз етуде.

Содержание работы

Кіріспе
1. Теңгенің Қазақстан экномикасындағы рөлі
2. Теңге халықаралық экономикада
3. Ұлттық валютамыздың халықаралық беделі
4. Қорытынды

Файлы: 1 файл

Теңгенің дүниежүзілік беделі және бәсекеге қабілеттілігі.docx

— 25.92 Кб (Скачать файл)

Жоспар:

Кіріспе

    1. Теңгенің Қазақстан экномикасындағы рөлі
    2. Теңге халықаралық экономикада
    3. Ұлттық валютамыздың халықаралық беделі
    4. Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе 

Қазақ халықының өз ұлттық валютасының пайда болуы тәуелсіз ел мемлекет екендігіміздің шынайы айнасы болып табылады. Өз валютамызды енгізу – біздің халықтарымызды бөлетін ТМД елдері арасына қойылған ешқандай жасанды кедергі болып табылмайтынын ашық жариялағанымыз. Тауарлардың, адамдардың барыс-келісінің, капиталдың өзара еркін қозғалысына да тосқауыл болмайды. Бұған қоса Қазақстан – Ресей келіссөздері барысында Ресейдің үкіметі мн реформасына байланысты Қазақстанға техникалық жіне басқа да көмектер беруге міндеттеме қаблыдады.

Қазақстан валютасын қолдау туралы Халықаралық валюта қорымен, Бүкіл дүние жүзілік, Еуропалық жіне Азия даму банкілерімен, сондай –ақ әлемнің бірқатар дамыған елдерінің үкіметтерімен келісімге қол жетті. Бүгін теңгеміз соңғы екі жылдың ішінде қалыптасқан 700 млн астам АҚШ долларының сомасында өзіміздің алтын-валюта резервімізбен қамтамасыз етіліп отыр. Бұл басқа валюталарға қарағанда тұрақты курсты сақтау үшін алғы шарттар жасайды, әрине, егер қатаң түрде ақша – несие, бюджет, салық саясатын жүзгізген жағдайда ғана.

Қазақстанның ұлттық валютаға көшуі бұрынғыдан да нақты әрі тәуелсіз жоспар бойынша әлеуметтік-экономикалық  реформалар бағытын жалғастыруға мүмкіндік береді. Ақша реформасын дәйекті жүргізу бізге көп ұлтты Қазақстан халқының тұрмыс дағдайын бірте-бірте жақсартуға көмектеседі.

Бүгінгі күні Банкнот фабрикасы Мемлекеттік қоймамен бірге кейбір ретте Қазақстандағы қаржылық тәуелсіздіктің тірегіндей болды. Ол мемлекетімізде ақшаның ұлттық валютамыз – теңгенңғ қалыпты атқарымданып, жұмыс істеуін қамтамасыз етуде.

Ақырында біздің ұлттық Теңгеміз ТМД-да ең тұрақты валюталалардың бірі болып отыр. Ол әрі қарай алтын-валюталық резервтердің өсуімен, экономикалық нығаюымен ұлттық әлемдік ауқымда да бұдан да жақсы орнықты болады деген болжам бар

