Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2013 в 08:22, курсовая работа
Курстық жұмыстың өзектілігі: Елдің микроэкономикасын басқару құралына аса қажетті аудиторлық қорытынды осы курстық жұмыста кеңінен және түбегейлі қарастырылады. Негізінен экономика саласы болсын не басқада салаларда атқарылып болған істің нәтижесі болады. Сол сияқты қаржы саласында аудиторлық қорытынды жүргізіледі және оның шаруашылық субъектіге өзіндік үлесін қосады. Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастың дамуы, шаруашылық әдістерін және фирмаларын қайта өзгертудің обьективті қажеттілігін тудырады. Аудиторлық қорытынды соңғы жылдары елімізде жедел қарқындап, барынша дамып келе жатқан сала. Сол себепті аудитор қазіргі нарықтық жағдайда шаруашылық субъектіге тәуелсіз тексеру жүргізу арқылы қорытынды жасайды. Яғни, аудиторлық қорытынды экономика саласына ауадай қажет екендігін дәлелдеді деуге толық негіз бар.
Кіріспе.................................................................................................................3
1. Аудиторлық қорытындының ерекшеліктері
1.1. Ұйым басшылығына аудитордың жазбаша ақпараты.................................6
1.2 . Аудиторлық қорытындының құрылымы мен нысандары..........................8
2. Аудиторлық қорытындының түрлері
2.1. Ескертусіз аудиторлық қорытынды ............................................................12
2.2. Арнайы мақсаттарға аудиторлық және теріс аудиторлық қорытынды (есеп)......................................................................................................................15
2.3. Тіркеме (аудиторлық қорытынды)...............................................................16
3. АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................18
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................................26
ҚОСЫМШАЛАР................................................................................................27
Хаттың нысаны және жасалу тәртібі фирмашілік стандарттарда қарастырылуға тиісті.
Басшылыққа хат төмендегілерден тұрады:
Басшылыққа хат - аудиторлық тексеру жүргізуге тапсырыс берушіге оның барлық қажетті реквизиттерін көресете отырып, жіберіледі.
Басшылыққа хаттың кіріспе бөлімінде аудиторлық ұйымның реквизеттері, оның ішінде аудиторлық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияның номері, берілген мерзімі, аудиторлық тексеруге қатысушы аудитор және басқа тұлғалар туралы мағлұматтар, сонымен бірге аудиторлық тексеру жүргізу негізі және кәсіпорын қызметінің жалпы сипаттамасы жазылады.
Басшылыққа хаттың констатациялау (белгілеу) бөлімінде Халықаралық аудит стандартына сілтемелер болады және оған төмендегілер енгізілуі тиісті:
Экономикалық субъектідегі ішкі бақылаудың жағдайына тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпараттарға жатындар:
Экономикалық субъектідегі бухгалтерлік есеп пен қаржылық қорытынды есеп беру жағдайына тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпараттарға енгізілетіндер:
Кәсіпорынның қаржы – шаруашылық операцияларын жүзеге асыру кезінде заңдардың сақталуын тексеру нәтижелері туралы ақпараттарға төмендегілер енгізілу тиісті:
Кәсіпорында жүзеге асырылған қаржы–шаруашылық операцияларының заң актілеріне сәйкестігін бағалау;
Аудиторлық тексеру жүргізу
барысында айқындалған
Салықтар және басқа да міндетті төлемдердің есептелуі мен төленуінің дұрыстығына тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпараттарға жататындар:
Активтердің сақталуын тексеру нәтижелері оларды түгелдеуге, негізделуге және оларға активтердің нақты бары мен сақталуы туралы мәліметтер енгізілуге тиісті.
Аудиторлық қорытынды есептің қорытынды бөлімінде айқындалған ауытқушылықтарды жою жөніндегі аудиторлық ұйымның ұсыныстары, сонымен бірге кәсіпорынның қаржы – шаруашылық қызметінің тиімділігін көтеру жөніндегі ұсыныстар мен ақыл – кеңестер болуға тиісті.
