Қазақстан Республикасындағы автокөліктік қызметтердің нарығын құрудағы алғышарттар мен жағдайлар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2014 в 09:05, курсовая работа

Описание работы

Көлік – нарықтық экономикадағы стратегиялық маңызды кешен. Көлік – мемлекеттің күшін мағыналы дәрежеде анықтайтын, себебі қоғамның қажеттілігін жүктерді және жолаушыларды тасымалдағанда қамтамасыз ететін стратегиялық маңызды кешен. Еліміздің социалистік кезеңімен сипатталатын қоғамдық меншік акционерлеу және жекешелендірудің арқасында барлық көлік түрлері басқа меншік түрлеріне ауысты

Файлы: 1 файл

Реферат Көлік тасымалдарын және қызмет көрсетуге кеткен шығындар есебі.docx

— 112.17 Кб (Скачать файл)

Кіріспе

Көлік – нарықтық экономикадағы  стратегиялық маңызды кешен. Көлік – мемлекеттің күшін мағыналы дәрежеде анықтайтын, себебі қоғамның қажеттілігін  жүктерді және жолаушыларды тасымалдағанда қамтамасыз ететін стратегиялық маңызды кешен. Еліміздің  социалистік кезеңімен сипатталатын қоғамдық меншік акционерлеу және жекешелендірудің арқасында барлық көлік түрлері басқа меншік түрлеріне ауысты. Ертеректе көлік түрлерін басқару (бағыттау) мәселелері бөлек көлік министрліктеріне бытыратып орналастырылған болса, қазіргі уақытта олар ҚР көлік және коммуникация Министрлігінде шоғырланған. Нарықтық шарттарда біріңғай көлік жүйесіне тәсілдемесі сәл өзгерген. Қазіргі кезде пайда болған бәсекелестікті бір көлік түрінің екінші көлік түріне деген қарама-қарсылығы ретінде емес, көліктің дамуын ынталандырушы, көліктік қызмет көрсетудің құнын төмендету үшін тасымалдаудың жаңа прогрессивтік технологиясын іздеу және жеткізу жылдамдығын көтеретін құбылыс ретінде қарастыру қажет. Құнның төмендеуі және тасымалдау уақытының азаюы белгілі бір көлік түрін қолдану саласын кеңейтеді, яғни оның көлік қызметі нарығындағы маңыздылығын арттырады. Көлік қызметінің құны тасымалданатын жүктердің соңғы құнында айтарлықтай білінеді, сондықтан тапсырыс беруші өзінің тауарларын тасымалдауға көліктің арзанырақ түрін іздейді. Жолаушыларды тасымалдау әлеуметтік маңыздылық болып табылады. Көлікке деген шығын отбасылық бюджеттің белгілі пайызынан аспауы керек. Әлемнің көптеген елдерінде халықтың бөлек қалың бұқара топтары үшін көліктік шығындарға дотация қарастырылған. Нарықтық қатынастар әрбір көліктік кәсіпорындардың көлік қызметі нарығында өздерінің қуысын іздеуге күш салды. Еліміздің аумағы үлкен болғандықтан әрбір көлік түрінің пайдаланылуына қарай нақты белгіленген салалары бар, яғни  алшақтық бойынша, жолаушыларды тасмалдауда көліктің жайлылығы мен жылдамдығы, қашықтығы бойынша, жылдамдығы және жүктің түрлері бойынша  (мысалы, шикізатты белгілі қашықтықта темір жол арқылы тасымалдау) Көлік – жолаушыларды  және жүктерді тасымалдаудағы қоғамның керекті қажеттілігін қамтамасыз ететін өндірістің саласы. Көлік экономиканың негізгі қызмет көрсететін өндірістің инфрақұрылымының құрамына кіред, олар: өнім алушы, қайта өндіруші және ауылшаруышылығы. Инфрақұрылымға сонымен қатар байланыс, энергетика, материалды-техникалық қамтамасыз ету жүйесі жатады. Көлік өндірістің саласы ретінде өз алдына жабдықтар мен хабарлама жолдарының жиынтығын, әртүрлі техникалық құрылғылар мен ғимараттар қамтамасыз ететін қалыпты қызметті білдіреді. Көліктің қоғам өміріндегі экономикалық мән-мағынасы экономиканың  барлық саласының жұмыс бағытын және байланысының дамуын қамтамасыз етуден тұрады. Көлік мемлекеттің бүтіндігіне, ресурстарды арттыру, төтенше жағдайларды жедел түрде шешуге ықпал етеді, Бұл оның саяси мағынасын білдіреді. Көліктің  мәдени мән-мағынасы қоғамның білімін және мәдениетін  жоғарылататын эстетикалық құндылықтарды  тарату мүмкіншілігінен тұрады, бұл тұрғындардың білімі мен мәдениетін көтеретіні анық. Мұнымен қоса, көліктің өзі мәдениеттің элементіне айналды: -көліктің жеке немесе барлық түрлері бойынша мұражайлар салынуда; -көлік өнеркәсібінің жетістіктеріне көрме өткізілуде; көліктегі жетістіктер мен идеялардың  таратылуы бойынша қоғам құрылуда. Көліктің әлеуметтік мән-мағынасы еңбектің жеңілдетілуі мен оның өнімділігін арттырудан, уақытты үнемдеуден тұрады. Көлік сонымен қатар адамдардың бос уақыт өткізуін ұйымдастыруға, яғни олардың өнімдік және шығармашылық мүмкіншіліктерін қалпына келтіру үшін арналған уақытына қатысады. Халыққа қызмет көрсететін көлік жұмысының жетіспеушілігінен көліктің қажуы жұмыс өнімділігін 12% -ға түсіруі мүмкін. Көліктің ғылыми мән-мағынасы бағаланбайды. Көлікті жетілдірудің қажеттілігі ғылым алдына жаңа мақсаттар қояды, ал ғылымның дамуы өз алдына көлікке аз шығынмен жоғары дәрежеде халыққа қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Көліктің  еліміздің қорғанысы үшін үлкен мәні бар, себебі соның көмегімен өндірісті, әскерді, халықты жылдам көшірге мүмкіндік береді. Автомобиль көлігі еліміздің өндірістік кешенінің жұмысын атқаруда маңызды роль атқарады. Автомобильдердің маневр жасағандығының арқасында жүктерді көліктің бір түрінен екінші түріне тиемей-ақ, жөнелтушінің қоймасынан тікелей қабылдап алушының қоймасына дейін тасымалдауға мүмкіндік бар. Толық жетілдірілген жолдар жолаушыларды, жүктерді бағытталған пунктілерге жоғары жылдамдықтағы қозғалыспен жеткізуге мүмкіндік береді. Автомобиль тасымалының әуе, су және теміржол сияқты көлік түрлеріне қарағандағы артықшылығы оның тасымалдық қабілетінің ауқымдылығы, жолаушылар мен жүктерді тасымалдаудағы шапшаңдығы мен жақын ара қашықтыққа тасымалдаудағы өзіндік құндылығының аздығы болып табылады. Бұрын теміржол көлігімен жақын аралыққа тасымалданатын жүктердің көбісі қазіргі кезде жөнелтушінің де, қабылдап алушының да подъездік теміржолдары болса да автомобильмен тасымалданады. Автомобиль көлігі көптеген ірі өндірістік, азаматтық және гидротехникалық орындардың құрылыстарына қызмет көрсетеді. Автокөліктердің құрылыс жүктерін жұмыс орындарына тікелей жеткізудегі оның мүмкіндігі мен оңтайлылығы құрылыс жұмыстары үшін өте ерекше роль атқарады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін теміржол станцияларына және су қоймаларына ең негізгі тасымалдаушы автомобиль болып табылады. Бөлшек сауда өнімдері мен тауарлары, қоғамдық тамақтану желілерін қосқанда, барлығы автомобиль көлігімен тасымалданады. Автомобиль көлігінің жүк айналымының ең көп үлесі өндірістік және тұрмыстық қажеттіліктерге арналған әртүрлі отын түрлерін тасымалдаудан тұрады. Жолаушылық автомобиль тасымалдар да қарқындап дамып келеді. Қалалық автобус көлігінің теміржолдан оның өзіндік құны және жылжымалы құрамға салыстырмалы капитал жұмсалымымен (1 жолаушыға қатысты- км)  ерекшеленеді. Кейбір жағдайларда қарама-қарсы теміржол болса да автобус қозғалысын ұйымдастыру ұтымды болып келеді екен. Жоғарыда айтылған артықшылықтармен қатар, автомобиль көлігінің теміржол және су көлігіне қарағанда кейбір төмен техникалық-экономикалық көрсеткіштері бар. Оның басты кемшілігінің бірі – жұмыскерлердің еңбек өнімділіктерінің төмен деігейі, бұл автокөліктің қозғалыс құрам бірлігінің теміржол және су көлігімен салыстырғанда аз жүк көтергіштігін көрсетеді. Сондықтан автомобиль көлігінде тасымалдаудың өзіндік құндылығының үлесін жүргізушілер мен жөндеуші-қызмет көрсетуші жұмыскерлердің еңбек ақысына бөлінетін шығын құрайды. Жоғары қуатты қозғалтқыштарға отынның көп шығындалуы (жылжымалы құрамның бірлігіне қарай) мен автомобиль отыны құнының жоғары болуынан автомобиль көлігі саласының шығыны өте зор. Автомобиль көлігі жылжымалы құрамының 1т жүк көтеруге берілетін құны су және теміржол көлігіне қарағанда, бірнеше рет жоғары. Осылай, автомобиль көлігінде тасымалды жүзеге асыру үшін су және теміржол көлігімен салыстырып көргенде, тасымалдау жұмысының бірлігіне (тасымал аралығы бірдей болғанда) қаржы салымы көп қажет етілетінін ұғынамыз. Күн сайын өсіп келе жатқан автомобильдер санының қоршаған ортаға тигізетін зияны мен кері әсерлері көп. Жыл сайын бүкіл әлемде автомобильдерден ауаға миллион тонна әр түрлі заттар бөлініп шығарылады, көп жағдайларда олар улы, сондай-ақ авариялық жағдайлардың нәтижесінде сан мыңдаған адамдардың өмірі қиылады, миллиондаған адамдар мүгедек болып қалады. Мұндай деректерді ескермей, автомобиль паркінің жақын болашақта дамуына сенімді болжаулар айту мүмкін емес. Әлемдік жүк автомобильдік көлігі жалпы әлемдік көлемдегі жүк тасымалдау жұмысының 80%-ын атқарады. Оның жетекші ролі алдағы болашақта сақталып қалуы тиіс, әйтпесе парктерде сапалы түрдегі өзгерістер болуы әбден мүмкін. Онда ең алдымен жүк көтергіштігі жол жағдайларында рұқсат етілетін шектеулерге шақ келетін автомобильдердің үлесі артады. Ол үшін жүктерді контейнерлер мен пакеттерде тасымалдаушы арнайы жасалған автопоездар жаппай қолданылады.

