Бухгалтерлік баланс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2014 в 22:01, лекция

Описание работы

1. Бухгалтерлік баланс туралы түсінік және оның құрылымы.
2. Бухгалтерлік баланстың түрлері.
3. Шаруашылық операцияларына сәйкес баланс баптарының өзгеріске ұшырауы.

Файлы: 1 файл

Бух баланс.doc

— 41.00 Кб (Скачать файл)

Тақырып Бухгалтерлік баланс

 

  1. Бухгалтерлік баланс туралы түсінік және оның құрылымы.
  2. Бухгалтерлік баланстың түрлері.
  3. Шаруашылық операцияларына сәйкес баланс баптарының өзгеріске ұшырауы.

 

  1. Бухгалтерлік баланс туралы түсінік және оның құрылымы

    Бухгалтерлік есептің негізгі атқаратын қызметінің, функциясының бірі – пайдаланушыларға кәсіпорынның мүлкі және қаржылық жағдайы туралы ақпараттық мәліметтерді уақтылы жеткізіп беріп отыру. Осындай ақпараттық мәліметтің негізгі қайнар көзі – бухгалтерлік баланс. «БАЛАНС» сөзі француз тілінен алынған. Бұл сөз қазақ тіліне аударылғанда «таразы» немесе  «тепе-тең» деген мағынаны білдіреді. Сырт көзбен қарағанда кәсіпорынның бухгалтерлік балансы актив және пассив деп аталын екі бөлімді кесте болып табылады. Оның сол жағында, яғни активінде кәсіпорынның қаржылары, заттай және ақшалай шығындары көрсетілсе, оң жағында, яғни пассив бөлімінде қорлану көздері қарастырылады. Бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес бухгалтерлік баланстың актив бөлімінде кәсіпорынның өзіне тиесілі, яғни қолда бар мүліктері қарастырылады. Ұйым осыларды пайдалану арқылы ғана алдағы уақытта табыс таба алатындықтан бұл мүліктерді кәсіпорынның әлуетті табыстары ретінде таниды. Ал баланстың пассиві деп аталатын бөлімінде кәсіпорынның қорлану көздері туралы ақпаратты мәлімет жазылады. Ұйымның қорлану көздері меншікті капитал және тартылған капитал деп екіге бөлінеді. Мұндағы тартылған капитал дегеніміз кәсіпорындардың міндеттемелері, яғни кредитор берешек борыштары болып табылады. Кредиторлар қатарына заңды немесе жеке тұлғаларды жатқызуға болады. Егер кәсіпорын өз кредиторларының алдындағы қарызын уақтылы төлей алмаған жағдайда, олар ұйымнан активтерін сату арқылы қарызын қайтаруды талап ете алады. Кәсіпорыннның меншікті капиталы инвесторладың мүдделігін танытады және ол активтің жиынтық сомасынан міндеттемелерді шегеріп тастағандағы қалджық сомаға тең болады. Инвестордың кредитордан айырмашылығы - өз алашағын алу үшін жанталасатын болса, ал инвестор жоғарыда талған активтің жиынтық сомасынан міндеттемелерді шегеріп тастағандағы қалдық сомаға, яғни меншікті капиталға ие және де кәсіпорынның қожайыны болып табылады. Осы айтылғандарды қорытындылай отырып ұйымның барлық активтері инвесторлар мен кредиторлардың меншігі екендігін аңғаруға болады. Сондықтан бухгалтерлік баланстағы мына теңдіктің әрдайым тең болатындығы сөзсіз.

Актив=меншікті капитал + міндеттеме

    Бұл теңдікті  кейбір шет елдерде келесі  түрде көрсетеді:

Актив – міндеттеме= меншікті капитал.

    Әдетте кәсіпорынның  бухгалтерлік балансы есеп баратін  уақытқа қарай негізделіп, айдың, тоқсанның, жалдың басына жасалады. Баланстың актив бөлімі ұзақ мерзімді активтер және ағымдағы активтер деп аталатын екі тараудан тұрады. Ұзақ мерзімді активтердің қатарына кәсіпорынның материалдық емес активтері, негізгі құралдары, ұзақ мерзімді қаржы салымы (инвестициялары), ұзақ мерзімді дебиторлық борыштары жатқызылады. Ал ағымдағы активтер тарауына ұйымның материалдық құндылықтары, тауарлары, дайын өнімдері, аяқталмаған өндірісі, қысқа мерзімді дебиторлық борыштары, қысқа мерзімді қаржы салымы, алдағы кезең шығындары, ақшалары және басқа да ағымдағы активтері қарастырылады. Бухгалтерлік баланстың пассив бөлімі үш тараудан тұрады. Оның бірі меншікті капитал деп аталып, онда кәсіпорынның жарғылық қоры, резервтік қоры, бөлінбеген пайдасы немес жабылмаған зияны көрсетіледі. Пассив бөлімінің екінші және үшінші тараулары тиісінше ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелер деп аталады. Ұзақ мерзімді міндеттемелер қатарына кәсіполрын ұзақ уақытқа алған неиелерімен қарыздары жатқызылса, қысқа мерзімді міндеттемелер таруында ұйымның алдағы кезеңдерінің табыстары, бюджетке қарызы, бюджеттен тыс мекемелерге қарызы, жабдықтаушы-мердігерлерге қарызы, жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы бойынша қарыз, зейнетақы қорларына қарызы және басқа да кредитьорлық борыштар көрсетіледі.

 

  1. Бухгалтерлік баланстың түрлері

    Өзінің жасалу  уақытына, қолданылу барысына қарай  бухгалтерлік баланс өр түрлі  болып келеді. Кәсіпорынның жаңадан  құрылған уақытында жасалған  бухгалтерлік баланс кіріспе баланс деп аталады. Кіріспе баланста ұйымның қызметін бастар алдындағы жарғылық капиталы көрсетіледі. Бұл баланыстағы негізгі көрсеткіштер кәсіпорын иелерінің, яғни құрылтайшыларының, акционерлерінің осы ұйымды жаңадан құру уақытындағы ақшалай немесе заттай салымдарынан тұрады. Сондықтан көп жағдайда кіріспе баланста кәсіпорынның меншікті капиталы мен активтері тең болуы ықтимал.

Актив= меншіктк капитал

    Бұл теңдік  егер кәсіпорын құрылуы барысында  ешқандай жеке немесе заңды  тұлғалардың алдында міндетті, яғни қарыз болмаған жағдайда тура болып есептеледі. Ұйымның бухгалтерлік балансы ілгеріде айтылғандай белгілі бір уақытқа, яғни ойдың, токсанның немесе жылдың басына жасалынады. Осыған сәйкес кәсіпорынның өз қызметі барысында әрбір белгіленген есеп беретін уақыттағы құрастырылшған балансы ағымдағы бухгалтерлік баланс болып есептеледі.

    Кәсіпорынның жойылу балансы осы ұйым өз қызметін тоқтатар кезде, таратылатын уақытта жасалады. Осы аталған жойылу балансының өзі әр түрге бөлінеді. Жойылу балансын еліміздегі бухгалтерлік есеп және аудит мамандарын даярлауда көп еңбек сіңіріп жүрген белгілі ғалым Әбдіғали Әбдіманатов өзінің « Бухгалтерлік есеп теориясы және принциптері» атты еңбегінде екі түрге бөледі және оның бірі ұйымның жабылуына байланысты, ал екіншісі ұйымның жабылғандығын қорытындылау үшін құрастырылады деп жазған болатын. Сонымен қатар Ресей ғалымдары Л.А. Крятова мен Х.Х. Эргашев өздерінің «Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері» атты еңбегінде жойылу балансы үш кезеңнен тұрады және олардың біріншісі кәсіпорынның жабылуы алдында, екіншісі жабылу барысында, ал үшіншісі кәсіпорын жұмысын тоқтатқаннан кейін жасалынады деп атап өткен. Жалпы, бұл айтылғандарды талдай отырып, авторлардың бірінің айтқаны дұрыс, ал екіншісінікі қате деп қарауға болмайды. Бұдан шығатын қорытынды жоғарыда аты аталған авторлардың қай – қайсыныңда пікірлері дұрыс деуге болады. Себебі кәсіпорынның жойылу балансының саны, яғни оның жасалыну кезеңдері ұйымның таратылуына кететін уақытпен тікелей байланысты.  Егер кәсіпорынның таратылуы, яғни жабылуы ұзақ уақытқа созылатын болса, жойылу баланстарының саны да соған сәйкес және қажеттілігіне қарай арта түсуі мүмкін.

