Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2014 в 00:00, реферат
Описание работы
Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев туризмнің дамуына үлкен назар аударып отыр. 2005 жылғы өзінің Жолдауында-ақ Н.Ә.Назарбаев туризмді ел экономикасының орнықты дамуының басымдықты саласының бірі ретінде атап көрсеткен болатын. Туризмді дамыту жаңа жұмыс орындарын ашуға, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға, сондай-ақ жеңіл өнеркәсіп, құрылыс бизнесі және тағы басқа салаларға оң ықпалын тигізеді.
2008 жылғы 5 шілдеде «Қазақстан
Республикасының кейбір заңнамалық
актілеріне туристік қызмет мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы» Қазақстан Республикасының
Заңы қабылданды.
Аталған Заңды іске асыру шеңберінде
жұмыс берушілерде білім беру қауымдастықтармен
және ұйымдарымен бірлесіп, өздеріне қажетті
туристік кадрларды кәсіби даярлау, қайта
даярлау, біліктілігін арттыру курстарын
енгізуге нақты мүмкіндік тудыру үшін
нормативтік база жасалды. Бұған «Туризм
саласындағы мамандарды кәсіптік даярлауға,
қайта даярлауға және олардың біліктілігін
арттыруға қойылатын жалпы талаптарды
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2008 жылғы 23 қыркүйектегі №
878 қаулысы бағытталды.
Елдің туристік сала үшін кадрлар
даярлайтын жоғары оқу орындарында Дүниежүзілік
туристік ұйым ұсынған «WTO-TedQual» туристік
білім беру сапасы жүйесін енгізу проблемалық
мәселе күйінде қалып отыр.
Осы мақсатта ЮНДТҰ сарапшылары
мен Білім және ғылым министрлігі сертификаттаудың
аталған жүйесін Қазақстанның бір жетекші
мемлекеттік жоғары оқу орнының базасында
енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске
асыру туралы мәселені зерделеу жөніндегі
жұмысты жалғастыруда.
Өңірдің туризм орталығы болуды
жоспарлап отырған Қазақстанға, қызмет
көрсету секторында талап етілетін орта
және жоғары буындағы білікті кәсіби мамандардың
жетіспеушілігі ерекше өткір байқалатын
туризм индустриясы саласында кадрларды
даярлау жүйесін жетілдіру жөнінде шаралар
кешенін қабылдау қажет.
Туристік сала үшін мамандарды
даярлау техникалық және кәсіптік білім
берудің 77 оқу орнында 11 мамандық және
33 біліктілік бойынша жүзеге асырылуда,
онда 16,6 мың адам оқиды.
Туризм және спорт министрлігі
бизнес-қауымдастықтардың, жұмыс берушілердің,
сондай-ақ, туризм индустриясы үшін кадрлар
даярлайтын жоғары, техникалық және кәсіптік
орта оқу орындары басшыларының қатысуымен
Еуропалық білім беру қорының (ЕБҚ) «Орталық
Азия елдеріндегі ұлттық біліктілік шеңберлері»
жобасы шеңберінде туризм саласының жаңа
біліктілік құрылымын әзірледі. Оны бекіту
үшін эксперименталды сынақ өткізу керек.
Осы мақсатта Туризм және спорт
министрлігінің қолдауымен және тікелей
қатысуымен пилоттық жоба ретінде туризм
саласында икемді біліктілік құрылымды
енгізу жөніндегі пилоттық жоба іске асырылуда.
Соңғы екі жыл ішінде Еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі,
Білім және ғылым министрлігі мен Статистика
агенттігі бірлесіп, Экономикалық қызмет
түрлері жіктегішіне және Салалар бойынша
мамандар даярлау бағыттарының жіктегішіне
Министрлік бастама жасаған туризмді
кластерлік дамытуды іске асыруға байланысты
өзгерістер мен толықтыруларды енгізу
жөнінде жұмыс жүргізілді.
Сонымен қатар, соның негізінде
туризм статистикасы қалыптастырылатын
және туризм саласының мемлекет экономикасын
дамытуға қосатын үлесін бағалауға мүмкіндік
беретін Туризмдегі қосымша шот енгізілді.
Алайда, экономикасында туризмнің үлесі
50 %-дан астамды құрайтын елдермен қатар,
статистикалық есепке алуды жетілдіруді
әлі де жалғастыру талап етіледі.
2.2 Қазақстан Республикасы
туристік индустриясының перспективалы
бағыттарын дамыту жөніндегі 2010
- 2014 жылдарға арналған бағдарламасы
Мақсаты - туризм индустриясын орнықты
дамыту.
Нысаналы индикаторлар:
«Саяхат пен туризмнің бәсекеге
қабілетілік индексі» тізімінде Қазақстанның
орны 2009 жылғы 92-ден 2015 жылы 90-ға жоғарылату.**
Міндеттері:
бәсекеге қабілетті туристік
өнімді қалыптастыру;
Қазақстанның туристік маркетингтік
стратегиясын қалыптастыру;
туристік индустрияның кадрлық
әлеуетін дамыту.
Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің
көрсеткіштері.
Бірінші міндетті іске асырудың қорытындылары
бойынша мынадай нәтижелерге қол жеткізіледі:
туристік қызмет саласындағы
қызметтерді ұсынатын ұйымдардың жиынтық
кірісін 2015 жылға 2008 жылдың деңгейінен
кемінде 12 %-ға
ұлғайту туризм саласында негізгі
капиталға инвестицияның өсімі 2015 жылға
2009 жылдың деңгейінен 30 %-ға өсіру.
Екінші міндетті іске асырудың қорытындылары
бойынша мынадай нәтижелерге қол жеткізіледі:
туристік индустрия объектілерінің
құрылысы есебінен туристік қызмет көрсетулердің
жыл сайын кемінде 10 %-ға өсуі;
келушілердің болу ұзақтығының
2009 жылдың деңгейінен 2010 жылы -5 %-ға, 2011
жылы - 8 %-ға, 2012 жылы - 10 %-ға, 2013 жылы - 12 %-ға,
2014 жылы - 15 %-ға өсуі;
Алматы қаласындағы Шымбұлақ
тау шаңғысы курорты, Шығыс Қазақстан
облысында Алакөл көлінің жағалауындағы
қонақ үй кешені және Оңтүстік Қазақстан
облысында «Қасқасу» туристік-рекреациялық
кешенінің құрылыстары есебінен келушілер
саны 2011 жылы - 210 000, 2012 жылы - 225 000, 2013 жылы
- 370 000, 2014 жылы - 390 000 демалушыны құрайды.
Үшінші міндетті іске асырудың қорытындылары
бойынша мынадай нәтижелерге қол жеткізіледі:
2011 жылы туризм индустриясы саласында кәсіби стандарттар әзірленетін болады;
туризм саласы үшін мамандар
даярлау 2011 жылы - 1 000, 2012 жылы - 1 100, 2013 жылы
- 1 200, 2014 жылы - 1 300 адамды құрайды.
Мақсатқа, нысаналы индикаторларға,
міндеттерге, нәтижелердің көрсеткіштеріне
қол жеткізу үшін жауапты мемлекеттік
органдар мен ұйымдар:
Қазақстан Республикасы Туризм
және спорт министрлігі — үйлестіруші,
Салалық бағдарламаны әзірлеуші;
Ішкі істер, Сыртқы істер, Байланыс
және ақпарат, Білім және ғылым, Ауыл шаруашылығы,
Экономкалық даму және сауда, Индустрия
және жаңа технологиялар, Денсаулық сақтау,
Төтенше жағдайлар, Көлік және коммуникациялар,
Қоршаған ортаны қорғау, Қаржы министрліктері,
Қазақстан Республикасы Құрылыс және
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері
агенттігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық
қауіпсіздік комитеті, облыстардың, Астана
және Алматы қалаларының әкімдіктері,
Қазақстандық Туристік қауымдастық.
Бағдарламаны іске
асыру кезеңдері
2010 - 2013 жылдар:
«Батыс Еуропа - Батыс Қытай»
халықаралық көлік дәлізінің бойымен
туристік кластерді жол бойы инфрақұрылымы
объектілерін сала отырып және оларға
инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды
жасай отырып құру.
2010 - 2014 жылдар:
Туристік орталықтар, кешендер
мен орналастыру объектілерін салу (Бурабай,
Жаңа Іле, Кендірлі, Алакөл);
Тау шаңғысы туризмінің инфрақұрылымын
жасау;
Экологиялық туризмді дамытуды
ынталандыру;
Қазақстанның туристік маркетингтік
стратегиясын қалыптастыру;
Туристік индустрияның кадрлық
әлеуетін дамыту.
Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі шаралар
1. Бәсекеге қабілетті
туристік өнімді қалыптастыру;
Аталған міндетті іске асыру
үшін мынадай шаралар қажет.
1) «Батыс Еуропа - Батыс
Қытай» халықаралық көліктік
дәлізінің бойымен туристік кластер
құру.
Кластерді қалыптастыру Алматы,
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда
және Ақтөбе облыстарының аумағы бойынша
мынадай негізгі сипаттамаларға ие, үш
санатты жол бойы инфрақұрылымы объектілерін
салу арқылы жүзеге асырылатын болады:
А. Туристік орталық (мотель,
ақпараттық орталығымен туристік қызмет
көрсету бюросы, бағдарлар және демалыс
пен ойын-сауық орындары, мейрамхана/дәмхана,
дүкендер, дәретханалар, жанармай құю
станциясы, жүк машиналарын қоюға арналған
тұрақ, авто жөндеу шеберханасы, шина жөндеу
шеберханасы).
В. Демалыс орталықтары (туристік
ақпараттық бекет, мейрамхана/дәмхана,
дүкен, дәретханалар, жанармай құю станциясы,
жүк машиналарын қою арналған тұрақ, авто
жөндеу шеберханасы, шина жөндеу шеберханасы).
С. Қызмет көрсету орталығы
(дүкен, дәретханалар, жанармай құю станциясы,
жүк машиналарын қою арналған тұрақ, жөндеу
шеберханасы).
Ұсынылып отырған санаттағы
жол бойы инфрақұрылымы объектілерінің
құрылысы үлгі жобаға сәйкес жүзеге асырылатын
болады.
«А» санатындағы инвестициялық
жобаларды дамыту ұсынылып отыр:
Ақтөбе облысында «Greenland», «Ырғыз
керуен сарайы» демалыс базалары (2010 -
2015 жж.);
Қызылорда облысында «Байқоңыр»
туристік орталығы және Қамбаш көліндегі
туристік орталық, «Ғарыш айлағы» сауда
ойын-сауық кешені, киіз үйлі қонақ үй,
сондай-ақ «Қорқыт ата» туристік орталығы
(2011 - 2020 жж.);
Оңтүстік Казақстан облысында
«Көне Түркістан», «Көне Отырар» туристік
орталықтары (2011 - 2017 жж.).
2015 жылға дейін 24 жол бойы
қызмет көрсету объектілерінің
құрылысы қамтамасыз етіледі.
Бірақ, толыққанды іс-әрекетке
әрбір 90 - 120 км сайын қашықтықта орналасатын
«В» санатындағы 58 жол бойы қызмет көрсету
объектілерінің құрылысы қажет, оның ішінде:
Ақтөбе облысында - 12 бірлік;
Қызылорда облысында - 16 бірлік;
Алматы облысында - 10 бірлік;—
Жамбыл облысында - 10 бірлік;
Оңтүстік Қазақстан облысында
- 10 бірлік.
«С» санатындағы объектілер
бір-бірінен 50 км қашықтықта орналасады.
Бұл ретте, осы санаттағы объектілердің
орналасуын ҚР Туризм және спорт министрлігі
ҚР Көлік және коммуникация министрлігімен
және жергілікті атқарушы органдармен
бірлесіп анықтайтын болады.
Барлық жоғарыда аталған жол
бойы қызмет көрсету объектілері шахмат
тәртібімен орналасуы тиіс.
2) Өңірлерде туристік
орталықтар, кешендер мен орналастыру
объектілерін салу:
Республикалық индустрияландыру
картасына енгізілген Ақмола облысының
«Бурабай» АЭА шекарасында туристік ойын-сауық
кешенінің, сондай-ақ, өңірлік индустрияландыру
картасына енгізілген Шығыс Қазақстан
облысындғы Алакөл көлінің жағалауында
қонақ үй кешенінің құрылысы жүзеге асырылатын
болады.
Аталған индустрияландыру карталары
индустриялық-инновациялық саясатты тұрақты
түрде өзекті етудің құралы болып табылады.
Ақмола облысының «Бурабай»
АЭА шекарасында туристік ойын-сауық кешенін
салу жобасын іске асыру Қазақстан Республикасын
үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту
жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламаға енгізілді.
Орталықты құрудың негізгі
идеясы - қазіргі заманғы туризм инфрақұрылымын
кешенді дамыту және құрылысқа инвестициялар
тарту, Шучье-Бурабай курорттық аймағының
аумағында инновациялық қызметтің артуын
қамтамасыз ету.
Туристік ойын-сауық кешенін
салу жылына 220 000-ға дейін демалушыларды
қабылдауды қамтамасыз етеді, мұнда мынадай
бағыттарда шағын және орта бизнесті дамыту
үшін жағдайлар жасалатын болады:
сауықтандыру, ойын-сауық саласында
қызмет көрсету, тамақтануды ұйымдастыру,
қонақ үй, экскурсия, ақпараттық, көліктік
қызмет көрсету, бұл ретте көліктік қызмет
көрсету кезінде экологиялық таза көлік,
соның ішінде кіші авиация пайдаланылатын
болады;
мәдени-танымдық, экологиялық,
іскерлік, спорттық және туризмнің басқа
да түрлері саласында қызмет көрсету;
әр түрлі кәдесый өнімдерін
дайындау және шығару жөніндегі өндірісті
ұйымдастыру.