 

1 бөлім. Қазақстан Республикасындағы  автокөліктік қызметтердің нарығын құрудағы алғышарттар мен жағдайлар

Қазіргі  уақытта көпшіліктің ойы нарықтық экономиканың ерекшеліктері мен нарыққа өтудің қажеттілігі туралы болып табылады. Соның ішінде нарықтың өзі сұраныс күшінің өзара әрекеті мен ауыстыру операцияларындағы  ұсыныстар болып табылады. Алайда бұл жол аз ғана қарапайым келеді. Еркін бәсекелестік еркін нарықты  құрайды, ал еркін нарық - тек қана  еркін бағалар емес, сонымен қатар өз меншігін  қолдану, басқару құқығы. Сондықтанда  меншіктің  әртүрлі формаларының еркін дамуы нарықтық қатынастардың мүлтіксіз шарты болып табылады. Нарықтық өндірістің қатысушылары серіктестік қатынастарға тікелей немесе делдалдық жүйе арқылы кіре алады. Сондықтан нарықтың әсерлі функционалдығы дамыған инфрақұрылымсыз, яғни тауар және қор биржаларысыз, коммерциялық банктерсіз, байланыс жүйесі мен ақпаратсыз мүмкін емес. Осы уақытқа дейінгі нарықтағы автокөлік қызметтерінің басты өкілі ретінде: а) қызметтерді  өндіруші: - мемлекттік кәсіпорындар мен көпшілік қолданатын автокөлік бірлестіктері (КҚАК); - мемлекттік ведомство көлігі; б) қызметтерді тұтынушылар: - мемлекеттік мекемелер, бірлестіктер, халық шаруашылығының әр түрлі сала ұйымы; - елді-мекен; в) делдалдар, делдалдық функциялардың  бір бөлігі мемлекеттік басқару органдарының әртүрлі халықтық шаруашылық деңгейлері мен салалары арқылы орындалған, оның ішінде КҚАК аумақтық-өндірістік бірлестіктер кіреді. Берілген функциялар тікелей байланыстар жүйесі арқылы орындалды және орталықтандырылған салалық қорлардың және мемлекеттік бюджеттің есебімен қаржыландырылды. Өндіруші мен қолданушы арасындағы автокөліктік қызметтердің тікелей шаруашылық байланыстары, әсіресе жүктерді тасымалдауда дамыған жоқ. Қазіргі уақытта автокөліктік қызметтердің нарығы субъектілердің құрамы мен олардың жұмыс істеу механизмі бойынша үлкен өзгерістер басынан өткізіп жатыр: а) автокөліктік қызметтерді өндірушілер: -    жекешелендіру процесінде құрылған  акционерлік қоғамдар базасына: -    мемлекеттік және  муниципалды кәсіпорындардың (көбінесе жүк тасушы);  - мемлекеттік және муниципалды кәсіпорындар КҚАК (көбінесе жолаушылардың); -    мемлекеттік ведомстволық көлік; -    әртүрлі ұйымдастырушылық-құқықтық формалар кәсіпорыны; Соның ішінде: шетелдік  капиталының үлесі бар кәсіпорындар, шетел кәсіпорындары, жеке меншік  кәсіпорындар; автокөліктік құралдарының иелері (жеке меншік жүк тасушылар) б)  автокөлік қызметтерін тұтынушылар: әр түрлі ұйымдастырушылық-құқықтық формалардың және қызмет саласының кәсіпорыны; елді-мекендер; в) делдалдар: -  көбінесе  әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік басқару органдары: - коммерциялық құрылымдары (автокөліктік қызметтерінің биржасы, тауар-шикізат биржаларының фрахталық секциялары, делдалдық коммерциялық ұйымдар және басқалар). Қазіргі уақытта делдалдық құрылымдар автокөлік нарығында тиісті түрде дами алмады, себебі командалық-әкімшілік жүйенің жойылу үстіндегі жағдайында автокөлік қызметінің өндірушілері мен тұтынушыларының тікелей байланысы іс жүзінде болмағандығы нарықтың дамуын тежейді және автокөліктік қызмет көрсететін кәсіпорынды және оның клиентура кәсіпорынын қиын жағдайға қояды. Экономикасы нарықтық реттеу принциптерін пайдалануға негізделген шетел мемлекеттерінің тәжірибесін талдау нәтижесі делдалдық құрылымдарсыз нарықтың жұмыс істеуі мүмкін еместігін көрсетті. Делдалдылық барлық салалар аймағында, материалдық өндірістен қызмет көрсету саласына дейін кеңінен дамыды және әртүрлі ұйымдастырушылық-құқықтық формаларда жүзеге асырылды (арнайыланған брокерлік және дилерлік фирмалар, әртүрлі тауарлар мен қызметтерді өткізу бойынша жарнамалық агенттер мен делдалдар ретінде шығатын коммивояжерлер контораларына дейін). Біздің  Республикамызда өткізілетін экономикалық реформасының мақсаты экономиканы қазіргі заманға сай өркениетті қоғам деңгейіне дейін көтеру. Дамыған мемлекеттердің тәжірибесі мемлекеттің қарқынды түрде жәрдемдесуі кезінде экономикалық реформалар уақытында өндірістік, ғылыми-техникалық, білім беру әлеуетін жаңартуға, жұмыскерлердің қоғамдық-пайдалы еңбек нәтижелерін дамытуға, экономикалық және әлеуметтік тиімділіктің жоғары деңгейіне жетуге және тұрғындардың тұрмыс жағдайын жақсартуға оның мәдениетін көтеруге қызығушылықтары мен бастамашылдылықтарын көтеруге мүмкіндік беретінін көрсетті.  Өркениетті нарықтың артылықшылықтарының бірі оның қозғаушы күші болып табылатын өндірушілер бәсекелесі екенін атап өту қажет. Себебі, нарықтағы бәсекелестік тартыс  сатып алушы үшін, ал оны өндірістік ресурстардың және соңғы өнімдердің еркін меншік иелері  (оның ішінде тұтынушылар тауарлары) алып жүреді, ол қоғамдық тұтыну деңгейіне сәйкес келмейтіннін барлығын, соның ішінде пайда әкелмейтін технологияларды, ескірген бұйымдарды, кәсіпорындарды, кәсіптер мен мамандықтарды сұрыптайды. Тасымалдаудың жүк тасымал және жолаушыларға қызмет көрсетуші жүйесін қалыптастыру және қауіпсіздігі, тазалығы жағынан халықтың барлық талаптарына жауап беру қазіргі таңдағы көлік қызметін дамытудың стратегиялық мақсаты болып табылады. Бұл мақсаттың орындалуы үшін келесідей тапсырмалар іске асырылуы қажет: әртүрлі меншік түріндегі барлық көлік кәсіпорындарының өзара әрекет етуі және бәсекелестік негізінде көлік қызметтерінің нарығын қалыптастыру; қоғамдық көліктің қызметін көрсетуге, тасымалдың қауіпсіздігі мен үнемділігіне  кепіл беретін көліктің дамуына заңнамалық-құқықтық және нормативтік базаны құру; көліктің техникалық қайта қарулануы мен тиімділігі жоғары көлік технологияларын енгізу; Қазақстанның жол-көліктік кешенінің өзара тиімді жағдайларда әлемдік көлік жүйесіне интеграциялау; Жоғарыда  аталып өткен тапсырмалар жаңа экономиканың шарттарымен шешілу керек, олардың іске асырылуы нарықтық экономиканың шарттарындағы көлік басқарудың жаңа принциптерінен құрылуы керек. Бұл принциптер мынадай: - Көлік – экономиканың дамуына әсер ететіндіктен мемлекетпен келешегі бар сала ретінде қарастырылатын экономикалық инфрақұрылымның маңызды салаларының бірі.       - Кәсіпорын саласында меншіктің барлық түрлерінің қалыптасуы мен дамуы үшін құқықтық кепілдемелер және шаруашылық еркіндігі дамуы мен қызметі үшін кәсіпорынның саласындағы барлық меншік формаларының тең шарттары; - Көліктік салалар мен кәсіпорындарды мемлекеттік экономикалық реттеу. Тіке қатаң әкімшілдік, жоспарлы-өкімдік экономика үшін тән қаржылық және материалдық ресурстарды мемлекеттік реттеу тиімді реттеу механизмдерімен ауыстырылады. Мемлекеттік реттеу келесідей салаларда жүзеге асырылады: көлік қызметтері нарығын ұйымдастыру және кәсіпорындарды нарыққа жіберуге бақылау; көліктегі баға құрылымын реттеу (тарифтерді қою тәртібін анықтау және міндетті тарифті айқындау); салықтық  реттеу (көлік объектілерін дамытуға және жаңартуға кететін шығындар бойынша салықтық жеңілдіктер, арнайы аймақтық салықтарды енгізу); инвестициялық реттеу (неғұрлым капитал сыйымды жобаларды іске асыруға мемлекеттің қатысуы). Мемлекеттік өкілеттілікті аймақтық басқару органына беру.  Жергілікті әкімшілдік деңгейіне келесідей мәселелерді шешу беріледі: орталықтандырылған дотацияларды,  көлік кәсірорындарының арасындағы материалдық ресурстарды орналастыру; жергілікті тарифтарға бақылау жасау; жергілікті көлік қызметі түрлеріне лицензияның берілуі; мемлекеттің меншігіндегі кәсіпорындарды басқару; мемлекеттік органдардың атынынан акционерленген кәсіпорындарды басқаруға қатысу. Көліктің бір немесе бірнеше түрлерінен көліктің көсіпорындар арасындағы бәсекелестіктің түрлері мен әдістері нарықтың көпшілік қолданатын экономикалық заңдарға негізделеді, сұранысты және аралас қызмет салалары мен қызмет көрсету полигондарында көлік қызметіне ұсынысты теңестіру. Шешуші рөлді қандай да бір көлік түрінің көліктік қызметтегі бәсекеге қабілетін қамтамасыз ету, көлік нарығында тиімді маркетингтік стратегияны өткізу, шығындар мен құнды саясатты дұрыс басқару (заң аясында), жаңа тиімді технологиялар мен техникаларды енгізу және клиентке көліктік қызмет көрсету сапасын әрқашан көтеріп отыру болып табылады. Алайда, бұл әдістерді іске асыру үшін белгілі бір жалпы экономикалық жағдайлар қажет – инфляцияның бәсеңдеуі, қаржы жүйесінің тұрақтануы, кәсіпорындардың өзара төлемсіздік жағдайларын жою, дұрыс салықтық саясат пен дұрыс заңнамалық база. Нарықтық экономика шарттарында алдыңғы өңдеу жүйесі, көліктің барлық түрлерінде тасмалдау жоспарын орындау бағасы мен келешегі айтарлықтай өзгереді. Бұл өзгерістердің басты ерекшелігі бұл жоспарлаудың орталықтандырылған жүйесінен және тасымалдауды «жоғарыдан төмен» орналастырудан көлік пен клиент арасындағы демократиялық қарым-қатынас түріне, яғни тұтынушының талғамдық принципі бойынша «төменнен жоғарыға» өту. Тасымалдаулардың жоспарын өзгертудің басты мақсаты нарықты сұраныс пен ұсыныс туралы нақты ақпаратты алу үшін құрал ретінде пайдалану, олардың теңдігін қамтамасыз ету, көлік түрлері арасында өзара әрекет пен бәсекелестік нәтижесінде тасымал сапасын көтеру және осы негізде көліктік кәсіпорындардың жұмысында қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізу болып табылады. Мемлекетіміздегі тасымалдау жоспарын қайта құрудың негізі мемлекеттік реттеуді дұрыс үйлестіру және экономикалық, көліктік ресурстарды нарықтық әдістер және өнім бойынша тұтынушылар мен көлік арасындағы өзара қарым-қатынасты басқару болып табылады. Алайда, клиент пен көлік арасындағы өзара қатынас соңғы аталғанның жеке меншік түріне қарамастан біріңғай экономикалық және құқықтық нормалар мен тәртіптерден құрылуы керек. Мұнымен бірге көлік жұмыскерлері көлік түрлері арасындағы бәсекелестікті ескере отырып, өздерінің қызметтерін бөлуді емес, сатуды үйренулері қажет. Қайта қалыптасудың мәні де осында.

