Өнімдер мен қызметтер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 09:29, реферат

Описание работы

Өндірілген өнімдер мен шығарылған тауарларды сатумен (саудамен, коммерциямен) шұғылданатын мекемеларді (кәсіпорындардың) кезаң шығындарының бухгалтерлік есебін дұрыс жүргізу және бақылауды күшейту үшін өнімдер мен тауарларды сату шығындарының ғылыми негізделген есептік баптарын қалыптастырудың үлкен маңызы бар.Өнімдер мен тауарлар сату шығындарының тізімі сауда мекемелерінің қаржылық-шаруашылық қызметінің ерекшелігін көрсетпейді.

Файлы: 1 файл

Өнімдер мен қызметтер.docx

— 18.52 Кб (Скачать файл)

                                                Өнімдер мен қызметтер

       Өндірілген өнімдер мен шығарылған тауарларды сатумен  (саудамен, коммерциямен) шұғылданатын мекемеларді (кәсіпорындардың) кезаң шығындарының бухгалтерлік есебін дұрыс жүргізу және бақылауды күшейту үшін өнімдер мен тауарларды сату шығындарының ғылыми негізделген есептік баптарын қалыптастырудың үлкен маңызы бар.Өнімдер мен тауарлар сату шығындарының тізімі сауда мекемелерінің қаржылық-шаруашылық  қызметінің ерекшелігін көрсетпейді.Онда сауда мекемелерінде ғана тиесілі өнімдер мен тауарларды өткізу шығындарының ерекше баптарын (түрлерін) ,мысалы, «Тауарлық материалдық қорларды сақтау,өндеу,сұраптау мен буып-түю және тоңазытқыш жабдықтарын ұстау шығындары (штаттық қызметкерлерінің еңбекақыларынан басқа)», «Тауарлық материалдық қорлардың табиғи кему мөлшерлері шегіндегі ысырыпталуы мен технологиялық қалдықтар», «Санитарлық және арнайы аяқ киімдер мен киім-кешектер, асханалық киімдер,ыдыстар мен аспаптар шығындары», т.б. кездеспейді.Сонымен қатар, экономикалық мазмұны мен мағынасы біртекті тауарларды сату шығындардарының баптары негізсіз егжей-тегжейлі бөлшектеніп, өте ұқсас баптарды құрап, бірін-бірі қайталайды Өнімдер мен тауарлады өткізу шығындарын тым егжей тегжейлі бөлшектеу есептік жазбаларды көбейтіп,еңбек қызметкерлерінің еңбегін артық шығын етеді.Ол тек қана есепші мұндай бөлшектердің шын мәнінде керектігіне көз жеткізсе ғана пайдалануға болады.Өнімдер мен тауарларды сату шығындарының тиімділігін арттыру мақсатында оларды жоспарлау,есепке алу,қаржылық есеп беруде көрсету және талдау жасау үшін саудамен шұғылданатын мекемелерге шығындарды төмендегідей баптар тізбегі бойынша талдау есебін жүргізу ұсынылады. Өнім– 1) белгілі бір уақыт аралығында дүние жүзінде, елде, кәсіпорында, т.б. өндірілген өнімдердің бүкіл көлемі; ғылыми-техникалық талдамаларды, өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдерді, халық тұтынатын тауарларды, құрылыс нысандарын, жұмыстарды, қызметтерді қоса қоғамдық және жеке бастың қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған еңбек қызметінің нәтижесі; кәсіпорында дайындалған өнім. Өнім даралай, салмақ, ұзындық, бет, көлем өлшемдері және бұйымдардың немесе материалдың, металл балқымасының топтамасы, сұйық немесе сусымалы заттың белгілі бір сыйымдылығы   есебімен есептеледі. Өнім тұтыну құнымен – белгілі бір тиімділікті қанағаттандыра алуымен және құнмен – оны дайындауға жұмсалған қоғамдық еңбекпен сипатталады. Осыған байланысты оны есепке алу мен жоспарлау заттай тұлғада ғана емес, ақшалай тұлғада да жүргізіледі. Өнімге заттай (машина, жабдық, аяқ киім, т.б.) және өнеркәсіптік сипаттағы жұмыстарға (жөндеу жұмыстары, сақтау, буып-түю, тасымалдау, т.б.), негізгі және жанама өнім түрлеріне бөлінеді. Аяқталған жұмыстар кешені, құрылыс нысаны да Өнім деп ұғынылады. Өнімді өндіруге жұмсалған шығындар жанды еңбек шығындары мен өндіріс құрал-жабдықтарының шығындарынан тұрады. Ал соңғыларда, өз уақытында, соларды жасауға жұмсалған еңбек шығындары болып табылған. Сондықтан экономикалық теорияда өнімнің қандайына болмасын жанды (нақты) және зат түріндегі еңбек жұмсалады деп тұжырымдалады. Жаңа тауарларды жасап шығару, жаңалық үшін идеяларды іздеуден басталады. Идеялар іздеу айтарлықтай дұрыс бастапқы алаңы болып тұтынушылар табылады. Тауар пиғылы тұтынушы үшін маңызды түсініктермен көрсетілген идеялардың өңделген нұсқасы. Ойды тексеру барлық таңдалған идеялардың өңделген нұсқалары көрсететін мақсатты тұтынушының сәйкес таптарына оны байқап көру. Осылайша бөлімде, рынокка ұсынатын өнімнің және қызметтің түрлеріне нақты анықтама және сипаттама беру керек. Өнім өндіруге қажетті технологияның кейбір аспектілерін көрсеткен жөн. Бұл бөлімде түсінікті, нақты маман еместердің түсінуі үшін  жеткілікті сөзбен жазылуы өте мақызды. Өнімнің негізгі мінездемесін сипаттау кезінде техниканың толықтылыққа емес, ал осы өнімнің тұтынушыларға беретін  артықшылықтарына көңіл бөлінеді. Технологиялық процестің тереңірек ақпараттың өндірістік жоспар бөлімінде немесе қосымша бөлімде берілуі мүмкін. Іс ережесі сипаттамасымен қатар формада оның даму кезеңі қалыптасуы жүргізіліп жатқан бизнестің кеңеюі мүмкін. Бұл бөлімде өндірістердің, мүмкін шығындардың бағалануы және олардың болашақтағы динамикасы болуы мүмкін. Сонымен қатар қалдықтары утилизациялау және қоршаған ортаны қорғаумен байланысты шығындарды ескеру керек.                        Экономикалық түрлендіру нәтижелі  табысты болуы, ең әуелі экономикалық негізгі бөлігіндегі өндірістің  қаншалықты тиімді болуына байланысты. Қазіргі уақытта Қазақстандық өнеркәсіп өнімінің 71%-ы электро энергетика, жылу энергетикасы, тау- кен металургиясы кешінінде химиялық және мұнай өнеркәсәбінің, тамақ және жеңіл өнеркәсібінің 113 ірі және орташа кәсіпорындарында өндіріледі. Ең ірі қуатты төлемге қабілеті бар, сұранысқа көп, экспортқа бағытталған кәсірорындар: Қазмұнайгаз, Қазақмыс корпорациясы, Қаз мырыш ЖШС, Қазалюминий ЖШС. Мыс саласының өнімдері мыс және оның қорытпалары көптеген салаларда оның өткізгіштігі, мықтылығы, тұрақтылығы қажет етілетін жерлерде кеңінен қолданылады. Әсіресе, электро энергетика, өнеркәсіп  жабдықтары өндірісінде, құрылыстарда және тағы басқа салаларда пайдаланылады.

 

 


Информация о работе Өнімдер мен қызметтер