«Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламенті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 22:40, реферат

Описание работы

1. Осы техникалық регламент (бұдан әрі - Регламент) өнімнің немесе қызметтердің регламенттермен, стандарттармен немесе шарттардың талаптарымен (бұдан әрі - нормативтік құжаттар) белгіленген талаптарға сәйкестігін растау кезінде (сәйкестік туралы декларацияны қабылдау немесе сәйкестік сертификатын беру түрінде) қолданылады.
2. Осы Регламент сәйкестікті міндетті және ерікті растау кезінде қолданылады.
Өзге регламенттермен өнім өндірісінің ерекшелігін, қызметтер көрсетуді сынақтарды, өнімді беруді және пайдалануды ескеретін, бірақ осы Регламентке қайшы келмейтін өнімдердің немесе қызметтердің сәйкестігін растаудың басқа да рәсімдері белгіленуі мүмкін.

Файлы: 1 файл

ТР О сертификации.doc

— 252.00 Кб (Скачать файл)

3) кіру, қабылдап алу-бақылау және мерзімдік сынақтар жүйесінің бар болуы;

4) техникалық қызмет көрсету және жабдықтарды жөндеу жүйесінің және сынақ құралдарының бар болуы;

5) шикізатпен және материалдармен қамтамасыз етілуі;

6) сертификатталатын өнім сапасының тұрақтылығы;

7) сақтау жағдайларының бар болуы;

8) наразылықтарды есепке алу мен талдаудың бар болуы.

Өндірістің жай-күйін талдау нәтижелері тиісті қорытындылары бар актімен ресімделеді және өтінім берушіге жіберіледі. Тексерістің теріс нәтижелері болған жағдайда таңдап алынған схема бойынша өтінім берілген өнімді сертификаттау жөніндегі жұмыстар тоқтатылады, бұл туралы Орган үш күн мерзімде өтінім берушіге жазбаша хабарлайды.

Анықталған кемшіліктер жойылғаннан немесе сертификаттаудың өзге схемасын таңдағаннан кейін өтінім беруші сертификаттауға жаңа өтінім береді.

31. Өтінім берушіде Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі шеңберінде берілген немесе танылған сертификатталатын өнімнің өндірісіне немесе сапа менеджменті жүйесіне арналған Сертификаты бар болған кезде өндірістің жай-күйіне талдау жүргізілмейді.

32. Регламентке 1-қосымшада көрсетілген 9 және 10-схемалар бойынша өнімді сертификаттау өнімнің белгіленген талаптарға тікелей немесе жанама сәйкестігін растайтын өтінімдер мен құжаттар негізінде жүргізіледі.

Сәйкестік туралы өтінімге мыналар қоса беріледі:

1) өнімге бұдан бұрын жүргізілген сынақтардың хаттамалары;

2) өнімге немесе пайдаланылатын шикізатқа, материалдарға, жинақтаушы бұйымдарға сапа менеджменті жүйесіне және өндіріске бұрын алынған қолданыстағы сертификаттар;

3) қорытындылар, анықтамалар және өнімнің уәкілетті мемлекеттік органдар берген белгіленген міндетті талаптарға сәйкестігі туралы өзге де құжаттар.

33. Сәйкестік туралы өтінімге құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде қоса берілуге тиіс.

34. Егер өтінім беруші өтініммен берген ақпарат өнімнің сәйкестігін растау үшін жеткіліксіз болса, Орган өтінім берушіге өнімді басқа схема бойынша сертификаттауды ұсынады.

35. Өндірістің жай-күйіне, өндірістің сертификатталуына немесе менеджмент жүйесін сертификаттауға жүргізілген талдау туралы мәліметтерді (құжаттарды) Өнімге арналған сертификатта көрсетеді.

36. Орган сынақтар хаттамаларын, өндірісті бағалауды және өнімнің сәйкестігі туралы басқа да құжаттарды талдаудан кейін өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалауды жүзеге асырады.