 

2 бөлім. Автомобиль көлігі  кәсіпорындарының    негізгі   қорлары  

2.1 Негізгі   қордың  құрамы  мен  құрылымы

Кез келген кәсіпорынның өндірістік процесіне адамдар мен өндіріс құралдары қатыстырылады. Өндіріс құралдары өндірістік процестердің материалдық, заттық бөлшектерімен танылған. Автомобиль көлігі кәсіпорынының құралдары өндірістік процестердің міндетті бір бөлшегі ретінде негізгі және айналмалы болып бөлінеді. Негізгі қорлар өзінің табиғи қалпын сақтай отырып, ұзақ уақыт бойы өндірістерге қызмет көрсетеді. Негізгі қорлардың құны өндірістің шығындарына біртіндеп, жартылай осы қорлардың тозуына қарай еніп отырады. Автокөліктік кәсіпорындардың негізгі қорларының құрамына жататындар: ғимараттар, құрылыстар, құрал-жабдықтар, жылжымалы құрам мен ұзақ уақыт пайдалануға арналған аспаптар мен бұйымдар. Әрбір кәсіпорынның өндірістік қорлары өндіріс кезеңінен және айналым кезеңінен  өте отырып, үздіксіз айналымға ие болады. Осыған орай олар формасын өзгертіп отырады: ақшалай түрі өндірістік түрге, өндірістік – тауарлы түрге, тауарлы -  ақшалай түрге және т.б.  Автокөліктегі негізгі қорлардың өзіндік ерекшеліктері бар. Автокөліктік кәсіпорындардың негізгі қорларды сатып алуға қажетті ақшалай қаражаты болуы керек. Автокөліктік кәсіпорындар ақша қаражатын табиғи түрдегі жаңа негізгі қорларды (ғимараттарды, құрылыстар мен құрал-жабдықтарды т.б.) сатып алуға жұмсайды. Өндірістік процесс кезінде, яғни жолаушылар мен жүктерді тасымалдау кезінде негізгі қорлар тозады. Тозуға ұшыраған негізгі қорлардың құны автокөліктік тасымалдаудың өзіндік құнына кіреді және тасымалдауды жүзеге асыру нәтижесінде ақшалай, яғни көлік қызметінен түскен пайда түрінде орнын толтырылады. Негізгі қорларды пайдалану шамасына қарай олардың тозғандарын қалпына келтіретін ақшалай қаражат сомасы өсіп отырады, және ол амортизациялық қор түрінде жинала береді. Осылайша, автокөліктік кәсіпорындардың өндірістік қызметі нәтижесінде олардың автокөлік, ғимарат, құрылыстар, құрал-жабдықтар және т.б. түріндегі негізгі қорлары біртіндеп азаяды, ал сәйкесінше амортизациялық қордың сомасы өседі. Негізгі қорлардың құны амортизациялық есептеулермен толықтырылғанның нәтижесінде соңғысы жаңа автомобильдер мен құрал-жабдықтарды, ғимарат құрылысын т.б. сатып алу үшін  қайта пайдаланылуы мүмкін. Толық бір айналымнан кейін  (ақшалай түрге қайта айналуы), негізгі қорлар өндірісте екінші рет айналымға түседі. Автомобиль көлігінің негізгі қорларын өндірістік (ғимараттар, құрылыстар, жылжымалы құрам және құрал-жабдықтар т.б.) және өндірістік емес (тұрғын үй ғимараттары, емдеу мекемелері, автомобиль көлігі жұмыскерлерінің тұрғындық және мәдени-тұрмыстық қажеттіліктерін қамтамасыз етуші коммуналдық кәсіпорындар мен басқа да қорлар) деп бөлуге болады.

 

2.2 Амортизациялық  төлемдер 

Өндiрiстiк процессiндегi негiзгi қорлар физикалық тозуға душар болады және сол себепті олар өзінің техникалық-экономикалық сапасын төмендетедi. Физикалық тозу негiзгi қорлар құнының азаюымен ілеседі. Амортизациялық түсінікке көліктік жұмысты немесе өнімнің өндіріс процессінде қайта пайда болған құнына ауыстыру кезінде тозуға ұшыраған негізгі қорлардың орнын толтыру ұғылады. Негізгі қорлардың орнын толтыру үшін әрбір кәсіпорын белгілі бір соманы амортизациялық қорға аударады. Амортизациялық төлемдердiң сомасын дұрыс анықтауға үлкен мән беріледі. Амортизациялық қорлар өнімнің өндірісі мен көлік жұмысының орындалуына кететін шығынның құрамды бөлігі болғандықтан  олар белгілі бір деңгейде автокөлік өнімінің өзіндік құнын анықтайды. Амортизациялық қор жаңа негiзгi қорлардың тозуын орнын толтыру үшiн жеткілікті болуы керек. Ерекше экономикалық мазмұнда өндірістік емес негізгі қорлар бойынша амортизациялық төлемдері болады. Өндірістік емес қорларды пайдалану жаңа өнiмнiң жасалуымен немесе көлiк жұмысының орындалуымен байланысты емес. Ол материалдық өндiрiстiң саласына емес, дербес немесе қоғамдық тұтыну саласына жатады және онымен уақыт бойынша сәйкес келеді.  Сондықтан өндірістік емес қорлардың құны өнiмнің құнына ауыстырылмайды. Олардың пайдаланылу шамасына қарай құны жоғалады. Тозуға ұшыраған бұл қорлардың орны еңбек етушілердің жалпы ішкі өнімін (ЖІӨ)  қайта орналастыру тәртібінде түсетін кірістер есебінен жүзеге асырылады. Осылайша,  өндірістік емес негізгі қорлар бойынша амортизациялық төлемдер келесі ЖІӨ бөлу формасын көрсетеді. Негiзгi қорлар тек қана физикалық емес, сонымен қатар моралдiқ тозуға да ұшырайды. Өндіріске жаңа өнімдірек және үнемді құрылғыны ойлап табу немесе шығару шамасына қарай ескі машиналар құнын жоғалтады, яғни моральдік тозуға ұшырайды, және олар физикалық тозуға ұшырайтын мерзімге жетпес бұрын кейінгі түрдегі машиналарға ауыстырылуы керек. Моральдік тозу деп,  техникалық ескірген құрылғының «физикалық өліміне» дейін құнсыздануын айтамыз. Машина әлі де физикалық түрде жарамды, бірақ сыртқы моральдік ескіргенімен экономикалық пайданы емес, керісінше қоғамдық еңбектің тікелей жұмсалуына әкеледі. Негiзгi қорлардың моральдiк тозуы екi түрде болады. Моралдiқ тозудың бiрiншi түрі бұл кейбір жұмыс істеп тұрған машиналар мен механизмдердің осы өндіріс құралын дайындайтын салаларда еңбек өнімділігін көтерудің нәтижесінде құнның бір бөлігін жоғалтуында көрініс алады. Дәл осындай құрылыстағы жаңа машиналар қажет ететін қоғамдық еңбектің төмен шығынымен өндіріледі, себебі ертеректе шығарылған және қазір қолданыстағы жоғары бағадағы машиналар бұрынғы көлемде өнім бере алмайды, өйткені бұл құн заңына қайшы болар еді және бұл өнімнің мәнсіз қымбаттауына әкелуі мүмкін. Моральдiк тозудың екiншi түрі үнемдiрек және өнiмдiрек жабдықтың пайда болуымен байланысты. Орташа қоғамдық еңбек өнімділігін қамтамасыз етпейтін техникалық ескірген бір типті машиналар толық физикалық тозуға ұшырауға дейін жаңа машиналармен ауыстырылуы керек, себебі олардың келесідегі әрбір қолданысы еңбек өнімділігінің өсуін тежейді, өнімнің өзіндік құнын көтеріп, үлкен шығынға әкеледі және ішкі шаруашылық қордың көлеміне кері әсер етеді. Осылайша, физикалық жарамды, бірақ іс жүзінде ескірген өндіріс құралы тиімсіз болғандықтан істен шығарылуы керек. Яғни, автомобиль көлігінің ескі модельдерін пайдалану тасымалдаудың өзіндік құнын өсіріп, неғұрлым үнемдірек, өнімдірек жаңа модельдерге қарағанда жинақтың аз сомасын береді. Техникалық жабдықтары бірдей және бірдей қолданыс жағдайларында жұмыс істейтін, бірақ  техникалық-пайдалану көрсеткіштері (моральдік тозу деңгейімен анықталатын) әртүрлі автокөлiктік кәсiпорындар әртүрлі экономикалық көрсеткіштерді (еңбек өнімділігі, рентабельділігі, тасымалдың өзіндік құны және т.б.) көрсетуі мүмкін. Қазіргі заманға сай құрастырылған жаңа модельдегі автомобильдері немесе техникалық қызмет көрсету және автокөлікті жөндеу үшін жаңа құралдары бар кәсіпорындар жоғары өндірістік көрсеткіштерге ие болады.  Тәжірибе көрсеткендей, құрылғыны модернизациялау нәтижесінде ғана оның өнімділігін 1,5-2 есе көтеруге болады. Негiзгi қорлардың мерзіміне сай (жылға) немесе орындалған жұмысының көлеміне қарай тозуы,  амортизация нормасымен аталады. Амортизациялық норма төлемдері құрылғының құнынан белгілі бір пайыз ретінде анықталады. Амортизацияның нормалары негiзгi қорлардың нақты тозуына сәйкес келуi керек. Оған әрбір кәсіпорын өнімінің өзіндік құнының деңгейі және қорлардың қалыптасу мүмкіндігі тәуелді болады. Амортизациялық төлемдер ғылым мен техниканың соңғы жетістіктеріне сай жаңа техникалық негізде негізгі қорларды жасау үшін жеткілікті болуы қажет. Себебі қолданыстан алынып тасталғандардың орнына келген жаңа негізгі қорлар анағұрлым техникалық пайдалану сапасы жоғарырақ болады, амортизация болса ұдайы өндірістің бір факторы болып табылады. Қолданылатын амортизациялық норма төлемдері негізгі қорлардың моральдік және физикалық тозуының орнын толтыруы керек. Моральдік тозу негізгі қорлардың амортизациялық нормаларын  есептегенде олардың физикалық жарамдылық мерзімдерін ғана емес, сонымен бірге олардың келешекте қолданылуының экономикалық тұрғыда мақсатқа сай болуын талап етеді. Негiзгi қорлардың бастапқы құны бағалау кезінде қалпына келтірілген бағасынан едәуір өзгеше болуы мүмкін. Бұл негізі қорлардың қалпына келтіруге және күрделі жөндеуге арналған амортизациялық төлемдердің көдемін дұрыс анықтауға мүмкіндік бермейді. Тіпті кей жағдайларда, қолданыстағы амортизациялық төлемдер нормасы негізгі қорлардың мерзімін дұрыс есептегенде амортизациялық төлемдер сомасы негізгі қорлардың іс жүзіндегі тозуына  сәйкес келмейді, себебі біріңғай форма әртүрлі уақыт мерзімдерінде бағаланған қорларға қолданылады. Демек бұл жағдайда  бірдей негiзгi қорлардың әр түрлi бастапқы құндарына біріңғай амортизациялық төлемдер нормасы қолданылады, сондықтан да амортизациялық төлемдер сомасы  негізгі қорлардың нақты іс жүзіндегі тозуын көрсетпейді. Нәтижесінде, жоғары бағадағы негізгі қорларды пайдаланатын автокөліктік кәсіпорындарда амортизациялық қор жоғарылайды, және керісінше, төмен бағадағы негізгі қорлары бар автокөлік кәсіпорындарында амортизациялық төлемдер көлемі жеткіліксіз болады. Аталған жағдай тасымалдаудың өзіндік құн көрсеткішін дұрыс көрсетпейді. Бұл құбылысты түзету үшін автокөлік кәсіпорынында, сонымен бірге басқа да мемлекеттік және кооперативтік кәсіпорындарда барлық қорлары қайта бағаланды, осыдан соң  негізгі қорлар бойынша жаңа амортизациялық нормалар өңделінді. Нәтижесінде амортизациялық қордың нақты көлемі анықталды және тасымалдаудың өзіндік құнын жоспарлау тәртібі мен есебі  реттелді.  Амортизациялық төлемдердің жаңа нормалары   негізгі қорлардың  моральді тозуына сәйкес олардың қайта бағалануы негізінде өңделінуі керек. Халық шаруашылығының негізгі қорларын толығымен қалпына келтіруге амортизациялық төлемдердің біріңғай нормалары анықталды. Біріңғай нормалар шаруашылық есебі негізінде жұмыс істейтін, ведомстволық басшылығына және меншік түріне қарамастан барлық кәсіпорындар, бірлестіктер мен ұйымдар үшін міндетті түрде қажет. Амортизациялық төлемдер барлық кәсіпорындармен және ұйымдармен Орталық банктің мекемесіне енгізіледі. Амортизациялық төлемдерді пайдалану да реттелген. Автокөлікте амортизациялық төлемдердің жаңа нормалары негізігі өндірістік қорларды пайдалануды жақсартады және оларға жөндеу жұмыстарын ұйымдастыруға қолайлы жағдай туғызады. Жылжымалы құрам бойынша амортизациялық төлемдердің әдісін анықтау олардың басқа негізгі қорларының түрлері бойынша анықтау әдісінен ыңғайлырақ. Автомобиль көлігінің жылжымалы құрамы бойынша амортизациялық төлемдер нормасы  автомобильдер моделі емес, тобы бойынша бекітіледі. Бұл автокөліктердің жаңа маркаларын шығарған кезде оларға бағаның өзгеруінде амортизациялық төлемдердің жаңа нормаларын өңдеуді қажет етпейтіндігі байланысты жасалған. Барлық арнайы автокөліктер үшін амортизациялық төлемдер нормасы 10 жыл қызмет көрсету мерзіміне қарай есептелген. Карьерлерде үнемі жұмыс істейтін 1 км дейін аралықта жүретін жүк көтергіштігі 27 т және одан астам барлық автокөлік –самосвалдар үшін  нормалар машинаның құнынан пайыздық көрсеткішпен қолданылады, ал басқа жағдайларда 1000 км жүргіріске машинаның құнынан пайызбен  қолданылады. Жедел және шұғыл жәрдем машиналары «РАФ» және «УАЗ» автокөліктері үшін 1,6 коэффициенті қолданылады. 1990 жылы шығарылған «Москвич-2140, -2141»  автокөліктері үшін 1,3 коэффициенті қолданылады; жүргізушілерді оқыту үшін арналған автокөліктер үшін 1,8 коэффициенті қолданылады. Бекітілген нормаларға қосымша түрде автокөліктің жұмыс істейтін жағдайларына қарай әртүрлі коэффициенттер қолданылады. Жылжымалы құрамды қалпына келтіру нормасы баланс құнынан пайызбен анықталады немесе 1000 км жүгіріске баланстық құнның пайызымен анықталады:            мұндағы  - Сн -  жаңа автокөліктің құны (тіркеменің);                   С0 – автокөліктің қалдық құны (тіркеменің) іріктеуден кейінгі;                   D – жылжымалы құрамның қызмет ету мерзімі, жылдар;                  LAM  - автокөліктің амортизациялық жүгірісі (тіркеменің), км. Басқа негізгі қорлар бойынша (жылжымалы құрамнан басқа) амортизациялық төлемдер бастапқы құнның пайызымен анықталады. Амортизацияның жылдың нормасы мұндағы   СП - негізгі қорлардың бастапқы құны;                  С0 - негізгі қорлардың қалдық құны; (есептен шығарылғаннан кейін);                D – негізгі қорлардың қызмет ету мерзімі, жылдар. Кәсіпорынның немесе ұйымның балансында есепте тұрған негізгі қорлар бойынша жоспарлы амортизациялық төлемдер әрбір негізгі қорлардың түрлерін есептеумен анықталады. Бір жыл ішінде негізгі қорлардың  көлемі өзгерген кезде оларды есептеудің жаңа тәртібі анықталады. Амортизациялық төлемдер сонымен қатар запаста тұрған (резервте) құрылғыларға және көліктік құралдарға төленеді (көбінесе толық қалпына келтіруге жататындарға). Бұл өндірістің нақты  шығындарын анықтауға және кәсіпорынның запаста немесе резервте сақталып тұрған көліктік құралдар мен құрылғылардың санын шын мәнінде өндіріс процесі үшін қажет көлемге дейін қысқартуға экономикалық қызығушылығн күшейтуге мүмкіндік береді. Өнімнің өзіндік құнындағы амортизациялық төлемдер үлесі кәсіпорында техникалық үрдістің жетістігін қолдану кезінде төмендейді. Мұнымен бірге, жаңа машиналардың өнімділігі мен құны арасындағы байланыс шешуші рөлді атқарады. Техникалық үрдіс шамасына қарай машинаның құны көп жағдайларда өседі, бірақ қуаттылық бірлігі мен өнімнің шығарылымымен есептегенде төмендейді. Осылайша өнімнің бірлігіне келетін амортизациялық төлемдер азаяды.

 

2.3  Негізгі өндірістік қорларды пайдалану тиімділігі

Өндірістік негізгі қорларды пайдалану қарқынын жоғарлату өндірістің тиімділігін өсіру резерві мен маңызды жағдайы болып табылады. Автомобиль көлігінде  негізгі қорларды пайдалану тиімділігін бағалау үшін қор қайтарымдылығы, қор сыйымдалығы және негізгі қорлардың рентабельділігі, сонымен қатар әртүрлі коэффициенттер көрсеткіштері қолданылады. Қор қайтарымдылығы ФО – Фосн өндірістік негізгі қорлардың 1 сомына келетін кіріс сомасының көрсеткіші ΣД: ФО = ΣД/ФОСН. Қор сыйымдылығы ФЕ — кері қор қайтарымдылық көрсеткіші. Ол ΣД кірістің әрбір сомына келетін негізгі өндірістік қордың құнын сипаттайды: ФЕ=Фосн/ΣД. Қормен қарулану  ФВ — әрбір жұмыскердің негізгі өндірістік қормен қамтамасыз етілуін сипаттайтын көрсеткіш: ФВ=ФОСН/N, мұндағы   N — автомобиль көлігі қызметкерлерінің орташа адам саны. Негізгі қорлардың рентабельділігі Rоф  автокөліктік кәсіпорынның баланстық пайдасының  Пбал,  өндірістік негізгі қорлар сомасына қатынасын білдіреді: Rоф = П6ал/Фоси. Аталған көрсеткіштерден басқа, автомобиль көліктерінде өндірістік қорларды пайдалану бағасы үшін келесі коэффициенттер қолданылады: экстенсивті пайдалану Кэ, интенсивті пайдалану Кин, интегралды ауырпалық Кинт және негізгі қорлардың жұмыс ауысымдығы  Ксм. Негізгі қорлардың экстенсивті пайдалану коэффициенті (экстенсивті жүктеме коэффициенті) нақты сағатпен жұмыс етілген Tф уақыттың (тәулік, ай, жыл) мүмкін ТВ ауысымға қатынасын білдіреді: К3 = Tф/TВ. Егер алымда жоспарлы  Тп, күнтізбелік Тк , режімдік уақыт (номиналды) Тр қабылданса, нәтижесінде экстенсивті пайдаланудың жоспарлы, күнтізбелік және режімдік (номиналды) коэффициенттері есептеліне алады. Негізгі қорлардың интенсивті пайдалану коэффициенті уақыттың бірлігінде орындалған нақты жұмыс көлемінің Wф жоспарлыға Wn немесе осындай уақытта максималды мүмкін шығарылатын Wmax көлеміне қатынасымен анықтайды: Ки1 = Wф/Wп      немесе   Ки2 = Wф/Wmax. Негізгі қорлардың интегралды жүктеме коэффициенті Кинт. негізгі қорларды пайдалануды еңбек өнімділігін есепке ала отырып кәсіпорынның негізгі қорларын экстенсивті және интенсивті пайдалану коэффициенттерін жүргізумен бірге анықтайды: Кинт = КЭКИ. Еңбек құралын экстенсивті пайдалану көрсеткіштері арасында құрылғы жұмыстарын ауыстыратын коэффициент маңызды рөлді алады, ол әрбір құрылғы бірлігінің орта есеппен бір тәулікте қанша ауысым жұмыс істегенін көрсетеді, және барлық ауысымда жұмыс істелген ауысым-машиналарын Мс орнатылған құрылғы санына М бөлу арқылы анықталады.: Ксм= MС/M. Негізгі қорларды пайдалануды жақсарту автокөлік қызметкерлерінің бірінші мақсаты болып табылады және ол автомобиль паркінің сағат (тәулік, ай, жыл) ішіндегі өнімділігін көтеру, жылжымалы құрамның амортизациялық және жөндеу аралық жүгірісін көбейту, сонымен қатар басқа негізгі қорлардың қызмет көрсету мерзімін көбейту нәтижесінде қол жеткізіле алады. Автомобильдік парктің сағаттық өнімділігін жоғарлату үішн техникалық пайдалану көрсеткіштерін жасарту қажет: жүк көтергішті пайдалану коэффициенті, жүгірісті пайдалану коэффициенті, қозғалыстың техникалық жылдамдығы, жылжымалы құрамның тиеу-түсіру жұмыстарындағы уақыты. Бұл көрсеткіштердің жақсаруы тек орталықтандырылған тәртіпте жүк тасуды жүзеге асыратын үлкен автокөлік кәсіпорындарында ғана мүмкін. Жылжымалы құрамның өнімділігін тәулігіне жоғарлату оның тәулік бойы осы бағытта жұмыс істеу уақытын (автомобильдік парктің ауысымдық жұмысын көбейту) көбейткенде ғана қол жеткізіле алады. Мұнымен қоса, автомобильдік парктің бір айда, тоқсанда, жылдағы өнімділігін өсіру, шығарылым бағыты бойынша жұмысты ұйымдастыру және автокөліктердің техникалық дайындық коэффициентіне байланысты болатын автомобильдерді шығару коэффициентін жоғарлату нәтижесінде мүмкін болады. Өнімділікті жоғарлатуға тиегіштерді қолдану әсер береді. Жылжымалы құрамның қызмет ету мерзімі (жөндеу аралық және амортизациялық жүгіріс) техникалық қызмет көрсетуге және автомобильдерді ағымдағы жөндеуге, техникалық пайдалану мәдениетіне байланысты болады.               Негізгі қорлардың дұрыс пайдаланылуына  жұмыскерлердің материалдық қызығушылықтары ықпал етеді. Ол үшін сәйкес еңбек ақыны төлеу жүйесі, автомобильдердің жүгірісі үшін бекітілген нормадан бөлек сыйақы, шиналарды үнемдеу және т.б.  жүйелер қолданылады. Автомобиль көлігі өндіріс процесінен жекеленетін дайын өнім бермейді, сол себепті автокөлік кәсіпорынында дайын өнімнің материалдарын құрайтын негізгі материалдар, өнімнің қандайда бір дайындық деңгейін көрсететін негізгі қызмет бойынша аяқталмаған өндіріс, кәсіпорынның өндіріс нәтижесінің соңын көрсететін дайын өнім жоқ. Бұл автомобиль көлiгiнiң ерекшелiгi, негiзгi және айналым қорларының жалпы сомасынан  35-45 % құрайтын машина құрылыстық кәсіпорындарымен салыстырғанда, айналым қорының салыстырмалы кіші үлесін (шамамен 15 %) анықтайды. Өндірістік айналым қорларына бір ғана өндірістік циклге қатысатын өндірістік құралдар жатады. Сонымен бiрге олардың құны өнiмнiң өндiрiстік шығынына толық қосылады. Автокөлік кәсіпорынының айналым қорларына өндірістік қорлар мен аяқталмаған есептер кіреді. Өндірістік қорлар үлесіне автокөлік кәсіпорынының шамамен  40-50 % айналым қорлары және өндірістік айналым қорларының жалпы санынан 90 % дәл келедi. Өндірістік қорлар өндірістік процеске тікелей қатыспайды. Қор материалдары, жанармай, қосалқы бөлшектер, автомобиль шиналары және басқалары автомобильдердің үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін  және оларға уақытында техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізу үшін қажет. Айналым қорларын жоспарлауда өндiрiстiк қорларды келесі негiзгi топтарға  бөледi: отын, материалдар, автокөлiк шинасы,  қосалқы бөлшектер және агрегаттар, бағасы төмен және жылдам тозатын  жабдық пен аспаптар, арнайы киімдер. Пайдалану үшiн материалдар, автомобильдi жөндеу және тағы басқа қажеттіліктер  өндiрiстiк қорлардың шамамен 20% құрайды; отын шамамен - 6%. Өндірістік қордың шамамен 8%  автокөлік кәсіпорынының қоймасында, шиналар шығаратын цехтарында, автокөліктедің техникалық көмегінде, автостанциялар мен жол бойындағы пунктерде тұрған шиналарға кетеді. Автомобиль доңғалақтарында құрылған шиналар (запастағы доңғалақты қосқанда) негізгі қорлардың құрамына кіреді, сондықтан олар айналым қорларында есептелінбейді. Автокөліктерді агрегаттық әдіспен жөндеу үшін айналым агрегаттарының қосалқы бөлшектер үлесіне өндірістік қорлардың 40 % кетеді. Сонымен бірге мұнда жылжымалы құрамды жөндеу үшін материалдар да жатады. Өндірістік қорлардың 30 % бір жыл қызмет көрсететін мерзімдегі төмен бағадағы және тез тозатын құралдар мен материалдар алады. Аспап және жабдықтың қайта-қайта қолданулары салдарынан олардың тозу құнының тасымалдаудың өзіндік құнына қатынасы келесі тәртіппен  бекітілген: олардың құнының 50 % пайдалануға бастапқы кезде жіберілгенде және қалған 50 % толығымен тозғанда  істен шығарылады (іске асырылатын қалдықтардан есептен шығарылатын заттар құнын шегергенде). Аяқталынбаған есептеулерге тек қана ағымдағы жөндеулердi орындау процесінде орын алатын және негiзгi қызметпен байланыспайтын бiтпеген өндiрiс,  сонымен бiрге,  болашақ кезеңдердегі  шығындар жатады. Бұл кейбiр шығындардың  алдыңғы мерзiмде  тасымалдаулардың өзіндік құнына  қатысты жүзеге асырылатынымен түсіндіріледі. Мұндай шығындарға арендалық төлемдер, ғылыми-зерттеу жұмыстарының  шығындары,  баспа шығарылымдары  және тағы басқалар жатады. Көрcетiлген топ бойынша айналымдағы қаржылар  жиынтығы аз  және олардың жалпы санынынан 1% құрайды. Өндірістік айналым қорларынан басқа әрбір кәсіпорын айналым саласына қажет, яғни шикізатты, отынды, қосалқы бөлшектерді және т.б. сатып алу үшін ақшалай қаражат және дайын өнімнен тұратын құралдарға немесе айналым қорларына ие. Айналым қорларына оның жалпы үлесінен көп бөлігін  құрайтын ақшалай қаражат және есептердегі құралдар кіреді. Мұнда кассадағы, есеп шоттағы, аккредитивтердегі, банкке инкассоға жіберілген есептік құжаттардағы, жүк жіберушімен және басқа да ұйымдармен есептесудегі қаражаттар жатады. Осылардың ішіндегі ең ауқымдысы банкке инкассоға берілген есептік құжаттар болып табылады. Бұл қаражаттарға қажеттілік автомобиль тасымалдаулары үшін бекітілген есептеулер жүйесімен негізделеді, мұнда тасымал үшін еңбек ақысы оны жүзеге асыру уақытымен сәйкес келмейді.  