Бюджет процесін үйымдастырудың негізі Бюджетті құру, қарау, бекіту және атқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Сентября 2013 в 21:18, реферат

Описание работы

Бюджеттік кезевдерінің барлығы- олар құру, қарау, бекіту, атқару, есебі мен есеп беру — бюджеттік жүйенің барлық деңгейлерінде орын алатын кезендер. Сол себептен Бюджеттік кодексте бюджеттердің әрбір түрлері үпгін бұл кезендер белгіленген. Бюджеттер жобала-рын жасау бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның ел немесе аймақгың әлеуметті-экономикалық дамуының орташамер-зімді жоспары мен орташа мерзімді фискалдық саясат негіздерінде іске асырылатын түсімдер болжамдаудан басталады.

Содержание работы

1. Республикалық бюджет жобасын қарау және бекіту тәртібі
2. Жергілікті бюджет жобаларын қарау және бекіту тәртібі
3. Экономикалық жіктеудің ерекшеліктері бойынша шығындар есебін қалынтастыру тэртібі

Файлы: 1 файл

бизнестен.docx

— 63.07 Кб (Скачать файл)

26-тақырып Бюджет процесін  үйымдастырудың негізі Бюджетті  құру, қарау, бекіту және атқару 
 
1. Республикалық бюджет жобасын қарау және бекіту тәртібі 
 
2. Жергілікті бюджет жобаларын қарау және бекіту тәртібі 
 
3. Экономикалық жіктеудің ерекшеліктері бойынша шығындар есебін қалынтастыру тэртібі 
 
 
Бюджеттік кезевдерінің барлығы- олар құру, қарау, бекіту, атқару, есебі мен есеп беру — бюджеттік жүйенің барлық деңгейлерінде орын алатын кезендер. Сол себептен Бюджеттік кодексте бюджеттердің әрбір түрлері үпгін бұл кезендер белгіленген. Бюджеттер жобала-рын жасау бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның ел немесе аймақгың әлеуметті-экономикалық дамуының орташамер-зімді жоспары мен орташа мерзімді фискалдық саясат негіздерінде іске асырылатын түсімдер болжамдаудан басталады. Осы уәкілепі органмен фискалдық саясат негізінде бюджет шығыстарының ли-миті қалыптастыру және оларды ағымдағы мен даму бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне жеткізу іске асырылады. 
 
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган орта-ша мерзімді әлеуметті экономикалық даму көрсеткіштері негізін-де және де облыстар, Астана мен Алматы қалалары бюджеттерінің келісілген көрсеткіштері мен республикалық бюджеттік бағдар-ламалар әкімшіліктерінің бюджеттік мәлімдемелерін (тапсырыста-рын) есептей отырын, республикалық бюджет жобасының келесі негізгі болжамдық керсеткіштерін анықтайды және талқылауға Бюджеттік комиссияға ұсынады: 
 
• республикалық бюджет түсімдерінің көлемі; 
 
• республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктері бойынша республикалық бюджет шығыстары мен несие-лендіруінің көлемі; 
 
• республикалық бюджет тапшылығының (профициттінің) мөлшері; 
 
• мемлекеттік кепілдемелер бойынша міндеттемелерді орын-дайтын сомасы; 
 
• Үкіметтік қарыздың лимиті; 
 
• тиісті қаржы жылдың соңына облыстар және Астана мен Алматы қалалары бойынша жергілікті атқарушы органдар қарыздарының лимиті; 
 
• тиісті қаржы жылға мемлекеттік кепілдемелер беру лимиті; 
 
• облыстар және Астана мен Алматы қалалары бойынша жергілікті бюджеттерден және республикалық бюджеттен ¥лттық қорға берілетін ресми трансферттер сомасы; 
 
• республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша фунқ-~ ционалдық топтар арқылы шекті шығыстар тізімі; 
 
• тиісті қаржы жылдағы республикалық және жергілікті бюджеттер атқару процесінде секвестрге жатпайтын рес-публикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалар тізімі; 
 
• өткен қаржы жылдар нәтижесінде әлеуметті және бас-қа төлемдер мен республикалық бюджеттен қаржылан-дырылатын мемлекеттік мекемелердің келісімшарттық міндеттемелері арқыны пайда болған республикалық бюд-жеттің кредиторлық берешектерін өтеу сомасы. 
 
Республикалық бюджет қалыптастырудың бірінші кезеңін-де экономикалық және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен кезекті қаржы жылға ел экономикасы дамуының сценарлық шарттарын жасау іске асырылады. Мұндай сцена-рий негізгі макроэкономикалық керсеткіштер, елдің әлеуметті-экономикалық дамуының орташа мерзімдік болжау көрсеткіштері мен Үкіметтің орташа мерзімдік фискалдық саясаты арқылы жа-салады. Егерде ел Үкіметі осы сценарлық шарттарды мақұлдаса, онда кезекті қаржы жылға республикалық бюджеттің негізгі па-раметрлері мен шығыстар фуніщионалдық жіктелуіне сәйкес оның шығыстары жөнінде мәліметтер жасауы, сондай-ақ орташа мерзімдік болашаққа республикалық бюджеттің кірістері мен шығыстарының негізгі көрсеткіштерін жобалауы іске асырылады. 
 
Республикалық бюджетті қалыптастырудың екінші кезеңінде оның ел Үкіметі қолдаған жобасы Қазақстан Республикасы Пар-ламенті Мажілісінің тиісті комитетінде қаралады. Бұл комитеттің тұжырымы негізінде шешім шығарылады немесе бюджет жобасы Мәжілісте қарауға және талқылауға қабылданады, немесе бюд-жет жобасы қосымша істеуге Үкіметке кейін қайтарылады. Жоба қосымша істеуте қайтарылуы мүмкін, егерде ұсынылған матери-алдар бюджет жөніндегі заңнамалық актілер талаптарына сәйкес болмаған жағдайда. Ал егерде тиісті комитет оң тұжырым берсе, онда бюджет жобасы ұсыныстар мен ескертулер шгізу үшін Пре-зидент пен Парламент Сенатына және де тұжырым беруге Есеп комитетіне бағытталады. 
 