Осы бағалаудың нәтижелері сарапшының қорытындысында көрсетіледі. Осы қорытындының негізінде Орган Сертификат беру туралы шешім қабылдайды. Сертификатты ресімдейді және оны берілген Сертификаттардың тізіліміне тіркейді. Сертификат тек тіркеу нөмірі бар болғанда ғана жарамды.

Сертификатта мыналар көрсетілуге тиіс:

1) өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер;

2) өтінім берушіге сертификатталған өнімді сәйкестік белгісімен таңбалау құқығын беру туралы мәліметтер;

3) өтінім берушіде сертификатпен расталған қолданыстағы сапа менеджменті жүйесінің бар екені туралы мәліметтер;

4) Сертификатты беру үшін негіз болатын сертификаттау схемасына сәйкес құжаттар туралы мәліметтер;

5) қолданылатын сертификаттау схемасы.

Сертификатқа сертификаттау кезінде жүргізілген өнімді барлық сынау хаттамалары қоса беріледі.

Сертификат белгіленген үлгідегі бланкілерде орындалады.

37. Сертификаттың оның әрекеті қолданылатын нақты өнімнің тізбесі бар қосымшасы болуы мүмкін, егер:

бір дайындаушы жасап шығаратын және сол бір талап бойынша сертификатталған біртекті өнім тобының;

Сертификатта көрсетілген бұйымды (кешенді, жиынтықты) техникалық қызмет көрсету және жөндеу үшін қолданылатын құрама бөлшектердің және (немесе) қосалқы бөлшектердің белгіленген жинағы бұйымының (кешеннің, жиынтықтың) құрамын талдау талап етілсе.

Өнімнің сәйкестігін бағалаудың теріс нәтижелері кезінде Орган себептерін көрсете отырып, Сертификат беруден бас тарту туралы шешімді береді.

38. Сертификаттың қолданылу мерзімін сертификаттаудың таңдап алынған схемасын, өнімнің ерекшелігін, оның өндірісін, нормативтік құжаттардың қолданылу мерзімін, нормативтік құжаттардың нақты өнімге арналған талаптарын, сондай-ақ өндіріс сертификатталған немесе менеджмент жүйесі сертификатталған мерзімді (егер бұл сертификаттау схемасында көзделген болса), бірақ үш жылдан немесе өнімнің жарамдылық мерзімінен аспайтын мерзімді ескере отырып, Орган белгілейді.

Өнімнің немесе бұйымның партиясына арналған Сертификаттың қолданылу мерзімін белгілемейді, бұл ретте Сертификат өнімнің жарамдылық мерзімі аяқталған сәттен бастап күшін жояды.

Дайындаушы өткізетін өнім үшін сериялық шығарылатын (сериялық шығарылым) өнімге арналған Сертификаттың қолданылу мерзімі ішінде Сертификат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген өнімнің жарамдылық (қызмет) мерзімі ішінде өнімді жеткізу, сату кезінде жарамды.

39. Сертификаттың қолданылу мерзімін өнімнің жарамдылық мерзімі шегінде Сертификатты берген Орган ұзартуы мүмкін. Сертификаттың қолданылу мерзімі бұл ретте Сертификат берілген күннен бастап үш жылдан аспауға тиіс. Сертификаттың қолданылу мерзімін ұзарту өтінім берушінің қалауы бойынша мынадай тәсілдердің бірімен орындалады:

1) Сертификаттың «_____ дейін қолданылады» деген бағанының сол жағынан бірінші басшының немесе ол өкілеттік берген адамның қолымен және Органның мөрімен расталатын «Қолданылу мерзімі_____ дейін ұзартылды» деген жазба енгізіледі;

2) ұзартылатын Сертификаттың тіркеу нөмірін сақтап және Сертификат ұзартылатын өнімнің атауы мен санын көрсете отырып, жаңа Сертификат ресімделеді.

40. Егер сериялық өндірістің өніміне берілген Сертификаттың қолданылу мерзімі аяқталса, ал ол қолданылатын кезеңде шығарылған өнім өткізу сатысында болса, онда Сертификаттың қолданылуы барлық жарамдылық немесе оны сақтау талаптары сақталғанда өнімді сақтау мерзіміне, алайда үш жылдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.