Қаражаттардың саны айтарлықтай деңгейде тасымал үшін қабылданған есептік жүйеге, сонымен қатар бухгалтерлік есептің сапасы мен автокөлік кәсіпорынындағы бақылауға байланысты. Әрбір кәсіпорындарда айналым қорларының құрылымы әртүрлі. Ол автомобиль паркінің құрамына, көлік жұмысының ұйымдастырылуына, жылжымалы құрамның жөндеу жұмыстарын, тасымалдауға кететін есептік жүйе және техникалық қамсыздандыруға байланысты болады. Әрбiр автокөліктік кәсіпорынында өздерінің нақты қажеттiктеріне сәйкес айналым қорларының жеткiлiктi саны болуы керек. Отынның, автомобиль шиналарының, қосалқы бөлшектер мен басқа да өндірістік қорлардың жетіспеушілігі автокөліктердің қозғалыссыз тұрып қалуына әкеледі, ал оның салдарынан автомобиль паркінің өнімділігі төмендейді. Өндірістік қорлардың немесе басқа да айналым қорларының артықшылығына да жол беруге болмайды, себебі бұл айналым қорларының айналымдылығын төмендеді және қоймаларда олардың тым көп жиналып қалуына, жалпы материалдық және ақша ресурстарының орынсыз пайдаланылуына әкеледі. Әрбір автокөлік кәсіпорынында айналым қоры ретінде өндірістік қорларының минималды қажет көлемі, аяқталмаған өндірістің қажет шығындары және келешектегі шығындарға қаражат, сонымен қатар айналым саласында қажет қаражаты болуы керек. Айналым қорларындағы қажеттілік жылдың әрбір мезгілінде әртүрлі болуы мүмкін, ол көлік жұмыстарының көлемімен түсіндіріледі. Тасымалдау көлемі азаятын мерзімдерде (көбінесе қыста) айналым қорларын азырақ талап етеді; көлік жұмыстары көбеюімен байланысты мерзімдері айналым қорларына қажеттілік те өседі. Әрбір автокөлік кәсіпорындарында айналым қорлары екі әдіспен қалыптасады: кәсіпорынды қорлармен минималды түрде қамтамасыз ететін қорлары бөлігі оларға меншікті айналым қорлары ретінде бекітіледі; белгілі бір уақыт мерзіміне қосымша қажеттілікті қарастыратын басқа бөлігі қарызға алынған қаражат есебінен қалыптасады және банктік несиемен қамтамасыз етіледі. Автокөлік кәсіпорынының айналым қорлары нормаланған және нормаланбаған болып бөлінеді. Нормаланған айналым қорларына өндіріс саласында қалыптасатын кәсіпорынның меншік айналым қорлары, яғни өндірістік қорлар, автомобильдерді жөндеу бойынша аяқталмаған өндіріс және болашақ кезеңдерге шығындар жатады. Бұл құралдар кәсiпорын атына бекiтіледі және оның қызметiнiң материалдық базалары болып табылады. Айналым қорларындағы нормативтi қажеттiлік (айналым қорларының нормативтері) материалдардың, отынның, қосалқы бөлшектердің және агрегаттардың, автомобиль шиналарының, бағасы төмен және тез тозатын заттардың, автомобильдерді жөндеу бойынша аяқталмаған өндіріс және болашақ кезеңге шығындардың  пайда болу қажеттілігіне қарай есептелінеді. Айналым қорларының бұл элементтері өндіріс саласында қызмет етеді. Автокөліктік тасымалдар бойынша әртүрлі дебиторлармен есептер (кәсіпорындармен, ұйымдармен және жеке тұлғалармен),  ақшалай қорлар, сонымен қатар  айналыс саласында қызмет ететін меншік айналым қорларының басқа элементтері нормаланбаған айналым қорлары болып табылады.      Меншік айналым қорларының нормативтері олардың әрбір күнге қажет қорларының және айналым қорларының жеке элементтерінің орташа тәуліктік шығыны есебінен анықталады: Фоб = СН/Д, теңге. мұндағы  С- берілген айналым қорының элементі бойынша жоспарланған мерзімге сметаға сәйкес өндіріс шығындары, тг;                  Н – айналым қорларының берілген элементі бойынша қор нормасы, күндер;           Д - жоспарлалатын мерзiмнiң ұзақтығы, күндер. Нормативтің құрамына кәсiпорынның қоймасындағы қорлар және материалдық құндылықтар кіреді. Айналым қорлары нормативтеріндегі құрамның әртүрлі материалдарын жеткізудегі біркелкі еместігі жағдайында сақтандыру (кепілділік) қорын қосу қажет, оның көлемін тәжірибелі жолмен өткен мерзімдегі қамсыздандырудың жоспардан ауытқуын есептей отырып анықтайды. Нәтижесінде қордың күндердегі айналым қорларының элементтері бойынша жалпы нормативі ағымдағы, технологиялық, көліктік және сақтандыру қорларынан жасалады. Автокөлік кәсіпорыны шығындарының схемасы айналым қорларындағы қажеттіліктерді анықтау үшін басты болып табылады. Меншік айналым қорларын жоспарлау кезінде айналым қорларының әрбір түрі бойынша норманы күндермен дұрыс бекіту маңызды рөл атқарады. Айналым қорларының нормативтерін есептеудің әртүрлі әдістері қолданылады. Аналитикалық әдіс өткен жылдардағы айналым қорларының жеке элементтері бойынша іс жүзіндегі қорларлар туралы мәліметтердің негізінде нормаларды күндермен анықтауға мүмкіндік береді. Есептеу кезінде негізінен үш-төрт жылдың мәліметтері алынады. Осы жылдар ішінде қалыптасқан күндердегі норма қажетсіз және нормативтен асып кеткен материалдарды алып тастау, материалдық құндылықтарды жеткізу жағдайларын өзгерту және өндіріс жағдайларын, техникалық қызмет көрсету, жылжымалы құрамды жөндеу есебімен түзетеді. Аналитикалық әдістің әртүрлілігі, айналым қорларының жеке элементтер бойынша қажеттілігін жоспарланып отырған мерзімде айналым қорларының айналымдылығын жылдамдату және тасымал көлемін өзгертуге түзетулерді ескере отырып келер жылдағы нормативтік мәліметтердің негізінде анықтау болып табылады. Аналитикалық әдіс қамсыздандырудың шын мәніндегі жағдайын және жылжымалы құрамның жөндеу және техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру жағдайын есепке ала отырып айналым қорларының нормативін нақты түрде анықтауға мүмкіндік береді. Бірақ оны қолдануда қамсыздандыру және жөндеудегі болған тәжірибенің кемшіліктерінің  қайталанылуы да мүмкін. Мұндай кемшіліктердің қайталанбауы үшін аналитикалық әдіс тікелей есеппен толықтырылуы мүмкін. Есептеулер айналым қорларының әрбір бабы және тауарлы-материалдық құндылықтардың әрбір түріне жеке, бапқа сәйкес және қорлардың жеке түрлеріне өлшемін анықтайтын барлық факторларды ескере отырып орындалады. Жұмыстардың үлкен көлемінің салдарынан тікелей есептеуді 5-7 жылда бір рет өткізу ұсынылады, ал олардың арасындағы жылдарда айналым қорларының нормативін есептеу әдісінің басқа да түрлерін қолдануға болады. Айналым қорларының элементтері бойынша нормативті анықтау әдісі әртүрлі болуы мүмкін. Отын, материалдар, автомобиль шиналарының қорлары, арнайы киімдер, арзан бағалы және тез тозатын бұйым және құрал сияқты баптар бойынша норматив күндердегі қормен анықталады. Қор нормасы жабдықтаушылардың орналасқан жерінің алшақтығына, жіберілетін заттың жиілігіне, жеткізудің біркелкілігі мен материалды құндылықтардың қолдануға дайындығының деңгейіне байланысты. Айналым қорларының кейбір элементтері бойынша нормативтер бір жұмыскерге теңгемен белгілене алады, бір автомобиль, бір ғимарат. Бұл әдіс айналым агрегакм = tп-р/(gγc) υтβqγc = tп-рυтβ. Алынған шама уақыттың жүк тиеуге және 1 т жүктi түсiру үшін және 1 ткм көлiктің жұмысы орындауына қатынасы болады және аудармалық коэффициент ретiнде қабылданған (тонналардың шартты аудармасы тонна - километрлерге). Сонымен, аударма коэффициенті кауд= Аударма коэффициенті анықталатын құрылым паркінің қозғалмалы құрамының, жол жабынының күйі, тасымалдау процесінің ұйымдастырылуы және жүкті тиеу-түсіру жұмысының механикаландыру дәрежесінің шартты шамасы болып табылады. Бұл факторлардың өзгеруімен қатар аударма коэффициенті де өзгері мүмкін. Аударма коэффициенттерінің бекітілген орташа мағынасы тоннада келтірілген тонно-километрге аудару 6-ға тең. Кез-келген автокөлік кәсіпорыны үшін дифференциалданған коэффициенттер есептеу негізінде енгізіледі. Араласқан автокөлік кәсіпорынында барлық түрдегі көліктік жұмыстардың келтірілген тонно-километрлер үшін аудару коэффициенттері орнатылады. Олардың мағыналарын мыналар құрайды: қалалық маршрутты автобустарда 1 жолаушы-километр үшін 0,4; қаланың сыртындағы маршрутты автобустарда 1 жолаушы--километр үшін 0,25; жеңіл автомобиль-такси арқылы 1 ақылы км үшін - 4. Жоспарлы «үлкейтілген» есептеулер үшін мерзімді сынақ кезіндегі автомобильдің 1 сағаттық жұмысы 0,55т немесе 7т∙км-ге теңестіріледі. Жолаушы -километр санағы кезінде пробег пен сыйымдылық пайдалану коэффициентінің туындысы 0,65 ретінде қабылданады. Көліктік емес сипаттағы АКК жұмыс орындау жағдайында (көліктік-экспедициялық, тұрмыстық қызмет көрсету және т.б.) келтірілген тонно-километрлерді жалпы кіріс теңгесіне аударады. Аудармалы коэффициентті көліктік емес сипаттаға 1 тг жалпы кіріс жалақысының келтірілген 1000 т∙км көлікті операциялар жалақысына қатынасымен анықталады. Қатынастық көрсеткіштегі жұмыс өнімділігі келтірілген тонно- километрдің жүргізушілер санына немесе қызметкерлердің тізім бойынша орташа санына (қай жұмыскерлер тобы бойынша санақ өткізілетініне байланысты) қатынасымен анықталады. Жұмыс өнімділігін ақшалай түрде анықтау көп тараған. Бұл әдістің артықшылығы кез-келген кәсіпорын жұмыскерлерінің жұмыс өнімділігін анықтауда қолданылады және жеке саладағы, жалпы халық шаруашылығының жұмыс өнімділігіне баға беруге мүмкіндік береді. Жалпы АКК бойынша жы×ттарын, қосалқы бөлшектерді, арзан бағадағы және тез тозатын заттарды нормалаған кезде қолданылуы мүмкін. Меншік айналым қорларының нормалары мен нормативтерін есептеу негізінде әрбір элемент бойынша автокөлік кәсіпорынының меншік айналым қорларындағы жалпы қажеттілігін анықтайды, яғни жалпы автокөлік кәсіпорыны бойынша меншік айналым қорларының нормативі. Осымен бірге жоспарланып отырған мерзімге меншік айналым қорларының нормативінің төмендегенін немесе өскенін жоспарланып отырған мерзімнің басы және аяғына нормативтің сомасы арасындағы айырмашылығы ретінде анықтайды. Кәсіпорынға келетін жалпы айналым қорларын сипаттау үшін жалпы норманы жоспарланып отырған жылға тасымал шығынының сметасы бойынша біркүндік шығынға ақшалай түрде меншік айналым қорларының жалпы нормативіне бөлу арқылы анықтайды. Автомобиль көлігінде еңбекақыны төлеудің екі негізгі түрі – келісілген және мерзімді түрі қолданылады. Төлемнің келісілген түрінде жұмыскердің еңбекақы көлемі оның өндірген өнімінің сапасы мен көлеміне тікелей байланысты болады. Мұнымен қоса еңбекақыны өндірілген өнімнің бірлігіне бекітіліп келісілген баға негізінде немесе орындалған жұмыс бірлігіне қарай төленеді. Оны берілген категориядағы жұмыс үшін сағат ставкасын  өндірудің бекітілген сағат нормасына бөлу немесе сағат ставкасын өнімнің бірлігіне бекітілген уақыт нормасын көбейту арқылы анықтайды. Келісілген еңбекақы түрі тікелей, келісілген-прогресивті және кесімді-сыйақы бола алады. Тікелей келісілген еңбекақы кезінде жұмыскерлердің еңбегі бекітілген өндіру нормасының орындалған деңгейіне қарамастан барлық өндірілген өнімнің саны үшін келісілген біріңғай баға бойынша төленеді. Еңбекақы төлеудің келісілген-прогресивті жүйесінде еңбекақы бекітілген жұмыс күніне норма бойынша өндірілген өнімнің бірлігі үшін ғана есептелінеді. Жұмыс күніне бекітілген нормадан жоғары өндірілген өнімге жоғары еңбекақы есептелінеді, және ол бекітілген өндіріс нормасының орындалу деңгейіне қарай үлкейіп отырады. Кесімді-сыйақы жүйеде кесімді-жұмыскерлердің еңбегі орындалған жұмыстың жоғары сапасы және белгілі көрсеткіштер санын орындағаны үшін келісілген бағалар бойынша еңбекақыдан жоғары төленеді. Сонымен бірге, еңбекақының аккордтық жүйесі қолданылады, мұнда еңбекақы белгіленген уақыт ішінде орындалған жұмыстың жалпы көлемі үшін төленеді. Автокөлікте жұмыскерлерге еңбекақының мерзімдік түрі жақсы тараған. Ол автобус және автомобиль-такси жүргізушілеріне еңбекақы төлеуде, сонымен қатар жұмыстың жоспары мен есебі күрделі (мысалы, шаруашылық тасымалдар) автокөлік өндірісінің учаскілеріндегі басқа да жұмыскерлерге немесе орындалатын жұмыстың сапасына мән көп берілетін учаскілердегі (мысалы, автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету кезінде) жұмыскерлерге қолданылады. Қолданыста жай мерзімдік және мерзімдік-сыйақы төлем жүйесі бар. Жай мерзімдік жүйеде жұмыскерлердің еңбегі олардың разрядтарына және істеген жұмыс уақытына сәйкес төленеді. мерзімдік-сыйақы жүйеде жұмыскерлер еңбекақыны өздерінің тарифтік ставкаларына және істеген уақытына сәйкес алады, және оларға орындалған жұмыстардың сапасы, тапсырманы уақытында орындағаны немесе басқа да өндірістік көрсеткіштері үшін сыйақы тағайындалады. Еңбекақыны жоспарлау және ұйымдастыру еңбек бойынша төлем принципін жүзеге асыруы керек, өндірісті жетілдіруі және дамытуы, еңбек етушілердің өз еңбектерінде материалдық қызығушылықтарын көтеруі, еңбекақы қоры және орташа еңбекақы бойынша белгіленген лимиттерді сақтауы қажет. Еңбекақыны дұрыс ұйымдастыруда техникалық нормалаудың үлкен мәні бар, себебі негізделген өндіру мөлшерінсіз еңбекақының неғұрлым тиімді жүйесін енгізу мүмкін емес. Өндірістің жоспарлылығын қамтамасыз ету үшін еңбек өнімділігінің өсу темпін еңбекақының өсу темпінен асып отыруы қажет. Еңбекақыны қаржыландырудың екі көзі бар - жалпы мемлекеттік  еңбек ақы қоры  және кәсіпорын табысының бір бөлігін жинау. Тарифтік ставка бойынша төлем кепілді еңбекақыны білдіреді. Еңбекақы қорын қалыптастырудың екі нормативті әдісі қолданылады: нормативті-өсімді және деңгейлі. Нормативті-өсімді әдісте еңбекақы қоры базалық жылдың еңбекақы қорының сомасы және еңбек өнімділігін есептеп шығару үшін қабылданған көрсеткіш бойынша өндіріс көлемі өсімінің (төмендеуінің) есептелген әрбір пайызына қордың өсімі (кемуі) ретінде анықталады. Автокөлік кәсіпорыны үшін мұндай көрсеткіш болып барлық қызмет түрінен түскен кіріс табылады. Еңбекақы қорының қалыптасқан бұл әдісі еңбекақы көлемін кәсіпорынның жұмыс нәтижелерімен үйлестіруге мүмкіндік береді, себебі базалық қорда өткен жылда оның қалыптасу кезіндегі барлық кемшіліктері көрсетіледі, ал соңғы нәтижесінде тек еңбекақы өсімі ғана (аз бөлігі) үйлестіріледі. Деңгейлік әдісте кірістің жалпы сомасынан өнімнің бір данасына еңбекақы нормативі орнатылады. Нормативті орнату кезінде еңбек өнімділігінің қажет өсімі және еңбекақының орташа өсімі мен еңбек өнімділігі арасындағы экономикалық негізделген қатынас ескеріледі. Шаруашылықтың нарықтық әдісінде еңбекақы қоры жұмыс істеушілердің нақты санына байланысты болмайды. Персонал санын қысқарту нәтижесінде үнемделген еңбекақы қоры жұмыскерлерге қосымша  сыйақы  жасау көзі болып табылады. Автокөлік кәсіпорынының басшылары кәсіподақ ұйымының келісімімен, жұмыстың нақты сипаты мен жағдайына қарай бекітілген еңбекақы қоры аясында еңбек өнімділігімен көбірек қамтамасыз ететін еңбекақы жүйесін (жүргізушілермен қатар жөндеу жұмыскерлері де үшін) енгізеді. Мысалы, аккордтық еңбекақы жұмыстың орындалу мерзімін қысқарту үшін жұмыскерлердің жеке тобы үшін қолданыла алады. Қажеттілік туындаған жағдайда бір мамандықты басқа мамандық бойынша орындалатын жұмыстың көлемі мен сипаты, күрделілігіне қарай сәйкес төлеммен алмастырып істеуге болады. Бұл тек егер мамандықты қосып істеудің нәтижесінде норматив бойынша есептеумен салыстырғанда жұмыскерлердің саны қысқарғанда ғана мүмкін. Автокөлік кәсіпорыны жұмыскерлерін сыйақымен марапаттау туралы типтік ереже жұмыскерлердің және қызметкерлердің жүк және жолаушы тасымалдарының жоспарын орындауға материалдық ынталандыруды,  кәсіпорынның кірісін көбейтуді, еңбек өнімділігін және пайдалылығын көтеруді қарастырады. Жүргізушілер мен жөндеу жұмыскерлерін марапаттау еңбекақы қорынан және  кірістен жиналған материалдық сыйақы қорынан төленуі мүмкін. Жүргізушілер мен кондукторларға еңбекақы төлеу үшін кесімді және мерзімдік жұмыскерлер үшін біріңғай, сонымен қатар үстемақы және төлемдер көлемі  болып табылатын сағаттық тарифтік жоспар орнатылған. Арнайыланған және арнайы, жүк автокөліктерінің III кластағы жүргізушілері үшін сағаттық тарифтік ставкалар автокөліктің типіне қарай үш топ бойынша, жүккөтергіштігі бойынша тағайындалған түріне қарай тоғыз топқа орнатылған. Мұндай дифференциация ауырлықты, күрделілікті, зияндылықты және жүргізушілердің басқа да басты еңбек шарттарын қарастырады. Бірінші топқа борттық автомобильдер, екінші топқа – арнайы және арнайыланған автомобильдердің көбісі (жүргізуші еңбегінің күрделілігі және қосымша механизмдерде қызмет көрсетулері бойынша жұмыстары), үшінші тоқа – жүргізушілердің ерекше немесе зиян еңбек шарттары бар арнайы  автомобильдер жатқызылады. Ашық тау-кендерінде, көмір, руда, рудалық емес материалдарды, шикізаттарды тасымалдайтын, химиялық және металлургия өнеркәсібінің басты өндірісі үшін қажет материалдар мен флюстерді өндіретін,  құбырлардағы  көмір қалдықтарын шығаруға, орман дайындықтарына ағаш әкелуге, жарылғыш және радиоактивті заттармен жұмыс істейтін жүк автокөліктерінің жүргізушілеріне 15 %-ға жоғары тарифтік ставка қарастырылған  (жұмыстың ерекше шарты есебінде). Автобус жүргізушілерінің тарифтік ставкасы автобустың габариттік ұзындығы мен типіне байланысты орнатылады. Олар жұмыстың ауырлығы мен күрделілігін, сонымен қатар 500 мың.адам және одан астам тұрғыны бар қалаларда жұмыс істейтін жағдайын ескереді. Автобуста жұмыс істеуге ереже бойынша II кластан төмен емес жүргізушілер жіберілетіндіктен, сағаттық ставка осы кластың жүргізушілеріне қарастырылған. Жеңіл автомобильдерде жұмыс істейтін III кластың жүргізушілері үшін (сонымен қатар арнайы автокөліктерде) сағаттық тарифтік ставкалар автомобильдің класы мен двигательдің жұмыс көлеміне байланысты қарастырылады. Арнайы дабыл құрылғысы орнатылған жедел жәрдем және жедел автокөліктерде жұмыс істейтін  ІІ кластың жүргізушілеріне осы автокөліктерде жұмыс істеу кезіндегі үлкен жауапкершілікке байланысты   жоғары сағаттық тарифтік ставкалар орнатылған. Автокөлік жүргіушілеріне сағаттық тарифтік ставкадан разряд үшін нақты жұмыс істеген уақытына ай сайын үстемақы келісідей көлемде төленеді: жүк және жеңіл автокөліктерінде жұмыс істейтін ІІ кластың жүргізушілеріне - 10 % және І кластың жүргізушілеріне - 25 %; автобустарда, жедел жәрдем және жедел жеңіл автокліктерінде жұмыс істейтін І кластың жүргізушілеріне - 15%. Жылдам жүруге негізделген жүргізушілердің еңбегі берілген кәсіпорын түрі үшін басты автокөлікте жұмыс істейтін жүргізушілердің тарифтік ставкалары бойынша төленеді. Жүк автокөліктерінде жұмыс істейтін жүргізушілер үшін ереже бойынша кесімді еңбекақы қолданылады.  Бұл еңбек өнімділігін көтеруге мүмкіндік және қажеттілікпен түсіндіріледі. Бұл жүйе бойынша еңбек, тиеу-түсіру операциялары кезінде тұрып қалған уақыт үшін келісімді бағалар бойынша 1т тасымалданған жүк үшін және 1 ткм көліктік жұмыс үшін келісімді баға бойынша қозғалыс уақытына бөлек төленеді.  1 ткм үшін төлем жүргізушілерді автокөлік жүрісін пайдалану коэффициентін көтеруде қызықтырады. Тасымалданған 1 т жүк үшін баға: ST=Cчtn-p/(qY60) мұнда    Cч- берілген автомобиль тобының ІІІ-класты жүргізушілеріне тарифтік ставкасы, тг;       tn-p-1т  жүкке келетін тиеу-түсірудегі қорытынды-дайындық операцияларын орындауға уақытты есептегендегі уақыт нормасы, мин.;              60- сағатты минутқа аудару коэффициенті. 1ткм көліктік жұмысқа баға: Sткм = Счtn/60, мұнда tn- 1 ткм  орындауға уақыт нормасы, мин. 1 ткм үшін уақыт нормасы: tn = (tдв + tп-з)/(υтqγβ). мұнда   tn - автокөліктердің қозғалыс уақыты;              tn-3 – линиядағы автомобильдің 1 сағат жұмысына қорытынды-дайындық уақыты, мин (жұмыс күніне 18 мин). 1 ткм үшін келісімді бағаны есептеуде автокөлік жүрісін пайдалану коэффициенті автомобиль-самосвал, цистерналар, панелевоздар, рефрижераторлар сияқты басқа да арнайыланған (фургондардан басқа) автомобильдерден басқа барлық автокөліктерге 0,5-ке тең алынады, олар үшін бұл коэффициент 0,45 –ке тең.  Мұнымен қоса жүргізушілердің  материалдық қызығушылықтарын көтеру үшін автокөлік кәсіпорындарының басшыларына кәсіподақ ұйымының келісімімен жүк автокөлігінің жергілікті жүріс есептік нормасын және жұмыстың нақты жағдайына қарай түзету коэффициенттерін орнату рұқсат етіледі. Екі бағытта да жүктелген автомобильдердің жұмысы кезінде, сонымен қатар қайтарылған қораптың кері бағыттағы тасымалында 1 ткм үшін бағаға 0.5 тен 1.0 дейінгі кері бағытта орындалған тонна-километрге түзету коэффициенттері қолданылады. Екі және одан көп прицептері бар борттық автомобильдердің, бір және одан көп самосвалдық прицептері бар автомобиль-самосвалдардың, соынмен қатар жүк көтергіштігі жоғары прицепті автокөліктердің (прицептің жүк көтергіштігі автомобильдің жүк көтергіштігіне тең немесе жоғары болған кезде) жұмысы кезінде келісімді бағалар 0,5 – 0,9 коэффициенттерімен қолданылады. Прицепті және жартылай прицепті сүйретпелермен жұмыс істеуде келісімді бағаға 1,2 түзету коэффициенті қолданылады. Егер жүргізушілер жүк тасымалын жолшыбай бағытта қамтамасыз етсе (автокөліктің жүксіз болған кезінде), бұл тасымал 25 % дейін көтерілген келісімді бағалар бойынша төленеді. Жүргізушілерге мерзімдік еңбекақы төлеу кезінде 25 % дейін көтерілген келісімді баға есебінде төлем жүзеге асырылады.        Тиеу және түсіру кезінде физикалық күш аса жұмсалмайтын жүктерді тасымалдау кезінде жүргізушілердің келісімімен олардың жүк тасушының міндеттерін қоса атқару мүмкіндігінде келісілген немесе  жүк көтерушінің тарифтік ставкасына сәйкес  30% көлемінде  үстемақы төленеді. Қазіргі кезде кәсіпорындарға жұмыскерлерге еңбекақы төлеуде және тапсырыс берушілермен есеп айырысу әдістерін таңдауда үлкен мүмкіншіліктер ұсынылған. Яғни, автокөлік кәсіпорындарының көбісі клиенттермен тасымал үшін жұмыс істеген уақытына бекітілген келісім тарифі бойынша есеп айырысады. Клиентпен мұндай есеп айырысуда жүргізушінің еңбегі жалпы кірістен пайызбен бағалануы керек.  Әдетте бұл пайыз бағдарлы түрде орнатылып әртүрлі автокөлік кәсіпорындары бойынша бірдей болып шығады. Автобустарды, қызмет бабындағы жеңіл көліктердің, арнайы көліктердің жүргізушілерінің, сонымен қатар автобустардың кондукторлары мен проводниктерінің еңбектері тәртіп бойынша мерзім бойынша және мерзімді-сыйақы  жүйелер бойынша төленеді. себебі автобус жүргізушілерінің жұмысы қозғалыс кестесімен регламенттелген, ал жеңіл көлік жүргізушілерінің еңбегі нормаланбайды, яғни кесімді еңбекақы олар үшін мүмкін емес. Автомобиль-такси жүргізушілерінің еңбекақысы үшін ақылы жүрістен түскен кірісті бағалау бойынша келісімді еңбекақы жүйесі қолданылады. Автомобиль жүргізушілері ТО-2 орындау үшін тартылуы мүмкін, себебі ол олардың жұмыс уақытында іске асырылады. Бұл кезде автомобильдердің қызмет көрсетуге келген уақыты жүргізушілердің тарифтік ставкасы бойынша төленеді. Күнделікті қызмет көрсету, ТО-1 және ағымдағы жөндеулер автомобильдердің ауысым арасындағы уақытта орындау үшін жүргізушілерді тартай орындалуы қажет. Аталған төлемдер мен сыйақылардан басқа, кондукторлары жоқ автобус жүргізушілеріне, жүргізушілер бригадасын  басқару үшін бригадирлерге, мерзімдік жүргізушілерге, өндіруші зауыттан орталықтанған жеткізумен айналысатын жүк тасымал көлігінің жүргізушілеріне,техникалық көмек көрсетін автомобильдерде жұмыс істейтіндерге, жөндеу жұмыстарын қоса істейтіндерге, жүк көліктерінің жүргізушілеріне жұмыстан тыс уақыттағы істеген жұмысына және жүргізушінің кінәсінсіз нормадан жоғары тұрып қалған уақыт үшін қосымша төлемдер мен үстемақылар төленуі мүмкін. Жолаушылар қатынасының үздіксіз бағытында жұмыс істейтін автобус кондукторларының еңбегі мерзімді-сыйақы жүйемен төленеді. кондукторларға олардың өндірістік қызмет көрсеткіштеріне сәйкес класс (бірінші немесе екінші) тағайындалады, олар бойынша бекітілген сағаттық ставка сәйкес келеді. Жүк және жеңіл автомобильдің жүргізушілері, автобустың жүргізушілері мен кондукторлары жеке және ұжымдық жұмыстардың нәтижелері үшін сыйақы алады, яғни, тасымал бойынша ауысымдық, күндізгі, айлық жоспарды, кірісті, еңбек өнімділігін орындағаны немесе асырып орындағаны үшін, жұмыс істеген сағат саны бойынша жоспарды орындағаны, пайдалану көрсеткіштерін жақсарту, жүкті жеткізу немесе қозғалыс кестесін орындағаны үшін тағайындалады. Жөндеу бойынша жұмыскерлердің еңбекақысының дифференциясы үшін олардың квалификациясы мен жұмыс жағдайына байланысты  үш өзара байланысты бөліктен тұратын тарифтік жүйе қолданылады: тарифтік ставкалар, тарифтік торлар және тарифтік-квалификациялық анықтама. Тарифтік жүйе еңбектің сапасын бағалаумен қатар еңбек шартын да бағалауға мүмкіндік береді. І разрядтағы жұмыскердің тарифтік ставкалары еңбекақының тарифтік жүйесінің басты элементі болып табылады, яғни уақыт бірлігіне қарапайым еңбектің минималды төлемін анықтайды және сағаттық және күндік болып бөлінеді. Бұл ставкалар еңбектің шартына, қуаттылығына, төлем формасы мен қарқындылығына байланысты дифференцияланады. Тарифтік тор бірнеше тарифтік разрядтардың жиынтығын және оларға сәйкес тарифтік коэффициенттерді білдіреді. Ол жұмыскерлердің еңбекақысын олардың квалификацияларына қарай дифференциялауға мүмкіндік береді. Тарифтік разряд жұмыскерлердің сәйкес квалификациясын, орындалған жұмыстардың күрделілік деңгейін  көрсетеді. Әрбір разрядқа тағайындалатын тарифтік коэффициент осы разрядқа жатқызылатын жұмыстың еңбекақы деңгейі І разрядқа жатқызылатын қарапайым жұмысқа  еңбекақы деңгейінен қаншаға асатынын көрсетеді. Тарифтік тор еңбектің шарты мен сипатын есепке алмайтындықтан, жұмыстың әртүрлі шарттары үшін әртүрлі тарифтік торлар: ыстық жұмыстармен айналысатын жұмыскерлерге, зиян еңбек шарттарында жұмыс істейтіндерге,   қалыпты еңбек шарттарында істейтіндерге қолданылады. Ауыр және зиян келтіретін шарттарда жұмыс істейдін жұмыскерлерге қалыпты жұмыс шарттарында жұмыс істейтіндерге қарағанда еңбекақы төлемі жоғары болады. Соынмен қатар, келісімді жұмыскерлерге және мерзімді жұмыскерлерге де тарифтік торлар бар. Жұмыскерлерге жұмыс тарификациясы мен квалификациялық разрядттарды тағайындау автокөлік кәсіпорындарының жұмыскерлері үшін Біріңғай тарифті-квалификациялық анықтамамен және алмаспайтын мамандық жұмыскерлері үшін  Біріңғай тарифті-квалификациялық анықтамамен сәйкес жүзеге асырылады. Автомобиль көлігі кәсіпорындарында техникалық және жөндеу жұмыстарымен айналысатын жұмыскерлердің еңбегі мерзімді, мерзімді-сыйақы және кесімді жүйе бойынша төлене алады. Жылжымалы құрамды жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша тапсырманы сапалы және мерзімнен бұрын орындауды қамтамасыз етуде, еңбек өнімділігі бойынша жоспарды орындау және асырып орындау, еңбек сыйымдылығын нормативтіден салыстырғандағы төмендеуін, сонымен қатар пайдалану шығындары мен жылжымалы құрамды жөндеуде жоғары сапаны сақтаған жағдайда жөндеу жұмыскерлері сыйақы алады. Автомобильді күрделі жөндеумен және қоймаға өткізу үшін бөлшектерді жасап шығарумен айналысатын автокөлік кәсіпорынының жұмыскерлері үшін кесімді еңбекақы жүйесі қолданылуы мүмкін. Мұнымен бірге қалыпты және ауыр еңбек жағдайлары үшін еңбекақы ставкасына алты разрядтты тарифтік тор қолданылады. Көрсетілген категория жұмыскерлері үшін кесімді еңбекақы жүйесі еңбек өнімділігін көтеруге ықпал етеді.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы автокөліктік қызметтердің нарығын құрудағы алғышарттар мен жағдайлар