Қазақстан Республикасындағы еңбек ақыны мемлекеттік реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2014 в 15:08, курсовая работа

Описание работы

Еңбек ақы – бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге асыруға көмектестін маңыздық экономикалық құрал. Шаруашылық субъектісінің түріне қарамастан әрбір қызметкердің кірісі субъект жұмысының түпкілікті нәтижелерін ескергенде, оның жеке үлесімен анықталады және салықтармен реттелінеді.

Содержание работы

Кіріспе
І. Еңбек ақы туралы жалпы түсінік
1.1. Еңбек ақының түрлері, еңбек ақы төлеудің нысандары мен жүйелері.
1.2. Қосымша еңбек ақыны құжатпен рәсімдеу және есептеу
ІІ. ҚР-ның еңбек ақы
2.1. 2007-2008 жылдардың ҚР-ның еңбек ақының жалпы қоры
2.2. Еңбек ақыдан ұстап қалулар мен төлемдер
2.3. Еңбек кодексі: негізгі ерекшеліктері мен жаналықтары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

333_SV9.doc

— 244.50 Кб (Скачать файл)

Еңбек ақыдағы айырмашылықтар облыстың қалаларына да, аудандарына да тән. 2008 жылғы қаңтар-тамыздағы  ең жоғары атаулы еңбек ақы Риддер қаласында (60100 теңге), ең төмен еңбек ақы – Тарбағатай ауданында (28902 теңге) тіркелді. Облыс бойынша орташа алғандағы шамадан жоғары еңбек ақы облыстың 3 өңірінде, төмен еңбек ақы мөлшері – 16 өңірде қалыптасты. 

2007 жылдың қаңтар-тамызына  қатысты алғанда Риддер қаласында (30,2%), Глубокое (25,9%), Ұлан (23,8%), Бородулиха (23,4%), Зырян (22,9%), Шемонаиха (19,6%) аудандарында атаулы еңбек ақының айтарлықтай жоғары өсімі байқалды.

Қазақстанның барлық өңірлері бойынша 2007 жылдың тамызына қатысты алғанда 2008 жылғы тамызда орташа айлық атаулы еңбек ақының тұрақты өсуі байқалады.

2008 жылғы қаңтар-тамызда  Республика бойынша орташа айлық атаулы еңбек ақы 59,1 мың теңге көлемінде қалыптасты. Республика бойынша орташа алғанда атаулы еңбек ақының өсу қарқыны 117,8%-ды, нақты жалақы индексі – 98,7%-ды құрады. Шығыс Қазақстан облысында тиісінше 117,8-ды және 99,9%-ды құрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             2007-2008 жылдары Қызылорда облысындағы еңбек ақы

 

2008 жылғы қазанында бір қызметкердің орташа айлық атаулы еңбек ақысы 53553                теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 13,6 пайызға өскен, нақты көрінісінде -  0,3 пайызға, қаңтар-қазанында –  53010 теңге,  атаулы көрінісінде 15,5 пайызға өсті, ал нақтыда – 1,3 пайызға төмендеді.

 

 




 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

Жалдамалы қызметкерлердің еңбек ақысының көбеюі экономикалық қызметтің барлық түрлерінде байқалды. 2008 жылдың қазанында өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда қызметкерлердің еңбек ақысы өнеркәсіп саласында 25,6 пайызға, саудада – 23,8 пайызға, құрылыста – 22,7 пайызға, жылжымайтын мүлікпен операцияларды жүзеге асыру саласында – 22,4 пайызға, көлік және байланыста – 16,5 пайызға өсті.

2008 жылдың қазанында қаржы саласындағы қызметкерлердің орташа еңбек ақысы 87,7 мың теңгені құрды, бұл облыс бойынша орташа еңбек ақыдан 1,6 есеге жоғары, көлік және байланыста – 74,5 мың. теңге (39,2 пайызға), жылжымайтын мүлікпен операцияларды жүзеге асыру саласында – 69,2 мың теңге (29,3 пайызға), құрылыста – 64,0 мың теңге (19,6 пайызға). Ең төменгі еңбек ақы ауыл шаруашылығы қызметкерлерінде – 22994 теңге болып қалыптасты (бұл облыс бойынша орташа еңбек ақыдан 57,1 пайызға төмен), коммуналдық, өлеуметтік және дербес қызмет көрсетуде – 31778 теңге (40,7 пайызға), білім беруде – 32689 теңге (38,9 пайызға), денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер саласында – 36913 теңге (31,1 пайызға),.

Өнеркәсіптегі еңбек ақы 2008 жылдың қаңтар-қазанында 100131 теңгені құрап, 2007 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 25,6 пайызға өсті. Өнеркәсіп салалары ішінде ең жоғары еңбек ақы алатын өңдеу саласынын қызметкерлері, мұндағы еңбек ақы 168,5 мың теңгені құрады.