41. Өнімнің құрастырмасына (құрамына) немесе оны өндіру технологиясына сертификаттау кезінде куәландырылатын көрсеткіштерге ықпал етуі мүмкін өзгерістер енгізілген кезде Сертификат ұстаушы осы өнімнің өндірісіне толық немесе ішінара сынақтар немесе жай-күйіне бағалау жүргізгенге дейін Сертификаттың күшін жою немесе тоқтата тұру туралы шешім қабылдайтын Сертификатты берген Органға дереу хабарлайды.

Сертификатты ұстаушының Орган қабылданған шешім туралы     хабарлағанға дейін оған енгізілген өзгерістері бар өнімді өткізуге құқығы жоқ.

42. Егер сертификаттау кезінде куәландырылатын осы өнімге нормативтік құжатта белгіленген өнімнің көрсеткіштері одан да қатаң өзгерсе, онда Сертификаттың қолданылуы нормативтік құжатқа өзгеріс енгізілген күнінен бастап тоқтатылады.

43. Сертификатталған өнімге қоса берілетін ілеспе техникалық құжаттамада (техникалық паспорт және басқалары), сондай-ақ тауардың ілеспе құжаттамасында жүргізілген сертификаттау туралы жазба жасалады және Сертификаттың нөмірі мен берілген күні көрсетіледі.

44. Сәйкестік сертификатының көшірмесі белгіленген үлгідегі бланкілерде орындалады, бірінші басшының немесе оған өкілетті адамның қолымен және Органның мөрімен расталады.

Сәйкестік сертификатының көшірмесі соның негізінде берілген құжаттармен бірге Органда оның қолдану мерзімі аяқталғаннан кейін кемінде бір жыл сақталады. Егер қолданылу мерзімі белгіленбеген болса, онда Сертификаттың көшірмесі ол берілген күнінен бастап кемінде бес жыл сақталуға тиіс.

45. Сәйкестік сертификатының телнұсқасын беруді өтінім беруші Сертификаттың түпнұсқасын жоғалтқанда (бүлдіргенде) осы сертификатты Орган жүргізеді. Бұл жағдайда өтінім беруші жоғалту (бүлдіру) жағдайларын көрсете отырып, еркін нысанда жазылған өтінім жібереді.

Сертификаттың телнұсқасы түпнұсқа мен телнұсқасының берілген күнін көрсете отырып, түпнұсқа тіркелген нөмірмен тіркеледі, бұл ретте бланкінің оң жақ бұрышында «Телнұсқа» деген мөртабан қойылады.

Сертификаттың телнұсқасы ұзартылмайды.

46. Сертификат берілген өнім Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сәйкестік белгісімен таңбалануы мүмкін.

Өнімді сәйкестік белгісімен таңбалауды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Органда тіркелген Сертификаттың негізінде дайындаушы (сатушы) жүзеге асырады.

47. Инспекциялық бақылауды Сертификат берген Орган жүзеге асырады.

Сертификатталған өнімге инспекциялық бақылау (егер бұл сертификаттау схемасында көзделмесе) өткізілетін өнімнің сертификаттау кезінде расталған, белгіленген талаптарға сәйкестігі жалғасатын өнімді сынау үлгілері мен растау қажетті басқа тексерістер кіретін мерзімді және жоспардан тыс тексерістер нысанында Сертификаттың бүкіл жарамдылық мерзімінде, бір жылда бір реттен кем болмайтын мерзім ішінде жүргізіледі.

Инспекциялық бақылаудың кезеңділігін Сертификат берген Орган белгілейді. Жоспардан тыс тексерістер тұтынушылардан, сауда ұйымдарынан, сондай-ақ Сертификат берілген объектіге мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын Органдардан өнімнің сапасына шағым туралы ақпарат түскен жағдайларда жүргізілуі мүмкін.

48. Өнімнің ықтимал қауіптілік дәрежесі, өндірістің тұрақтылығы, шығару көлемі, менеджмент жүйесінің бар болуы, инспекциялық бақылауды жүргізудің құны және т.с.с. кезеңділікті белгілеу және инспекциялық бақылау көлемін анықтау үшін өлшемдер болып табылады.