Клиент басшылығына хат анық, әрі қысқа, әрі мазмұнды, нақты дәлсіздіктерсіз болуға тиісті. Басшылықпен жасалынған келісім бойынша басқарудың әртүрлі деңгейлері үшін жеке хаттар жасалынуы мүмкін.
Аудитордың кәсіпорын басшылығынан өзінің ақпараттық хатына сол хатта көтерілген мәселелер бойынша болжанған іс - әрекеттер көрсетілген жауапты сұрап алуына болады. Жауап шешім қабылдауға құқықты тұлғаның қолы қойылған хат түрінде рәсімделуі мүмкін [3].
2.1. Ескертусіз (шартсыз) аудиторлық қорытынды (есеп)
Халықаралық аудит стандартары бойынша терминдер глоссарийлерінде атап көрсетілгендей, аудиторлық қорытынды (есеп) жалпы қаржылық қорытынды есеп бойынша жазбаша нысанда нақты білдіріліген ой – пікірлерден тұрады.
Аудиторлық қорытынды аудитор мен қаржылық қорытынды есеп ақпараттарын пайдаланушылар арасындағы негізгі коммуникациялық канал болып табылады. Аудиторлық қорытынды есептің негізін қалаушы кейбір концепцияларбұрын қарсатырылған болатын. Бұл тарауда 700 «Қаржылық қорытынды есепке» деп аталатын Халықаралық аудит стандарттарына сәйкес стандартты аудиторлық қорытынды есептің толық текесті келтірілді.
Ескерусіз аудиторлық қорытынды аудитор қаржылық қорытынды есепті дайындап тапсырудың белгіліенген негіздеріне сәйкес ол сенімді әрі дұрыс көріністі көрсетеді деген қорытындыға келген жағдайда жасалынады. Ескертусіз қорытындыда сонымен бірге бухгалтерлік есеп принциптеріндегі немесе оны қолдану әдісіндегі кезкелген өзгерістер, сондай-ақ, оның себеп-салдары тиісті түрде анықталып, қаржылық қорытынды есепте ашылатныдығы туралы пайымдаулар көрсетіледі.
Фактіні бөліп көрсету – бұл ақпарат пайдалануышлардың назарын қаржылық қаржылық қорытынды есепке әсер етуші фактілерге, сонымен бірге осы пазиция толығырақ түсінік беретін ескертулерге аудару тәсілі. Фактіні бөліп көрсету ескерту бар (шартты) аудиторлық қорытынды болып табылмайды. Әдетте ол қорытынды бөлімнен кейін көрсетіледі және аудиторлық қорытындының шартты емес екендігін айқындайды. Ол төмендегі жағдайларда пайдаланылады:
Кәсіпорынның үздіксіз қызмет ету мәселесіне көңіл аудару үшін. Егер қаржылық қорытынды есепте тексеру нәтижелерімен бірдей ашып
көрсетулер болса, онда аудитор ескерту жоқ (шатсыз) қортынды жасауға және аудиторлық қорытынды есепті, оған қаржылық қорытынды есепке түсіндірме ескертпелерге назар аудару арқылы кәсіпорынның үздіксіз қызметету мәселесі туралы фактілер енгізілетін жеке параграфты кіргізе отырып, модификациялауға (түрін өзгертуге) тиісті. Ол фактілер төмендегі тәртіппен көрсетіледі:
«Ескертусіз (шартсыз) қорытынды бере отырып, біз сіздердің назарларыңызды қаржылық қорытынды есепке №____ ескерпеге аударамыз. Кәсіпорын 2011 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған бір жылдың ішінде *** мөлшерде зиян шекті және осы мерзімге кәсіпорынның ағымдағы міндетемелері оның ағымдағы активтерінен *** сомаға артық болды. Бұл факторлар №___ ескерпеде анықталған басқа да факторлармен бірге кәсіпорынның үздіксіз қызметін жалғастыру мүмкіндігінің болатындығына едәуір күмән тудырады».