    1. Теңгенің Қазақстан экномикасындағы рөлі

Шын мәніндегі тәуелсіз елдің болашағы - оның экономикалық, әлеуметтік тәуелсіздігі мен қауіпсіздігіне де тікелей байланысты екендігі ақиқат. Сол үшін де Қазақстанның ұлттық валютасы теңгесін айналымға енгізу – ел Үкіметіне де, Ұлттық банкке де тәуелсіз экономикалық, қаржылық-кредиттік саясат жүргізуге мол мүмкіндік берді. 1992 жылдан бастап Елбасы теңгені дайындау және айналымға енгізу мәселесін алға қойған болатын. Теңге алғаш айналымға түскен жылы Ұлттық Банк әуелде 1 теңгені сол кездегі мың рубльге бағалаған болатын. Дегенмен де еліміздің саяси, әлеуметтік мәселелері және мемлекетаралық қатынастар ескеріле келіп бір теңге бес жүз сомға бекітілді. Кейіннен теңгенің бағамы елімізбен сауда жасайтын үлкен мемлекеттердің немесе АҚШ долларының валюталық себетіне сәйкес шығару керек болды. Екшелеп келіп, теңгені доллардың бағамына теңеп, бұл бірінші айналымға кірген күні бір доллар 4,75 теңге болып бекітілген.  Тоқтала кететін мәселе, осы кезеңде үлкен құнсыздану тек қана Қазақстанда емес, сол кездегі ресейлік рубль ақша ықпал ететін барлық аймақтарда жүріп жатқан болатын. Атап айтар болсақ, құнсыздану елімізде 1992 жылы 3200 пайыз болса, теңгенің айналымға кірген 1993 жылы 2 700 пайыздай көрсеткішке жеткен. Бұл кезеңді мамандар кәдімгідей құнсызданудың ырықсызданған кезеңімен салыстырады. Осыншама құлдырауға теңгенің қарсы тұруы қамтылуы тиіс еді. Бірақ, бұған сол кездердің өзінде Қазақстанның Алтын валюталық қоры аздық етті. Уақыттың тапшылығы, қордың әлсіздігі әсер еткендіктен де, көпшілік жағдайда ұлттық валютаның бағамы экономиканың жағдайына да тікелей байланысты болып табылды. Теңгенің ең құлдыраған заманы 1994-96 жылдары болды.

 Әуелгіде ұлттық валютаға  беделді бабаларымыздың тұлғасын  беру қазақтың кім болғандығын  айғақтап тұратын ерекшелік ретінде  жасалған шара секілді көрінуші еді. Ал Ұлттық банктің соңғы шешімінен тек батысқа еліктеушілікті байқауға болатын тәрізді. «Жалпы отарланған ұлттардың үлкен бір арманы – Тәуелсіздік алып, өзінің ұлттық валютасы болып, өзі дербес ел ретінде сол ұлттық валютасымен ішкі де, сыртқы да қатынастарды дамыту. Қазақ халқы да теңгесінен айрылған бір кездері теңгені қайта жаңартуды армандап, оған 1993 жылдың қарашасында қол жеткізілді.

Ұзақ мерзімді перспективадан мемлекеттің валюталық реттеуге тікелей араласуы тиімділікке қол жеткізбейді. Ұлттық валютаның бағамын жиі-жиі әрі ұзақ уақыт бойы тежеп отыру импортқа бағытталған жеке салаларға кері әсерін тигізуі мүмкін. Қазақстанға 2003 - 2015 жылдарға арналған индустриялдық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру барысында басқа дамыған елдерден жаңа жоғары технологияларды, машиналар мен жабдықтарды, сондай-ақ жоғары технологиялық жетілдірудің маңызы зор. Теңгенің бағамы төмен жағдайда импортты көбейту экономика үшін тиімсіз, ол өңдеу өнеркәсібінің шикізат емес салалары мен қызмет салалары үшін валюталық тәуекел үрейін арттыра түседі.

Валюта бағамының деңгейі сыртқы саудаға, ұлттық өнімдердің әлемдік нарықтағы бәсекелестігіне, капиталдың қозғалысына, ақша айналымының қалпына және елдің бүкіл экономикасына айрықша әсер етеді. Ұлттық валютаның бағамын төмендету тауарларды экспорттауға жағдай туғызады, яғни төлем балансының белсенділігін арттырады. Қазақстан соңғы  5 - 6 жылда экспортқа дем беру мен төлем балансының белсенділігін қуаттау үшін теңге бағамын төмендету саясатын ұстап отыр. Ұлттық банк осы мақсатпен үнемі валюта интервенциясын (шетел валютасын сатып алу - сату) жүргізіп, айналымға теңгені көбірек жіберудің арқасында теңге бағамын төмендетуде. Алайда, 2003-2005 жылдары доллардың өзінің бағамының төмендеуінен елімізге көптеп келіп түсуде, осы себепті теңгенің бағамы өсіп келеді.