Үшінші кезенде Парламент палаталарының — Мәжіліс пен Се-наттың пленарлық отырысында тиісті қаржы жылға арналған рес-публикалық бюджет жөнівдегі заң жобасын талқылау іске асырыла-ды. Жобаны талқылау барысындағы депутаттармен енгізілген барлық өзгерістер мен толықтырмалар дәйектілік пен бюджет теңцікгілігін сақтау принциптердің талаптарына сәйкестік болуы қажет. 
 
Бірінші принциптің талабы - ол бюджет жобасына енгізілетін әрбір ұсыныс жазбаша түрде дәйекті және елдің әлеуметті-экономикалық даму басымдылықтарына сәйкестік болуы тиіс. Ал екінші принцип бюджет жобасына енгізілетін әрбір өзгерістің қосымша түсімдер түрінде немесе шығыстарды қысқарту түрінде бюджеттің белгіленген тапшылығын сақтау үшін тиісті қаражат көзі бар болуы керек. 
 
Республикалық бюджет жөніндегі заң жобасын Үкімет Парламенгге талқылау үшін ағымдағы жылдың қыркүйек айы-ның 1 жүлдызына дейін үсъшуы тиіс. Бұл жоба Парламент пала-таларының бірге отырысында талқыланып, агымдағы жылдың желтоқсан айының 1 жүлдызына дейін тиісті заң қабылдау арқылы бекітіледі. Егерде белгіленген мерзімге дейін республикалық бюджет жөніндегі Заң қабылданбаса, онда Республика Прези-денті алдымыздағы қаржы жылдың бірінші тоқсанына арналған бюджет бекітілгенге дейін әрекетте болатын республикалық қаржы жоспары жөнінде Жарлық жариялауға құқы бар. Бұл жос-пар республикалық бюджет жобасының төрттен бірі көлемінде ағымдағы жылдың 30 желтоқсанға дейін бекітілуі тиіс. Осы жос-пар қабылданған жағдайда республикалық бюджет жаңа жылдың наурыз айының 1 жұлдызына дейін бекітілуі тиіс. 
 
Парламентте талқылау барысында елдің әлеуметті-эконо микалық дамуының орташа мерзімдік жоспары, орташа мерзімді фискалдық саясаты, бюджет жобасы мен ақша-несиелік саясат жөніндегі Үкіметтің баяндамалары тыңдалады. Сондай-ақ Парла-мент палаталарының тиісті комитеттерінің бюджет жобасы бойын-ша тұжырымдары тыңдалады. 
 
Жобаны талқылау Парламент палаталарымен бірге оты-рыстарында екі оқудан кем өткізілмейді. Бірінші оқығанда республикалық бюджеттің кірістері, шығыстары, операциялдық сальдо, таза несиелендіру, қаржы активтер операциялары бойын-ша сальдо, тапшылық немесе профицит және оны қаржыландыру немесе пайдалану бойынша жалпы көлемдері бекітіледі. Екінші және одан кейінгі оқығанда алдымыздағы қаржы жылға арналған республикалық бюджет жөніндегі Заң жобасы баптары бойын-ша бекітіледі. Бюджет қантар айының 1 жұлдызынан басталып, желтоқсан айының 31 жұлдызында аяқталатын бір қаржы (бюд-жет) жылына бекітіледі. 
 
Республикалық бюджет жөніндегі Заң жобасында бюджеттік жіктелуге сәйкес түсімдердің барлық турлерінің сомасы, жалпы мемлекеттік реттеуші салық бөлу нормативтері, функционалдық топтар, ішкі топтар, әкімшіліктер, бағдарламалар мен ішкі бағ-дарламалар бойынша шығыстардың шекті мөлшерлері, бюд-жеттің тапшылық мөлшері, оны өтейтін көздер және ресми трансферттердің жобалық мөлшерлері көрсетіледі. 
 
Тиісті жылдың «Республикалың бюджет жөнівдегі» Заңын-да республикалық бюджеттен төменгі тұрған бюджеттерге функ-ционалдық топтар бойынша нақты бағдарламаларды іске асыру үшін ерекше субвенциялар түрінде берілетін ресми трансферттер көлемі анықталады. Республикалық және жергілікті бюджеттер құрамында бюджет төлемдерінің түсуі мен бюджеттік ақша беру мерзімдері сәйкес келмегеннен пайда болатын ақша құралдарының уақытша жетпегенін өтеу үшін жыл бойы пайдаланатын қолда бар резервінің айналым мөлшері жасалады және бекітіледі. 
 
2. Жергілікті бюджет жобаларын қарау және бекіту тәртібі 
 
Жергілікті бюджеттерді құру, қарау, бекіту және атқару Бюд-жеттік кодекс ережелері мен басқа да нормативтік актілермен реттеледі. Осы актілерге сәйкес бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Республика Үкіметінің тапсырмасы бойынша тамыз айының 15 жұлдызына дейін облыстар, Астана мен Алматы қалаларының әкімдеріне сол жергілікті бюджет кіріс-теріне жалпы мемлекеттік салықтар мен алымдардан бөлінетін түсімдердің жобаланған мөлшерлерін хабар етеді, 
 
Сонымен бірге жалпы мемлекеттік бағдарламаларды кар-жыландыру мен жергілікті атқарушы органдар қажетті болған оқиғада пайдалануға арналған несиелердің мүмкіндік сома-лары және де жергілікті екілдік пен атқарушы органдардың басқару аппараттарын үстауға арналған шығындардың лимитіне республикалық бюджет құралдарынан бөлінетін шамаланған со-малар жеткізіледі. 
 
Содан соң, осы көрсеткіштер және өздерінің болжамдық мәліметтері, яғни аумақтар бойынша жасалған олардың даму болжамдары мен бағдарламалары негізінде, жергілікті атқарушы органдар келесі қаржылық жынға өз бюджеттерінің болжамдық көлемдерін дербес анықтайды. Осы маңда облыс және аудан арасындағы салықтар мен кірістерді бөлуді облыс өкілдікті органның келесі қаржы жыддың облыс бюджеті жөніндегі шешімі-не сәйкес сол облыстың өкілдік органы белгілейді. 
 
