Еңбек ақыны төлеуге шығатын шығынды есептеу ерекшелігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2014 в 18:03, курсовая работа

Описание работы

Еңбек ақы – бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге асыруға көмектестін маңыздық экономикалық құрал. Шаруашылық субъектісінің түріне қарамастан әрбір қызметкердің кірісі субъект жұмысының түпкілікті нәтижелерін ескергенде, оның жеке үлесімен анықталады және салықтармен реттелінеді. Еңбекақы тұтынушы кіріснің үлкен бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың мөшеріне, тауардың тұтасына және олардың бағасына елеулі әсер етеді. Еңбек ақының номаиналды және шынай түрлері болады.

Номиналды еңбек ақы дегеніміз -жалдамалы еңбектің қызметкері өзінің күндік, апталық, айлық еңбегі үшін алатын ақша сомасы. Номиналды жалақының мөлшеріне қарап табысының деңгейі жайында айтуға болады, бірақ тұтынудың деңгейі мен адамның әл – ауқаты жайлы айту мүмкін емес.

Содержание работы

Мойынқұм аудандық Қазынашылық бөлімінің құрылымы.
Мойынқұм аудандық Қазынашылық бөлімінің жалпы ережесі
Қазынашылық бөлімде заңдарда белгіленген тәртіппен орындалатын функциялар
Қазынашылық бөлімдегі программалық құрылымның қолданылу тәсілі, операциялық жүйелер. Модернизацияланған «ORACLE» программасы


Еңбек ақыны төлеуге шығатын шығынды есептеу ерекшелігі
Еңбек ақы есебі
Еңбекке ақы төлеудің негізгі жүйелері
Еңбек ақыдан ұстап қалулар мен төлемдер
Қызметкерлермен есеп айырысуды есепке алу тәртiбi

Файлы: 1 файл

есеп беру айнур.doc

— 907.50 Кб (Скачать файл)

                                           

 

Есеп беру

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

  1. Мойынқұм аудандық Қазынашылық бөлімінің құрылымы.
    1. Мойынқұм аудандық Қазынашылық бөлімінің жалпы ережесі
    2. Қазынашылық бөлімде заңдарда белгіленген тәртіппен орындалатын функциялар
    3. Қазынашылық бөлімдегі программалық құрылымның қолданылу тәсілі, операциялық жүйелер. Модернизацияланған «ORACLE» программасы

 

 

  1. Еңбек ақыны төлеуге шығатын шығынды есептеу ерекшелігі
    1. Еңбек ақы  есебі
    2. Еңбекке ақы төлеудің  негізгі жүйелері
    3. Еңбек ақыдан ұстап қалулар мен  төлемдер
    4. Қызметкерлермен есеп айырысуды есепке алу тәртiбi

 

 

 

 

 

 

 

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                 

 

 

Кіріспе

 

    Еңбек ақы – бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге асыруға көмектестін маңыздық экономикалық құрал. Шаруашылық субъектісінің түріне қарамастан әрбір қызметкердің кірісі субъект жұмысының түпкілікті нәтижелерін ескергенде, оның жеке үлесімен анықталады және салықтармен реттелінеді. Еңбекақы тұтынушы кіріснің үлкен бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың мөшеріне, тауардың тұтасына және олардың бағасына елеулі әсер етеді. Еңбек ақының номаиналды және шынай түрлері болады.

 

    Номиналды еңбек ақы дегеніміз -жалдамалы еңбектің қызметкері өзінің күндік, апталық, айлық еңбегі үшін алатын ақша сомасы. Номиналды жалақының мөлшеріне қарап табысының деңгейі жайында айтуға болады, бірақ тұтынудың деңгейі мен адамның әл – ауқаты жайлы айту мүмкін емес.

 

   Шынайы еңбек ақы – алған ақшаға сатып алуға  болатын  өмірлік игіліктер мен қызметтердің жиыны. Ол номиналды жалақыға тікелей қатынаста және тұтыну заттары мен ақылы қызметтердің бағасы деңгейімен кері қатынаста болады.

   Жалақы өнімінің өзіндік  құнының негізгі элеметтерінің  бірі болып табылады, сондықтан  да жалақы есебінің дұрыс ұйымдастырылуы  еңбек өнімділігінің артуына, өнімнің өзіндік құнының кемуіне және еңбеккерлердің өмір деңгейінің жақсаруына себепші болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

1. МОЙЫНҚҰМ АУДАНДЫҚ ҚАЗНАШЫЛЫҚ

БӨЛІМІ ҚҰРЫЛЫМЫ


 

 

 

Мойынқұм аудандық Қазнашылық бөлімі Жамбыл  облыстық  Әділет басқармасында 1998 жылғы 12 маусымдағы нөмері 5261 бұйрығымен заңды  тұлға  ретінде  тіркеліп,  мемлекеттік  тіркеуден  өткені туралы куәлігі берілген .Қазақстан Республикасының әділет министрлігі   Жамбыл облыстық әділет басқармасы   заңды   тұлғаларды мемлекеттік  тіркеу  туралы  куәлігі   № 7680-1919-ММ   болып  2002   жылдың  09-шы   шілдесінде   қайтадан   тіркелген. Заңды  тұлғаның атауы: « Мойынқұм аудандық қазнашылық  бөлімі » мемлекеттік мекемесі.Заңды тұлганың тұрған жері:  Жамбыл  облысы,   Мойынқұм  ауданы, Мойынқұм   ауылы,   Амангелді   көшесі,  100-ші үй.  Индексі   080600.

 

 

1.1.  Мойынқұм аудандық Қазнашылық бөлімінің

жалпы ережесі төмендегіше:

 

-  Мойынқұм аудандық Қазнашылық  бөлім мемлекеттік мекемесі ҚР  қаржы минстірлігі Қазнашылық  комитеті бюждеттен кассалық  атқарылуы және мемлекеттік бюджетте есеп айырысу- кассалық қызмет көрсету бойынша арнаулы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады .

 

-  бөлім өзінің қызметінде  ҚР Конституциясының, ҚР заңдарын , ҚР Прзиденті мен Үкіметінің  актілерін, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің, Қазнашылықтың жоғарғы тұрған органдарының бұйрықтарын және де өзге нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.

 

 

-  Бөлім мемлекеттік мекеменің  ұйымдастырушылық құқықтық нысанындағы  заңды тұлға болып табылады , өз  атаулы мемлекеттік тілде жазылған мөрі және мөр таңбалары бар. Өз қызметінде ҚР Қаржы министрлігінің Жамбыл облысы бойынша Қазнашылық Департаментінтіне бағынады .

 

-  Бөлім өз қызметінде мемлектеттік  бюджетке түсетін түсімдердің, оларды  бюджеттердің деңгейі бойынша бөлу, жергілікті бюджеттерге олардың есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету мәселелері жөнінде жергілікті өкілдікті және атқарушы органдармен өзара бірлесіп әрекет етеді. Сонымен қоса қолданып жүрген заңдардың атқарылуын қамтамасыз етеді.

 

-   Бөлім қызметкерлері Республикалық бюджеттен қаржыландырылады . Бөлімде есеп қисап жұмыстары орталықтандырылған бухалтерияға қарайды . Яғни еңбек жалақы жоғарыдан төленеді. Бөлімде арнайы бір қызметкерге, табель өткізу; бұйрықтың көшірмесі, байланыс қызметі электр энергиясы, жанар жағар май мен есептеу қызметкерлердің еңбек өтімі туралы хаттама жасау, мекемеден негізгі активтерге кеңсе тауары, шаруашылық  тауары, тез тозатын материалдарды инвестициялау, есепке алу, есептен шығару арнайы бұйрық бойынша жүктелген .

 

-  Қазынашылық функциялары болып  табылатын міндеттерді орындау       тұрғысында кәсіпкерлік субьектілермен  шартық қатынастарға түсуге тиым  салынған.

-  Бөлімнің негізгі міндеттері  республикалық бюджеттің кассалық  атқарылуын қамтамасыз ету.


 

 

 

1.2.  Қазынашылық бөлімі заңдарда белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды орындайды:

 

1. Республикалық бюджеттің кассалық  атқарылуын және жергілікті бюджеттерге  есеп айырысу кассалық қызметін  көрсетеді.

2. Мемлекеттік мекемелерде ақша  лимиттерінің және кассалық шығыстарының есебімен, ағымдағы шоттармен қамтамасыз етеді.

3. Мемлекеттік мекемелердің тапсырмалары  бойынша ақша аударымдарын, мемлекеттік  мекемелер ұсынған төлем құжаттарын  бақылауды жүзеге асырады.

4. Мемлекеттік мекемелерді 2-ші деңгейдегі банктер арқылы қолма-қол ақшамен қамтамасыз етеді.

5. Бюджеттік бағдарламалар мекемелеріне -әкімшілеріне бюджеттік сыныптама  кодтары бойынша белгіленген  лимиттер және жасалған кассалық  шығындар туралы ай сайынғы  ақпаратты береді.

6. Мемлекеттік бюджеттердің кассалық  атқарылуы туралы ақпарат жергілікті атқарушы органдарға ұсынады.

7. Жергілікті бюджеттердің орындалуы  туралы айлық, тоқсандық және  жылдық ақпараттарды ұсынады.

