Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды автоматтандыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2014 в 07:10, курсовая работа

Описание работы

Тәжірибе дегеніміз – теориялық негізде жинаған білімді тәжірибе жүзінде іске асыру болып табылады. Тәжірибе жинаған мәліметтерді нақты бекіту үшін қолданылатын біржен бір жол. Осы себептен мен 30 наурыз – 7 маусым аралығында 18 жұмыс күніне бухгалтерлік есеп пәнінен «Қазақстан Темір жол» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының «Шаруашылық басқармаы» филиалының бухгалтерия бөліміне жіберілдім.

Содержание работы

І КІРІСПЕ.....................................................................................................3

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ......................................................................................4

1. «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» Акционкерлік қоғамының тарихы...............................................................................................4

2. «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ «Шаруашылық басқарма» филиалы туралы жалпы мағлұмат..................................................................................................................8

2.1.Филиалдың жалпы сипаттамасы.........................................................8
2.2. Филиалдың бухгалтерлік есепті жүргізудегі саясаты (есеп саясаты)..................................................................................................................10

3. «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ «Шаруашылық басқарма» филиалы бухгалтериясының есебінің ұйымдастырылуы...............................................................................................13

3.1. Ақша қаражаттарының қозғалысы..................................................13
3.2. Еңбек және еңбек ақының алғашқы есебі.......................................14
3.3 Ағымдағы активтердің алғашқы есебі..............................................15
3.4. Ұзақ мерзімді активтердің алғашқы есебі.......................................17

4. Қаржылық және салықтық есептілік, салықтық бақылау..........20

4.1. Жергілікті салықтар бойынша есептілік.........................................20
4.2. Корпоротивті табыс және қосылған құн салығы бойынша есептіліктің тәртібі................................................................................................22

5. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды автоматтандыру................24

5.1. SAP (халықаралық американдық бағдарлама)................................24
5.2. Фаворит...............................................................................................25
5.3. СЕӨЖ (СОНО)...................................................................................25

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................26

ҚОСЫМШАЛАР...............................................

Файлы: 1 файл

buhgalterlik_eseptin_tzhiribelik_esebi.doc

— 217.50 Кб (Скачать файл)

Темір жолдың жүз жылдығы қаржылық қызметтің жоғары жетістіктерімен атап өтілді. Бұның бір дәлелі ретінде «Мудис инвесторс сервис» халықаралық рейтингтік агенттігі жүргізген «Қазақстан темір жолы» компаниясының ұзақ мерзімдік несиелік рейтингінің жоғарылауы болды. Сарапшылардың бұл шешіміне темір жол көлігін дамытудың және саладағы өндірістік, коммерциялық көрсеткіштердің тұрақты өсуі мен сапалық тұрғыдағы жоғарылауы себеп болды.

 

2. «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ «Шаруашылық басқармасы» филиалы туралы жалпы мағлұмат

 

2.1.Филиалдың жалпы сипаттамасы

Толық атауы: «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ – «Шаруашылық басқармасы» филиалы.

Қысқартылған атауы: «ҚТЖ»ҰК»АҚ-«ШБ» филиалы

СТТН: 620300217668, сериясы 62 № 0139167

Әділет басқармасында тіркелгені туралы ақпарат: 26.07.2002 күні 2256-1901-Ф-Л нөмірімен мемлекеттік реестірде тіркелген.

Статистикалық идентификациялық код (ОКПО): 39741820859

Мекен-жайы: 473000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы 100 үй.

Телефон: (7172) 93-80-88

Факс: (7172) 32-82-27

Электронды кілтті қолдануға келісім: 04.04.2008 күні №620312563984.

Обьектіні жасаған тұлға: «Қазақстан Темір жол» Ұлттық компаниясы»АҚ, СТТН 620100210058.

Басшысы: Марков Владимир Юрьевич, СТТН 031411460409

Бюджетпен есеп айырысудағы жауапты тұлға: Көшкімбаева Бақыт Құлжақызы, СТТН 240210097103

Банктік реквизиттері:

  1. «Наурыз банк» АҚ-ның Қарағанды облысындағы филиалы

БИК 191801427, СТТН 301700005167, ЖИК 000421251

  1. «Қазақстанның халық банкі» АҚ-ның Астанадағы филиалы.

БИК 195301603, СТТН 031400075489, ЖИК 000421251

ОКЭД: 70320 – Жылжымайтын мүлікпен басқару.

Көлемі: Ірі (жұмыскерлерінің саны 250 адамнан асады)

«Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ «Шаруашылық басқармасы» филиалы «Қазақстан Темір жолы» ұлттық компаниясы» акционершлік қоғамының  орналасқан жерінен тыс орналасқан, Қоғамның оқшауланған құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Филиал Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес құрылған және Директорлар кеңесінің шешімі негізінде (2004 жылғы 18 мамырдағы №11 хаттама) қайта тіркелген. Филиал өз қызметін ҚР заңнамасына, Қоғамның бұйрықтарына, өкімдеріне және өзге де актілеріне, сондай-ақ «Шаруашылық басқарма» туралы ережеге сай жүұмыс істейді.  Филиал заңды тұлға болып табылмайды. Филиалдың дербес балансы, атауы, тауарлық белгісі, және Қоғамның атауы көрсетілген мөрі, мөртаңбасы мен бланкілері бар. Қызмет ету мерзімі шектелмеген.

Қоғам қызметінің мәні:

  • Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген бағдарлама бойынша магистральдық темір жол желісін сал, күтіп ұстау және жетілдіру;
  • тасымалдау процесін басқару;
  • магистраль темір жол желісіне қызмет көрсету;
  • темір жол көлігімен жүктерді, соның ішінде  қауіптілерін тасымалдауды жүзеге асыру;
  • темір жол жылжымалы құрамын, соның ішінде қауіпті жүктерді тасымалдау үшін қолданылатын арнайы контейнерлерді жөндеу;
  • маркетингтік қызмет;
  • көліктердің әр түрін қатыстырып, тура және аралас қатынастар жүйесін ұйымдастыру;
  • Қазақстан Республикасының көлік және коммуникациялар министрлігімен келісу арқылы теміржолдық транзиттік көліктік коридорларды қалыптастыру жөніндегі іс-шараларға қатысы;
  • Сыртқы экономикалық қызмет пен шетелдік ұйымдармен экономикалық ынтымақтастықты дамыту;
  • өнімнің, көрсететін қызметтердің экспорты (импорты)
  • ақпаратты қорғаудың техникалық құралдардын, ақпаратты өндеудің қорғалған техникалық құралдарын әзірлеу, жасау;
  • ақпараттық қызметтер көрсету;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қызмет болып табылады.

Филиал Қоғам қызметкерлерінің ұтымды, өнімді қызмет етуі үшін қолайлы еңбек жағдайларын жасау мақсатында құрылған. Филиал қызметінің мәні:

  • филиалдың теңгерімінде есептелетін және оларға жанасатын аумақтағы ғимараттарда инженерлік коммуникациялардың, жабдықтардың авариясыз жұмыс імтеуінқамтамасыз ету;
  • Қоғамның атынан Астана қаласының коммуналдық қызметтерімен Филиалдың теңгерімінде есептелетін ғимараттарды электр энергиясымен, жылумен, сумен, байланыс құралдарымен қамтамасыз ету жөнінде шарттар жасасу;
  • Филиалдың теңгерімінде есептелетін ғимараттардағы жөндеу-құрылыс жұмыстарының, ғимараттарға жанасатын аумақтарды абаттандыру бойынша жөндеу жұмыстарының көлемін анықтау;
  • Қоғам атынан әкімшілік пен өндірістік ғимараттарда жалпы жөндеу, өрлеу жұмыстарын және эанасатын аумақтарды абаттандыру жұмыстарын орындауға шарттар жасасу;
  • Жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау және тексеру;
  • Филиалдың теңгерімінде есептелетін ғимараттарда жөндеу-құрылыс жұмыстарын орындау;
  • Негізгі құралдарды есепке алу;
  • Қоғамның орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелерін тауарлық-материалдық қорлармен қамтамасыз ету;
  • Қоғамның орталық аппаратының қызмет етуі үшін қажетті ТМҚ қоймалық есепке алынуын жүргізу;
  • Құрылымдық бөлімшелердің Қоғамның әкімшілік шығыстар лимиттерін сақтауына, оның ішінде  коммуналдық қызметтерді төленуіне бақылауды жүзеге асыру;
  • Филиалдың негізгі құралдарын, тауарлы материалдық қорларын күзету болып табылады.

Филиалды жалпы басқаруды Қоғам жүзеге асырады. Ал филиалдың ішінде басқару қөұрылымы келесі сызбада көрсетілген:

(1-сызба)


 

 

 

 

 

Филиал оған Қоғам бекітіп берген құралдардан тұратын мүлікке, сондай ақ Қоғамның теңгеріміне кіретін ақшалай, материалдық құралдарға, құнды қағаздарға және жалпы шаруашылық қызметтің барысында сатып алынған материалдық емес активтерге ие болады. Филиалдың теңгерімінде есептелетін мүлік Қоғамның меншігі болып табылады.

 

 

2.2. Филиалдың бухгалтерлік есепті жүргізудегі саясаты (есеп саясаты)

 

«Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ «Шаруашылық басқармасы» филиалының есеп саясаты Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпанынан «Бухгалтерлік және қаржылық есептілік туралы заңының» №234-ІІІ заңына, Халықаралық қаржылық есеп стандартына (МСФО-IFRS), Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына (МСБУ-IAS) сәйкес құрастырылған. Жалпы баптар саны 966. Есеп саясатының принциптері  барлық құрылымдық бөлімшелерге де қолданылады.

Есеп саясатының келесідей мақсаттары белгілі:

  • Есептіліктің барлық түрін кірістіру;
  • Қаржылық мәліметтердің түсініктілігін, анықтылығын, сенімділігін қамтамасыз ету;
  • Қоғамда бухгалтерлік есепті жүргізудің бірыңғайлығын қадағалау;
  • Бухгалтерлік есептің  жұмыс жасау аясының, қоғамға байланысыт нормативтік актілердің өгеруі, ауысуына тез бейімделуін қамтамасыз ету.

Есеп саясаты бойынша «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ «Шаруашылық басқармасы» филиалының негізгі валютасы болып Қазақстан Республикасының  Ұлттық валютасы – теңге болып табылады. Есептілік кезеңі - ағымдағы жыл.

Есеп саясаты бухгалтерлік есепті ұйымдастыру барысында келесі сұрақтарды қарастырған:

  1. «Қазақстан ремір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ «Шаруашылық басқармасы» филиалының  жалпы жағдайы мен статусы:
  2. Негізгі құралдар есебін жргізу;
  3. Жал есебі;
  4. Материалдық емес активтер;
  5. Инвестициялық жылжымалы мүлік;
  6. Қаржылық құралдар;
  7. Тауарлы-материалдық құндылықтар есебі;
  8. Сатуға арналған немес жойылуға жіберілген ұзақ мерзімді активтер;
  9. Активтер  құнсыздануы;
  10. Ақша қаражаттарының есебі;
  11. Меншікті капитал;
  12. Жұмыскерлерге еңбекақы есебін ұйымдастыру;
  13. Кірістер;
  14. Мемлекеттік субсидия;
  15. Шығыстар;
  16. Займдар бойынша шығыстар;
  17. Әлеуметтік сфера;
  18. Корпоротивті табыс салығының есебі;
  19. Шетел валютасындағы операциялар есебі;
  20. Бағалау міндеттемелері;
  21. Есептілік күнінен кейін жағдай;
  22. Сегменттелген есеп;
  23. Ағымда қаржылық есептілік;
  24. Кәсіпкерліктің қосылуы;
  25. Дисконтталуды қолдану.

Есеп саясаты бойынша жалпы ережелерді қарастыратын болсақ ол өз ішінде қоғамның:

  • негізгі валютасын;
  • есеп саясатының қолданушыларын;
  • Есептілік кезеңін;
  • Қаржылық есептіліктің элементтерін;
  • Қаржылық есептіліктің компоненттерін;
  • Қаржылық есептің құрамын;
  • Мүлік пен міндеттемелердің  түгенделуін;
  • Бақылау мен аудит;
  • Бухгалтерлік ақпараттың құпиялылығын анықтайды.

Есеп саясат 2008 жылы  24 желтоқсанда «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ  директорлар кеңесінің №13 хаттамадағы шешімімен бекітілген.

 

3. «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ «Шаруашылық басқармасы» филиалы бухгалтериясының есебінің ұйымдастырылуы

 

3.1. Ақша қаражаттарының қозғалысы

Жалпы ақша қаражатының қозғалысы екі жолмен жүргізіледі:

  • Қолма қол ақшамен
  • Нақты ақшамен немесе аударылып отыратын ақшамен

Қолма-қол ақшамен есеп айрысу кассадғы ақша қаражаттарымен жүзеге асырылады. Ақша қаражаттарын сақтау, қабылдау мен беру үшін әрбір шаруашылық жүргізуші субъектінің кассасы болады.Касса орналасқан ұй жайлары кассалардың техникалық жағынан беріктігі және өрттен сақтау сигнализация құралдары мен жарақтандыру жөніндегі талаптарға сай жабдықталады. Кәсіпорын басшылары ақшаның кассада, сондай ақ оны банктен жеткізетін немесе банкке өткізген кезде сақталуын қамтамасыз етуге тиіс. Тиесілі емес қолда бар ақша мен басқа да құндылықтарды кассада сақтауға тыйым салынады. Өзінің кассасында қолда бар ақшаны қажетті шекте сақтауы және ақша түсімін ең аз мөлшерде пайдалануы керек.  Кассалық операцияларды жүргізуші адамды кассир құжатнамаға да, ақша ға да жауапты болады. Касса операцияларын жүргізу үшін әр түрлі құжаттар қолданылады, оған жататындар:

