1998 жылдың қаңтар айында Компания бүгінгі
таңда белгілі атауын - «Центраудит-Қазақстан»
Тәуелсіз аудиторлық компаниясы» Жауапкершілігі
шектеулі серіктестігі («Центраудит-Қазақстан» ТАК) атауын алып, «Ғылым, сенім,
тәуелсіздік!» ұранымен қарқынды дами
бастайды.
«Центраудит-Қазақстан» Тәуелсіз аудиторлық
компаниясы» ЖШС – барлық сыртқы өзгерістерге
икемделіп отыратын, қарқынды, білікті
әрі тәжірибелі командасы бар
ірі қазақстандық дамып келе жатқан аудиторлық
компаниялардың бірі. Компания жетістіктері
республикалық конкурстардың нәтижелері
бойынша алтын алқа мен «Қазақстандағы жыл аудиторлық
компаниясы» куәлігін берумен расталып
бірнеше мәрте отырған.
Соңғы
жылдардағы Компанияның даму
себебі болып келесілермен байланысты
аудиторлық қызметтерге деген
сұраныстың өсуі табылады:
- бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есепті құруды реттейтін заңдардағы елеулі өзгерістермен
- кәсіпорын иелерінің қаржылық
ақпаратқа деген сенімді арттырып, бизнестің
іс жүзіндегі құнын және оны дамыту мүмкіндіктерін
бағалау, инвесторлардың сенімін арттыру
мүмкіндігін беретін шараларға деген
қызығушылығының артуымен
- келесі реттеушілердің бағалы
қағаздарын еркін айналымға ұсынатын
эмитенттер бизнесінің ашықтығына деген
талаптардың қатаңдай түсуімен:
- ҚР қаржы нарығы мен қаржылық
ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі
Агенттігінің (ҚҚА)
- Алматы қаласының Аумақтық
қаржы орталығының (ААҚО) қызметін реттеу
жөніндегі Агенттігінің
- Қазақстандық қор биржасының (KASE)
Компания мен оның қызметкерлерінің
аудиторлық қызметі келесілермен
реттеледі:
- №000017 МФЮ от 27.12.1999 ж. берілген
№000017 МФЮ мемлекеттік лицензиясымен
- Қазақстан Республикасының
аудиторлық қызмет туралы заңдарымен
- Халықаралық аудит стандарттарымен
- Кәсіпқой бухгалтерлердің этика
Кодексімен
«Центраудит-Қазақстан»
Тәуелсіз аудиторлық компаниясы»
ЖШС бүгіні таңда ҚҚА, ААҚО, KASE аудиторлық
компаниялар үшін белгілеген барлық арнайы
талаптарға сәйкес және кез келген компаниялардың
қаржылық есеп аудитін жүзеге асыруға
құқылы, соның ішінде:
- қаржылық ұйымдардың
- қоғамдық компаниялардың
- ұлттық компаниялардың, даму
институттарының, холдингтер мен басқарушы
холдингтердің
- өздерінің қаржылық құжаттары:
- ААҚО арнайы сауда алаңына жіберілетін
- кез келген санат бойынша KASE
ресми тізіміне енгізілетін барлық эмитенттердің
бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық
есепті құруды реттейтін заңдардағы елеулі
өзгерістермен |
3.2. " Alliance Audit co " ЖШС құрылуы,
көрсететін қызметі
Компания тарихы. Alliance Audit бүгінгі
деңгейіне жету үшін көптеген адамдардың
күш-қайраты қажет болды.
Alliance Audit тарихы 2003 жылы талай
жылдар бойы мемлекеттік салық
органдарында және Қазақстанның
ірі өндірістік кәсіпорындарында
маңдай терін төккен, үзеңгілес
азаматтар салық салу аясындағы
алдыңғы қатарлы консалтингтік
компания құру туралы шешім
қабылданған сәттен бастау алған.
Жұмысының алғашқы күнінен
бастап, Alliance Audit қызметінің басты қағидасы
- әр тұтынушыға жекелей қарауда ең жоғары
стандарттарға сәйкес келу.