2. Шешімін табуы кәсіпорынның тікелей бақылауында болмайтын келешектегі оқиғалармен байланысты елеулі дәрежедегі сенімсіздік жағдайында күтпеген жағдайлар бойынша ақпараттарға жүгіну қажет. Халқыаралық аудит стандарты бойынша мәтіннің мысалы төменде қарастырылады:
«Ескертусіз (шартсыз) қорытынды бере отырып, біз сіздердің назарларыңызды қаржылық қорытынды есепке №____ ескертпеге аударамыз. Кәсіпорын патенттік құқықтарды бұзу, авторлық гонорарларды иелену және зиян келтіру туралы, шағым-талап бойынша жауапкер болып табылады. Кәсіпорын қарсы талап қойды, сөйтіп қазіргі уақытта екі бірдей шағым-талап бойынша алдын-ала тыңдау және соттық істі қарауы жүріп жатыр. Бұл фактіні қараудың ақырғы қорытындысын бүгінгі күні анықтау мүмкін емес, оны жабатын резерв құрылған жоқ».
3. Сондай-ақ, өткен есепті кезеңдердің қаржылық қорытынды есебі елеулі бұрмаланған және тиісті сандық көрсеткіштер ағымдағы кезеңде соған сәйкес өзгеретін жағдайлар (ситуациялар) болады.
Ескертусіз аудиторлық қорытындының үлгісі.
Мен (біз), аудитор (аудиторлар) ______________________________
(аудитордың фамилиясы, аты, жөні),
аудиторлық ұйым ______________________________
_____________________(
______________________________
200__ жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқса нға дейінгі кезеңге құрылған қаржылық қорытынды есебіне тексеру жүргіздік.
Аудиторлық тексерге жататын қаржылық қорытынды есептің дайындалуына және оның дұрыстығына ұйымның басшысы жауапты. Аудиторлық ұйым осы қаржылық қорытынды есеп бойынша өзінің қорытындысы үшін жауап береді. Біз аудитті Халықаралық аудит стандарттарына сәйкес жүргіздік. Бұл стандарттар қаржылық қорытынды есепте елеулі бұрмалаушылықтардың жоқ екендігіне дәл кепілдік алу мақсатында біздің аудитті жоспарлап оны жүргізуімізді талап етеді. Аудиторлық тексеру қаржылық қорытынды есептің және басқа қаржылық ақпараттардың дұрыстығы мен олардың қолданыстағы заңдарға, сонымен бірге ұйымнвң қаржы-шаруашылық қызметінің нақты жағдайына сәйкестігін бағалау болып табылады. Біз жүргізілген аудиторлық тексеру пікір білдіру үшін жеткілікті дәлелдеме болып табылады және қорытынды жасау үшін қолайлы негізді қамтамасыз етеді деп есептейміз. Біздің ойымызша, қаржылыққорытынды есеп 2012 жылдың 31 желтоқсанында кәсіпорынның қаржылық жағдайының сенімді әрі дәл бейнесін (немесе «барлық маңызды аспектілері бойынша дәл берілгендігін»), сонымен бірге оның шаруашылық қызметінің нәтижелерін, ақша қаражаттарының қозғалысын және аяқталған жылдағы меншікті капиталдың пайдалануын көрсетеді [4]. Аудиторлық қорытынды жасау үшін ескертулерді жіктеу төмендегі 1-кестеде келтірілген:
1-кесте
Аудиторлық қорытынды жасау үшін ескертулерді жіктеу
Ескертулердің себептері |
Елеулі ескертулер |
Маңызды ескертулер |
Аудит масштабының шектеулілігі Аудит өткізу бойынша жұмыстардың масштабы шектелген. Дәлелдеудің жетіспеушілігіне байланысты, мысалы, жоғалған немесе жойылған бухгалтерлік жазулардың жетіспеушілігінен немесе соған парапар ақпараттардың және директордың |
Қорытынды «қоспағанда» |
Аудитордың қортынды жасауға мүмкіндік жоқ және қаржылық қорытынды есепте дұрыс әрі дәл ақпараттардың көрсетілгендігін білмейді. Қорытынды есеп беруден «бас тарту» |
Келісе алмаушылықтар Аудитор есеп жүргізумен немесе ақпараттарды ашып көрсетумен (мысалы, күмәнді борыштардың қамтамасыз етілмеуі сияқты) келіспейді. |
Қорытынды «қоспағанда» |
Қаржылық қорытынды есеп дұрыс әрі дәл ақпараттарды көрсетпейді Теріс қорытынды |
Жалпы қаржылық қорытынды есепте көрсетілген ақпарттарға әсерін тигізетін ескерту маңызды болып табылады. Келісе алмаушылық болған жағдайда тек сол ғана қаржылық қорытынды есепте дұрыс емес немесе толық емес ақпартатардың бар екендігін көрсетеді; белгісіздік жағдайында ол аудитордың ескертусіз (шартсыз) қорытынды жаса алмауына әкеліп соқтырады.