  • кассалық кіріс ордері ( ко-1)
  • кассалық шығыс ордері (ко-2)
  • кіріс және шығыс кассалық ордерін тіркеу журналы (ко-3)
  • касса кітабы (ко-4)

Кассалық операциялар күн сайын бас бухгалтермен бақыланып күн басындағы қалдық пен күн аяғындағы қалдықтарды есептеп отырады. Егер кассадағы ақша қаражжаттары кәсіпорын жарғысында көрсетілген лимиттен асып кетсе , онда қолма-қол ақша қаражаттары туралы хабарландыру құжаты негізінде ақшаны банктегі есеп айырысу шотына аударады.

Есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттар есебі кәсіпорынға банктен келген «Выписка банка» деген құжатнамада толық көрсетіледі. Ондғы ақша қаражаттарымен келесі құжаттар арқылы ғана қолданысқа енгізуге болады.

1. Төлем тапсырмасы

2. Чек кітапшасы

3. Банк клиент бағдарламасы.

Төлем тапсырмасы есеп айрйысу шотынан басқа да тұлғалармен есеп айырысу үшін қолданылады. Онда бенефициардың барлық реквизиттері және не үшін төлеп жатқаны көрсетіледі. Оның қорытындысы «Выписка банка» хабарландыру құжатында көрініс табады. Жалпы банк белгілі бір уақыт мерзімі сайын есеп айырысу шотындағы қозғалыстарды тұтынушыға есеп беріп отырады. Сол есепте есеп айырысу шотына келген және кеткен ақша қаражаттарының толық сипаттамасы баяндалады

Чек кітапшасы кәсіпорынның жауапты тұлғаларының қолында болатын, есеп айырысу шотынан қолма-қол ақша қаражатын алу үшін негіз болатын бірден бір құжат. Оны алу үшін  субьект банкке басша мен жауапты тұлғаның жеке басынкуәландыратын құжаттардың көшірмесін, фирма жарғысының көшіомесін, СТН көшірмелерін, өтінішті тапсырғаннан кейін ғана беріледі. Ол құжат ақша қаражаттарын қозғалысын реттейтін құжат болғандықтан қателердің болмауын қадағалап отыру керек. Егер қате кететін жағдайда банк қызметкері қате жіберілген бетті жарамсыз деп танып, мөр қояды.

Банк клиент интернет желісі арқылы есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттарын реттейтін бағдарлама болып табылады. Интернет желісінен ақша қаражаттарын ұрламас үшін банктен арнай электронды түрде кңлт береді және жеке пароль орнатады. Ол бағдарламамен тек бір ғана комьпютерде жұмыс жасау қажет.

 

3.2. Еңбек және еңбек ақының алғашқы есебі

«Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ «Шаруашылық басқармасы» филиалы кәсіпорны шаруашылық қызметін  жасаудың процесінде қызметкерлерді жұмысқа қабылдап және жұмыстан шығарып отырады, яғни олардың сандары өзгереді, демек жұмыс барысында әр түрлі ауыс- түйістер болып түрады.

Қызметкерлердің құрамдылық өзгерісінің есебін кадрлар бөлімі жүргізеді, ол бүкіл субьектідегі және оның құрамдылық бөлімшелеріндегі қызметрерлердің санын және оның өзгеру себептерін, мамандықтарын, біліктілігін жұмыс стажын, білім жәнге басқа белгілерін есепке алады.

Жұмыс беруші жұмысқа қабылдаған кезде еңбеккерлермен өзара тікелей жеке еңбек келісім- шарттарын жасайды.

Жеке еңбек келісімшарарты- жұмыс мен еңбеккерлер арасындағы жазбаша түріндегі келісім , онда жұмыс орны , келісім шарттың мерзімі, еңбек тәртібінің жағдайы, демалысы, жалақысы, еңбекті қорғаудың басқа да  мәселері туралы сұрақтар қарастырылады.

Жеке еңбек келісім- шартында мыналар қарастырылады :

  • белгісіз мерзімге ;
  • белгілі мерзімге ;
  • белгілі бір жұмыс орнына, белгілі уақытқа;
  • еңбеккерлер жоқ болған жағдайда оның жұмысын уақыттттша атқаруға.

Информация о работе Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды автоматтандыру