Бүгінгі таңда, Alliance Audit co "Қазақстан
Республикасының аудиторлар Палатасы"
кәсіби аудиторлық ұйымының танымал мүшесі
болып табылады және Қазақстанның барлық
аймақтарында мемлекеттік ұйымдар, энергетика
және өндіруші кәсіпорындар, металлургия
саласы, тұтынушы тауарлады өндіру және
сатуды жүзеге асыратын ұйымдар үшін жобаларды
сәтті жүзеге асыруда.
Халықаралық тәжірибеге ие
және Қазақстан кәсіпорындарының жұмысын
білетін біздің қызметкерлеріміз тұтынушылардың
кез-келген қажеттілігін қанағаттандыруға
дайын. Қазақстандық заңнаманың ерекшеліктерін
түсіну, «үлкен төрттікпен» үзенгілес
жүргізілген жұмыстарының тиімді нәтижелері
біздің тұтынушылармен жұмыс істеу барысында
бірегей білім мен тәсіл түрлерін қолдануға
мүмкіндік береді.
Біз салық және қаржы мәселелері
бойынша кәсіби аудиторлық және кеңес
беру қызметтерін ұсынамыз.
Қазақстанның ірі және халықаралық
компаниялары Alliance Audit тұтынушылары болып
табылады.
Alliance Audit тұтынушылармен
тығыз қарым-қатынаста бизнестің
барлық ерекшеліктерін түсінетін
және әр тұтынушы бизнесінің ерекшеліктерін
есепке ала отырып бірегей ұсыныстар жасайтын
жоғары деңгейлі мамандар жұмыс жүргізетін
ұйым болып табылады.
Көптеген жылдар бойы біз түрлі
экономика секторларының өкілдерімен
үзеңгілес жұмыс істейміз, мысалы:
мұнай-газ және тау-кен өндіруші
кәсіпорындар;
құрылыс, металлургия және мұнай-химиялық
өндірістері;
холдингтік және сақтандыру компаниялары;
қызмет көрсету аясында жұмыс
істейтін компаниялар.
Тұтынушыларымызға ұсынатын
қызмет түрлері:
қаржы есебінің компиляциясы;
корпоративтік салық салу;
Қаржы есебінің аудиті. Аудит
маңыздылығын түсіне отырып, біз өз жұмысымызда
жетік және бүгінгі заман талаптарына
сай аудиторлық тәсілдерді қолданып, Сіздің
бизнесіңіздің ерешеліктеріне және оған
тән тәуекелдерге ерекше көңіл аударамыз.
Қаржы есебінің аудиті тек қана
Сіздің компанияңыздың қаржылық жағдайының
және шаруашылық қызметі нәтижелерінің
шынайы бетпердесін ашып қана қоймай,
бақылау жүйесіндегі осал жерлерін айқындауға
көмектеседі. Аудит аяқталған соң Біз
бухгалтерлік есеп пен ішкі бақылау жүйесін
жақсарту бойынша жалпылама ұсыныстар
берілген хатты даярлап басшыға жолдаймыз.
Және, қорытындылай келсек, қаржы аудиті
салық міндеттемелерін тексеруді жүргізу
барысында елеулі көрсеткіш болып табылады.
Сіз алдын-ала жұмыс көлемін
бағалап, аудит жүргізу бойынша жұмыстардың
құнын есептей аласыз. Барлық даярлаушы
жұмыстар ақысыз жүргізіледі және олар
Сіздің бизнесіңіздің дамуына біздің
қосқан үлесіміз болып табылады.
Корпоративті салық салу. Біз
корпоративтік, халықаралық және жанама
салық салу жөнінде кеңес береміз. Біз
әрдайым салық заңнамасына енгізілген
өзгерістерді қарастырып, өз тұтынушыларымызды
өзгерістер туралы, олардың компанияларының
қызметі үшін мүмкін болатын салдары туралы
уақтылы құлақтандырып тұрамыз.
Сіз алдын-ала жұмыс көлемін
бағалап, аудит жүргізу бойынша жұмыстардың
құнын есптей аласыз. Барлық даярлаушы
жұмыстар ақысыз жүргізіледі және олар
Сіздің бизнесіңіздің дамуына біздің
қосқан үлесіміз болып табылады.
Қаржылық есептемені компиляциялау.
Біз барлық қажетті түсініктемелерімен
қоса толық қаржы есебін дайындаймыз.
