Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2013 в 16:55, реферат
Амортизация (латын. amortisatio — өтеу; франц. arnor- tir - бәсеңдету, жүмсарту) - Тозымпұл / Өтемпұл — жалпы ұлттық өнімді өндіру барысында тозған немесе пайдаланылған (тұтынылған) капиталдың көлемін бағалау; негізгі қорлардың тозуына қарай олардың құнын өндірілетін өнімге (орындалатын жұмысқа, көрсетілетін қызметке) бірте-бірте көшіру жолымен олардың құнын өтеу үдерісі. тозымпұл аударымының сомасы тозымпұл нормаларына сәйкес өндіріс пен айналыс шығынына енгізіледі, негізгі қорлардың тозуы дәрежесін сипаттайды және олардың толық қалпына келтірілуі (ұдайы өндірілуі) үшін ақшалай өтемпұл қорын құрады. Тозымпұл бейматериалдық активтердің тозуын есептеу кезінде де есептеледі.
1. Негізгі құралдардың амортизациясы
2. Амортизацияны есептеу әдістері
3. Тікелей сызықты есептеу әдісі
4. Дайындалған өнімнің (орындалған жұмыстың) көлеміне пропорционалды шығару әдісі
5. Азайып отыратын қалдық әдісі
6. Бөліміндегі сома бойынша құнды есептен шығару әдісі (кумулятивтік әдіс)
ҚАЗАҚСТАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы: ______________________________
№ |
Жұмысты орындау сапасы |
Баға диапазоны |
Орындалған % |
1 |
Орындалған жоқ |
0% |
|
2 |
Орындалды |
0-50% |
|
3 |
Материалдық өзіндік жүйелендіру |
0-10% |
|
4 |
Талап етілген көлемде және көрсетілген мерзімде орындау |
0-10% |
|
5 |
Қосымша ғылыми әдебиеттерді пайдалану |
0-10% |
|
6 |
Орындалған тапсырманың ерекшелігі |
0-20% |
|
Қорытынды: |
0-100% |
Оқытушы: ________________________ Студент: __________________________ Мамандығы: ______________________ Тобы: ____________________________ |
Семей 2013
Жоспар
1. Негізгі құралдардың амортизациясы
2. Амортизацияны есептеу әдістері
3. Тікелей сызықты есептеу әдісі
4. Дайындалған өнімнің (орындалған жұмыстың) көлеміне пропорционалды шығару әдісі
5. Азайып отыратын қалдық әдісі
6. Бөліміндегі
сома бойынша құнды есептен
шығару әдісі (кумулятивтік
Амортизация (латын. amortisatio — өтеу; франц. arnor- tir - бәсеңдету,
жүмсарту) - Тозымпұл / Өтемпұл — жалпы ұлттық өнімді өндіру барысында тозған немесе пайдаланылған
(тұтынылған) капиталдың көлемі
Негізгі құралдардың амортизациясы – негізгі құралдардың тозу сомаларының дайындалған өнімнің (орындалған жұмыстардың) құндарына немесе кезең шығындарына біртіндеп апарылу процесі. Амортизация жер учаскілеріне, өнім малдарына, кітапхана қорларына есептелінбейді. Активтерге амортизация олар пайдалануға жарамды кезінен бастап шыққан дейін, актив ұзақ уақыт бойы қызметте болмаса да есептелінеді.
Амортизацияланатын құн негізгі құралдардың бастапқы құндары мен оларды есепке алу кезінде анықталған болжамды жойылу құндары арасындағы (пайдалану мерзімінің соңында жоюдан алынған қосалқы бөлшектер, сынықтар, қалдықтар) айырма арқылы анықталады. Амортизациялық аударымдар әрбір есепті мерзімде шығын ретінде мойындалады.
Негізгі құралдарға амортизациялық аударымдарды есептеу үшін олардың қызмет ету ұзақтығы маңызды рөл атқарады.
Объектінің қызмет ету
ұзақтығы ұйымның осы объектіні
пайдалану болжамын есепке ала отырп
анықталады. Көп жағдайда объектінің
болжамды пайдалылығы тек қана оның
функционалдық пайдалығына
Негізгі құралдар объектісінің болжамды қызмет ету ұзақтығы жиелі кезеңде қайта қаралып отырылуы тиіс. Негізгі құралдардың қызмет ету ұзақтығын өзгертудің мақсаты - ұйымның қызмет жағдайының өзгерісіне байланысты негізгі құралдарды пайдаланудың нәтижесінде кірістер мен шығындардың арақатынасының дұрыстығын сақтап қалу болып саналады. Объектінің пайдалы қызмет ету мерзімін өзгертудің нәтижесі ағымда және болашақ мерзімде осы объектінің амортизациялық деңгейіне әсер етеді, ал өткен мерзімдегі жинақталған амортизация өзгертілмейді.