Маңызды және елеулі ескертулердің арасындағы айырмашылық маңыздылық дәрежесімен анықталады. Бір аудитор үшін елеулі немесе басқасы үшін маңызды болып табылатын ескертулерді анықтау үшін шүбәсіз (құнды) факторлар жоқ. Маңызды ескертулер тәжірибеде өте сирек кездеседі, теріс аудиторлық қорытынды еш уақытта жасалынбайды, ал биржада бағаланатын кезкелген компания үшін қандай да болмасын шарты қорытынды ерекше жағдай болып табылады. Шартты (ескертулер бар) қорытынды жасау белгілі бір зардап шегуге әкеліп соқтыруы мүмкін, мысалы қор биржасында кәсіпорын өзінің бағасын төмендетіп алуы мүмкін.
Қортынды жасаудың барлық м жағдайларында аудитор ескертулердің барлық маңызды себептерін дәл бейнелеуге, сонымен бірге кәсіпорын шегетін зардаптарды, егер оларды бағалау мүмкін болса, көрсетуге тиісті.
Ескертулері бар (шартты) аудиторлық қорытынды жасауды қажет ететін жағдайларды анықау және бағалау. Ескертулері бар аудиторлық қорытынды ең болмаған жағдайда ғана жасалуға тиісті. Берілген қорытындының типі (түрі) жайында аудиторда күмән туындайтын болса, онда ол мәселені ескертулерсіз шешуге мүмкіндік алу үшін кәсіпорын басшылармен кеңесуге тиісті. Әдетте кәсіпорын басшылыры ескертулерден аулақ болуға тырысады және сондықтан көбінесе өзінің позициясын өзгерте алады немесе аудитор кәсіпорын тарапынан ешқандай шара қолданылмайтын болса ескертулер жасалынатындағы туралы клиентке емеурін білдірген жағдайда үлкен көлемде ақпараттар бере алады. Осы айтылғандардың негізінде ескертулері бар қорытынды жасау кезінде төмендегі тұжырымның пайдаланылатындығын атап көрсетуге болады: келісе алмаушылықтардың болуынан туындағанды «қоспағанда».
«Біздің пікіріміз бойынша жағарыда көрсетілген фактілерді қоспағанда, қаржылық қорытынды есепте 2012 жылғы 31 желтоқсандағы күйі бойынша кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы сенімді және шын ақпараттар көрсетілген» [5].
2.2 Арнайы мақсатағы аудиторлық және теріс аудиторлық қорытынды
Арнайы мақсаттағы келісімдер бойынша қорытынды (есеп) – бұл, аудитор (аудиторлық ұйым) мен клиенттің арасындағы келісімшарттың міндеттеріне сәйкес арнайы дайындалған қорытынды.
Арнайы мақсаттар төмендегілер болуы мүмкін: