Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2013 в 18:59, курсовая работа
Шағын кәсіпкерлік – Қазақстанда қарқындап дамып келеді. Жапония, Германия, Бельгия, Италия сияқты елдерде шағын және орта бизнес олардың барлық кәсіпорындары санының - 95% алса, ал біздің елімізде бұл көрсеткіш – 2005 – 90,1 % құрайды. Мұның өзі елеулі жетістіктер емес пе?! Биыл шағын кәсіпкерлікті дамыту қорына, бюджеттен 10 миллиард теңге бөлінеді. Сондықтан, шағын кәсіпкерлікті дамыту үкімет тарапынан қолдау табуда.
Бұл курстық жұмыс “Қазақстандағы шағын кәсіпкерлікті дамыту” деп аталады. Реферат кіріспеден, 2 негізгі бөлімнен, қорытындыдан тұрады.
Кіріспе
Шағын кәсіпкерлік – Қазақстанда қарқындап дамып келеді. Жапония, Германия, Бельгия, Италия сияқты елдерде шағын және орта бизнес олардың барлық кәсіпорындары санының - 95% алса, ал біздің елімізде бұл көрсеткіш – 2005 – 90,1 % құрайды. Мұның өзі елеулі жетістіктер емес пе?! Биыл шағын кәсіпкерлікті дамыту қорына, бюджеттен 10 миллиард теңге бөлінеді. Сондықтан, шағын кәсіпкерлікті дамыту үкімет тарапынан қолдау табуда.
Бұл курстық жұмыс “Қазақстандағы шағын кәсіпкерлікті дамыту” деп аталады. Реферат кіріспеден, 2 негізгі бөлімнен, қорытындыдан тұрады.
Осы Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жеделдетілген шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында” атты 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауына, Қазақстан Республикасы Премьер - Министрі Д.К.Ахметовтың жетекшілігімен өткен кеңестің 2005 жылғы 19 ақпандағы №007-222 хаттамасының 11-тармағына сәйкес әзірленеді.
“Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау мәселелері жөніндегі жұмыс топтарын құру туралы” Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 358-ө өкімімен төрт жұмыс тобы құрылды, олардың жұмыстарының мақсаты шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыстардың жаңа нысандарын айқындауға, оның жедел дамуы, кәсіпкерлік пен мемлекет арасындағы өзара іс-әрекет тиімділігі үшін жағдайлар жасауға, сондай-ақ кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік саясатын қалыптастыруға жаңа ұстанымдар әзірлеуге бағытталған.
Осы уақытқа дейін Қазақстанда
шағын кәсіпкерлікте
Негізгі мақсаты елдің еңбекке қабілеттігін арттыру болып табылатын 2015 жылға дейін индустриялық-инновациялық экономикада өз орнын жедел іздеу үшін кеніникемділігін, ұтқырлығын, рыноктық объективтілігін пайдалануы қажет жағдай пісіп жетілді. Мемлекет, өз кезегінде кәсіпкерлік ортаның бастамаларын іске асыру үшін қолайлы жағдай жасауы және өз көмегін шағын және орта кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеттілігі тұрғысынан едәуір әлеуеті бар кәсіпорындарға және елдің ғылыми- технологиялық әлеуетін бағыттауға тиіс.
Алға қойылған міндеттерді іске асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың жедел шараларын қабылдауда. Осы бағдарлама кластерлік-желілік ұстаным негізінде шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың жаңа мемлекеттік саясатына және мемлекет пен бизнестің өзара қатынасының жаңа идеологиясына көшудің өтпелі кезеңі ретінде қаралады.
Кәсіпкерлікті қолдаудың әлемдік тәжірибесі
Жаңа жұмыс орындарын құру мен экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету басымдығы тұрғысынан шетелдерде шағын кәсіпкерліктің дамуына үлкен мән беріледі.
Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау шаралары:
Кластерлік-желілік ұстаным негізінде шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаласы іске асырылған елдер – бұл Италия, АҚШ, Жапония, Германия, Корея, Дания, Ұлыбритания, Франция, Мексика, Чили, Бразилия. Бірқатар дамыған және дамушы елдерде кластерлік-желілік ұстанымға негізделген шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасын іске асыруды мысалға келтіреміз.
Жапонияда шағын және
орта кәсіпкерлікті қолдаудың
Жапонияда зерттеулерді дамыту деңгейі бойынша жетекші рөлді технопарктер алады. 70% шамасында жапондық технопарктер өңірлердегі шағын кәсіпкерлік кәсіпорындарын қолдау үшін құрылды, бұл ретте, 58%-ы жоғары технологиялы өнімдер өндіруге бағытталған.