Жеке мүлікті сақтандыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2014 в 14:35, курсовая работа

Описание работы

Сондай-ақ жеке мүлікті сақтандыру да өте керекті нәрсе. Жеке мүлік қазіргі кезде ақша сақтаудың негізгі көзі болып табылады. Кейбір ақшасы жетерлік азаматтар мүлік алып қояды. Оның бағасы өскен сайын ақшасы өсе бастайды. Сондықтан жеке мүлікті сақтаудың маңызы көп екенін көреміз. Сақтандырылған мүлік өзімен бірге адамға сенімділік ұялатады. Қандай жағдай болмасын ол мүлігінің сақтаулы күйінде қалатынына сенімді болады. Менің міндетім осы курстық жұмысты жазу барысында жеке мүлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесін тұрғызу болып отыр. Төменде менің маңызды жұмысым ол қалай тұрғызатыным жайлы түгел талдап, жазып шығу.

Содержание работы

Кіріспе
I. Сақтандырудың мәні
1.1 Сақтандыру деген не және ақтандырудың әлеуметтік-экономикалық, мәні, оның ic-әрекет сфералары
1.2 Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру
1.3 Міндетті әлеуметтік сақтандыру
II. Жеке мүлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесі
2.1 Ақпараттық жүйені құрудың мақсаты мен тағайындалуы
2.2 Кіріс және шығыс ақпараттары
2.3 Жеке мүлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесінің концептуалдық схемасы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Жеке мулікті сактандыру.DOC

— 248.50 Кб (Скачать файл)

Мазмұны

 

Кіріспе

 

I. Сақтандырудың мәні

1.1 Сақтандыру деген не және ақтандырудың әлеуметтік-экономикалық, мәні, оның ic-әрекет сфералары

1.2  Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру

1.3 Міндетті әлеуметтік  сақтандыру

 

II. Жеке мүлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесі

2.1  Ақпараттық жүйені  құрудың мақсаты мен тағайындалуы

2.2  Кіріс және шығыс ақпараттары

2.3 Жеке мүлікті сақтандырудың  ақпараттық жүйесінің концептуалдық  схемасы

 

Қорытынды

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қазақстан Республикасының бүгінгі таңдағы даму кезеңінде экономикалық көрсеткіштердің өсіп келе жатқандығы қуантады. Мемлекетіміз өсіп-өркендеп келе жатқанда оның бәсекелі ел болуына атсалысуымыз керек. Осы курстық жұмысымның да басты мақсаты жеке мүлікті сақтандыруды жаңа деңгейге көтеріп, сақтандырудың ақпараттық жүйесін тұрғызу міндеті тұр.

Ғылымның қандай салалары болса да, зерттеу барысы мен іс жүзінде біртекті әдістерді  қолдана бермейді. Ғылыми ойларды  дамытудың жаңа әдістеріне қолданбалы математика, ақпарат теориясы, кибернетика секілді ғылым түрлері себеп болады. Әр түрлі кезеңдер мен құбылыстарды, оның ішінде өндірістік-экономикалық және ақпараттық жүйелерді зерттеудің озық әдістеріне көбінесе жүйелік зерттеу тәсілі қолданылып жатады.

Жұмыстың бірінші  бөлімінде негізінен сақтандырудың соның ішінде әрине жеке мүлікті сақтандырудың анықтамасы, оның қалай атқарылатындығы  берілген. Сондай-ақ оның мәні, іс-әрекеті, сақтандыру сфералары жайлы сөз болады.

Қазіргі кезде сақтандыру кейбір жағдайларда міндеттілік сипат алып келеді. Оның мәні түсінікті де. Себебін айтатын болсам, медициналық сақтандыруды міндетті деп тану өте дұрыс шешім. Сақтанушы қандайда бір өмірге қауіпті жағдайға түсіп қалса оған жедел жоғары сапалы көмек көрсетілуі керек болады. Осындай жағдайда сақтандырушы заңды тұлға денсаулығын қайтаруға кететін шығынның бәрін өзіне алады. Бұл адам өмірінің сақтаулығы жанды түршіктірердей.