Біз қолданатын модель қаржы есебіне бастапқы
ақпараттар өзгерген жағдайда немесе
аудит барысында айқындалған қосымша
түзетулер енгізілгенде жедел өзгерістер
енгізуге мүмкіндік береді. Біз дайын
қаржы есебін өзгерістерді енгізгеннен
кейін бар болғаны 30 минуттан кейін береміз.
Біз ашу толықтығын және қаржылық есеп
форматын негіздей аламыз.
«Үлкен төрттік» компаниясы
аудит жүргізу барысында қаржы есебін
қаржы есебін даярлауға маманданған ішкі
кәсіби департаменттерінде қайта тексеруден
өткізеді. Осы тексеру барысында аудиторларда
жауабын дайындау біршама уақыт пен қорды
қажет ететін түрлі сұрақтар туындауы
мүмкін. Біз қаржы есебінің аудитін сүйемелдеуді
тұтынушы мен аудитор арасындағы делдал
ретінде қамтамасыз
етеміз .
Сіз алдын-ала жұмыс көлемін
бағалап, аудит жүргізу бойынша жұмыстардың
құнын есептей аласыз. Барлық даярлаушы
жұмыстар ақысыз жүргізіледі және олар
Сіздің бизнесіңіздің дамуына біздің
қосқан үлесіміз болып табылады.
Құқықтық қызметтер. Қазақстан
салық жүйесі салыстырмалы түрде жас болғандықтан,
заңнама нормалары жиі өзгерістерге ұшырап,
түрлі ой-түйіндерін тудыратын және салық
органдарымен түсінбеушіліктерге себепші
болатын айқын ашылмаған қайшылықты сот
шешімдерімен және ресми түсіндірмелермен
сипатталады. Бұның негізгі көрсеткіші
ретінде артық төленген салық сомасын
қайтарып алу туралы арыз бергенде салық
органдарының қайтармауын, салық тексерулерінің
нәтижелері бойынша арыздарды қарастыру
барысын, салық органдарының және оның
лауазымды тұлғаларының заңсыз шешімдеріне
арыздану барысын, нәтижесінде салық төлеушіде
өз мүдделерін қорғауда тек сотқа жүгінуден
басқа жол болмағанын атауға болады. Ол
үшін салық төлеушінің ұстанымы жеткілікті
түрде негізделген болуы қажет. Alliance Audit
аталған мәселелер бойынша жинаған тәжірибесі
мол және салық мәселелері бойынша сотта
тұтынушының мүддесін бекім қорғай алатын
білікті мамандарға ие.
Қорытынды
Қорытындылай келе, аудит теориясы және
оны басқару ғылымының бар ережесімен
әрекет етудің нұсқасын құптайды немесе
одан бас тартады. Ол белгілі бір бастапқы
мәліметтермен құрылған теориялық базаның
ғылыми шынайылығын немесе жалғандығын
көрсетіп береді.
Аудит теориясың негізгі элементтері
компоненттер, принциптер, концепциялар,
постулаттар, стандарттар және нормалардан
тұрады.
Аудитке кәсіпорын қызметін жан жақты
тексеру енеді. Сондықтан ол аудиторға
басшылыққа арналған және оның қызметінің
тиімділігін жоғарылату жөніндегі конструктивті
ұсыныстар дайындауға мүмкіндік береді.
Аудиторлық қызметті жүргізудің өндірістік
жағдай мен ақпарат жүргізудің қажетті
шарты оның аясы туралы айқын түсінік
болып табылады. Ол белгілі бір уақыт аралығында,
компанияның жылдық есеп беруіне аудит
жүргізгенде немесе ішкі аудитте, сондайақ
экономикалық обьект болып табылмайтын
ақпараттық жүйедегі аудитте нақты шаруашылық
жүргізші субьектілердің параметрлерімен
анықталды.
Аудит жұмысы, нарықты қатынас жүйесінде
дамыған елдерде жедел дамыды. Мысалы,
Ұлыбритания, Франция елдерінде аудит
міндетті түрде жүргізілетін болды. Оның
құқылығын қамтамасыз ету үшін ол елдерде
бірінші болып аудит заңы қабылдаңды.
Ал АҚШ-та аудит қызметі Британия үлгісінде
іс жүзінде қолданыла бастады. 1896 жылы
АҚШ-та аудит заңы қабылдаңды. Қазіргі
кезде, нарықты қатынас жүйесінде дамыған
елдерде түгелдей заңдастырылған инфраструктуралық
құрылымы бар қоғамдық аудит институттары
бар. Ол елдердің барлығында ерекше мамандандырылған
бухгалтер-аудитор ұжымдары, қоғамдары
бар. Мысалы, Ұлыбритания елінде (1880 ж.)
мәртебелі бухгалтерлер институты, АҚШ-та
дипломды бухгалтерлер институты (1887 ж.),
Германияда - аудиторлар институты (1932
ж.) және аудитор Палатасы, Францияда сол
жылы бухгалтер-сарапшы Палатасы және
сенімді бухгалтерлер ұжымы, есеп комиссарлары
қоғамы құрылған.
Дамыған елдерде дербес аудитор
қызметі ерекше орын алатын сырттай бақылау,
тексеру больш саналады. Шет елдердегі
аудит жұмысының мазмұн-мағынасын, ұйымдастыру
принциптерін, бақылау-тексерудегі қойылатын
талаптарын аудиторларды бекіту, тағы
басқа да ерекшеліктерін қарастыратын
болсақ, негізінде олардың арасында бірлестік
бірдей талап қоюшылық бар екені
анық. Сол себептен аудит қызметі халықаралық
деңгейде даму алып бірлескен фирма ашу
қажеттігіне алып келді.
Қазақстан Республикасының
егемендік алып, нарықтық экономикаға
көшуі қоғамдық өмірдің барлық жағынан
өзгеруіне әкелді. Елде кәсіпкерлік қызметтегі
әртүрлі субъектілердің ара қатынастарын
реттейтін жаңа экономикалық институттар
туындау қажеттігі пайда болды. Оның ішінде
аудиторлық институтқа деген қажеттілік
өзгеше болды. Оның басты мақсаты – бухгалтерлік
және салықтық есептілікте көрсетілетін
ақпараттардың шынайылығын бақылауды
қамтамасыз ету. Ақша-қаражаттарын қолдану
бойынша, заңды объектілерде сауда операциялары
мен инвестицияларды жүзеге асыру бойынша
мәліметтер тәуелсіз аудитор көмегімен
объективті түрде расталады
Аудиттің мазмұнын анықтамалар
арқылы қарастырғаннан кейін оның негізгі
түсінікті болған сияқты. Сонымен қатар,
аудиттің мазмұнын одан әрі терендеу қарастыру
мақсатымен бізмына үш бұрыш үлгіссімен
беруді ойластырдық
1. Аудитор-кәсіпкер, табыс табу
үшін кәсіпорындарға қызмет көрсету
2. Шаруашылық субъектісі-кәсіпорын,
оған аудитор қорытындысы керек. Ол кезінде
басылымға шығуына кепілдік береді
3. Мемлекет, кәсіпорындардың
жақсы жұмыс жүргізіп табысты болғанын
қалайды, себебі олар салық төлейді, аудит
жұмысына құштар болу себебі аудитор тексеру
барысында табыстылық есебін тексеріп
кәсіпорының қанша табыс тақанын, қанша
салық төлейтінін анықтайды анықтайды.
Ал қажет болған жағдайда аудитор тікелей
мемлекет салық инспекциясына мәлімет
бере алады. Яғни, аудит жүргізілген кәсіпорындарда
табыс сомасын жасырып қалу, салық төлемеу
үшін қылмысқа немесе басқалай әр түрлі
жалтарушылыққа жол берілмейді
Осы үшбұрыштың өзара байланысын
қарастыратын болсақ, аудит “осы үшбұрыштың
төбесін” қосып қана қоймай ерекше қызмет
атқаратынын айту қажет. Біріншіден, «аудит
қорытындысы» арқылы шаруашылық субъектілері
бір қалыпты шаруашылығын жүргізуге қандай
денгейде болса да даму процесін қамтамасыз
етуге кепілдік алады. Яғни, бір регионды
немесе бір ел көлемінде шаруашылық субъектілері
даму жолында болған жағдайда ол елде
өзінің экономикалық инфраструктурасы
қалыптасады да, оның әсерінен сол елде
нарықты қатынас экономикалық зандылықтары
күшейіп, нағыз нарықты қатынасқа көшу
арқылы ол елде тауар бағалары тұрақты
деңгейге көшіп нарықты қатынас заңдылығын
іс жүзінде қалыптастырады.