Білім беру жүйесіндегі бухгалтерлік есептің тұжырымдамалық моделі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2014 в 09:03, реферат

Описание работы

Қазіргі бухгалтерлік есеп – бұл ұйымның қаржылық есептілігін қалыптастыруға негізделген негізгі ақпараттық жүйесі. Бухгалтерлік есептің мақсаты болып, ішкі және сыртқы қолданушыларды толық әрі сенімді ақпаратпен қамтамасыз ету және қалыптастыру болып табылады.
Басқарушылық шешімдерді қабылдауды қоладылатын ақпарат, өзінің обьектісі, пәні және зерттеу әдісі бар басқа да ғылым секілді, бухгалтерлік есеп жүйесінде қалыптасады. Осылайша, «бухгалтерлік есептің обьектілері болып ұйымдардың мүліктері, ұйымдармен олардың қызметтері арасындағы пайда болатын, міндеттемелер мен шаруашылық іс-жүргізу кезеңі» болып табылады.

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word (2).doc

— 43.50 Кб (Скачать файл)

Білім беру жүйесіндегі  бухгалтерлік есептің тұжырымдамалық моделі

Қазіргі бухгалтерлік есеп – бұл ұйымның қаржылық есептілігін  қалыптастыруға негізделген негізгі  ақпараттық жүйесі. Бухгалтерлік есептің  мақсаты болып, ішкі және сыртқы қолданушыларды толық әрі сенімді ақпаратпен қамтамасыз ету және қалыптастыру болып табылады. 

Басқарушылық шешімдерді қабылдауды қоладылатын ақпарат, өзінің обьектісі, пәні және зерттеу әдісі бар басқа  да ғылым секілді, бухгалтерлік есеп жүйесінде қалыптасады. Осылайша, «бухгалтерлік есептің обьектілері болып ұйымдардың мүліктері, ұйымдармен олардың қызметтері арасындағы пайда болатын,  міндеттемелер мен шаруашылық іс-жүргізу кезеңі»  болып табылады.

Бухгалтерлік есеп шаруашылық обьектілердің  және процестердің рәсімделуі арқылы көрнекі қалыптасады. Бухгалтерлік есепте моделдеу, жұмыс барысында негізгі қабылдау ретінде, бухгалтерлік есеп обьектілерінің жағдайының сипатын нысандалған түрінде жұмыс жасауы және шаруашылық қызметтің дерегін көрсетудегі басымды адымдары түріндегі бухгалтерлік тәртіп қарастырылады. Моделдеу арқылы тәжірибеде негізінде кездесетін бухгалтерлік санаттар және құрылымдары ашылады.

Бухгалтерлік есеп өлшеудің қиын жүйесі ретінде ұйымның құраушыларының құралдары және берілген амалдарды  ұсыну мен талдау, жинақтау, өңдеу, тіркеу көрсетіледі. Бухгалтерлік есептің моделі жұмыста зерттеудің дербес обьектісі ретінде қарастырылады [1].

Бухгалтерлік есеп туралы алынған  білімнің жинағы нақты оқу тәжірибесі «тіліне» білімдерді ауыстыру моделін  жүзеге асырады. Модель туралы ақпарат кескінін тапқан нақты қызметтің қасиеттері есебінде түзетіледі. Моделдеудің анық белгілері болып мыналар саналады: мақсаттар, құралдар, обьектілер, моделдеу деңгейлері. Моделдеу қандай да бір ұйымның есебін жүргізуде - оның моделін құруда оқытылатын обьектінің осындай мәліметтерге ие болуын оқытуды болжайды. Жұмысқа ұсынылатын моделдеудің негізгі мәселесі оны оқуға керекті жүрісін оқиға немесе жасалынған обьектінің моделінің түрі және қасиеттеріне максималды мүмкіндігі бар жиынтығы болып табылады.

Зерттеудің негізгі бағыты ретінде  әдістерді, технологиялар, нысандарды алға қойып, бірінші орынға тек қана білімді қоймай, түсіністікпен, икемділік  және дағды қарастырылады. Бухгалтерлік есеп ғылым ретінде бизнес - білім  берудің түрлі деңгейінде көрініс табады. Бухгалтерлік есептің даму деңгейінде бизнес дамуының нақты деңгейінің нәтижесі және салдары бар.

Өз кезегінде бухгалтерлік білім  беру жүйесі бизнестің дамуына әсерін тигізеді. Соңғы онжылдықта бухгалтерлік есепті оқытуда кең ауқымды білім  беру үрдісі қолданылған. Олардың жұмысының санына келесілер жатқызылады: білім берудің жалпы түрі және оның жаңа сапа ретіндегі үздіксіздігі, білім берудің мәні, бизнес сауалдарына білім беру жағдайының бейімделуі, оқытылатындардың өзін өзі ашу мүмкіндігін қамтамасыз етуде білім беруді бағыттау.

Білім берудің жаңашыл парадигмасы  оқып үйренуді білім көлемінің өсуіне ғана емес, сонымен қатар оқып үйренушінің  тұлғалық ретінде маңызды  өзгеруін, оның толығымен өзінің жүзеге асырылуы бағытында басқарылатын оқу-үйрену қызметін анықтауы керек.

Жоғары мектепте оқыту  процесінің нәтижесі студенттің жеке тұлғалық қасиеттерін кәсіби қалыптастыру түрінде айқындалып, оның дағдысы  мен шеберлігін, кәсіби біліктілігін анықтайды. Дәстүрлі білім беру жүйесіндегі жалпы күйзеліс бухгалтерлік білім беру мазмұнының жаңа тұжырымдамасын дайындау қажеттілігі арқылы бухгалтерлік есеп аймағында мамандарды дайындауды ықпал етеді.

Бұл мәселе Қазақстан  Республикасында 2020 жылдарға дейінгі  Мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасында қарастырылған білім берудегі жетілдірудің негізі болып табылады. Бухгалтерлік есептің даму мәселелері барлық құралдардың жинақталуын және олардың қолданылуында және де оның ары қарай жүзеге асырылуын болжамдау нұсқалары болып табылады. Бизнесті дамытудың жаңашыл үрдісі Қазақстанда бухгалтерлік білім берудің және оның нәтижесінің мақсатын басқаша ойлауды қажет етеді.

Есептеу процесіндегі моделдеу білім беру парадигмасының құрылымын  және оның маңызды толықтырылуымен  негізделген. Білім беру процесінде қазіргі таңда білім берудің екі негізгі моделі әрекет етеді: дәстүрлі және инновациялық.  Білім берудің кәсіби бағыттылығының күшейтілуі бухгалтерлік білім беруде жаңа парадигманың іс әрекет етуін  қажет етеді [2]. Жалпы, білім беру парадигмасының құрылымы және оның мазмұндық толықтырылуы анықталып, содан кейін оның инновациялық парадигмамен ауыстыру қажеттілігі туралы шешім қабылдануы қажет.

Инновациялық білім  беру парадигмасы мәселе, мақсаты, міндеттері және болжам ретіндегі бухгалтерлік білімнің әдістемелік моделін қамтып, өзгеріссіз қала береді, ал тәжірибелік білім беру қызметі бизнестің өзгеруімен өзгеріп отырады. Білім берудің инновациялық парадигмасын құрудың қажеттілігі бизнес-процестерге төтенше байланысты болатын кәсіби білім беру саласымен тығыз байланыста болады.

Қазіргі таңда қалыптасқан, бухгалтерлік білім берудің парадигмасы, көп жағдайларда экономиканың дамуына  және білімдердің қалыптасуында, мұндай экономикаға сәйкес келетін ептілік  пен кәсіби дағдылардың қалыптасуына негізделген.

Бухгалтерлік білім  беру инновацияларын топтастыру тәсілдемесінің бірі болып, 1 суретте көрсетілгендей, зерттеу тақырыбына қатынасы бар  және инновациялық білім беру технологиясының  бағыттары және көрсетілген түрлері  болып табылады. 

 

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

 

Сурет 1 - Білім берудегі бухгалтерлік есептің жаңа технологияларының топтастырылуы  

 

Қорыта келгенде, қазіргі таңда қолданылатын жаңа технологиялардың көпшілігі, бұл білім берудің мазмұны және сипатының өзгерісіне емес, бухгалтерлік кадрларды дайындау оқу үдерісінде жаңа білім беру технологияларын кең көлемде ендіруге бағытталған. Бухгалтерлік білім беру аясында инновациялардың таралуы және меңгерілуінде, жаңа, қазіргі білім беру жүйесі қалыптасып, ұйымдастырушылық, технологиялық және педогогикалық инновациялардың бірлігі негізінде, үздіксіз білім берудің, дербестендірілген және ашық білімнің жүйесі болып табылады. 

 

Литература:

1.     Лапшина Е.В. Бухгалтерский учет в инновационных технологиях образования / Автореферат диссертации на соискание кандидата экономических наук. – Москва, 2009. – 24 с.

2.     Лисицкая Т.В. Основные принципы преподавания бухгалтерского учета в экономическом заочном вузе: приемы и способы их реализации // http://rudocs.exdat.com/docs/index-64784.html


Информация о работе Білім беру жүйесіндегі бухгалтерлік есептің тұжырымдамалық моделі