Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2014 в 22:43, доклад
Кәсіпорындар мен ұйымдарда болып отыратын күнделікті операциялардың, үрдістердің маңызы әр түрлі. Осы үдерістермен операцияларды бухгалтерлік есептің көмегімен бақылап, тексеріп олардың дұрыс орындалғандығын немесе орындалмай жатқанын қарап, одан нәтиже шығарып отыруға болады. Осы айтылғандардың орындалуы барысында бухгалтерлік есепте әр түрлі тәсілдер қолданылады. Сол барлық қодданылатын тәсілдердің жиыны және олардың ғылыми тұрғыдан басқарылатындай бір жүйеге келтірілуі бухгалтерлік есептің әдістері болып саналынады.
Бухгалтерлік есеп әдістері

Бухгалтерлік есептің әдістері келесідей түрлерден түрады:
— қүжаттау;
— түгендеу;
— шоттар;
— екі жақты жазу;
— бағалау;
— калькуляциялау;
— бухгалтерлік баланс;
— есеп беру.
Құжаттау
Барлық ұйымдарда өздерінің күнделікті жұмысы барысында әр түрлі шаруашылық операциялары орындалады. Ал бұл операцияларды бухгалтерлік есепке алу үшін оларға алдымен құжаттар толтырылуы қажет. Құжат орындалған операцияның жазбаша түріндегі анықтамасы болып табылады. Құжатқа орындалған операцияның аталынуы, мазмұны орындалған уақыты, өлшем бірлігі, орындаушы немесе тапсырушы мен қабылдап алушы адамдардың аты жөні, тағы басқа деректер толтырылады. Құжаттар заңды түрде белгіленген дәлелді ақпараттық мәлімет болып есептелінеді. Құжатта міндетті түрде көрсетілуге тиісті мәліметтерді деректеме (реквизит) деп те атайды.
Түгендеу
Шаруашылық құрамдары мен қаржылық міндеттемелерін нақты барын белгілі бір мерзімге бухгалтерліе есеп мәліметтерімен салыстыру жолымен анықтау.
Шоттар
Шаруашылық құралдарын, олардың құру көздерін және шаруашылық әрекеттерін екі жақты жазу әдісімен шартталған саналы біртекті белгілері бойынша топтастыру және ағымдағы есепке алу.
Екі жақты жазу
Шаруашылық әрекеттерді бір мезгілде, бірдей соммада екі шотта көрсету, яғни әрбір шаруашылық әрекетін екі рет тең соммамен бір шоттың дебетінде және басқа шоттың кредитінде жазу әдісі.
Бағалау
Жалпы кәсіпорын бойынша ағымдағы немесе есепті кезеңге жалпылама мәліметтерді алу үшін шаруашылық құралдарын, міндеттемелерді және шаруашылық әрекеттерін ақшалай түрде көрсету әдісі.
Калькуляциялау
Шығындарды топтастыру, өнімдердің жеке бір түрлерін және өндіріліп дайындалған материалдық құндылықтарын, өзіндік құнын анықтау.
Бухгалтерлік баланс
Белгілі бір мерзімде және ақшалай бағалау мен көрсетілген кәсіпорынның шаруашылық құралдарын экономикалық топтастыру және жалпылау әдісі болып табылады.
Есеп беру
Есепті кезеңге кәсіпорынның шаруашылық құралдарын, міндеттемелердің қозғалысын және қаржылық жағдайын сипаттайтын әрбір белгілі бір кесте нысанында көрсетілген бухгалтерлік есеп көрсеткіштерінің жиынтығы.