 

    1. Теңге халықаралық экономикада

Қазақстанның әлемдік экономикалық қатынастарда басқа елдермен сауда, экономикалық қарым-қатынасқа түсуі үшін, шетелдермен экспорт пен импорта, әлемдік капитал ағымдарының іске асуына және шетел валюталырының еркін айналымын ұйымдастыруда, сонымен қатар халықаралық әр түрлі қарым-қатынасты іске асыру валюталық жүйе негізінде жолға қойылады. 
Валюталық жүйелер дүниежүзiлiк шаруашылықта құрал жабдықтар, сатып алу және сату айналымын тудыратын әдiстер және мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрi даму экономикасы халықаралық ақша кеңiстiгiндегi адекватты шарттарды талап ететiн ұлтаралық капитал үрдiсiнiң объективтi дамуын бейнелейдi.Шын мәніндегі тәуелсіз елдің болашағы — оның экономикалық, әлеуметтік тәуелсіздігі мен қауіпсіздігіне де тікелей байланысты екендігі ақиқат.

Валюта бағамының деңгейі сыртқы саудаға, ұлттық өнімдердің әлемдік нарықтағы бәсекелестігіне, капиталдың қозғалысына, ақша айналымының қалпына және елдің бүкіл экономикасына айрықша әсер етеді. Ұлттық валютаның бағамын төмендету тауарларды экспорттауға жағдай туғызады, яғни төлем балансының белсенділігін арттырады. Қазақстан соңғы 5 — 6 жылда экспортқа дем беру мен төлем балансының белсенділігін қуаттау үшін теңге бағамын төмендету саясатын ұстап отыр. Ұлттық банк осы мақсатпен үнемі валюта интервенциясын (шетел валютасын сатып алу — сату) жүргізіп, айналымға теңгені көбірек жіберудің арқасында теңге бағамын төмендетуде. Алайда, 2003-2005 жылдары доллардың өзінің бағамының төмендеуінен елімізге көптеп келіп түсуде, осы себепті теңгенің бағамы өсіп келеді. 
Қазақтың ұлттық валютасы көршілес елдердің ішінде үлкен құнды ақшаға айналып отыр. Сондықтан да Орталық Азия елдері арасында қос тілді болып, әріп қатесі кеткені болмаса, теңгенің беделі өте жоғары, бүгінгі тұғыры бір қалыпты. Бір сөзбен айтқанда, ұлттық валюта — ел экономикасының жағдайын көрсететін, айырбас құралы ғана емес, ұлттың айнасы болуы тиіс. 
Халықаралық валюталық жүйенiң негiзгi құраушы элементтерi ретiнде валюталық бағам, әлемдiк ақшалай тауар және халықаралық өтiмдiлiк, валюталық рыноктар, халықаралық валюта, қаржылық ұйымдар және мемлекетаралық валюталық келiсiм шарттарды атауға болады. 
Ваюталық жүйе — ұлттық заңдылықтар немесе халықаралық келiсiм шарттарымен бекiтiлетiн валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасы негізінде көрініс табады.  
Халықаралық валюталық жүйе дүниежүзiлiк шарушылықтың шеңберiндегi сатып алу және сату айналымын тудыратын әдiстер, құрал жабдықтар және мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрi даму экономикасы халықаралық ақша кеңiстiгiндегi адекватты шарттарды талап ететiн ұлтаралық капитал үрдiсiнiң объективтi дамуын бейнелейдi. Халықаралық валюталық жүйенiң негiзгi құраушы элементтерi ретiнде әлемдiк ақшалай тауар және халықаралық өтiмдiлiк, валюталық курс, валюталық рыноктар, халықаралық валюта, қаржылық ұйымдар және мемлекетаралық валюталық келiсiм шарттарды атауға болады. 

    1. Ұлттық валютамыздың халықаралық беделі

Елiмiздiң әлемдiк рынокта алдынғы қатарлы елдер санатына қосылуы үшiн iшкi экономикалық өсумен қатар, халықаралық экономикалық қатынастарымыз дамып, соның iшiнде өзектi саласы халықаралық валюталық қатынастардың дамуы елiмiз үшiн маңызды. Өйткенi бiздiң экономикамызда теңгемiз еркiн айналысқа шыққандықтан, әлемдегi валюта өзгерiстерi бiзге де әсер етедi

Ұлттық валюта күннен-күнге өз елімізде ғана емес, одан тысқары жерлерде де  сенімді беделге ие бола бастады. Өндіріс дамыған сайын, елге шетел капиталының ағыны ұлғайып, отандық ірі инвесторлар пайда болған сайын (зейнетақы қорлары арқылы) ұлттық валюта да, сонымен қатар валюта рыногы да нығая түсті. Сонымен бірге, ұлттық валютаға да сенім арттырылды.

Өз валютамыздың болуы Ұлттық банкке тәуелсіз ақша-кредит саясатын жүргізуге мүмкіндік берді. Бюджет тапшылығын жабуға арналған кредиттер мен директивтік кредиттерді беру тоқтатылды. Экономикаға кредит беру функциясы екінші деңгейдегі банктерге толықтай берілді. Ұлттық банк өзінің негізгі міндеті – ұлттық валютаны тұрақтандырумен, яғни инфляция қарқынын бәсеңдету және бағамды тұрақтандырумен айналыса бастады. Ұлттық банк қайта қаржыландыру ставкасынан, ішкі валюта рыногындағы өктемдіктердің міндетті резервтері нормаларын енгізуден басқа, меншікті бағалы қағаздарын (қысқа мерзімді ноттарды) шығарып, ашық рынокта операциялар жүргізіп, кредиттер бере бастады.

Ақша-кредиттік саясаттың тиімділігін арттыруға «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заң (1995 ж. наурыз) себепші болды. Ол бойынша Ұлттық банк өз қызметінде тәуелсіз және Қазақстан Республикасының Президентіне ғана есеп беретін болды.

Қазіргі кезде теңгені айналысқа енгізудің өзі бізге ұлттық нарықтық инфрақұрылымды құрудағы алғашқы және маңызды қадам жасауға мүмкіндік бергенін толықтай түйсінуге болады. Дербес ақша кредиттік және бюджеттік-салықтық саясатты және тиісінше неғұрлым тиімді макроэкономикалық тұрақтылық саясатын жүзеге асыруға мүмкіндік берді.

Тұрақты ұлттық валютаның болуы нарықтық қатынастардың дамуы мен елдің экономикалық тәуелсіздігінің негізгі критерийлерінің бірі болып табылады. Теңге елдің қаржы секторының жалпы жай-күйін көрсетеді. Теңгенің тәуелсіз мемлекеттің валютасы ретінде орнығуы дау тудырмайтын факт.

Кез келген валюта үшін ең басты маңыздылық – оның қорғалуы. Жалпы алғанда, сатып алу қабілеттілігінен және тұрақтылығынан бастап қолдан жасаудан қорғалуына дейінгі мағынада. Бұл тұрғыдан алғанда Қазақстан теңгесі мақтаныш етуге тұрарлық. Теңге әлемдегі неғұрлым барынша қорғалған валюталардың бірі болып отыр. Мұнда ең озық технологиялар пайдаланылған.

Қазақстан теңгесі Қазақстанның ежелгі тарихы бар ел екендігін әлемге танытуда.

 

 

 

 

 

Қорытынды

Бүгінде еліміздің экономикалық қауіпсіздігімен мақтана аламыз. Дағдарыстан кейінгі екі жылда елімізде өндіріс көлемі артты. Банктер жаңа қызмет түрлерін ұсынып жатыр. Халық өз депозиттерінің басым бөлігін теңгемен орналастырған. Инфляция деңгейі бақылауда. Үстіміздегі жылы Үкімет инфляцияны 6-8 пайызда ұстауды жоспарлап отыр. Яғни, инфляция ырықтан шықпаса, теңгеміз де тұрақты. Бүгінде теңгеміз 1997 жылғы тәжірибемен “еркін жүзуге” жіберілген. Бірақ бұл шара да ұлттық валютаның тұрақтылығына нұқсан келтірген жоқ.

Және ұлттық валютамыз әлемдік қаржы нарығында елеулі орын алады. Әсіресе, жоғарыда атап өткеніміздей Орта Азия елдері арасында беделі зор.


Информация о работе Теңге халықаралық экономикада