Курорттық аймақты құру жобасы
2 кезеңге бөлінген: 1 - 2009 - 2011 жж., 2 - 2012 -
2021 жж.
Бұдан басқа, Алматы облысының
Қапшағай су қоймасы жағалауында «Жаңа
Іле» халықаралық туристік орталығын
және Маңғыстау облысында «Кендірлі»
халықарлық курортын, сондай-ақ қонақ
үйлер желісін салу көзделіп отыр.
3) Тау шаңғысы туризмінің
инфрақұрылымын жасау:
Жамбыл облысында «Көксай»
тау шаңғысы базасы;
Оңтүстік Қазақстан облысында
«Қасқасу» тау шаңғысы базасы;
Алматы облысында «Шымбұлақ»
тау шаңғысы курортын дамыту, сондай-ақ
арқан жолдарын салу;
Жобаларды дамыту мүмкіндіктерін
және тиімділігін анықтау мақсатында
зерттеу жүргізу және дамыту тұжырымдамасын
әзірлеу қажет, тұжырымдама есепке алына
отырып, одан әрі іске асыру жүзеге асырылатын
болады.
Алматы қаласында Шымбұлақ
тау шаңғысы базасын дамыту жөніндегі
жобаны іске асыру ҮИИДМБ-ға енгізілді
және жобаның мақсаты әлемдік өндірушілердің
жоғары қарқынды жылдамдығымен және орындықтарының
ыңғайлылығымен ерекшеленетін арқан жолдарының
жаңа жүйесі есебінен, шаңғы трассаларын
7 км-ден 100 км-ге дейін ұлғайту, жаңа заманауи
мейрамханалар, коммерциялық аймақтар,
тұрақтар салу есебінен тау шаңғысы курортында
инфрақұрылым жасау, шаңғы тебу маусымын
2 айға ұлғайту болып табылады.
Жоба сондай-ақ 2011 жылы Алматыда
қысқы Азия ойындарын өткізуге, Алматы
облысында туризм мен спортты дамытуға
ықпал жасайтын болады.
4) Экологиялық туризмді
дамытуды ынталандыру:
ақпаратты тарату және экологиялық
туризмді танымал ету;
қонақжай үйлер жүйесін құру
және дамыту;
экотуристік қызметке тарту
мақсатында экотуризм мәселелері жөнінде
ақпараттық жұмысты жүргізу;
қонақжай үйлер үшін стандарттарды
әзірлеу және олардың сертификаттау рәсімдерінен
өтуі;
қонақжай үйлерді құру кезінде
энергияның баламалы көздерін және
экотурларды ұйымдастыру кезінде экологиялық
таза көлік түрлерін пайдалануға жәрдемдесу;
экологиялық туризмді дамыту
мәселелері жөнінде халықаралық ұйымдармен
ынтымақтастық.
Сонымен қатар, экологиялық
туризмнің дамуы мемлекеттік ұлттық парктердің
қызметімен тығыз байланысты екенін есепке
ала отырып, оларды өздерінің Бас жоспарларына
сәйкес тиісінше жайластыру қажет.
Аталған шаралар Қазақстанның
халықаралық нарықта бәсекеге түсуге
қабілетті, табиғи-климаттық әлеуетін
ескеретін толыққанды туристік өнімді
қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік қолдаудың қажетті
шаралары.
Жоғарыда көрсетілген жобалардың,
сондай-ақ жол бойы инфрақұрылымы объектілерінің
құрылысын қамтамасыз ету үшін жергілікті
атқарушы органдардың жол бойы органдарының
келісімі бойынша белгіленген тәртіппен
көлік дәлізі бойынан жер учаскелерін
бөлуі, туризм индустриясының қайтадан
салынатын объектілеріне инженерлік-коммуникациялық
инфрақұрылымды жасау қажет. Сонымен бірге,
«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы
шеңберінде кәсіпкерлік субьектілерінің
кредиттері бойынша пайыздық ставкаларды
субсидиялауды қамтамасыз ету, сондай-ақ
инвестициялық артықшылықтар, мемлекеттік
заттай гранттар, кедендік баж салығы
мен жер салығынан босату жүйесін пайдалану
талап етіледі. Осылайша, инфрақұрылымдық
жобаларды дамытудың негізі мемлекеттік-жеке
меншік әріптестікті дамыту болуы тиіс.