Сондай-ақ жеке мүлікті сақтандыру да өте керекті нәрсе. Жеке мүлік қазіргі кезде ақша сақтаудың негізгі көзі болып табылады. Кейбір ақшасы жетерлік азаматтар мүлік алып қояды. Оның бағасы өскен сайын  ақшасы өсе бастайды. Сондықтан жеке мүлікті сақтаудың маңызы көп екенін көреміз. Сақтандырылған мүлік өзімен бірге адамға сенімділік ұялатады. Қандай жағдай болмасын ол мүлігінің сақтаулы күйінде қалатынына сенімді болады. Менің міндетім осы курстық жұмысты жазу барысында жеке мүлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесін тұрғызу болып отыр. Төменде менің маңызды жұмысым ол қалай тұрғызатыным жайлы түгел талдап, жазып шығу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I-БӨЛІМ. Сақтандырудың мәні

 

1.1  Сақтандыру  деген не және ақтандырудың әлеуметтік-экономикалық, мәні, оның ic-әрекет сфералары

 

Сақтандыру - коғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категорияларының бipi. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп - бұл өндіріс пен адам өмірінің, қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өміp тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық-заттай босалқы корларын да немесе резервтерінде де, сондай-ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіc. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв жене сақтық корлары түрінде  қалыптасады.

Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің, үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріc процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.

Сақтандыру категориясы үшін мына белгілер оған тән болып келеді:

1)  қатынастардың ықтималдық сипаты;

2) қатынастардың төтенше (жай емес) сипаты (кез келген ауқымда - мемлекеттік, аймақтық деңгейде, кәсіпорын немесе оның бөлімшесі, жеке адам деңгейінде).

Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ өзгеше белгілері бар:

сақтық қатынастарының ақшалай сипаты;

сақтандырудың қоғамдық өнімінің кұнын қайта бөлуге қатысуы;

оның ic-қимылы ақша қорларын жасап, пайдаланумен қосарланып отырады;

сақтық қатынастарының біp бөлігінің міндетті сипатының болуы;

ақша қорларын жасап, пайдалану кезіндегі сақтық баламалығы барлық жағдайда бола бермейді (қатынастардың баламасыздығы).

Сақтандыру шеңберінде мемлекет сақтық ресурстары меншігінің субъектісі болып келетіндіктен сақтандыру жалпы мемлекет қаржысының құрамды бөлігі болып табылады, қалған барлық жағдайда сақтық үшін (қызметті, бизнесті) экономикалық жүйе шеңберіндегі айрықша сақтанушыға немесе оның қайта бөлу процестерін жүзеге асыратын арнаулы қаржы-кредит институты рстінде қарауға болады.

Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде. Демек, сақтандыру — қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке және заңи тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдық зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын кұру және пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы.

Сақтандырудың экономикалық мәніне бұл категорияның қоғамдық арналымының көрінісi ретінде оның бөлу, өтемдік, жинақтық және бақылау функциялары сай келеді.

Бөлу функциясы: бұл функцияның өзгешелігі қайта бөлу ретінде көрінуі. Ол алдын алу функциясына, мысалы, алдын алу шараларын қаржыландыру жолымен сақтық жағдайының болу мүмкіндігін жоюға бүгіледі. Жеке басты сақтандыруда бөлу функциясы сақтандырудың тиістi түрлерінің жинақтық функциясына бүгіледі.

Бақылау функциясы сақтық төлемдердің жұмылдыруды және сақтық қорын қатаң мақсатта пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын тараптардың нақты қатынастарында көрінеді.

Соңғы уақытта бірқатар зерттеушілер сақтандыру экономикалық категориясын сипаттау үшін тәуекелдік функциясын қарауды ұсынады, өйткені сақтық тәуекел сақтандырудың негізгі арналымымен — қолайсыз оқиғалардан болған зиянның орнын толтырумен байланысты.

