Банктік тәуекелдер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2013 в 19:33, реферат

Описание работы

Әдетте бәсеке деп белгілі бір нарықтағы заңды тұлғалар арасындағы қарсыластықты айтады. Теорияға сәйкес ол – қарсыластың сол нарықтағы сатып алушылар мен сатушылардың санына, сондай–ақ олардың операцияларының ауқымына байланысты анықталады. Егер де біз банктік бәсеке туралы айтсақ, онда оның еркін нарықтағы бірқатар белгілерін қарастыруға болады.
Бірінші белгісі – капиталдар нарығында қаржылай қызмет көрсететін көптеген қаржылық институттардың болуы.
Екінші белгісі – әрбір нарыққа қатысушыларда толық ақпараттар көлемінің болуы. Онсыз ол әрекетін дұрыс таңдай алмайды.
Үшінші белгісі – барлық қатысушылардың нарыққа шығарылатын қаржылық өнімдерінің (депозиттер, несиелер және басқа да қызметтер) бірыңғайлығы.

Содержание работы

Банк ісіндегі бәсекелестік


Банк ісіндегі тәуекелділік




Қорытынды



Пайдаланған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Банктік тәуекелдер.doc

— 57.00 Кб (Скачать файл)

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Банктік тәуекелдер

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар

 

 

 

  1. Банк ісіндегі бәсекелестік

 

 

  1. Банк ісіндегі тәуекелділік

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Банк ісіндегі бәсекелестік

 

     Әдетте бәсеке деп белгілі бір нарықтағы заңды тұлғалар арасындағы қарсыластықты айтады. Теорияға сәйкес ол – қарсыластың сол нарықтағы сатып алушылар мен сатушылардың санына, сондай–ақ олардың операцияларының ауқымына байланысты анықталады. Егер де біз банктік бәсеке туралы айтсақ, онда оның еркін нарықтағы бірқатар белгілерін қарастыруға болады.

     Бірінші белгісі – капиталдар нарығында қаржылай қызмет көрсететін көптеген қаржылық институттардың болуы.

     Екінші белгісі – әрбір нарыққа қатысушыларда толық ақпараттар көлемінің болуы. Онсыз ол әрекетін дұрыс таңдай алмайды.

     Үшінші белгісі – барлық қатысушылардың нарыққа шығарылатын қаржылық өнімдерінің (депозиттер, несиелер және басқа да қызметтер) бірыңғайлығы.

     Төртінші белгісі – ешбір қатысушы басқа қатысушылардың қабылдаған шешімдеріне ықпал ете алмайды.

     Бәсекелестік кез келген істе керек және ол еркін нарықта тиімді. Бәсекелестік бар жерде кез келген қызмет тиімді болады, өнімге немесе қызметке деген баға төмен және тұтынушыларға тиімді. Осыған байланысты банктік капиталы неғұрлым мол шоғырланған ақша нарығыңдағы қарыздар бойынша пайыздар, аз шоғырланған нарық қарағанда, жоғары болуы тиіс; сөйтіп тиісінше, банктің табысы да соғұрлым жоғары болады деген қорытынды туады. Әйтсе де, банк ісіндегі бәсекелестікті зерттеу нәтижесі мұндай болжамдардың болу мүмкіндігін сөзсіз құптамайды.             Зерттеулердің біреуі банктердің қөп болған сайын пайыз деңгейі соған сәйкес төмендейтінін көрсетсе, басқалары. Керісінше, яғни банктердің шоғырлануымен несие үшін пайыздық мөлшерлеме деңгейі арасындағы байланыс әлсіз екенін көрсетеді.

     Тәжірбиеде ірі банктер майдаларға қарағанда жинақ салымдары бойынша жоғарырақ пайыз төлейді, қарыз бойынша төменірек пайыз алады.