Тиісті жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстарының теңестілігі үшін жауапкершілік толығымен жергілікті өкілдік және атқарушы органдарға жүктеледі, сондай-ақ төменгі бюджеттер-ді құру, бекіту және атқару процесіне мемлекеттік орталық және жергілікті атқарушы органдардың араласуы жіберілмейді. Жер-гілікті бюджеттердің барлық параметрлері бірыңғай бюджеттік жіктелуге сәйкес анықталады. 
 
Облыстар, Астана мен Алматы қалаларының келесі қаржы жылдың бюджеттерінің жобасы тиісті маслихаттар талқылауға 
 
ағымдағы жылдың қазан айының 15 жүлдызына дейін еягізілуі қажет. Бұл бюджеттер «Республикалық бюджет жөніндегі» Заң өз күшіне енгеннен кейін екі апта ішінде бекітілуі тиіс. Ал аудан мен облыстық маңызы бар қала атқарушы органдары ағымдағы жылдың караша айының 1 жұлдызына дейін тиісті маслихатта талқылауға өз бюджеттерін енгізілуі қажет және ол облыс бюд-жеті қабылданғаннан кейін екі апта ішінде бекітілуі тиіс. Егерде белгіленген уақытта жергілікті бюджет жобасы бекітілмесе, онда жергілікті атқарушы орган келесі жылдың 1 тоқсанына жергілікті қаржы жоспарын қабылдау жөнінде шешім шығаруға құқы бар. 
 
Облыстар, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері аудан мен облыстық маңызы бар қала бюджеттері бекітілгеннен кейін бір апталық мерзімде бюджеттік жоспарлау және атқару орталық органдарына облыстар, Астана мен Алматы қалаларының жиынт тық бюджеттерін, тиісті жылға жергілікті бюджеттерден қар-жыландырылатын жергілікті инвестициялық жобалар мен бағ-дарламаларды, облыстар, Астана мен Алматы қалаларының жер-гілікті атқарушы органдарының қарыздарын өтейтін шығындар көлемін үсынады. 
 
3. Экономикалық жіктеудің ерекшеліктері бойынша шығындар есебін қалынтастыру тэртібі 
 
Республикалықжәнежергіліктібюджеттердіңкелесіқаржылық жыл жобасын жасау үшін мемлекеттік мекемелер бағдарламалар әкімшіліктеріне шығыстардың экономикалық жіктеуінің әрбір ерекшеліктері бойынша бюджеттік шығындардың есептемелерін ұсынады. Мұндай есептемелерді құру үшін мемлекеттік мекеме-лер келесілерді қодданады: 
 
• бірыңғай бюджеттік жіктеуді, оның ішінде шығындардың экономикалық жіктеуін; 
 
• бюджет шығындарының экономикалық жіктеу ерекше-ліктерінің құрылымын; 
 
• орташа мерзімдік әлеуметті-экономикалық даму жоспарға сәйкес тиісті кезеңнің болжамдық көрсеткіштерін; 
 
• заңнамалық және нормативтік актілермен белгіленген әре-кеттегі нормалармен және нормативтермен. 
 
Экономикалық жіктеу ерекшеліктері бойынша шығындар есептемелері, мысалы, келесі формалар арқылы құрылады: 
 
• 01-111 форма мемлекеттік бюджет арқыны ұсталатын мем-лекеттік органдар жүмыскерлерінің негізгі еңбекақы шы-ғындарын есептеу үшін арналады; 
 
• 10-111 форма прокуратура органдары қызметкерлерінің не-гізгі еңбекақы шығындарын есептеу үшін арналады; 
 
• 11-111 форма құқық қорғау, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Қаржы полиция агенттігі органдарының және кеден қызметі жүмыскерлерінің негізгі еңбекақы шығындарын есептеу үшін арналады; 
 
• 12-111 форма әскери қызметкерлерінің негізгі еңбекақы шығындарын есептеу үшін арналады. 
 
Осы формалар бойынша есептемелер үшін ҚР Президенттінің «Әскери қызметкерлер, құқық қорғау органдар, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Төтенше жағдайлар агенттігі органдарының және прокуратура органдары жүмыскерлерінің категориялары бойынша қызмет тізілімдемелерін бекіту женіндегі» және «Мемл екеттік бюд-жет арқылы үсталатын республикалық органдар жүмыскерлерінің бірыңғай еңбекақы жүйесі жөніндегі» Жарлықтары (2001ж. 25 на-урыз №575 және №576) негіз болады. 
 
Әскери қызметкерлер мен ішкі істер органдары қызмет-керлерінің жинақтаушы зейнетақы қорларға аударылатын міндет-ті зейнетақы жарнамаларын есептеу үшін 01-114 форма арнала-ды. Мемлекеттік мекемелер жүмыскерлерінің әлеуметтік салык төлеу шығындарын есептеу үшін 01-121 форма қолданылады. Бұл формада салық салынатын еңбекақы қоры, әлеуметтік салық мөлшерлемесі мен жылғы салық сомасы белгіленеді. Ал балан-старында автокөлік құралдары бар мемлекеттік мекемелер сол автокөлік құралдарының иелері ретіндегі азаматты-құқықтық жа-уапкершіліктік міндетті сақтықтың жарнамаларын есептеу үшін 01-125 форманы пайдаланады. 
 
Денсаулық сақтау мекемелерінгн басқа мемлекеттік мекемелер барлық шығындардың ішінде тамаққа арналған шығындарын есеп-теу үшін 01-131 форманы толтырады. Бұл формада тамақ азықтарын алушылардың атауы, азық нормасы және азықтанатындардың орта-ша жылдық саны көрсетіледі. Мысалы, білім беру мекемелерінде азықтанатывдар болып оқушылардың орташа жылдық саны есепте-леді, әлеуметтік қамтамасыз ету мекемелерде-тұрғындардың орта-ша жылдық саны, әскери және оған теңестірілген органдар мекеме-лерівде — әскери қызметкерлердің орташа жылдық саны. 
 
