Активтер есебінің түсінігі және бөлінуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 05:08, реферат

Описание работы

Қысқа мерзімді активтер — қолма-қол ақша түріндегі және қолма-қол ақшаға айналдырылмақшы, сондай-ақ сатуға болатын немесе бір жыл бойына немесе ұзақтығы бір жылдан асатын болса, оперативтік өндірістік өткізу циклі бойына пайдалануға болатын активтер; Ұзақ мерзімді активтер — қолма-қол ақшаға айналдыру, сату немесе бір жыл немесе оперативтік цикл бойына пайдалану көзделмейтін активтер; оперативтік активтер — жер, үймерет, жабдық және басқа негізгі қорлар сияқты өндіріс барысында пайдаланылатын ұзақ мерзімді активтер; өтімді активтер — пайыз түрінде табыс әкелмейтін және иелеріне өздерінің міндеттемелері бойынша төлем төлеуге мүмкіндік беретін, оңай өткізілетін қаражат (қысқа мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздар, ірі компаниялардың акциялары мен облигациялары, ағымдағы шоттар, қолма-кол ақша).

Файлы: 1 файл

қысқа мерзімді актив.docx

— 34.92 Кб (Скачать файл)

КІРІСПЕ

 

    Активтер - өндірістік және бейөндірістік мақсаттағы жылжымайтын және жылжитын мүлік түріндегі меншік, сондай-ақ шаруашылық мақсатта пайдаланылып жүрген жер, орман-тоғай, пайдалы қазбалар қоры, ақшалай құны бар, заңи және жеке тұлғалардың меншігі болып табылатын нәрселердің бәрі; елдің шетелден алынған (мысалы, тауар әкетілімінің нәтижесінде алынған) ақшалай табысының оның шетелдегі шығысынан асып түсуі.

    Қысқа мерзімді  активтер — қолма-қол ақша түріндегі және қолма-қол ақшаға айналдырылмақшы, сондай-ақ сатуға болатын немесе бір жыл бойына немесе ұзақтығы бір жылдан асатын болса, оперативтік өндірістік өткізу циклі бойына пайдалануға болатын активтер; Ұзақ мерзімді активтер — қолма-қол ақшаға айналдыру, сату немесе бір жыл немесе оперативтік цикл бойына пайдалану көзделмейтін активтер; оперативтік активтер — жер, үймерет, жабдық және басқа негізгі қорлар сияқты өндіріс барысында пайдаланылатын ұзақ мерзімді активтер; өтімді активтер — пайыз түрінде табыс әкелмейтін және иелеріне өздерінің міндеттемелері бойынша төлем төлеуге мүмкіндік беретін, оңай өткізілетін қаражат (қысқа мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздар, ірі компаниялардың акциялары мен облигациялары, ағымдағы шоттар, қолма-кол ақша).

   Нарықтық экономикасы дамыған  елдерде, мысалы, Ұлыбритания мен  басқа да елдерде мынадай сыныптамалар  қолданылады: негізгі активтер  — құны бар және компания  жай қайта сату үшін емес, тауар  өндіру немесе қызметтер көрсету  мақсатымен сатып алатын мүлік  (бір жылдан астам кезең бойына  өндірістік үдеріске пайдаланылатын  нәрселердің бәрі); ағымдағы активтер (айналым құралдары) — құны  бар, келесі 12 ай бойына ақшалай  қаражатқа айналуы мүмкін мүлік  (босалқы қорлар, дебиторлық берешек,  ақшалай қаражат).

 

  1. Активтер есебінің түсінігі және бөлінуі

   Ұлттық шоттар жүйесінде  активтерге тек экономикалық  қызметте пайдаланылатын немесе  меншік құқығы объектісі болып  табылатын активтер ғана жатады, ал экологиялық активтер (теңіз,  ауа), сондай-ақ тұтыну тауарларының  едәуір бөлігі, "адами капитал"  дейтін (тәжірибе, білім, қабілет), экономикалық  қызметте пайдаланылмайтын табиғи  ресурстар, т. б. есептелмейді. Ұлттық активтер материалдық  активтер мен бейматериалдық  активтерге бөлінеді.

1. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын,  жеке (жеке адамдар) немесе заңды  тұлғаның мүлкі. Активтердің мынадай  түрлері болады: күрделі (негізгі  қорлар), қаржылық ( құнды қағаздар, кредиттер) және материалды емес  активтер.

2. Бухгалтерлік есепте— қарыздар  мен қарыздық міндеттемелерге  қатысы жоқ барлық нәрселер  енеді.

     Материалдық емес  активтер кәсіпорындардың, фирмалардың  ұзақ мерзімдік активтерінің  ажырамас құрамдас бөлігі. Материалдық,  емес активтерге материалды нысанға  ие емес, заттық касиеттері жоқ  бірақ кәсіпорынға ұзақ уақыттар  бойы немесе тұрақты түрде  табыстар әкелуге мүмкіндік беретін  нысандар жатады. Шаруашылық, құралдың  бұл тобына: табиғи қорларды, жерлерді  пайдалану құқығы; өнертапқыштық,  патенттер, лицензиялар, "ноу-хау"  құқығы, сауда маркасы, тауар белгілері,  сатып алынған бағдарламалық  өнімдердің, делдалдық орындардың  немесе делдалдық орындарды пайдалану  құқығының құны, фирманы және  тағы басқаларын тіркеуге дейін  орындары бар құжаттар мен  жарнамаларды дайындау үшін ұйымдастырылған  шығындар жатады.

Қазақстан Республикасының 2007-жылыдың 28-ақпанындағы “Бухгалтерлік  есеп және қаржылық есептілік”  -деп  аталатын №234-III заңының 3-тарау 13-бабында  қаржылық есептіліктің элементтері  белгіленіп көрсетілген. Сол элементтердідің  бірі болып табылатын активтерге елімізге танымал белгілі ғалым, професор Қ.К.Кеулімжаев өзінің Бухгалтер лік есеп принциптері –атты еңбегінде - Актив деп кәсіпорынның ақшаға (құнмен) бағаланатын игіліктері мен құндылықтарын, мүліктерін (заттарын) айтады деп атықтама береді. Басқаша айтатын болсақ актив дегеніміз кәсіпорынның өткен уақыттардағы шаруашылық операцияларының негізінде пайда болған және алдағы уақыттарда табыс табу үшін пайдаланылатын ресурстар болып табылады. Активтер пайдаланылу уақытына, мерзіміне қарай қысқа мерзімді (ағымдағы) және ұзақ мерзімді (айналыстан тыс) болып екі топқа бөлініп қарастырылады.

Ұзақ мерзімді (айналыстан тыс) активтер дегеніміз ұзақ уақыт (бір жылджан артық) пайдаланылатын айналымдылығы баяу активтер болып табылады.  Ал қысқа мерзімді активтер дегеніміз өзінің құнын тез арада басқа өнімге айырбастай алатын өтімділігі жоғары активтер болып табылады. Соған сәйкес ұзақ мерзімді активтерді айналымнан тыс активтер депте атайды. Ұзақ мерзімді активтерге негізгі құралдар, материалдық емес активтер, ұзақ мерзімді дебиторлық борыштар және ұзақ мерзімді инвестициялар жатады.

 

Қысқа мерзімдегі активтер

 

 Қысқа мерзімдегі активтер өндірістік немесе өндірістік емес салаларда болсын үнемі айналыста жүреді. Өндіріс саласында ағымдағы активтер құрамына аяқталмаған өндірістің қосымша шикізаттары және дайын өнімдер қоры, есептегі активтер қосылады.

   Бұған жататындар: ағымдағы  активтерді сатып алу үшін  жұмсалатын аванстық төлемдер; тиеп  жіберілген тауарлар үшін алынған  есепшот (қызметер мен жұмыс); алынған вексельдер және басқа  да дебиторлық берешек.

   Коммерциялық салада ағымдағы  активтер құрамына кіретіндер: коммерциялық  сауда фирмалары мен көтерме  сауда кәсіпорындарының қоймаларында  өткізілу үшін жатқан қосалқы  тауар –материалдар қорлары (тауарлар, дайын өнімдер  және т.б.); қолма–  қол ақша; инвестиция бойынша  дебиторлық берешек және т.б.

   Ағымдағы активтердің басты  құрамдас бөлігі қосалқы тауар–  материалдар қоры сату-сатып алу  заттары болып табылады. Тауар  қорына әдетте сауда фирмаларындағы  қаржы ресурстарының неғұрлым  үлкен бөлігі салынады.

  Тауарларға жұмсалған қаржы  ресурстарының жалпы жиынтығы  тауар қорының өзіндік құны  аталынады. Ол қолдағы тауарлардың  сатып алу құнының сомасына  тең. Бұлар: сатып алу бағасы, тасып әкелуге төленген пошлина  (алым), делдалдық сыйақы, транспорт–  даярлау шығындары және басқа  да шығындар (кезең шығындарынан  басқа).

 

«Қысқа мерзімді активтер» 1бөлімінің шоттары қысқа мерзімді ретінде жіктелетін ұйымның активтерін есепке алуға арналған.  
 
«Қысқа мерзімді активтер» 1 бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды: 
 
1000 – «Ақша қаражаты»; 
 
1100 – «Қысқа мерзімді қаржы инвестициялары»; 
 
1200 – «Қысқа мерзімді дебиторлық берешек»; 
 
1300 – «Қорлар»; 
 
1400 – «Ағымдағы салық активтері»; 
 
1500 – «Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер»; 
 
1600 – «Өзге қысқа мерзімді активтер». 
 
1000 «Ақша қаражаты» кіші бөлімі ақша қаражатын есепке алуға арналған. 
 
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды: 
 
1010 – «Кассадағы ақша қаражаты», онда кассадағы ұлттық және шетел валюталарымен ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады; 
 
1020 – «Жолдағы ақша қаражаты», онда жолдағы ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады; 
 
1030 – «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты», онда ағымдағы банктік шоттардағы ұлттық және шетел валюталарындағы ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады; 
 
1040 – «Карт-шоттардағы ақша қаражаты», онда карт-шоттардағы ұлттық және шетел валюталарындағы ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады; 
 
1050 – «Жинақ шоттарындағы қаражаты», онда жинақ шоттарындағы ұлттық және шетел валюталарындағы ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады; 
 
1060 – «Өзге ақша қаражаты», онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге ақша қаражаты есепке алынады.  
 
1100 «Қысқа мерзімді қаржы инвестициялары» кіші бөлімі қысқа мерзімді қаржы инвестицияларын есепке алуға арналған. 
 
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды: 
 
1110 – «Қысқа мерзімді ұсынылған қарыздар», онда ұйымдардың мерзімі бір жылға дейін берген қарыздары есепке алынады; 
 
1120 – «Саудаға арналған қысқа мерзімді қаржы активтері», онда бағалардың қысқа мерзімді ауытқуларынан пайда алу мақсатында сатып алынған қысқа мерзімді активтер есепке алынады. Қаржы активтерін егер ол құрылымы қысқа мерзімді перспективада пайда алуға ынталандыру туралы куәландыратын портфельдің бір бөлігі болып табылса, оны сатып алу себептеріне қарамай саудаға арналған ретінде жіктеген жөн. Туынды қаржы активтері хеджерлеудің тиімді құралдары ретінде анықталған жағдайларды қоспағанда саудаға арналған ретінде қаралады; 
 
1130 – «Өтеуге дейін ұсталынатын қысқа мерзімді инвестициялар», онда ұйым берген қарыздар мен дебиторлық берешекті қоспағанда өтеу мерзімі басталғанға дейін ұйым иелік етуге берік ниетті және қабілетті тіркелген немесе анықталатын төлемдері және тіркелген өтеу мерзімі бар қысқа мерзімді қаржы активтері есепке алынады; 
 
1140 – «Сату үшін қолда бар қысқа мерзімді қаржы инвестициялары», онда мынадай санаттарға кірмеген қысқа мерзімді қаржы инвестициялары есепке алынады: 
 
ұйым берген қарыздар мен дебиторлық берешек; 
 
өтеуге дейін ұсталатын инвестициялар; 
 
саудаға арналған қаржы активтері; 
 
1150 – «Өзге қысқа мерзімді қаржы инвестициялары», онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді қаржы инвестициялар есепке алынады. 
 
1200 «Қысқа мерзімді дебиторлық берешек» кіші бөлімі қысқа мерзімді дебиторлық берешекті есепке алуға арналған.  
 
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды: 
 
1210 – «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі», онда бір жылға дейін мерзімі бар активтер және көрсетілген қызметтер үшін сатып алушылармен және тапсырысшылармен есеп айырысу бойынша операциялар және сатып алушылар мен тапсырысшылардың өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі; 
 
1220 – «Еншілес ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі», онда бір жылға дейін мерзімі бар іске асырылған активтер және көрсетілген қызметтер үшін еншілес ұйымдарға ұсынылған құжаттар бойынша есептеулердің бар-жоғы мен қозғалысына байланысты операциялар және еншілес ұйымдардың өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі; 
 
1230 – «Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі», онда бір жылға дейін мерзімі бар іске асырылған активтер және көрсетілген қызметтер үшін қауымдастырылған және бірлескен ұйымдармен есеп айырысу бойынша операциялар және қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі; 
 
1240 – «Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі», онда филиалдардың шоттарына ақша қаражатының түсуі және есептен шығуы жөніндегі операциялар және филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі; 
 
1250 – «Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі», онда қызметкерлердің: 
 
активтерді сатып алуға есеппен берілген ақша қаражаты, қызметтерге ақы төлеу, қызметтік іссапарлар мен басқалар; 
 
қызметкерлерге берілген қарыздар бойынша қызметкерлердің дебиторлық берешегінің қозғалысына байланысты операциялар, сондай-ақ ұйымға қызметкер келтірген материалдық шығынды (кемшін шығу, талан-таражға салу, бүліну және басқалар) өтеу жөніндегі есеп айырысу және қызметкерлердің өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі; 
 
1260 – «Жалдау бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек», онда ағымдағы кезеңде операциялық және қаржылық жалдау бойынша ағымдағы жалдау төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі шығыстар есепке алынады; 
 
1270 – «Алуға қысқа мерзімді сыйақылар», онда мыналар: 
 
акциялар (қатысу үлестері) бойынша есептелген дивидендтер; 
 
қаржылық жалдау бойынша есептелген сыйақылар, берілген қарыздар, сатып алынған қаржы инвестициялары, сенімді басқару және өзге есептелген сыйақылар жөніндегі дебиторлық берешектің қозғалысына байланысты операциялар көрсетіледі; 
 
1280 – «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек», онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген, бір жылға дейін мерзімі бар өзге дебиторлық берешек бойынша операциялар көрсетіледі, мысалы, алынған вексельдер бойынша, сақтандыру ұйымдарына сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру бойынша берешек; 
 
1290 – «Күмәнді талаптар бойынша резерв», онда күмәнді талаптар бойынша резервтерді құруға және оның қозғалысына байланысты операциялар көрсетіледі. 
 
1300 «Қорлар» кіші бөлімі қарапайым қызмет барысында сатуға арналған, немесе сату үшін өндіріс процесінде, немесе өндірістік процесте немесе қызметтер ұсыну кезінде пайдалануға арналған шикізат немесе материалдар нысанындағы активтерді есепке алуға арналған. 
 
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды: 
 
1310 – «Шикізат және материалдар», онда өндірістік процесте одан әрі пайдалануға арналған шикізат және материалдар, оның ішінде ауыл шаруашылық шикізаттар және материалдар есепке алынады; 
 
1320 – «Дайын өнім», онда дайын, оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімі есепке алынады; 
 
1330 – «Тауарлар», онда тауарлардың, оның ішінде сатып алынған және қайта сатуға сақталған ауыл шаруашылығы тауарларының қозғалысына байланысты операциялар көрсетіледі; 
 
1340 – «Аяқталмаған өндіріс», онда аяқталмаған өндіріс бойынша шығындар есепке алынады; 
 
1350 – «Өзге қорлар», онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге қорлар есепке алынады; 
 
1360 – «Қорларды есептен шығару бойынша резерв», онда қорлардың құнын сатудың таза құнына дейін төмендетуге арналған резервтерді құруға және қозғалысына байланысты немесе моральдық жағынан ескеруге байланысты операциялар көрсетіледі. 
 
1400 «Ағымдағы салық активтері» кіші бөлімі бюджетпен есеп айырысу кезінде салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдердің артық төленген сомасын, сондай-ақ ұсынылған шот-фактуралар бойынша есепке алуға жататын қосылған құн салығының сомасын есепке алуға арналған. 
 
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды: 
 
1410 – «Корпорациялық табыс салығы», онда бюджетке артық төленген корпорациялық табыс салығын көрсетуге байланысты операциялар, сондай-ақ корпорациялық табыс салығын төлеу бойынша аванстық төлемдер көрсетіледі; 
 
1420 – «Қосылған құн салығы», онда есепке алуға жататын, оның ішінде салық заңнамасына сәйкес өтеуге жататын қосылған құн салығы, сондай-ақ бюджетке артық төленген қосылған құн салығы бойынша операциялар көрсетіледі; 
 
1430 – «Өзге салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер», онда ұйымның банктік шотына аударуға жататын және салық заңнамасына сәйкес есепке алуға жататын өзге салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер есепке алынады. 
 
1500 «Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер» кіші бөлімі егер олардың теңгерімдік құны жалғастыратын пайдалану жолымен емес, негізінен сату есебінен өтелетін болса, сатуға арналған ретінде жіктелетін ұзақ мерзімді активтерді есепке алуға арналған, бұл ретте сату ықтималдығы жоғары болып табылады. 
 