Инспекциялық бақылаудың көлемі, мазмұны мен жүргізу тәртібі осы өнімге арналған нормативтік құжаттарда белгіленеді.

49. Инспекциялық бақылау, әдетте мынадай жұмыс түрлерін қамтиды:

1) сертификатталған өнім туралы түсетін ақпаратты талдау;

2) тұрақты сапалы өнімді шығару үшін қажетті жағдайлардың сақталуын тексеру;

3) өнімнің сынағын жүргізу және олардың нәтижелерін талдау;

4) бақылау нәтижелерін ресімдеу және шешімдер қабылдау.

Өндіріске немесе нақты өнім сапасының менеджмент жүйесі мен оларға инспекциялық бақылаудың оң нәтижелеріне Сертификат бар болғанда тұрақты сапа өнімін шығаруға арналған жағдайларды талдау жүргізілмейді.

50. Инспекциялық бақылаудың нәтижелері үлгілердің сынақтары мен басқа да тексерістер нәтижелерінің бағасы берілетін, сертификатталған өнім өндірісінің жай-күйі мен берілген Сертификаттың қолданылуын сақтау мүмкіндігі туралы қорытынды жасалатын еркін нысандағы актімен ресімделеді.

Акті Органда кемінде үш жыл сақталады, ал оның көшірмелері өтінім берушіге (дайындаушыға, сатушыға) және инспекциялық бақылауға қатысқан ұйымдарға жіберіледі.

51. Инспекциялық бақылаудың нәтижелері бойынша Орган сертификатталған өнім нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда Сертификаттың қолданылуын:

1) инспекциялық бақылау кезінде өнімді сынаудың теріс нәтижелері;

2) өнімге арналған нормативтік құжат немесе сынақ әдісі Органның тиісті хабарлауынсыз өзгерген;

3) өнімнің құрастырмасы (құрамы), жиынтығы, өндірістің ұйымдастырылуы және (немесе) технологиясы Органның тиісті хабарлауынсыз өзгерген;

4) өнімді өндіру технологиясының талаптары өзгерген (орындалмаған);

5) бақылау және сынақ әдістері, менеджмент жүйесі Органның келісімінсіз өзгерген жағдайларда тоқтата тұруы немесе жоюы мүмкін.

52. Егер Сертификат берген Органмен келісілген түзеу іс-шаралары жолымен өтінім беруші сәйкессіздіктің анықталған себептерін жоя алатын және қосымша сынақтарсыз өнімнің нормативтік құжаттарға сәйкестігін қайта инспекциялық бақылау кезінде аккредиттелген зертханада растай алатын жағдайда оның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім қабылданады.

Сертификаттың қолданылуы Орган мен өтінім берушінің өзара келісімі бойынша осы өнімді өндіру тоқтатылуына байланысты немесе басқа себептермен тоқтатыла тұруы немесе жойылуы мүмкін.

53. Сертификаттың қолданылуы:

1) егер анықталған сәйкессіздік түзетілмейтін болса;

2) егер өтінім беруші Органға қатысты өзінің қаржылық міндеттерін орындамаса;

3) егер өтінім беруші Сертификаттың қолданылуы уақытша тоқтатылған кезеңде тиісті шараларды қабылдамаса;

4) егер өтінім беруші Сертификаттың қолданылу мерзімін ұзартуды қаламаса;

5) егер өнімді өндіру тоқтатылса (басқа өндіріске берілсе) немесе кәсіпорын таратылса жойылуы мүмкін.

54. Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұру немесе күшін жою туралы ақпаратты оны берген Орган өтінім берушіге, тұтынушыларға, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға және басқа да мүдделі адамдарға хабарлайды.

Орган Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұру немесе жою туралы өтінім беруші мен техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға жазбаша хабарлайды, тұтынушылар мен нақты өнімді сертификаттауға мүдделі қатысушыларды ақпараттандырады.

Информация о работе «Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламенті