Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2013 в 17:36, реферат
Сабақтың мақсаты: а) білімділігі: оқушыларға Махамбет шығармаларын кеңінен талдап,әлеуметтік мәнін ашу; б) тәрбиелілігі: Оқушыларды ақын шығармалары арқылы патриоттыққа, Отансүйгіштікке,ерлікке,елдікке тәрбиелеу; в) дамытушылығы: Оқушылардың ой еркіндігін, эстетикалық сезімін ояту,сөйлеу мәдениетін қалыптастыру,сұрақтар арқылы белсенділігін арттырып,өздігінен білім алуға баулу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Махамбет Өтемісұлы «Ереуіл атқа ер салмай» атты өлеңі (8 сынып)
Сабақтың
мақсаты: а)
білімділігі: оқушыларға Махамбет
шығармаларын кеңінен талдап,әлеуметтік
мәнін ашу; б)
тәрбиелілігі: Оқушыларды ақын шығармалары
арқылы патриоттыққа, Отансүйгіштікке,ерлікке,
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, топтастыру, талдау, сұрақ-жауап т.б.
Сабақтың көрнекілігі: кестелер,сызбалар, сурет, интерактивті тақта
Сабақтың барысы : І.Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлемдесу;
- Оқушыларды түгелдеу;
- Оқушылар назарын сабаққа
- Сынып тазалығы.
ІІ.Қызығушылығын ояту
- Құрметті оқушылар!Біз 5-7 сыныптарда Махамбет ақын туралы таныс болдық.,олай болса жаңа сабақты өтпес бұрын ортаға «Махамбет кім?» топтастыруы арқылы еске түсіріп көрейік.
ІІІ.Жаңа сабақ . Тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы «Ереуіл атқа ер салмай»өлеңі
Өтеміс ұлдары: Досмайыл,Бекмұхамет, Әйіп, Қожақмет, Иса, Есмайыл, Уса, Сүлеймен, Ыбырайым, Хасен. Махамбеттен махмуд пен Нұрсұлтан тарайды.
Ақынның туған жылы |
Шығармалары |
Ақынның жақын адамдары |
Ерекше қасиеттері |
Зерттелуі |
1804 жылы Орал облысы Нарындағы Бекетай құмында дүниеге келген. |
«Соғыс», «Ереуіл атқа ер салмай», «Күн қайда?», «Қайран Нарын», «Исатай деген ағам бар», «Тайманның ұлы Исатай», |
Ұлтуған,Типан атты әйелдері,Махмуд, Нұрсұлтан атты баласы бар. |
Төкпе ақын, найзагер, жауынгер ақын, күйші |
1. 1925 жылы Махамбеттің алғаш өлеңдер жинағы шықты. 2. 1927 жылы «Жаңа мектеп» журналында
«Баймағамбет сұлтанға айтқаны» |
Махамбет
«Ереуіл атқа ер салмай» атты өлеңі
Ереуіл атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,
Еңку-еңку жер шалмай,
Қоңыр салқын төске алмай,
Тебінгі терге шірімей,
Терлігі майдай ерімей,
Алты малта ас болмай,
Өзіңнен туған жас бала
Сақалы шығып жат болмай,
Ат үстінде күн көрмей,
Ашаршылық, шөл көрмей,
Өзегі талып ет жемей,
Ер төсектен безінбей,
Ұлы түске ұрынбай.
Түн қатып жүріп, түс қашпай,
Тебінгі теріс тағынбай,
Темір қазық жастанбай,
Қу толғай бастанбай,
Ерлердің ісі бітер ие?!
«Ереуіл атқа ер салмай» атты өлеңі-жауынгер ақынның көтерілістің алдыңғы кезеңінде ізінен қалмай қуған патша әскерімен кезекті шайқастан кейін шаршап-шалдыққан, тіпті кейбірі күрестің болашағына күдікпен қараған кезде, сарбаздарға рух беріп, намысын қайрау, ұлы мақсатпен айнымауға шақырған әйгілі туындысы. Ел үшін еңіреген ердің сипаты қандай болуы керек, теңдік жолында ол қандай қиындықтарға төзуі қажет,міне, осы жайларды ақын барынша өткір,шымбайға батыра толғаған.
ІY. Жаңа сабақты пысықтау
Жаңа сабақты оқушылардың қаншалықты түсінгендері жөнінде біршама тапсырмалар беремін.
1-тапсырма
«Кім мықты?» ойыны
2-тапсырма
Махамбет пен Исатай бойындағы қасиеттерді салыстырыңдар
Махамбет |
Исатай |
Туған жерін қызғыштай қорыған ақын. Дулығалы ақын. Сыншыл ақын. Жырау күйші. |
Батыр. Қолбасшы. Адал дос. Ұйымдастырушы. Аңғал. Көргенді. |
3-тапсырма
«Ереуіл атқа ер салмай» өлеңін өлең құрылысына қарай талдау
5 3
Ереуіл атқа // ер салмай, — 8 а
5 4
Егеулі найза // қолға алмай, -9 а
4 3
Еңку-еңку // жер шалмай, — 7 а
4 4
Қоңыр салқын // төске алмай … -8 а
Бұл өлең 1 шумақ, 4 тармақ, 2 бунақ ,7- 8 буынды ,Шұбыртпалы ұйқасқа жатады.
Y. Қорытындылау.
Автор орындығы
«Махамбет — жауынгер ақын» атты тақырыбында оқушылар өз ойларын қағаз бетіне түсіріп, автор орындығына отырып оқиды.
YІ. Үйге тапрсырма беру.
Информация о работе Махамбет Өтемісұлы «Ереуіл атқа ер салмай» атты өлеңі