Амортизацияны есептеу әдістері
Амортизацияны есептеу кезінде ұйым төмендегі әдістерді қолдана алады:
а) бірқалыпты (түзу сызықты) есептеу әдісі;
б) құнды орындалған жұмыстардың көлеміне пропорционалды шығару әдісі (өндірістік әдіс);
в) жеделдетілген әдіс:
- азайып отыратын қалдық әдісі;
- кумулятивтік әдіс.
Негізгі құралдардың әрбір түріне әртүрлі әдістерді қолдануға болады. Ұйымның таңдап алған амортизацияны есептеу әдісі есеп саясатымен анықталып, бір есепті мерзімнен екінші есепті мерзімге дейін қолданылуы тиіс.
Тікелей сызықты есептеу әдісі – объектінің функционалдық пайдалылығы оның пайдалы қызмет ету ұзақтығына байланысты емес, пайдалану уақытына байланысты болады және ол пайдалы қызмет ету ұзақтығында өзгеріссіз қалады. Амортизация объектінің қызмет ету ұзақтығында оның амортизациялатын құнын тең бөлу арқылы жүргізіледі. Мұндай әдіс бойынша амортизацияның жылдық нормасы және жылдық сомасы пайдалы қызмет ету ұзақтығында тұрақты болып қалады да, жинақталған амортизация көбейіп, объектінің баланстық құны тең үлеспен азайып отырады.
1 мысалы: Ұйым бастапқы құны 50 000 теңге болатын құрылғы сатып алды, он екі жыл пайдаланудан кейін оның болжамды жойылу құны - 5000 теңге. Осы мәліметтердің нәтижесінде жыл сайынғы амортизация сомасы былай анықталады:
50 000 теңге – 5000 теңге
——————————— = 3 750 теңге.
12 жыл
Негізгі құралдардың қызмет ету ұзақтығы, жойылу құны сияқты қажет болған жағдайда негізгі құралдардың жағдайын жоғарылату үшін жұмсалған шығындарды, сонымен қатар технологиялық өзгерістер мен тұтыну нарығындағы өзгерістерді, қызмет ету ұзақтығын қысқартуға әкелетін шаруашылық қызметінің өзгеріс нәтижесін есепке ала отырып, қайтадан қаралуы мүмкін.
2 мысал: Сатып алынған ғимараттың бастапқы құны 98 000 теңге, жойылу құны – 8000 теңге, қызмет ету ұзақтығы – 30 жыл. Құнды бір қалыпты әдіс арқылы есептен шығару кезінде амортизациялық аударымның сомасы мынаған тең болады:
98 000 теңге – 8000 теңге
——————————— = 3 000 теңге.
30 жыл
Қызмет ету ұзақтығы 12 жыл болған кезде жинақталған амортизация 36000 теңгені құрайды. 12 жылдан кейін шаруашылық қызмет түрінің өзгеруіне байланысты қызмет ету ұзақтығы және жойылу құны қайтадан қаралды: қалған қызмет ету ұзақтығы 8 жыл (яғни барлығы 20 жыл), жойылу құны - 10 000 теңге. Нақтыланған мәліметтердің негізінде қалған 10 жылға жыл сайынғы амортизациялық аударым мынаны құрайды:
98 000 теңге – 36 000 теңге – 10 000 теңге
——————————————————— = 6 500 теңге.
8 жыл
Дайындалған өнімнің (орындалған жұмыстың) көлеміне пропорционалды шығару әдісі объектінің функционалдық пайдалылығы уақытқа байланысты емес, оны пайдаланудың нәтижесіне негізделеді. Осыған байланысты қызмет ету ұзақтығы ұйымның осы объектіні пайдаланудың нәтижесінде өндіретін өнімнің саны немесе орындайтын қызметтің көлемімен анықталады. Бұл әдісті пайдалану кезінді амортизация объектінің амортизацияланатын сомасын қызмет ету ұзақтығы кезінде өндірген өнімнің көлеміне пропорциналды бөлу арқылы есептеледі. Жылдық амортизация сомасы жылдын жылға өзгеше болуы мүкін. Өндірілген өнімнің санына байланысты жинақталған амортизация көбейеді де, баланстық құн төмендейді.
3 мысал: Техникалық төлқұжатқа сәйкес көшірме құрылғысы 500 000 көшірме басып шығаруы немесе 10 000 сағат жұмыс істеуі керек. Құрылғының бастапқы құны – 12 000 теңге, жойылу құны – 1000 теңге. Осы мәліметтердің нәтижесінде амортизациялық норма былай анықталады:
а) 12 000 теңге - 1 000 теңге
———————————— = 0,022 теңге/көшірме;
500 000 көшірме
б) 12 000 теңге - 1 000 теңге
———————————— = 1,10 теңге/сағат;
10 000 сағат
Есепті мерзім ішінде көшірме құрылғысы арқылы 110 000 көшірме жасалды, ал құрылғының жұмыс істеген уақыты 1900 сағат. Әрбір жағдайда жылдық амортизациялық аударым мынаған тең болады:
0,022 ´ 110 000 = 2 420 теңге;
1,10 ´ 1 900 = 2 090 теңге.
Тәжірибеде ұйым негізгі
құралдар объектісінің өндірістік қуаттылығын
сипаттайтын көрсеткіштердің
Азайып отыратын қалдық әдісі – негізгі құралдардың пайдалылығы мен өнімділігі соңғы пайдалану кезеңге қарағанда алғашқы пайдалану кезеңдерінде едәуір жоғары болатындығымен түсіндіріледі. Бұл объектінің тез моральдық тозуға ұшырауына немесе қызмет ету кезеңнің соңында техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге жұмсалған шығындардың шамадан тыс жоғарылауына байланысты болады. Шығындар мен кірістердің арасындағы арақатынасты қамтамасыз ету үшін объектінің амортизациясы әрбір ағымдағы мерзімде болашақ мерзімге қарағанда жоғары болуы тиіс. Бұл әдіс кезінде амортизация нормасы амортизацияланатын құнға емес, өткен мерзімнің соңындағы объектінің баланстық құнына қолданылады. Соған байланысты қалдық құнын азайту үшін қажетті шамамен шектелетін соңғы жылды қоспағанда, тозуды есептеген кезде жойылу құны есепке алынбайды. Азайып отыратын қалдық әдісі қолдану кезінде амортизацияның шектелген нормасы барлық уақытта қалдық құнға қолданылады.
4 мысал: Бірқалыпты әдіспен амортизациялық аударымның қарапайым нормасы – 20 %, жеделдетілген амортизация үшін 2 еселенген коэфициентін есепке алған жағдайда амортизация нормасы 40 % және ол қалдық құнға шектелген (қатаң) мөлшерлеме болып есептеледі. Мұндай жағдайда бастапқы құны 100000 теңге, жойылу құны 10000 теңге болатын құрылғының жыл сайынғы амортизациялық аударымы мынаған тең болады:
1 кесте – Түзу сызықты әдіс бойынша амортизациялық аударымды есептеу
Қызмет ету мерзімі |
Бастапқы құны, тг |
Амортизация нормасы |
Қалдық құны |
1-ші жыл |
100 000 |
40 000 (40%×100000) |
60 000 |
2-ші жыл |
100 000 |
24 000 (40%×60 000) |
36 000 |
3-ші жыл |
100 000 |
14 400 (40%×36 000) |
21 600 |
4-ші жыл |
100 000 |
8 640 (40%×21 600) |
12 960 |
5-ші жыл |
100 000 |
2960 (12 960-2960) |
10 000 |
Бөліміндегі сома бойынша құнды есептен шығару әдісі (кумулятивтік әдіс) – есептелу коэфициентін анықтауды білдіреді. Коэфициенттің алымы қызмет ету мерзімінің жылдар сомасына тең болса, ал бөлімі кері тәртіп бойынша қызмет ету мерзімінің соңына дейінге қалған жылдар санын білдіреді. Бұл коэфициент пайдаланудың әрбір кезеңінде әртүрлі болады, бірақ амортизацияланатын құнның тұрақты деңгейіне қолданылады.
Бұл әдісті кезінде алғашқы жылдары амортизация сомасы кейінгі жылдарға қарағанда анғұрлым жоғары болады.
5 мысал: Дизелдік құрылғының болжамды қызмет ету ұзақтығы -5 жыл болса, онда алымы 15 тең болады, яғни бөлім самасына – қызмет ету жылы (1+2+3+4+5), мұндағы 15 – кумулятивтік сан, әрбір жыл үшін есептеу коэфициенті мынаны құрайды: 5/15,4/15, 3/15, 2/15, 1/15. Егер дизельдік құрылғының бастапқы құны 100 000 теңге, жойылу құны 10 000 теңге болса, амортизацияланатын құн 90 000 теңге тең болады, ал жыл сайынғы амортизация төмендегідей тәртіппен анықталады:
2 кесте
– Кумулятивтік әдіс бойынша
амортизациялық аударымды
Қызмет ету мерзімі |
Амортизация сомасы, тг |
1-ші жыл |
30000 (90000×5/15) |
2-ші жыл |
24000 (90000×4/15) |
3-ші жыл |
18000 (90000×3/15) |
4-ші жыл |
12000 (90000×2/15) |
5-ші жыл |
6000 (90000×1/15) |
Кулулятивтік санды тез анықтау үшін мына формуланы қолданады:
N × (N + 1)
S = ¾¾¾¾¾¾¾;
2
мұндағы, S – сандар сомасы, N – божамды қызмет ету ұзақтығы.
Біздің мысалда бұл:
5 × (5+1)
¾¾¾¾¾¾¾ = 15 (кумулятивтік сан).
2
Ұйымның негізгі құралдарға амортизацияны есептеу әдісі жие қайта қаралып отыруы тиіс. Амортизация әдісін өзгертудің қажеттілігі, мысалы нарықта тиімділігі әрі өнімділігі әлдеқайда жоғары құрылығылардың жаңа түрлерінің шығуына байланысты моральдық тозуға ұшырауына байланысты болуы мүмкін.
Информация о работе Бөліміндегі сома бойынша құнды есептен шығару әдісі (кумулятивтік әдіс)