Сақтық қатынастарының бip бөлігінің салыстырмалы жалпы бағыттылығы мен (кең арналымдағы резервтік қорларды пайдалана отырып) коғамдық қорғаудың жүйесі арқылы тиісті ақша қаражаттарының арналымы болады. Бұл қатынастар мен қорлар байланысылған және жалпыұлттық сипаты бар төтенше уақиғаларды ескертуге және жоюға бағытталған. Мұндай жағдайларда   тұрақты   жұмыс   істейтін   қорлардан   басқа (жалпы мемлекеттік материалдық резервтерден, үкіметтің резервтік қорларынан) кәсіпорындардың, ұйымдардың, халықтың epiктi қайырымдылықтары есебінен қосымша қаражаттар жұмылдырылуы мүмкін. Бұл қорлар халыққа, өндіріс пен инфрақұрылымның объектілерін жаңғыртуға, экологиялық тепе-теңдікпен қалпына келтipy жөніндегі шараларды жүзеге асыруға келтірілген зиянды өтеуге пайдаланылады.

Қатынастырдың екінші бөлігінің біршама тар арналымдағы қорларды — әлеуметтік қорлар мен әлеуметтік қамсыздандыру қорын жасап, пайдалана отырып, азаматтардың әлеуметтік жағдайын қорғауға бағыттылығы болады. Бұл қатынастардың ic-әpeкетi халықты әлеуметтік қорғаудың қажеттілігімен байланысы.

Үшініші бөлік қатынастардың тұйық  аясын пайдалана отырып және олардың осы жиынтығы шегінде бұл қатынастардың баламалылығына жете отырып, адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатын, олардың мүлік, сонымен бiрге шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүлкін сақтық қорғау жөніндегі қатынастар болып табылады. Бұл — жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыру және шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін мүлікті сақтандыру.

Сақтандырудың жалпы жүйесінің салыстырмалы дербес бөлігі медициналық сақтандыру болып табылады.

Сақтандыру кезінде сақтық резервтері мен қорларың қалыптастырудың ең негізгі әдісi қолданылады, олар: бюджеттік және сақтық әдістерi.

Қаржыларды қалыптастырудың бюджеттік әдісі бюджеттердің қаражаттарын, яғни бүкіл қоғамның қаражаттарын пайдалануды болжайды.

Сақтық әдісі қорларды шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың жарналары есебінен жасауды алдын ала қарастырады; жарналардың мөлшері және оларды төлеудің тәртібі сақтандырудың түрліне қарай немесе заңмен не сақтық қатынастарының қатысушылары арасындағы арнайы келісім шартпен анықталады.

Сақтық қатынастарының бірінші бөлігінде — қоғамдық қорғауда бюджеттік әдіс пайдаланылады, екінші бөлікте - әлеуметтік сақтандыруда — қос әдіс, үшінші бөлікте — жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыруда тек сақтық әдіс пайдаланылады.

Ipi апаттар мен  нәубеттердің зардаптарын жою жөнінідегі шараларды қаржыландыру үшін қайырымдылық қайыр көрсету алымы немесе белгілі бip уақиға шалмаған қатысушылар арасында қаражаттарды бөлу сияқты көмекші әдістер қолданылуы мүмкін. Сонымен бipгe, өзін-өзі сақтандыру негізінде ақша қаражаттарын немесе материалдық босалқы корларды қалыптастыру әдісi де болуы мүмкін. Мұндай әдіс ауыл шаруашылығында (босалқы қорлар — жем-шөп, тұқым, отын және т.б. қорлар), материалдық өндіріс сферасының кәсіпорындарында (шикізаттың шала фабрикаттардың, басқа материалдардың босалқы қорлары) қолданылады; азаматтардың жекеше жинақ ақшалары олардың, сақтық босалқы қорлары ретінде қаралуы мүмкін.

Сақтандыру экономикалық категориясының материалдық ақшалай иелері сақтық қорлары бола алады, олар коғамдық ұдайы өндірістің әлементтері, сақтық қатынастары қатысушыларының жарналары, мемлекеттік бюджет қаражаттары, қаражаттардың ерікті аударымдары, қайыр көрсету және сақтық қатынастары қатысушыларының тарапынан болатын бірқатар басқа айрықшылықты төлемдер есебінен қалыптасатын ақшалай немесе материалдық қаражаттардың резервтері болып табылады.

Сақтық қорлары — қоғамның ұлттық шаруашылығындағы сан алуан, алдын ала болжануы мүмкін емес жайттардан сақтандыруға арналған коғамның резерв қорлары жүйесінің қажетті кұрамды бөлігі.

Мүліктік мүдделерді қорғауды, материалдық зияннан сақтандыруды және оның орнын толтыруды сақтандыруды жүзеге асыратын сақтық қоры материалдық немесе ақша қорлары нысанында жасалады. Сақтық қорларында қоғам мүшелерінің ұжымдық және жеке мүдделері қорғалады, олардың тіршілік әрекетінің сан қырлы экономикалық және әлеуметтік аспектілері көрінеді.

Сақтық қорларының басқа қорлардан ерекшелігі: олар алдын ала тұтыну қорларына да, жинақтау қорларына да жатпайды. Ол — табыс ретінде тұтынылмайтын және қорлануға міндетті қызмет етпейтін табыстардың бірден-бір бөлігі.

Нарықтық экономикада сақтық қатынастарының едәуip бөлігі коммерциялық қатынастар болып табылады. Ең алдымен бұл жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыру категориясына қатысты, бұлардың қызметтер көрсетуі өзгеше сақтық қызметтерін көрсетуге түрленеді және мұндай қызметтер көрсетудің еркін рыногында ұсынылады. Бұл қызметтер көрсетуің бағасы сақтық тapuфmepi мен жарналары түрінде болады. Сақтық қызметтерін көрсетуге сұраным олардың санасымен және бағаның деңгейімен анықталады.

Клиенттерді тарту үшін сақтық ұйымдары клиентураға қызмет көрсетуді жақсартады, қызметтер көрсетудің ассортиментін кеңейтеді, ысыраптар мен зияндарды өтеу женіндегі кепілдіктерді арттырады.

Сақтандырылушылардың жарналары есебінен жасалынатын сақтық қорлары белгілі бip уақытта тікелей арналымында - сақтық төлемдерін төлеу үшін (сақтық жағдайының болу немесе ықтималдық сипатына қарай оның пайда болмау мезетіне дейін) пайдаланылмауы мүмкін. Мұндай жағдайларда сақтық қорларының қаражаттары қосымша табыс алу үшін коммерциялық айналымға жіберуі мүмкін. Өз кезегінде, бұл табыстардың бip бөлігін тапсырыскерлерді тарту үшін сақтық қызметтерін көрсетудің бағасын төмендетуге бағыттаған орынды. Сақтық ұйымдарының осыған ұксас операциясы сақтық рыногында пайдалырақ шарттарда қолайсыз түрлі жағдайлардың салдарлары кезіндегі ысыраптар мен залалдардан қашқысы келетін  тапсырыскерлерді тарту жөніндегі бәсекенің пайда болуына жәрдемдеседі.

Экономиканың нарықтық қатынастарға көшуі, кәсіпкерлік қызметтің дамуы, тауар мен айырбас шеңберінің, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара келісім-шарт міндеттемелерінің кеңеюі сақтандыру арқылы болатын кепілдіктердің берік жүйесін талап етеді. Тек сақтандыру негізінде ғана материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процесінде пайда болатын қоғамдық және жеке мүдделерді қорғау мүмкін болады.

Өтпелі экономика жағдайындағы сақтандыру институтының ерекше маңыздылығы бірқатар факторлармен айқындалады.

Біріншіден, мемлекет тарапынан көзделген шаралардың сипаты мен көлеміне қарамастан, сақтандыру халық пен ұйымдардың түpлi мүдделерін қосымша қорғауға мүміндік береді. Қaзipгi кезде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі шығыстардың нeгiзгi ауыртпалығы мүмкіндігі объективті түрде шектеулі болып табылатын мемлекеттік бюджетке түседі.

Екіншіден, сақтандыру механизмін қазіргі жағдайда пайдалану елдегі кәсіпкерлік қызметті жедел дамытуды, Қазақстан экономикасының негізгі саласының ерекшеліктерін, оның климаты мен географиялық орналасуы, экологиясының деңгейін ескере отырып, өндіріс технологиясын жетілдіруді қамтамасыз етеді.

Информация о работе Жеке мүлікті сақтандыру