 

 

 

                         Еңбек ақылардан ұстап қалулар мен төлемдер

 

   Еңбек ақыдан ұстап қалу тек заңда көзделген жағдайларда жүргізіледі. Әрбір жалақы төлемі кезінде барлық ұстап қалулардың жалпы мөлшері еңбек ақының 50% - нен аса алмайды.

   Қызметкердің еңбек ақысынан бухгалтерия ұсталымдарының мынадай түрлерін ұстап қалады:

  • Табыс салығын;
  • Орындаушы қағаздар бойынша;
  • Несие сатып алынған тауарлар үшін тапсырмалар мен міндеттемелер бойынша;
  • Жазбаша тапсырмалар, жеке сақтандыру шарттары бойынша;
  • Егер шаруашылық субъектісі кәсіподақтардың немес тәуелсіз кәсіподақтардың федерация кеңесінде тіркелегн болса, 1% - тік кәсіподақ жарнасы;
  • Еңбек ақы есебінен берілген авансты өтеу;
  • Жеке тұрын – үй құрылысына берілген несиені  өтеу есебінен;
  • Жұмысшының жазбаша келісімі бойынша шауашылық субъектісіне тиесілі тұрғын үй үшін пәрет ақы төлеу;
  • Демалыстың өтелмеген күндері үшін;
  • Кәсіпорынға келтірілген зияндыөтеу;
  • Айыппұлдар мен мойнындағы ақша;
  • Ведомстволық мектепке дейінгі мекемелерде балаларды ұстау үшін.

   Табыс салығын  ұстау. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туаралы» ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес (01.01.98 ж. өзгерістерін ескергенде) жылдық орташа кіріс пен шегерімдер арасындағы айырма ретінде есептелген кіріс салық салу объектісі болып табылады.29- бапқа сәйкес табыс салығын есптеу салық жыл ішінде біркелкі (ай сайын) жүргізіледі. Соған байланысты 1.01.97 ж.бастапқы қайта есептеу коэффициенті өндіріледі. Мұның өзі 12 саныны салық салынатын кірістің сомасы анықталатын айлар санына қатынасы болып табылады. Қаңтар = 12 (12/1), ақпан = 6 (12/2), наурыз = 4 (12/3), желтоқсан = 1 (12/12). Салық жылы аяқталғанға дейін қызметкер жұмыстан кететін болса, ол алған нақты табысқа орай табыс салығын қайта есептеу керек. Қажет болған жағдайда кірістің есептік сомасынан аванспен ұсталған табыс салығының сомасын қайтару қажет.

   Халықтың соттың шешіміне, нотариалыд органдардың атқарушы  жазуларына, өтем алу туралы әкімшілік органдардың қаулысына сәйкес берілетін атқарушы қағаздар бойынша ұстап қалу негізгі  еңбек ақыдан, тұрақты сипаттағы барлық қалған төлемдерден, соның ішінде сыйақылар мен еңбекке уақытша жарамсыздық жөніндегі жәрдемақыдан жүргізіледі. Келіп тұскен атқарушы қағаздар арнайы тізілімде тіркелуге тиіс. Алименттер есепті айдағы негізгі және қосымшаден табыс салығы ұсталғаннан кейін  қалған сомадан ұсталады. Кәмілетке толмаған балаларды күтуге арналған алимент бір бала үшін еңбек ақының 25% мөлшерінде, екі бала үшін – еңбек ақының 33% - ті, үш және одан да көп балар үшін - 50% - тін құрайды. Белгіленген төлем күнінен кейінгі үш күн ішінде ұсталған алиметтер сомасы алушыға төленуге  немесе  өтем алушының шотына аударылуы керек.  Борышкер кәсіпорыннан кететін болса, шаруашылық субъектісінің бухгалтериясы атқарушы қағазға  барлық ұсталған алиметтер туралы белгі қйып, оны мөрмен растайды, егер белгілі болса, оның жаңа жұмыс орыны немесе тұратын жерін көрсетеді.

   Несиеге сатылған тауарлар үшін ұстап қалу саудаласушы ұйымның жазбаша тапсырмасы, міндеттемесі негізінде жұргізіледі. Есептеудің екі әдісі бар:

   1 - әдіс. Субъект банктен (немес өз құжаттары есебінен)  қарыз алады және саудаласушы кәсіпорынмен талықтай есеп айырысады да, тауарды өз қызметкеріне сатып әпереді. Осы тауарларды алған қызметкерлердің еңбек ақысынан ай сайын белгілі бір сома ұстап отырады. Мұның өзі қызметкердің шаруашылық  субъектісі алдындағы берешегін кемітуге жатады.