     Ірі банктердің ірі клиенттерге қарыз беруі кішігірім банктердің ұзақ– түйек қарыз берулеріне қарағанда азырақ тәуекелге барып, әрі елеусіз шығындар жұмсауымен байланысты болады. Сонымен қатар, ірі банктерде мерзімді салымдардың салмақты бөлігі ірі депозиттік сертификат нысанында болып табылады, олар бойынша басқарушылық шығындар көлемі шамалы және салыстырмалы түрде жоғары пайыздар төлейді. Ірі банктер ынталылырақ болады және олар банк қызметінің жаңа салаларында жаңашылдар болып шығады өз активтерінің көп бөлігін несиелік операцияларға бағыттайды.

     Әлемдік банктік индустрия 60–жылдардың соңынан бастап біршама өзгерістерді басынан өткізді. 70–80 жылдары белсенділік көрсеткен бәсекелестік бірқатар факторлармен шарттастырылады.

     Біріншіден, банктік индустрия интернационалдану тенденциясына ие болды. Бұл шетелдік бәсекелестік нарықтарға өзара енуіне әкелді, нәтижесінде жалпы нарықта ерекше көрінген ақшалай банктермен болады. Осында пайда болған шетелдік банктер жаңа банктік қызметтер, жаңа мәдениет т.б. тәрізді клиенттердің сұраныстарын қанағаттандыруға қатысты қызметтердің түрлерін өздерімен бірге ала келді.

     Екіншіден, салымдардың салықтық жүйесін өзгертетін дәстүрлі капиталдардың жаңа нарықтары ашылды. Банктердің пассивтерінің үлкен бөлігі дамып келе жатқан банкаралық нарық, бағалы қағаздардың әр түрлерін шығару мен сатуды.

     Үшіншіден, банктік индустрия оны банктік заңдылықтар тарапынан тежеуге қарамастан көптеген елдерде дифферсификациялана бастады. Банктер – бантік емес операциялар сферасына еніп, маңызы бойынша әмбебап несиелік мекемелер болды. Банктердің бөлек типтері арасындағы шекараның ашылуы – банктер арасында ықпал ету сферасы үшін бәсекелестікті нығайтты.

     Төртіншіден, өткір бәсекелестіктің көрінісінің бірі болып ақша нарығына жұмыс істеп тұрған қаржылық мекелердің акцияларын құру, не сатып алу жолымен өзіне жаңа несиелік және есеп айырушылық, инвестициялық, т.б. операцияларды игерген банктік емес қаржылық– несиелік мекемелер мен ірі қаржылық корпорациялардың басып кіруін атауға болады.

     Бесіншіден, бәсекелестік банктік қызметтегі жеке тұлғаларға қызмет көрсету бойынша да өсе түсті. Жинақ және қарыздық банктердің ынтасы бойынша жүргізілетін салымшылардың қаражаттарын тиімді тарту олардың коммерциялық банктермен бэсекелестігін шиеленістіре түсті. Олар салымшылардан жауап алу үшін халық қолма–қол бөлшекті қаржылық қызметтері әлде қайда кеңейтті, олардың сапасын жоғарылатты – бұл дегеніміз тұлғалық зайымдар, несиелік қаржыландыру, сақтандыру алғашқы және қайталанбалы кепілге салулармен операциялар, т.б. көптеген банктердің депозиттік қоймасының негізін, олар үшін басқа қаржылық институттармен қатал күрес жүріп жатқан клиенттердің аз табысты континенті құрайды.

Сонымен, қазіргі кезде банктік  индустрия көбірек бәсекелестік қабілетті болды.

     Әр түрлі қаржылық институттар арасындағы болған дәстүрлі ерекшеліктер тез өшірілуде. Бәсекелестердің көбі өз қызметін ұлттық шекара шеңберінен тыс жерлерге таратып глобальды көлемде қызмет ете алды. Бұдан басқа заң жағынан қойылатын шектеулермен ұсталынбайтын көптеген нарық субъектілері пайда болды, бұл бұларға бәсекелестік күресте сөзсіз артықшылық берді.