Әскери қызметкерлер, ішкі істер органдарының қызметкер-лері, әскери оқу орындарының курсанттары және тағы басқа теңестірілген қызметкерлер мемлекеттік бюджет құралдары арқылы арнайы киім-кешек және басқа да заттық мүлік бұйымдарымен қамтамасыз ету қаржыландырылады. Осыларды сатып алуға, тігуге және жөндеуге арналған шығындарды есептеу үшін тиісті мемлекеттік мекемелер 01-134 формасын пайдалана-ды. Бұл формада киім-кешек пен басқа да арнайы заттық мүлікті алушылардың атаулары мен олардың орташа жылдық саны, белгі-ленген норма мен шығындардың барлық сомасы көрсетіледі. 
 
Мемлекеттік бюджет құралдары арқылы қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің барлық шығындары жоғарыңа көрсе-тілген экономикалық жіктеудің ерекшеліктеріне сәйкес арнайы формалар толтыру бойынша есептеледі. Сол формалар бойынша шығындарды есептеу мемлекеттік мекемелердің іс-әрекеттерін реттейтін әр түрлі нормативтік актілер ережелеріне негізде-леді. Мысалы, ел ішіндегі қызмеггік іссапарларға бағытталған шығындарды есептеу үшін 01-136 форма толтырылады. Бұл арада есептемелер негізі ретінде «Мемлекеттік бюджет арқылы үстайтын мемлекеттік мекемелер жүмыскерлерінің ҚР шегінде-гі қызметтік іссапарлар Тәртібін бекіту жөніндегі» Үкімет өкімі (2000 ж. 22 қырқұйек №1428) қолданылады. Ал егерде қызметтік іссапар шетелге бағытталса, онда мемлекеттік мекеме 01-137 фор-маны толтырады және шығындар есептеуі «Шетел валютасында іссапарлық шығындарды өтеу жөніндегі» Қаржы министрлігінің бүйрығына (1998 ж. 16 қараша №534) негізделеді. 
 
Мемлекеттік мекемелерге сырттан көрсетілген әр түрлі кыз-меттерді өтеуге арналған шығындарын есептеу үшін де арнайы формалар белгіленген. Мысалы, байланыс қызметтерін өтеу үшін шығындар 01-142 форма арқылы есептеледі, ал көлік қызметтерін өтеуге арналған шығындар сомасын есептеу үшін 01-143 форма толтырылады. Сондай-ақ, заңды және жеке тұлғалар мемлекеттік мекемелерге атқарылған жүмыстар мен көрсеткен қызметтерді өтеуге бағытталған шығындар сомасын есептеуге 01-149 фор-ма арналған. Бұл формада жасалған есептемелер шығындардың жалпы сомасымен бірге олардың негізгі түрлері бойынша келесі көрсеткіштер арқылы келтіріледі: 
 
1. Заңды түлгалар үшін: 
 
• қызмет көрсету мен жүмыс атқаруға қатынасқан жүмыс-керлердің еңбекақысы; 
 
• іссапарға арналған шығындар; 
 
• бюджетке төленетін салықтар мен басқа да міндетті тө-лемдер; 
 
• басқа да салықтар; 
 
• материалдармен мүліктену; 
 
• электроқуат пен жылудан басқа коммуналдық қызмеггер; 
 
• электроқуат; 
 
• жылу; 
 
• байланыс қызметі; 
 
• көлік қызметі; 
 
• негізгі құралдардың ағымдагы жөвдеуі; 
 
• ғимараттарды үстау мен күту; 
 
• басқа да шығындар. 2. Жеке түлгалар үшін: 
 
• қызмет көрсету мен жүмыс атқаруға қатынасқан жүмыс-керлердің еңбекақысы, сондай-ақ оның еңбекақысынан үсталатын жеке табыс салығы, жинақтаушы зейнетақы қорға міндетті төлем; 
 
• іссапарға арналған шығындар; 
 
• материалдармен мүліктену; 
 
• көлік қызметі. 
 
Тағы бір арнайы форма- ол заңды тұлғалардың залалын өтеуге оларға бағытталған ағымдағы трансферттер бойы шығындарын есептеуге арналған үш бөлімнен қалыптасатын 01-311 форма. Бірінші бөлімде - занды тұлғаның шаруашылық әрекетін іске асырудан алынатын табыстарының жалпы сомасы көрсетіледі. Екінші бөлімде — ағымдағы сипаттағы шығындардың негізгі түрлері бойынша есептелген барлық шығындардың жалпы сома-сы көрсетіледі. Үшінші бөлімде - заңды тұлғаның табыстарынан асып түскен шығындар сомасы, яғни бюджет құралдары арқылы өтелетін шығындар көрсетіледі. 
 
Заңды тұлғалар үсынатын осы форма бойынша есептемелер негізінде бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктері залалдарды етеуге арналған ағымдағы трансферттер бойынша шығындарды есептеу үшін 01-311 жиынтық форманы құрады да оны Қаржы ми-нистрлікке немесе жергілікті қаржы органдарға ұсынады. 
 
Шығындардың экономикалық жіктеуінің басқа ерекшеліктері бойынша есептемелер еркінше формалар арқылы құрылады. Бюд-жеттік өтініштер қалыптастырғанда осы формалар бойынша есеп-темелер тек қана болжамдық жылға құрылады. 
 
Жоғарыда белгіленген формалар бойынша есептемелер не-гізінде мемлекеттік мекеме бағдарламалары бойынша жиынтық есептемелер формасын құрады. Бұл формада шығындардың жалпы сомасы және оның ішінде шығындардың экономикалық жіктеуінің әрбір ерекшеліктері бойынша болжамдық жылдың шығындар сомалары көрсетіледі. Және де осы формада еткен қаржы жылғы нақты мәліметтер, ағымдағы қаржы жылғы анық-талған жоспар және келесі үш жылдың болжамдық мәліметтері келтіріледі. 
 