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды: 
 
1510 – «Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер», онда сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер есепке алынады, мысалы сатуға дайындалған жабдық; 
 
1520 – «Сатуға арналған істен шығатын топтар», онда сатуға арналған істен шығатын топтар есепке алынады, мысалы сатуға дайындалған жұмыс істейтін зауыт. 
 
1600 «Өзге қысқа мерзімді активтер» кіші бөлімі алдыңғы кіші бөлімдерде көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді активтерді есепке алуға арналған. 
 
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды: 
 
1610 – «Берілген қысқа мерзімді аванстар», онда активтерді жеткізу негізінде берілген, сондай-ақ есепті кезең ішінде тапсырысшылардан ішінара дайын бойынша қабылданған өнімдерге, қызметтерге ақы төлеу жөніндегі аванстар және өзге берілген қысқа мерзімді аванстар есепке алынады; 
 
1620 – «Алдағы кезеңдердің шығыстары», онда есепті жылдың ішінде қазіргі кезеңде жүргізілген, бірақ алдағы кезеңдерге қатысты шығыстар (сақтандыру ұйымдарына төленген сақтандыру сыйлықтары, жалдау ақысы және т.б.) есепке алынады; 
 
1630 – «Өзге қысқа мерзімді активтер», онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді активтер бойынша операциялар есепке алынады.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

   Ағымдағы активтер өндірістік  немесе өндірістік емес салаларда  болсын үнемі айналыста жүреді. Өндіріс саласында ағымдағы активтер  құрамына аяқталмаған өндірістің  қосымша шикізаттары және дайын  өнімдер қоры, есептегі активтер  қосылады.

   Бұған жататындар: ағымдағы  активтерді сатып алу үшін  жұмсалатын аванстық төлемдер; тиеп  жіберілген тауарлар үшін алынған  есепшот (қызметер мен жұмыс); алынған вексельдер және басқа  да дебиторлық берешек.

   Коммерциялық салада ағымдағы  активтер құрамына кіретіндер: коммерциялық  сауда фирмалары мен көтерме  сауда кәсіпорындарының қоймаларында  өткізілу үшін жатқан қосалқы  тауар –материалдар қорлары (тауарлар, дайын өнімдер  және т.б.); қолма–  қол ақша; инвестиция бойынша  дебиторлық берешек және т.б.

   Ағымдағы активтердің басты  құрамдас бөлігі қосалқы тауар–  материалдар қоры сату-сатып алу  заттары болып табылады. Тауар  қорына әдетте сауда фирмаларындағы  қаржы ресурстарының неғұрлым  үлкен бөлігі салынады.

  Тауарларға жұмсалған қаржы  ресурстарының жалпы жиынтығы  тауар қорының өзіндік құны  аталынады. Ол қолдағы тауарлардың  сатып алу құнының сомасына  тең. Бұлар: сатып алу бағасы, тасып әкелуге төленген пошлина  (алым), делдалдық сыйақы, транспорт–  даярлау шығындары және басқа  да шығындар (кезең шығындарынан  басқа).

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 

1. “Бухгалтерлік есеп және қаржылық  есептілік” деп. Аталатын 2007- жылдың 28-ақпанындағы №234-III Қазақстан Республикасының  Заңы;

2.Қазақстан  Республикасы Президентінің “Қазақстан  Республикасындағы аудиторлық қызмет  туралы” 2006 жыл;

3. «Аудиторлық  қызметтi лицензиялау ережесi» - 2007 жыл 11 қаңтар

4.  «Салық  және бюджетке төленетін басқа  да міндетті төлемдер» Астана,     

 Ақорда, 2010 жыл

5. “Аудит”,  под редакцией доктора экономических  наук, профессора     В.И.Подольского,  М.,”Юнити”, 2000г. – 234 бет

6. Кеулімжаев Қ.К., Құдайбергенов Н.А. “Бухгалтерлік есеп: теориясы және негіздері”, Алматы, ”Экономика”, 2006 ж. – 156 бет

7. КеулімжаевҚ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А., Жантаева А.А.    “Қаржылық  есеп”, Алматы, ”Экономика”, 2001 ж.  – 78 бет

8. Дюсембаев  К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. “Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау”. Алматы,   “Экономика”, 2001 ж. – 187 бет

9. Төлегенов  Э.Т. “Бухгалтерлік ақпарат жүйелері”.  Алматы, “Экономика”, 2001ж. – 289 бет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Активтер есебінің түсінігі және бөлінуі