     Біздің елде банктік жүйедегі өткір бәсекелестік туралы айту әлі ерте. Бізде банктер саны көп, бірақ олар әлі де бәсекелестікке қабілетсіз.

     Банктік заңдарда, банктердің жарғылық қоры қандай көздерден құралғанына байланысты оларды: мемлекеттік, жеке меншік, акционерлік, аралас және шетелдік банктер деп жіктейді.

      Банктерді ұйымдастырудың акционерлік формасының ерекшеліктері мен артықшылықтары неде? «Шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар туралы» заңға сәйкес, біріншіден, акционерлік қоғам – бұл құрылтайшылардың (акционерлік қоғамының қатысушыларын құрылтайшылар дейді) меншік құқығын, Ұлттық банк берген лицензия негізінде шығарылатын акциялармен куәландырылатын заңды тұлға. Акционерлердің банк меншігіндегі үлесі мен табысы сатып алынған акциялардың санымен тікелей байланысты. Акционерлердің жауапкерлішігі тек сатып алынған акция сомасымен ғана шектелген. Егер банк банкротқа ұшыраса немесе өз қызметін тоқтатса, барлық кінә жеке акционерлерге емес, банкке қойылады.

     Банкті басқаруда акционердің жауапкершілігі тек басқарманы сайлау мен жылдық жиналыстарда банк саясатына қатысты сұрақтар бойынша дауыс берумен шектеледі.

     Банкті ұйымдастырудың акционерлік емес формасы (үлестік жарнама формасы) қатысушылардың меншік құқығын куәландыратын қандай да бір формалды куәлікті қажет етпейді.

     Үлес қосушы банк қызметімен байланысты бар тәуекелді өз мойнына алады да, оның барлық міндеттері бойынша жауап береді. Банкрот болған жағдайда кінә банкке және де өзінің бар мүлкімен жауап беретін әрбір үлескерге қойылады.

      Екіншіден, акционер өз акцияларын басқа тұлғаға бере алады. Бұл жерде банктің қызмет етуі жекелеген акционерлердің қоғамнан шығуына, біліксіздігіне банкроттыққа ұшырауына байланыссыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Банк ісіндегі тәуекелділік

 

     Банк ісіндегі тәуекел кәсіпкерліктің шешуші элементі. Тәуекелдің ерекшеліктері кәсіпкерлік істе белгісіздік, күтпегендік, сенбеушілік болжамдылық жетістікке жетуге кедергі болуы мүмкін. «Кәсіпкерлік іс туралы» заңда жазылғандай кәсіпкерлік іс өз тәуекелділігіне, кәсіпорынның ұйымдастыру құқықтық формасы шегіндегі мүліктік жауапкершілігіне негізделген.

     Банк ісіндегі тәуекелділікті бәсеңдету үшін бірнеше әдістер бар: кәсіпкерлік жоба жасауға істі жетік білетін кеңесшілерді, мамандарды тарту; жобалау алдындағы мүмкін болатын қиындықтарды жете білу; өндірілетін өнімге сұранысты болжау; тәуекелділікті жобаға қатынасушылардың өзара бөлісуі; сақтандыру; болжамсыз шығындарды жабуға керекті қаражатты кезекке ұстау.

     Тәуекелдің жұмыс тапсырушы мен жұмысты орындаушы арасындағы бөлінуінің жалпы концептуалды моделін.

     Тәуекелділіктің бірнеше түрі бар: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, инвестициялық, нарықтық.

     Коммерциялық тәуекел – бұл кәсіпкердің сатып алған өнімді нарықта өткізуінде пайда болады. Коммерциялық келісім жағдайында бағаның төмендеуін, тауар өткізуде кездесетін қосымша шығындарды ескеру керек.

Қаржылық тәуекел –  қаржылық кәсіпкерлік ісінде кездеседі. Мысалы, қаржылық келісім тәуекелділік шарттасушылардың бір жағының төлем  қабілеттілігінің кемдігінен пайда  болуы, т.б.