Мемлекеттік мекемелер осы форманы шығындардың экономи-калық жіктеуінің барлық ерекшеліктері бойынша шығындар есеп-темелерін қоса бюджеттік бағдарлама әкімшілігіне тапсырады. Бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктері мемлекеттік мекемелердің жиынтық есептемелері формасының негізінде бағдарламалар мен ішкі бағдарламалар бойынша жиынтық есептемелер формасын құрып, Қаржы министрлігіне немесе жергілікті қаржы органдарға үсынады. 
 
Әдебиеттер: 
 
1. ҚР Бюджет кодексі 
 
2. ҚР «Республикалық бюджет туралы» Заңы. 
 
3. Қаржы. Оқулық. Ильясов Қ.Қ., Құлпыбаев Б.С. Алматы: 2006 ж.  
 
4. Мемлекеттік бюджет. Оқулық. Өтебаев Б.С. Алматы 2006 ж.

 

Жоспар 
1. Мемлекеттік бюджеттің мәні мен мазмұны 
2. Бюджеттік саясаттың негізгі міндеттері 
3. Бюджет жүйесінің қалыптасуының негізгі қағидаттары 
4. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымы 
5. Бюджеттік тапшылық және оны жабудың әдістері 
6. ҚР бюджет жүйесін ұйымдастыру 
 
Лекцияның мақсаты: Мемлекеттік бюджеттің атқаратын ролін, оның міндеттері мен қалыптасу қағидаларын, ұйымдастырылуын қарастыру

Лекцияның мазмұны  
1.  Мемлекеттік бюджеттің мәні мен мазмұны 
Мемлекеттік бюджет – мемлекет пен кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер  арасында қалыптасатын қаржылық қатынастар. 
Мемлекеттік бюдет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы  өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалануға бағытталатын қаржылық қатынастардың  жиынтығы. Қаржылық  қатынастардың жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджетке ең алдымен  жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән. Атап айтсақ, бюджеттік қатынастардың  бөлістірушілік сипаты бар,  және ол әрқашанда ақшалай нысанда жүзеге асырылады және мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен қосарлана жүреді. Мемлекеттік бюджеттің бұдан басқа да өзгеше қасиетттері бар. Ақшалай қаражаттарды орталықтандыру экономиканың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін халық шаруашылығы масштабындағы үздіксіз айналымды ұйымдастыру үшін қажет.      Мемлекетке орталықтандырылған ақша қаражаттары дамушы мақсатты салаларды қаржыландыруға, қоғам деңгейінде әлеуметтік- мәдени шараларды жүргізу үшін, қорғаныс саласының мәселелерін шешу үшін және мемлекетті басқару шығындарын жабу үшін  қажет. Мемлекеттік бюджет арқылы халық шаруашылығының өндірістік және өндірістік емес аясындағы, аймақтар мен салалар арсындағы қаржылардың бөлістірілуі жүзеге асады. Осыған сәйкес , мемлекеттік бюджет қоғамның таза өнімінің  қозғалысын сипаттайтын және осының негізінде мемлекеттің орталықтандырылған қоры қалыптасып, пайдаланылады. 
Мемлекеттік бюджеттің  келесідей ерекше белгілері бар: 
- қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру  мақсатында  қоғамдық өнімнің бір бөлігін бөлістіру қатынастарын жүзеге асыратын экономикалық нысан болып табылады; 
- құнды жасау және оны тұтыну процесін  жүзеге асыратын  матениалдық өндіріс қаржысынан  және құнды тұтынуға қызмет ететін  өндірістік емес сфера қаржысынан  мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық шаруашылықтың салалары, аумақтар, экономиканың секторлары , қоғамдық қызметтің сфералары арасында құнды қайта бөлуге арналған; 
- қоғадық өнімнің тауар нысанындағы қозғалысымен тікелей байланысты емес құндық бөліністің кезеңін білдіреді. 
Бюджет сонымен қатар  мемлекеттің экономикаға араласуының құралы ретінде пайдаланылады және ол көп жағдайда мемлекеттік несие жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Бюджеттің сыныпталуының мәні  бүгінгі уақытта  мемлекеттік бюджетті монополиялық өнімінің бағасын реттеуде айқын білінеді және ол  мемлекеттік кәсіпорындардың өнімдерініе бағаны төмендетуде, салық жеңілдіктерін қолдануда және монополиялы кәсіпорындарға субсидия бөлуде айқын көрінеді. 
Мемлекеттік бюджет бірлікті, толықтылық, нақтылық, айқындылық қағидаларына  негізделіп қалыптасады. 
Бюджеттің бірлігі қағидасы   бюджетті бірыңғайлылығын және біртекті бюджет құжатының болуын негіздейді. Сондай –ақ  бюджеттің жіктелуі мен нысандар бойынша кірістері мен шығыстарының біртекті топтастырылуын   сипаттайды. 
Бюджеттің толықтылық қағидасы– бюджетке үкіметтің барлық шығындары мен кірістерінің енуін сипаттайды. Бюджет брутто-бюджетке және нетто- бюджетке бөлінеді. Брутто-бюджетке мемлекеттің жиынтық кірістері мен шығыстары кіреді. Ал нетто- бюджетке тек таза кірістер мен шығыстар енеді. 
Нақтылық немесе реалистік қағидасы  жасанды бюджеттерді болдырмауды сипаттайды. Бұл қағида барлық кірістер мен шығыстардың сомасының шын, нақты болуына негізделеді.Бүгінгі уақытта бұл қағида бірде –бір елде дұрыс сақталынбайды.Себебі, шығындардың жұмсалуы бүрмеленіп, әрбір сыныптар бойынша нақты табыстардың түсуі жасырын түрде болады. 
Айқындылық қағидасы бюджеттің кірістері мен шығыстары туралы, олардың құрамы мен құрылымы және тапшылық көлемі мен оны жабу әдістері туралы  мәліметтердің жарияланып отыруына негізделеді. 
Осыған орай, мемлекеттік бюджет   мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа да өкілдерінің арасында қоғамдық қажеттіліктерді қанғаттандыру мақсатында қалыптасатын мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қаражаттарын бөлу мен қайта бөлу үрдісінде жүзеге асырылатын ақшалай қатынастарды көрсетеді.

2. Бюджеттік саясаттың  негізгі міндеттері 
Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде қаржының – бөлістірушілік және бақылаушылық категорияларына сәйкес алдына міндетті талаптар қояды. Бұл қызметтердің әрекетке келуі қарастырылып отырған бюджеттік қатынастардың ерекшеліктеріне байланысты болады. 
Бюджет экономикаға бюджет механизмі арқыры ықпал етеді. Осының нәтижесінде бюджеттің экономикаға әсер ету құралы ретіндегі ролі айқындалады. 
Бюджет механизмі (тетіктері) – мемлекеттің орталықтандырылған ақша қаражаттарын қалыптастыру мен пайдаланудың әдістері мен тәсілдері.    Экономиканы реттеу орталықтандырылған ақша қорларының сандық мөлшерін бекіту арқылы, бюджетті орындау барысында қаржы ресурстарын қалыптастыру мен пайдалануды реттеу әдістері мен тәсілдерін бекіту арқылы жүзеге асырады. Қоғамдық ұдайы өндірістегі мемлекеттік бюджеттің ролі ең біріншіден, ұлттық табыстың 30% жуығын, ішкі жалпы өнімнің -20%, жалпы қоғамдық өнімнің-10% бөлістіру арасында анықталады. Ол ақшалай қаражаттарды халық шаруашылығының әр түрлі салаларының, қоғамдық қызмет аяларының, мемлекеттің экономикалық аудандарының, аумақтарының  арасында бөлістіреді. 
3.Бюджет жүйесін қалыптастыру қағидалары 
Меншік формаларының әртүрлілігі шаруашылық жүргізудің болжамдық-жоспарлы негізін құруға негіз болады. Шаруашылық жүргізудің бұл әдісі бюджеттік қатынастардыңқалыптасуныңда негізгі нысаны болып табылады. Мемлекеттің орталықтандырылған қаржы қорларының қозғалысының қалыпты жоспарлы нысаны мемлекеттің сәйкес қаржылық құжаты- негізгі қаржылық жоспарда бейнеленеді. Негізгі қаржылық жоспар мемлекеттің жоспарлы қызметінің -өнімі болып табылады; онда мемлекеттің еркі мен қоғамның барлық мүшелерінің көзқарасы бейнеленеді. Қаржылық жоспар мемлекеттің бюджет туралы Заңына сәйкес орындалады. 
Мемлекеттік бюджет матеиалдық өндіріс аясында да үлкен ролді атқарады.

4. Бюджет жүйесінің құрамы  мен құрылымы 
Бюджет арнайы экономикалық нысандар-бюджет шығыстары мен кірістерінен қалыптасады. Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы мемлекеттің нақты әлеуметтік –экономикалық жағдайында жүзеге асырылатын бюджеттік және салықтық саясаттарының бағыттарына байланысты. ҚР мемлекеттік бюджетінің кірістерінің құрамы мен құрылымы салықтық төлемдер мен салықтық емес түсімдер жүйесі арқылы анықталады. 
1996 жылдан бастап мемлкеттік бюджеттің құрылымы 5 бөлімнен тұратын жаңа сыныпталу (жіктелу) негізінде қалыптасады. 
Бірінші бөлім «Кірістер мен арнайы алынған транферттерге» кірістердің 4 категориясы кіреді: 
1.    Салықтық түсімдер ( 75% жуық) 
2.    Салықтық емес  түсімдер ( 11 % жуық) 
3.    Капитал мен жүргізілетін операциялардын түсетін түсім ( 13%) 
4.    Сырты және ішкі көздерден алынған арнайы трансферттер (гранттар) из внешних и внутренних источников ( 1%) 
Екінші бөлім  «Шығындарға» келесі функционалды топтар кіреді: 
1.    Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер: заңдылықты, атқарушы органдар, фундаменталды ғылыми зерттеулер ( 11%жуық) 
2.    Қорғаныс саласы (5%) 
3.    Қоғамдық тәртіп пен қәуіпсіздік ( 8 %) 
4.    Білім ( 18%) 
5.     Денсаулық сақтау( 14%) 
6.    Әлеуметтік сақтандыру және қамтамасыздандыру ( 12%) 
7.    Демалысты ұйымдастыру және мәдениет аясына  ( 3%) 
8.    Отын –энергетика кешені ( 1 %) 
9.    Ауыл шаруашылығы, су жәнеорман шаруашылығы  ( 3%) 
10.    Тау –кен өнеркәсібі ( 1 %жоғары) 
11.    Көлік және байланыс ( 0,1%) 
12.    Экономикалық қызметпен байланысты қызметтер ( 10%) 
13.    Үкіметтің резервті қоры (15 %) 
Бюджет қаражаттарының шығыс бөлігінің 50% астамы  әлеуметтік –мәдени шараларды қаржыландыруға бөлінеді. Қалған қаражаттар мемлкеттік билік, басқару органдарының, құқық қорғау орагандарының сот органдары мен прокуратура органдарын қаржыландыруға жұмсалады. 
Үшінші бөлім «Неселеу шегерілген несиені жабу»  бөлімі. Бұл бөлімге бюджеттік несиелеу бойынша төлемдер сонымен қатар таза несиелеу қаржаттары кіреді. 
Төртінші бөлімде бюджет кірістері мен шығыстарының  арасындағы айырмашылық түріндегі бюджет тапшылығының көлеміне несиенің көлемі  қосылып, төленген қаражаттар алынып тастағанннан қалған сомма жазылады. Бесінші бөлім «Бюджет тапшылығын қаржыландыру» деп аталып, тапшылықты жабу көздерін бейнелейді. Атап айтсақ: 
•    Ішкі қаржыландыру  – мемлекеттік бағылы қағаздарды шығару арқылы, ұлттық банк несиелерін пайдалану арқылы 
•    Сыртқы қаржыландыру – халықаралық қаржылық ұйымд

мемлекеттердің қаржыларын пайдалану  арқылы 
Көптеген мемлекеттерде мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігі ағымдық шығындар бюджеті және даму бюджеті болып бөлінеді. Бөлудің бұл түрі бюджеттің жіктелуіне  байланысты. Бюджеттің жіктелуі- бұл біртекті сипаты бойынша бюджет шығыстары мен табыстарының жүйелі түрде топтастырылуы. 
Шығындардың экономикалық жіктелуі (сыныпталуы) оларды 4 бөлім бойынша экономикалық нысандарына сай бөлістіреді: 
Ø    Санат (категория) 
Ø    сынып 
Ø    сыныпша 
Ø    ерекшелік 
Шығындар санатына (категориясына)  келесілер жатады: 
ü    ағымдық шығындар 
ü    капиталдық шығындар 
ü    несие беру 
ü    қаржыландыру 
Сынып, сыныпша және  ерекшелік бюджетке төленетін төлем немесе түсім түрін айқындайды Мысалы, жымысшылардың еңбек ақы қоры  – бұл жұмысшылардың еңбек ақысын білдіреді. 
Бюджеттік жіктелу тиімді басқаруға қол жеткізу үшін шығындар мен кірістерді жан-жақты және орын-орнымен жүйелеуге мүмкіндік береді. 
Бюджеттік шығындардың ролін анықтау үшін оларды белгілі бір нысандары бойынша жіктейді. Бюджеттің шығыс бөлігін жіктеудің бірнеше нысандары бар. Ең бастысы бюджет шығындар олардың ұлғалмайлы өндіріс үрдісіне ықпал ету дәрежесіне байланысты бөлінеді. Сонымен қатар капиталдық және бюджеттік шығындарды бөліп көрсетуге болады. Ағымдық шығындарға заңды тұлғалардың ағымдық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бөлінген бюджеттік қаражаттарды айтамыз. Бұл шығындарға: 
§    мемлекеттік тұтыну шығындары  (экономикалық  және әлеуметтік инфрақұрылымдарды, мемлекеттік салалардың шығындары, азаматтық және әскери сипаттағы тауарларды сатып алу, мемлкеттік мекемелердің ағымдық шығындары) 
§    төменгі сатылы билік орагандарына, мемлеекттік және жеке кәсіпорындарға ағымдық субсидияның бөлінуі 
§    транспорттық төлемдер 
§    мемлекеттік несие бойынша пайыздарды төлеу қаражатттары 
Капиталдық шығындарға мемлекеттік  запастар мен резервтік қаражаттарды құрумен, негізгі қорлармен, материалдық емес активтерге бюджеттік қаражаттардың бөлінуімен байланысты шығындар жатады.  Оларға жаңа құрылысқа, мемлекеттік меншіктегі субъектлерді дамытуға бөлінетін қаржылар, инвестициялық субсидиялар, ұзақ мерзімді несиелер, инвесторларға мемлекеттік кепілдік шығындары жатады. Жергілікті өзін-өзі басқарудағы капиталдық шығындар жеке блок ретіндеанықталып, олардың жиынтығы даму бюджетін құрайды. Экономикалық мәні және мазмұны бойынша мемлекеттік шығындар біркелкі емес. Экономикалық мазмұны бойынша олар үш негізгі топтарға бөлінеді: 
1)    материалдық өндіріспен тікелей байлансты және өндірістік аяға жататын шығындар 
2)     өндірістік емес аяның шығындары 
3)    мемлекеттік резервтерді құру шығындары 
Шығындардың бірінші тобы  мемлекеттің шаруашылық қызметімен және ұлттық табысты құрумен байланысты 
Шығындардың екінші тобы қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ұлттық табысты тұтынумен байланысты. Қаржылар мекемені ұстап тұруға, жалпылай жарықтандыруға, денсаулық сақтау саласына, ғылым мен мәдениетті дамытуға, тұрғын-үй құрылысына, әлеуметтік қамтамасыдандыруға жұмсалады. Сонымен қатар мемлекеттің  қорғаныс саласымен, мемлекеттік аппаратты ұстап тұруға жұмсайтын шығындары осы топқа кіреді. 
Мемлекеттік шығындардың үшінші тобы  мемлекеттік резервтерді құру мен толықтыруға байлансты. Олар  күтпеген төтенше жағдайларда  материалдық және материалдық емес аяның  қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты (стихиялық жағдайлар, шығындарды орнына келтіру, үздіксіз қамтамасыз ету). 
Пәндік нысаны (мақсаттылығы) бойынша  мемлекеттік шығындар келесі түрлерге бөлінеді. 
•    Экономикаға шығындар 
•    әлеуметтік-мәдени шараларға шығындар 
•    Ғылымға шығындар 
•    Қорғанысқа саласына шығындар 
•    Басқару шығындары 
Аймақтық нысаны бойынша  мемлекеттік шығындар  экономикалық аймақтар бойынша шығындарға бөлінеді. 
Салалық нысаны бойынша шығындар  материалдық өндіріс аясындағы шығындарға (өндіріс, құрылыс, ауыл шаруашылығы, көлік және байланыс, сауда салаларындағы шығындар) және  материалдық өндіріс аясындағы шығындарға ( білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік сақтандыру, қорғаныс және басқару саласындағы шығындарға) бөлінеді. Мемлекеттік шығындарды қаржыландырудың екі әдісі бар: 
1.    Шаруашлық есептегі кәсіпорындарды қаржыландыру. Ол  жеке меншікті ресурстар арқылы, банк несиесі арқылы, сонымен қатар бюджет қаржаттары арқылы жүргізіледі. 
2.    Бюджеттік қаржыландыру.  Ол арнайы құжат- смета арқылы жүргізлетін әлеуметтік-мәдени шараларды, мемлекеттік билік органдарын, қорғаныс саласын қаржыландыруда пайдаланылады. Мұндай мекемелер  бюджеттік деп аталады. 
Сонымен қатар бюджеттің қаржыландырудың келесідей нысандары бар: 
•    Дотация. Ақшалай қаражаттар қайтарымсыз тұрғыда бюджет пен бюджеттік емес қорлардан кәсіпорындардың шығындарын жабу үшін қолданылады 
•    Субвенция. Қаржылық көмектің бұл түрі халықты әлеуметтік қолдау бойынша  бойынша дайындалатын бағдарламалар мен шараларды қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады. 
•     Субсидия. бюджеттен, бюджетік емес қорлардан және арнайы қорлардан ақшалай және натуралды нысанда бөлінетін қайтарымсыз жәрдемақы.

5.    Бюджет тапшылығы және оны жабу әдістері 
Әрбір бюджетте мәндетті түрде кіріс пен шығыс бөлігін теңестіру қажет. Бюжет балансы (теңгерімділігі)– бұл тепе-теңдік;бюджетті құру барысында мемлекеттің ақшалай қаражаттары мен шығыстарының тепе –теңдік жағдайға келуі басты негізгі сұрақтардың бірі. 
Бюджет тапшылығы несиені қоса алғанда бюджеттік түсімдер мен шығыстар  арасындағы кері айырмашылықты білдіреді; ал бұл көрсеткіштер арасындағы оң айырмашылық яғни шығындардан түсімнің артық болуы артықшылықты немесе бюджет профицитін береді. Ол мемлекеттік қарыздарды жабудан кейінде артық болып, бюджет қалдығында  бос қалдыруы мүмкін.  Бұл бос қалдықтар жылдың соңында республика үкіметінің және арнайы жергілікті атқарушы органдардың арнайы есеп-айырысу шотына аударылады; сонымен қатар олар  мемлекеттік қарызды жабуға немесе, кассалық нақты ақша айналымын арттыруда қолданылады. 
Тапшылық –  шығыстардың табыстардан артуы. Тапшылықтың  мүмкін деңгейі   мемлекеттің ішкі өнімінің 2-3 пайзынан аспауы тиіс. 
Мұндай жағдайларда тапшылық мемлкеттік займдар мен қағаз ақшаларды эмиссиялау арқылы оңай жабылады. Бюджет тапшылығы экономиканың  жағдайына әсер етеді, ал оның қалыптасуының себептеріне келесілер жатады: 
- ел экономикасындағы жалпы өндірістің құлдырауы 
- қоғамдық өндіріс шығындарыны артуы 
- тауар массасын жаппайтын айналымға  ақшаның  көптеп шығарылуы 
- экономиканың даму деңгейіне сәйкес келмейтін бюджеттік шығындардың ішінде әлеуметтік шығындардың басым болуы 
- әскери -өнеркәсіптік кешенді ұстап тұруға, басқаруға жұмсалатын қаржылар көлемінің көп болуы 
- «жасырын» экономиканың айнылымының ірі көлемді болуы 
- ұлттық шаруашыытағы өндірістік емес шығындардың артуы. 
Бюджет тапшылығын жабудың келесідей әдістері бар: 
- Мемлекеттік займдар 
- салық салудың артуы 
- ақша эмиссиясы. 
Бюджет тапшылығына байланысты фискалдық саясат үш тұжырымдамаға  негізделеді: 
1. Жыл сайынғы теңгерілетін бюджет. Бұл бюджет осы уақытқа дейін фискалдық саясаттың мақсаты болып есептелініп келді. Бірақ, бюджеттің бұл жағдайы фискалық саясаттың тұрақтандырушы бағыттылығын кемітеді. Жұмыссыздықтың болуы  және халықтың табысының құлдырауы кезінде салықтық түсімдер автоматты түрде қысқарады. Бұл жағдайда мемлекетке салық мөлшерлемелерін арттырып, мемлекеттік шығындарды кеміту қажет немесе екі әрекеттеде жүзеге асыру қажет. Осының нәтижесінде жиынтық сұраныс кеміп, өндіріс көлемі одан әрі кемиді. Ал бюджеттік артықшылық жағдайында мемлекет келесі шараларды жүзеге асырады:  салық мөлшерлерін төмендетеді немесе мемлекеттік шығындарды арттырады, немесе аталған шараларды бірге қолданады. Аталған шаралардың кез-келгенінде де инфляция деңгейі артады. 
2.    Циклдық негізде теңгерілетін бюджет.  Бұл тұжырымдамаға сәйкес бюджет жыл сайын емес, экономикалық циклдың барысында теңгеріледі. 
Өндірістің құлдарауының алдын алу үшін мемлекет салықтарды төмендетіп, шығындарды арттырып, саналы түрде тапшылықты туындатады. Ал  экономикалық өсу жағдайында мемлекет салықтарды көбейтіп, шығындарды кемітеді, ал қалыптасқан бюджет артықшылықтары  құлдырау жылдарындағы тапшылықты, қарыздарды жабуға жұмсалады. Экономикалық цикл барысында бюджет теңгерімділігі осылай жүзеге асырылады. Бірақ құлдарай мен өрлеу тереңдігі мен ұзақтылығы бойынша бірдей болмағандықтан, бюджеттің циклдық тепе-теңдігінің бұзылуы орын алады. 
3. Қаржының функционалдық концепциясының мақсаты макроэкономикалық тұрақтылыққа инфляциялық емес толық қамтылуды қамтамасыз етуге жету үшін   жалпы экономиканы теңгеру болып табылады. Бұл жағдайда салық жүйесі бюджетке түсетін түсімдерді автоматты түрде қамтамасыз етеді, ал микроэкономикалық тұрақтылық бұл өсуді ынталандыратын болады. Осының нәтижесінде  тапшылық өзі-өзі қаржыландырады. 
Циклдық негізде  және функциялық&nbs

Информация о работе Бюджет процесін үйымдастырудың негізі Бюджетті құру, қарау, бекіту және атқару