 

  1. Шаруашылық операцияларына сәйкес баланс баптарының өзгеріске ұшырауы

    Кез келген  кәсіпорында күнделікті жұмыс  істеліп, қызмет атқарылып отыратындығы  белгілі. Осы операциялардың орындалуы  ұйымның бухгалтерлік балансының  баптарына тікелей әсер етеді. Нақтырақ айтатын болсақ,  ұйымдағы әрбір орындалатын операцияларға сәйкес баланс баптарындағы сома өзгеріске ұшырап отырады. Бірақ бухгалтерлік балансының актив пен пассив баптарының теңдігі әрдайым сақталады. Сонымен қатар кәсіпорындарда әрбір  орындалған операциялардан кейін жаңадан баланс жасалмайтындығы белгілі және мүмкін емес. Себебі ұйымда бір күннің өзінде бірнеше операция орындалуы мүмкін. Тіпті әрбір  операция түгіл, күн сайын кәсіпорынның бухгалтерлік балансын жасап тұру үлкен күшті, көп уақытты қажет етеді. Сонымен қатар балансты күнделікті немесе әрбір орындалған операциядан кейін жасап отыру тиімсіз және қажет те емпес. Міне осы себептен кәсіпорынның бухгалтерлік балансы белгілі бір уақытқа, яғни есеп беретін кезеңге қарай жасалып отырады. Жалпы бухгалтерлік есепте баланс баптарының сомасына әсер ететін шаруашылық операцияларын төрт түрге бөліп қарастырады.

    Бірінші түріне жатқызылатын шаруашылық операциялары бухгалтерлік баланстың тек қана актив бөліміне әсер етеді. Бұл жағдайда актив бөліміндегі бір бап қандай да бір сомаға азайса, екінші бап тура сол сомаға артып отырады. Ал активтің жалпы сомасы мен баланстың сомасы ешқандай өзгермейді.

    Мысалы, кәсіпорынның банктегі  есеп айырысу шотынан кассаға  100 мың теңге алынды.

    Бұл жағдайда есеп  айырысу шоты бабындағы сома 100 мың теңгеге азайса, касса деп  аталатын баптың сомасы 100 мың  теңгеге артады. Баланстың активі  мен пассиві арасындағы теңдік  өзгермейді.

    Екінші түріне жатқызылатын шаруашылық операциялары бухгалтерлік баланстың тек қана пассив бөліміне әсер етеді. Актив бөлігінде өзгеріс болмайды. Бұл жағдайда пассив бөліміндегі бір бап қандай да бір сомаға азайып, екінші бап тура сондай сомаға артады. Ал пассивтің жалпы сомасы мен  баланстың сомасы ешқандай өзгермейді.

    Мысалы, ұйым өзінің жабдықтаушы  – мердігерлердің алдындағы 500 мың теңге қарызын банк мекемесінен  алынған несие арқылы қайтарды  делік.

    Бұл уақытта кәсіпорындағы  балансындағы жабдықтаушы – мердігерлерімен  есеп айырысу деп аталатын  бабындағы сома 500 мың теңгеге азайып, ал банк несиесі бабындағы сома 500 мың теңгеге артады. Ал баланстың активі мен пассиві арасындағы теңдік өзгермейді.

    Үшінші түріне жатқызылатын операциялардың жоғарыда аталған екі түрден айырмашылығы, бұл операциялар барысында баланстың активі мен пассиві бірдей сомаға артады. Яғни бұл жағдайда операция әсерінен баланстың акти бөліміндегі бір баптың сомасы осындай сомаға артады.

    Мысалы, жабдықтаушы –  мердігерлердің кәсіпорынға 200 мың  теңгенің материалдары келіп  түсті.

    Бұл уақытта ұйымның бухгалтерлік балансындағы жабдықтаушы – мердігерлермен есеп айырылысу деп аталатын бабындағы сома бір уақыта 200 мың теңгеге көбейеді. Яғни кәсіпорынның материалдарының артуына сәйкес жабдықтаушыларға қарыз да көбейеді. Сонымен қатар 200 мың теңгеге баланстың сомасы да өсті.

    Баланс баптарының сомасына  әсер ететін шаруашылық операцияларының төртінші түрі үшінші түріне жатқызылатын операцияларға ұқсас болып келеді. Бұл уақытта да баланстың актив және пассив жағындағы баптары бір уақытта бірдей сомаға өзгереді. Айырмашылығы – үшінші түрге жататын операциялар барысында баланс сомасы белгілі бір  сомаға көбейсе, төртінші түрге жататын операциялар әсерінен актив пен пассив сондай-ақ баланстың бір сомасы қандай да бір сомаға кемиді.

    Мысалы, кәсіпорынның есеп айырысу шотынан бюджетке қосылған құнға салынатын салық үшін 50 мың теңге борышы төленді.

    Осыған байланысты есеп  айырысу шотындағы ақшалары және  бюджетпен есеп айырысу (ҚҚС  үшін қарыз) деп аталатын баптарының  сомалары бір уақытта 50 мың теңгеге азаяды. Сонымен қатар баланстың сомасы да 50 мың теңгеге кемиді.

 

 


Информация о работе Бухгалтерлік баланс