     Инвестициялық тәуекел – бұл кәсіпорынның өзінің және сатып алған құнды қағаздарының құнсыздануы арқылы болуы мүмкін.

     Банк ісіндегі тәуекел – бұл ұлттық ақша бірлігінің нарықтағы процент ставкасының немесе шет ел келісім серіктестіктерінің валюта курсының өзгеруімен байланысты.

     Ойлаған жобаны іске асыру мақсатында потенциалды серіктестіктерді неғұрлым көп тарту үшін тәуекел талдау жасайды.

     Тәуекелді талдаудың схемасы:

      Нақты тәуекел түрлерінің ішкі және сыртқы факторларының ықпалдарын айқындау.

      Айқындалған факторларды талдау.

      Нақты тәуекел түрін қаржы жағынан екі тәсілмен бағалау:

а) қаржылық тұрақтылығын, дәулетін анықтау;

б) жұмсалатын қаражаттың экономикалық тиімділігін анықтау.

Тәуекелдің жорамал  деңгейін анықтау.

Бөлек операцияларының  тәуекелдерінің жорамал деңгейін талдау.

Тәуекелді бәсендету  үшін шаралар жасақтау.

Екінші басты мәселе тәуекелден келетін зияндар түрлерін анықтау.

Материалдық зиян – бұл  жобада қаралмаған өндірістік шығындар, немесе тікелей материалдық объектілерді, өнімдерді, материалдарды, шикізаттарды жоғалту.

      Еңбек зияны – жұмыс уақытын жою, кехдейсоқ немесе болжамсыз себептермен болған жағдайда.

      Қаржылық зиян – бұл тікелей ақшалай зиянмен байланысты: төлемдер, айыптар, уақыты озған несиелерді төлеу, қосымша салықтар т.б.

      Уақытты жою – бұл егер кәсіпкерлік іс жобалы уақыттан кейін қалатын болса пайда болады.

      Арнайы зиян түрлері – бұл зияндар адам денсаулығына және адам өміріне, қоршаған ортаға, кәсіпкердің беделіне кесел келтіретін жағдайлар.

Саяси факторларға байланысты: іскерлік белсенділіктің бәсеңдеуі, еңбек және орындау тәртібінің деңгейінің бәсеңдеуі, төлем мен өзара есептесудің бұзылуы, салық ставкасының тұрақсыздығы т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қортынды

 

 

      Әдетте бәсеке деп белгілі бір нарықтағы заңды тұлғалар арасындағы қарсыластықты айтады. Теорияға сәйкес ол – қарсыластың сол нарықтағы сатып алушылар мен сатушылардың санына, сондай–ақ олардың операцияларының ауқымына байланысты анықталады. Егер де біз банктік бәсеке туралы айтсақ, онда оның еркін нарықтағы бірқатар белгілерін қарастыруға болады.

     Банк ісіндегі тәуекел кәсіпкерліктің шешуші элементі. Тәуекелдің ерекшеліктері кәсіпкерлік істе белгісіздік, күтпегендік, сенбеушілік болжамдылық жетістікке жетуге кедергі болуы мүмкін. «Кәсіпкерлік іс туралы» заңда жазылғандай кәсіпкерлік іс өз тәуекелділігіне, кәсіпорынның ұйымдастыру құқықтық формасы шегіндегі мүліктік жауапкершілігіне негізделген.

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

 

 

  1. Банк ісі. Мақыш С.Б., Ілияс А.Ә. Оқу құралы – Алматы : Қазақ университеті, 2007 ж.
  2. Банковское дело. Учебник/ Под.ред. д.э.н., проф. Г.Г. Коробовой; -М.: Экономист, 2004.-75с.
  3. Банковское дело: управление и технология: Учебное пособие для вузов / Под. Ред. Проф. А.М. Тавасиева. –М.: Юнити- Дана, 2001.-863с.

Информация о работе Банктік тәуекелдер