   2 - әдіс. Сауда жасаушы ұйымның жазбаша тапсырма – міндеттемесінің негізінде (таураларды қызметкерлер сатып алғанда) қызметкердің еңбек ақысынан ай сайын беліглі бір сома ұсталады және сауда жасаушы ұйымның шотына аударылады.

   Материалдық залалды (кемшілік, ұрлық – қарлық) өтеу бойынша ұстап қалу көшірмелердің, жалпы жиналыстың хаттамасының сот органдары шешімінің негізінде жүргізіледі. Мұнда ұстап қалудың мөлшері мен мерзімі көрсетіледі. Ақаудан және бүлінуден болған ысыраптар ақау туралы актінің негізінде өтеледі.

   Кәсіподық жарналарын ұстап қалу айға есептелген еңбек ақының барлық сомасын 1% мөлшерінде жүргізіледі.

   Берілген жоспарлы және жоспардан тыс аванстар сақтандыру қағаздарының немес сақтандыру агенттерінің куәлігі (ұйғарымы) негізінде ұсталады.

   Қызметкерлермен есеп айырысуды рәсімдеудің тәртібі. Депоненттелген еңбек ақының есебі:

   Есеп айырысу және есеп  айырысу  - төлем ведомостері еңбек ақы бойынша есеп айырысудың негізгі тіркелімі болып табылады. Бұл еңбек ақы бойынша әрбір қызметкерден ұсталатын барлық ұсталымдардың түрлері бойынша деректер көрсетілетін жиынтық деркетер.

   Қызметкерлермен есеп айырысудың 4 түрі бар:

  1. Т – 49 нысынындағы есеп айырысу – төлем ведомосі бойынша, мұнда еңбек ақыдан ұсталатындардың барлығы көрсетіледі және еңбек ақыны төлеу жүргізіледі.
  2. Т – 50 нысаындағы есеп айырысу ведомосі бойынша,   мұнда еңбек ақы мен барлық ұсталымдардың есебі жүргізіледі. Еңбек ақыны беру тікелей жазылған төлем ведомосі бойынша дара жүргізіеледі.
  3. Т – 2 нысанындағы «Еңбек ақымен есеп айырысу» қағаздары бойынша, мұнда бір қызметкерге есептеу мен ұстап қалулар жүргізіледі. Еңбек ақыны төлеу төлем ведомосі бойынша жүргізіеді.
  4. Жылдың есеп айырысу ведомостері, кітап болып түптелген салым қағаздары бойынша. төлем еңбек ақы төлеу ведомосі бойынша жүргізіледі.

   Төлем ведомостері бойынша  еңбек ақы төлеу есеп айырысу шотына кассаға ақша алу күнін қоса алғанда, белгіленген үш күн ішінде жүргізіледі. Төлем ведомосіне басшы мен бас бухгалтер қол қояды. 3 күн өткеннен кейін төлем ведомосі жабылады. Бұл орайда берілген еңбек ақының сомасы жолдар бойынша тексеріледі және жалпы сомаы есептеледі. Еңбек ақысын алмаған адамдардың аты – жөнінің тұсына «депоненттелді« деген жазу жазыады және берілмеген еңбек ақының жалпы сомасы банкке өткізіледі. Бұл орайда кассир берілмеген еңбек ақылардың ведомосін жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Еңбек кодексі: негізгі ерекшеліктері мен жаналықтары

 

Үстіміздегі жылғы 15 мамырда Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне қол қойды. Еліміздің қазіргі заманғы экономикалық талаптарына және халықаралық еңбек саласының стандарттарына сай келетін бұл кодекс еңбек қатынастарын құқықтық реттеудің жаңа моделі қалыптасуына негіз болатыны анық.

Еңбек қатынастарының заңнамалық реттелуі Конституциядан бастау алады. Еңбекті реттеуде қоғам мен мемлекет үшін кодификацияланған бұл заңның маңызы айрықша.

Енді Еңбек кодексінің негізгі ерекшеліктері мен жаңалықтарына тоқталайық.

Біріншіден, Кодекс Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) ұсыныстарына негізделіп әзірленген және ХЕҰ сараптауынан өткізілген. 2005 жылдың ақпан айында жалпы қоғамдық талқылау мақсатында Кодекстің мәтіні бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды, сонымен қатар бірнеше конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізілді. Дамыған мемлекеттердің тәжірибесі дәлелдеп отырғандай, еңбек қатынастарына мемлекеттің тым жиі араласуы экономикалық өсуді тек тежейтіні белгілі. Құжаттың басты бір ерекшелігі, еңбек рыногы субъектілерінің арасындағы еңбек қатынастарын реттеуде мемлекеттің қатынасу шегін анықтап, ұжымдық немесе жеке келісім негізінде реттелуіне кеңінен мүмкіндік беру болып табылады.

Екіншіден, Еңбек кодексінің жобасы алдымен Парламент Мәжілісінде қаралып, Сенатқа 2006 жылдың қараша айында келіп түсті. Мәжілісте кодекс жобасымен жұмыс барысында мыңға жуық ұсыныстар қаралды, жоба айтарлықтай толықтырылды. Үкімет бірқатар бюджеттік шығысы бар нормаларды қолдады. Атап айтқанда, мәжбүрлілік салдарынан жұмыста болмай қалғандағы уақытқа орташа еңбек ақы мөлшерін төлеу мерзімін 3 айдан 6 айға дейін ұзарту, ауылдық жерлерде азаматтық қызметкерлердің жоғарылатылған лауазымдық мөлшерін және тарифтік ұстанымды нақтылау мен жұмысшыларға жыл сайынғы еңбек демалысының төменгі ұзақтығын 24 күнтізбелік күннен кем емес етіп белгілеу және басқалары.

Сенатта бір дөңгелек үстел, комитеттің екі кеңейтілген отырысы, палатаның екі жалпы отырысы және жұмысшы топтың ондаған отырыстары өткізілді. Кодекс жобасына тек Сенаттың депутаттарынан, комитеттерінен, бөлімдерінен ғана емес, сонымен бірге кәсіподақтардың, жұмыс берушілердің ұйымдарынан, еңбек ұжымдарынан, басқа да қоғамдық бірлестіктерден түскен ұсыныстар да қаралды, олардың жалпы саны алты жүзге жуық болды.

Үшіншіден, еңбек қатынастарын реттеуде ең үлкен мәселе, ол еңбекке ақы төлеу мәселесі. Бұл мәселеге кодексте ерекше көңіл бөлінген. Айлық еңбек ақының ең төменгі мөлшері жыл сайын тиісті қаржы жылына арналған Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді және ол қосымша ақылар мен үстеме ақыларды, өтемақы төлемдерін, сыйлықақылар мен басқа да  ынталандыратын төлемдерді қамтымайды және жұмыс істелген уақытқа барабар төленеді.

Еңбекке ақы төлеудің ең төменгі стандарты тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген айлық еңбек ақының ең төменгі мөлшерін және салалық келісімдерде анықталып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін салалық арттырушы коэффициенттерді есептеп айқындалады.

Өз еңбек міндеттерін (еңбек нормаларын) орындаған қызметкердің сағаттық жалақысының ең төменгі мөлшері тиісті күнтізбелік жылдағы жұмыс уақыты балансына сәйкес орташа айлық жұмыс сағатының санына бөлінген айлық еңбек ақының ең төменгі мөлшерінен кем болмауға тиіс.

Бірінші разрядты қызметкердің еңбек шартының, ұжымдық шарттың және (немесе) жұмыс берушінің актілерінің талаптарында көзделген айлық еңбек ақысының ең төменгі мөлшері немесе айлық тарифтік ставкасының мөлшеріне тиісті болады және Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген айлық еңбек ақының ең төменгі мөлшерінен кем болмауға, ал ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлер үшін – еңбекке ақы төлеудің ең төменгі стандартынан кем болмауға тиіс.

Жұмыс күні толық болмаған немесе ол толық жүктелмеген кезде нақты орындалған жұмыстар үшін, сондай-ақ уақытша немесе біржолғы сипаттағы жұмыстарға ақы төлеу үшін еңбек шарты мен ұжымдық шарттың талаптарымен және (немесе) жұмыс берушінің актісімен еңбекке сағаттық ақы төлеуді белгілеуге болады. Үстеме жұмысқа кемінде бір жарым есе мөлшерде артық ақы төлеу көзделген. Мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа кемінде екі есе мөлшерде артық ақы төлеу көзделген. Түнгі уақыттағы жұмыстың әр сағатына кемінде бір жарым есе мөлшерде артық ақы төленеді. Еңбек ақы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы ақшалай нысанда айына кемінде бір рет, келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей төленеді. Еңбек ақы төленетін күн еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделеді.

Төртіншіден, еңбек өнімділігі мен біліктілікке негізделген еңбекке ақы төлеу жүйесімен жүзеге асырылатын адам капиталына жұмсалып жатқан инвестицияны анықтап отыру. Біліктілігі жоғары жұмыс пен біліктілігі төмен жұмыстарға тең мөлшерде ақы төленбеуі тиіс, сонда жұмысшының өзінің кәсіптік біліктілігін арттыруға қызығушылығы арта түседі. Бұл ретте, еңбекке ақы төлеу мөлшерін анықтау еңбекті нормалау негізінде жүзеге асыру ұсынылады.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы еңбек ақыны мемлекеттік реттеу