Қаржылық бақылау мен басқарушық аудит теориясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Января 2014 в 12:12, лекция

Описание работы

Қаржылық бақылау жалпы қоғамдық өнімнің ақшалай қорлар бойынша және оның белгілі бір мақсаттарға сәйкес пайдаланылуын бақылауды айтамыз.
Қаржылық бақылау - бұл заңдылықты және атқарушы билік органдарының барлық деңгейінің және арнайы құрылған мекемелердің экономикалық субъектлердің қаржылық қызметіне бақылау жүргізуі.
Бақылаушылық функцияның нәтижесінде қаржылық ресурстарды қалыптастыру, бөлістіру және пайдалану бойынша кемшіліктер анықталады.

Файлы: 1 файл

финконтр лекц каз.doc

— 103.50 Кб (Скачать файл)

Тема 1 Қаржылық бақылау мен басқарушық аудит теориясы

Жоспар 
1. Қаржылық бақылаудың мәні, міндеттері негізгі қағидалары 
2. Қаржылық бақылаудың жіктелуі 
3. Аудиторлық бақылау 
 
Лекцияның мақсаты: Қаржылық бақылауды жүргізудің мәні мен қағидаларын және аудиторлық бақылаудың ерекшеліктерін қарастыру

Лекцияның мазмұны

1.   Қаржылық бақылаудың мәні, міндеттері және қағидалары 
Қаржылық бақылау жалпы қоғамдық өнімнің ақшалай қорлар бойынша және оның белгілі бір мақсаттарға сәйкес пайдаланылуын бақылауды айтамыз. 
Қаржылық бақылау -  бұл  заңдылықты және атқарушы билік органдарының барлық деңгейінің  және арнайы құрылған мекемелердің экономикалық субъектлердің қаржылық қызметіне бақылау жүргізуі. 
Бақылаушылық функцияның нәтижесінде қаржылық ресурстарды қалыптастыру, бөлістіру және пайдалану бойынша кемшіліктер анықталады. 
Осыған сәйкес қаржылық бақылаудың ерекшелігіне –оның ақша нысанында жүзеге асырылуы жатады. Осыған сәйкес тексеру нысанына- кәсіпорындағы пайда, кірістер, рентабельділік, өзіндік құн, айналыс шығындары  жатады.. 
Бақылаушылық функцияның міндеттеріне келесілер жатады: 
- ақшалай қорлардың қалыптасуы, бөлістірілуі мен пайдаланылуына негізделген арақатынастың сақталуы; 
- мемлекет тарапынан өндіріс, айналыс және материалдық игіліктерді тұтыну  үрдістеріне әсер ету мүмкіндіктерін қалыптастыру.

Қаржылық бақылау  келесі міндеттерді атқарады: 
1. Қаржылық міндеттемелердің орындалуын тексеру 
2. Ақшалай қаржаттардың дұрыс пайдаланылуын тексеру 
3. Қаржылық операциялардың және ақшалай қаражаттарды сақтаудың дұрыс жүзеге асырылуын тексеру 
4. Өндірістің ішкі резервтерінің – еңбек өнімділігін, айналым қаржаттарының айналымдылығының жеделдігін, ақшалай және материалдық қаражаттарды тиімді пайдлану жолдарын анықтау. 
5. Қаржылық тәртіптің бұзылуын ескерту мен жою.

Қаржылық бақылаудың негізгі қағидаларына келесілер жатады: 
- реттілік, жаппай қамтушылық, әмбебаптығы; 
- алдын ала ескертушілік сипаты; 
- әрекеттілік, нақтылық, жариялылық; 
- бақылауда алаламаушылық (бөлмеушілік) сипаты; 
- бақылау органдары қызметкерлерінің тәуелсіздігі.

2.    Қаржылық бақылаудың жіктелуі 
Қаржылық бақылаудың жіктелуі субъектлердегі айырмашылықтарға, бақылау іс- қимылдарын жүргізудің уақытына, бақылауды жүргізудің тәсілдеріне негізделген. Осы белгілеріне қарай, қаржылық бақылау үш бағыт бойынша: түрлері, нысандары оны жүзеге асырудың әдістері бойынша жүзеге асырылады.

Бақылауды жүзеге асыратын субъектілерге қарай бақылаулар келесі түрлерге бөлінеді: 
-жалпы мемлекеттік (мемлекеттік, ведомствалық, ішкі шаруашылықтық, парламенттік); 
-қоғамдық  (профсоюздік, партиялық және массалық қозғалыстар және т.б. )

Жалпы мемлекеттік  бақылау кез-келген объектіге қатысты  оның ведомстволық және меншіктік нысанына байланыссыз жүргізілетін бақылау.Оны  мемлекеттік билік пен басқару  органдары жүзеге асырады. Жалпы  мемлекеттік бақылаудың келесідей түрлерін атап көрсетуге болады: салықтық, бюджеттік, валюталық және кедендік бақылау. 
Ведомстволық қаржылық бақылау жеке министрліктің, ведоствоның өкілдіктері шегінде олардың жүйесіне кіретін шаруашылық жүргізуші субъектлердің қаржы-шаруашылық қызметіне жүргізіледі. Оның негізгі міндетіне мыналар жатады: жоспарлы тапсырмалардың орындалуын, материалдық және қаржы ресурстарын тиімді, үнемді пайдаланылуын, меншіктің сақталымдығын, бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуін, бақылау –тексеріс жұмысының мән-жайын бақылау, заң бұзушылықтарды айқындау. 
Ішкі шаруашылық бақылау  кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметтеріне экономикалық және қаржылық ұйымдарға  жүргізіледі.  Мұндай бақылаудың объектісіне шаруашылық және қаржылық қызмет жатады.          Қоғамдық бақылау  түрлі қоғамдық ұйымдар жүзеге асыратын бақылау түрі. Бұл бақылаудың  объектісі  олардың алдында тұрған міндеттерге байланысты. 
Тәуелсіз бақылау  арнайы мамандандырылған органдар арқылы  – аудиторлық ұйымдар мен фирмалар арқылы жүргізіледі. 
Қаржылық бақылау жүргізілу уақытына сәйкес келесі түрлерге бөлінеді:

v  Алдын –ала бақылау 
v  Кейінгі бақылау

Алдын –ала қаржылық бақылау қаржылық операциялар жүрзілер алдында жүзеге асырылады. Ол қаржылық болжау мен бағдарламаларды және барлық деңгейдегі бюджеттік жоспарларды құру үрдісіне негізделген нақты бағалау жүргізуге мүмкіндік береді.

Кейінгі қаржылық бақылау   есептік кезең соңындағы қаржылық және бухгалтерлік тексеріс пен талдау негізінде жүргізіледі.  Бақылаудың бұл түрі шаруашылық қызметтің нәтижелерін бағалау үшін және қаржылық стратегияның тиімді жүзеге асырылуын бағалау үшін қолданылады

Қаржылық бақылау  жүргізілу әдістері бойынша келесілерге  бөлінеді:

ü  Тексеру 
ü  Зерттеу 
ü  Экономикалық талдау 
ü  Тексеріс 
ü  қадағалау

Тексеру  қаржылық –шаруашылық қызмет бойынша құжаттар бойынша барлық бөлімшелердің қызметін тексеру. 
Зерттеу – кәсіпорынның қызметінің негізгі, жеке тұстарын қамтиды. Осыған сәйкес орындалған жұмыстарды, материалдық шығындарды, отынды, энергияны есептеу жүргізіледі. 
Қадағалау   қаржылық  қызметтің белгілі бір түрі үшін: сақтандырушылық, инвестициялық, банктік және т.б. қызметтер үшін лицензия алған бақылау органдар арқылы жүзеге асырылады.  Ол бекітілген нормативтердің жүзеге асырылуын қадағалайды. 
Экономикалық талдау  бұл объектінің шаруашылық, қаржылық қызметіне баға беру; қызметтің түрлі нәтижелерін анықтау және осының негізінде экономикалық жағдайды жақсартудың жолдары мен факторларын анықтау. 
Тексеріс (ревизия)  қаржылық бақылаудың кең тараған түріне жатады. Кәсіпорынның шаруашылық қызметіне белгілі нақты және құжаттық бақылау әдістері мен тәсілдері арқылы бақылау жүргізу. 
Субъектінің шаруашылық қызметін қамтуына байланысты тексерістің келесідей түрлерін атап көрсетуге болады: 
§  Толық 
§  Іріктемелі 
§  Тақырыптық 
§  Нақтылы

Толық тексеріс  бақылау объектісінің шаруашылық қызметінің бүкіл қызметін тексеруді айтады. 
Іріктемелі тексеріске субъектінің қаржылық-шаруашылық қызметінің бір бөлігі ғана тексерілуі жатады. 
Тақырыптық тексеріс  бір үлгідегі бірнеше кәсіпорындарда, мекемелерде, қаржы –шаруашылық қызметтің жеке мәселелеріне сәйкес жүргізіледі. 
Нақтылы тексеріс   тек құжаттарды ғана емес сонымен қатар кәсіпорынның қаражаттарын, материалдық, еңбектік құндылықтарына да бақылау жүргізеді.  Қаржылық және шаруашылық операцияларды қамту деңгейіне байланысты тексерістің келесідей түрлерін бөліп көрсетуге болады:

Ø  Жалпылай 
Ø  Іріктеулі 
Ø  Кешенді

Жалпы тексеріс   қарастырылып отырған кезеңде белгілі бір объектінің барлық операцияларын тексеруді айтады. 
Іріктеулі тексеріс   белгілі бір уақыт аралығында бастапқы құжаттардың белгілі бір таңдаулы бөлігін тексеруді айтады. Мысалы, бір кварталдағы бір айды тексеру. 
Кешенді тексеріс   қаржылық бақылау объектісінің нақты кезеңдегі бір қызметін жаппай әдіспен, ал кейбір бөлігін іріктеулі әдіспен тексеруді айтады. Тексерістің бұл түрі ірі шаруашылық операциялардың қызметін тексеруде және ірі құжат айналымы бар шаруашылықтар қызметінде  қолданылады.

Аудиторлық  бақылау 
Аудиторлық бақылау– тәуелсіз аудиторлық фирма мен  шаруашылық жүргізуші субъектілер иелерінің жасаған келісім –шарты негізінде  қаржы-шаруашылық қызметінің  жай –күйін тексеру. 
Аудиттің экономикалық табиғаты бұл мемлекеттік емес  шаруашылық органдар санының көбеюімен  және тиісінше қаржы, бақылау, есеп санында қызметтің сан алуан  түрлерінің өсуімен байланысты.  Осыған сәйкес тәуелсіз фирмалар тексерісі арқылы объективті ақпараттар алу  бүгінгі таңда кәсіпорын үшін маңызды болып табылады.Аудиторлық тексеріске деген   қажеттілік акционерлік капитал, банк аясы, сенім қорлары сонымен қатар өтімділік, несиелік, валюталық және тағы басқа тәуекел түрлері жиі орын алатын шаруашылық субъектлердің аясында жиі туындайды.

Аудиттік тексеріс келесідей кезеңмен жүзеге асырылады: 
1) жоспарлау (екі тараптың іс-қимылын ішкі жүйеге келтірумен); 
2) аудитор объектісі туралы ақпарат алу және оны бағалау; 
3) аудитор рәсімін жасау және бағдарламаны дайындау; 
4) бақылау жүйелерін тексеру  және оның тесттері; 
5) аудит рәсімін жүргізу; 
6) аудиторлық қорытындыны ұйымдастыру.

Аудиторлық  қызметтің нәтижелері – аудитормен куәландырылған, құқықтық маңызы бар арнайы құжатттың сапасына байланысты болады.  Бұл құжат –тексеріс актісі, анықтамасы деп аталып, шаруашылық субъектінің құжаттарының, бухгалтерлік есебінің заң мен талапқа сәйкестігі туралы тұжырымдар жинағы бейнеленеді. Аудиторларға тексеруге берілетін құжаттар мен  мәліметтердің нақтылығына шаруашылық субъектісі жауап береді.

Бақылау сұрақтары 
1.    Қаржылық бақылау дегеніміз не? 
2.    Қаржылық бақылаудың мәніне анықтама бер 
3.    Қаржылық бақылаудың негізгі міндеттерін атаңыз 
4.    Қаржылық бақылаудың негізгі қағидаларын атаңыз 
5.    Субъектілерге байланысты қаржылық бақылаудың түрлеріне сипаттаңыз 
6.  &nb

жүргізілу уақытына сәйкес қаржылық бақылау түрлерін сипаттаңыздар 
7.    Жүргізілу әдісіне қарай қаржылық бақылау түрін атаңыз 
8.    Тексерістің түрлеріне сипаттама беріңіздер 
9.    Аудиторлық бақылау дегеніміз не? 
10.  Аудит дегеніміз не? 
11.  Аудитті жүргізу кезеңдерін атаңыз 
12.  Аудиторлық тексерістің нәтижесі дегеніміз не?

СӨЖ тапсырмасы 
1.    Жеке тапсырманы орындау -  аудиторлық бақылауды жүргізу (кез-келген объектінің қызметіне, таңдау бойынша). Талдау жұмысының көлемі 3-5 бет.

Әдебиеттер  тізімі 
1.    Илиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: оқулық. – Алматы, 2005 – 552 б. 
2.    Сахариев С.С. Финансы: учебник Алматы: Юридическая литература, 2004 г. 
3.    Финансы – под ред. В.М.Родионовой – М.: Финансы и статистика,1995 г. 
4.     Козырев В.М. Основы современной экономики: учебник – М.: Финансы и статистика, 1998 г.

Қаржылық бақылауды ұйымдастыру  негіздері

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Қаржылық бақылауды  ұйымдастыру негіздері. Қаржылық бақылаудың тиімділігі көп жағдайда оны ұтымды ұйымдастырумен, бақылаудың субъектілерін, олардың құқықтары мен міндеттерін айқын етіп анықтаумен, қаржылық бақылауды жүргізудің нысандарын және әдістерін дұрыс ұйымдастырумен анықталады.

Жалпы мемлекеттік қаржылық бақылауды мемлекеттік билік пен басқарудың мына органдары жүргізеді: Президенттің аппараты, Қазақстан Республикасының Парламенті, Үкіметі, жергілікті өкілдікті органдар (депутаттардың жиналыстары), жергілікті әкімшілік органдары. Бақылаудың бұл түрін Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғары органы болып табылатын Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті жүргізеді.

Жалпымемлекеттік  бақылауды жүзеге асыратын органдарға сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Ұлттық банкі жатады.

Қаржы министрлігі, оның Қаржылық бақылау  комитеті және аумақтық қаржы органдары әлеуметтік-экономикалық сфераның қаржы саласын тексереді. Олар жоспар, қаржыландырудың дара жоспары және қаржылық тәртіптің сақталуын, кірістерді есептеудің дұрыстығын, толымдылығын және дер кезділігін, мемлекет қаражаттарының жұмсалу заңдылығы мен мақсатқа сәйкестігін, бухгалтерлік есеп-қисаптың және есептеменің дұрыстығын бақылап отырады. Қаржылық бақылау комитетінің маңызды функциясы бірлескен және шетелдік кәсіпорындарды, экспорттық-импорттық операцияларды валюталық бақылау болып табылады.

Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының жүйесін:

  1. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті;
  2. мәслихаттардың тексеру комиссиялары;
  3. Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілетті берген ішкі бақылау жөніндегі орган;
  4. орталық мемлекеттік органдардың ішкі бақылау службалары;
  5. облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ішкі бақылау қызметтері құрайды.

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін республикалық бюджеттің атқарылуын сыртқы бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғарғы органы болып табылады.

Мәслихаттардың  тексеру комиссиялары жергілікті деңгейде сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асырады.

Барлық баспалдақтардың өкілетті органдары (мәслихаттар, депуттардың  жиналыстары) бюджеттерді және олардың атқарылуы туралы есептерді қарау және бекіту үдерісінде қаржылық бақылауды жүзеге асырады. Яғни олар бақылауды екі нысанда - алдын ала және кейінгі нысанда жүзеге асырады. Ағымдағы бақылау олардың қызметінде болғанымен негізгісі болып табылмайды. Бақылаудың негізгі әдісі тексерулер болып табылады. Бақылау объекті жергілікті ақшалай қорлар болып келеді.

Мәслихаттың тексеру комиссиясы Есеп комитетінің функцияларына ұқсас, бірақ тиісті жергілікті деңгейге қатысты функцияларды орындайды.

Мемлекеттік бақылауды өздерінің өкілеттік шектерінде Қаржы министрлігінің заңи тұлға құқығындағы Қазынашылық комитеті де орындайды. Қазынашылық органдарының негізгі міндеттерінің бірі республикалық бюджеттің кассалық атқарылуын ұйымдастыру, жүзеге асыру және бақылау болып табылады. Бюджеттік тәртіптің негізгі міндеттерінің орындалуы және оны нығайту мақсаттарында министрліктерде, кәсіпорындарда, ұйымдарда жэне мекемелерде Үкіметтің қаржылық ресурстарын есепке алумен, аударумен және пайдаланумен байланысты ақшалай құжаттарды тексерулерді жүргізуге Қазынашылық органдардың құқығы бар.

Қаржы министрлігінің Салық комитеті, оның аумақтық органдары есептелген салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдар сомаларының бюджеттерге толық және дер кезінде түсуіне салықтық тексерулерді жүзеге асырады.

Жер-жерлердегі қаржы органдарының бақылау объекті орталықтандырылған ақшалай қорларды жасау мен пайдаланудың дұрыстығы мәселелері болып келеді.

Информация о работе Қаржылық бақылау мен басқарушық аудит теориясы