 

 

 

Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландыратын мемлекеттік мекемелердің  шығыстар сметасын жасау мен бекіту оларға өзгеріс енгізу.

 

- Шығыс сметасы республикалық  және жергілікті бюджеттерден  мемлекеттік мекемелерді ұстауға  және нақты бюджеттік бағдарламаларды  орындауға бөлінетін қаражаттың көлемін,мақсатты бағытталуын және айлар бойына бөлінуін анықтайтын негізгі құжат болып табылады.

- Смета әрбір бюджеттік бағдарлама  бойынша жасалады. Республикалық  және жергілікті бюджеттердің  қаражатын белгіленген тәртіппен  бекітілмеген сметамен жасауға  жол берілмейді. Смета жиынтық  және жеке болады.

- Бюджетте әрбір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша бекітілген  жалпы сомага жасалатын смета  жиынтық болады.

- Егер бағдарлама (кіші бағдарлама) бірнеше мемлекеттік мекемелерді  ұстауды, бірнеше мекемелермен іс-шаралар  өткізуді көздейтін болса  онда мұндай бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша жиынтық смета тиісінше жеке сметаларға бөлінеді екен.

- Жиынтық және жеке сметалар  ҚР Үкіметі белгілеген нысандар  бойынша жасалған,

 

 

Смета жасаған кезде мемлекеттік мекемелер:

 

- ҚР бірыңғай бюджеттік жіктемесі (единая бюджетная классификация) шығыстарының экономикалық жіктемесін;

- Бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру  тәртібін көздейтін нормативтік  құқықтық кесімдерді;

- Тауарларды (жұмыс,қызмет) мемлекеттік  сатып алуға шарттар жасаудың  мерзімдерін;

- Тиісті жылға арналған Республикалық  және Жергілікті бюджеттерді  бекіту кезінде нақты шығыстың  есептемесін басшылыққа алады.

 

 

 

 

Сметаны бекіту тәртібі

 

- Жиынтық және жеке сметаларды бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері әрбір бюджеттік бағдарламалар шығыстарының болжамды көлемдерін  бөледі.

 

- Жиынтық, жеке сметаларын бекіту  жоғары оң бұрышында смета  бойынша шығыстардың жалпы сомасын  жазумен көрсете отырып  сметалардың  барлық даналарында бекіту күнімен әкімшінің мөр таңбасымен бірге бюджеттік бағдарламалар әкімшісі басшысының қолымен рәсімделеді. Жиынтық, жеке сметаларына бюджеттік бағдарламалардың әкімшісінің қаржы қызметінің басшысы қол қояды.

 

 

 

 

    1. Бөлімдегі  программалық  құрлымның  қолданылу тісңлң, операциялық  жүйелер.

                              Модернизацияланған «O R A C L E»  программасы


 

 

Қазнашылық  бөлімінде  барлық   жұмыс  жүйесі компютерде модернизацияланған «O R A C L E» программасы  бойынша   жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекттік  бюджеттің  шығыс  кірістерін   басқару, Міндеттемелерді   тіркеу,  төлеу  мақсатымен  шоттарды  Жуйеге  енгізу,    толем  шоттарын   бекіту,   төлемдерді  бақылау 

басқармасы,   мемлекеттік   ұйымдар мен   жұмыстарды   басқару,     ішкі   бақылауды  басқару,   есептілік   және   жеткізуші фирмалар   туралы  анықтама  жургізу,      қаржымен   қамтамасыз   ету   бөлімі, ақпараттық   қауіпсіздік   пен  қазналық   жуйесін  техникалық   қолдау  жұмыстары  ORACLE    программасы   бойынша   қазнашылық  

қызметкерлерінің   жургізуімен   іске  асырылып   отыр. Бөлімде   ақпараттық  жуйемен   істелінген Қазақстан  Республикасының  бірыңғай  бюджеттік    сыныптамасы ( единная  бюджетная  классификация)   негізінде   қызмет  ететін  біркелкі қазнашылық   шоттар   ашылған. Мемлекеттік  мекемелермен  жасалатын  азаматтық-құқықтық мәмілелерді  тіркеу,    сондай-ақ     инкассалық  өкімдерді орындау,  зерттеу   обектісі  бойынша   құжат  жинау   аталған программалық  жуйе   бойынша   жуктелінген  мінтеттеме бойынша  атқарылады. Мойынқұм  аудандық   қазнашылық   бөлімінде жалпы Қазнашылық   органы   өздері   қызмет   корсететін Мемлекеттік   мекемелерге  төмендегі  құжаттар    Нысандарын дайындайды:

5-15  Мемлекеттік мекемелер   бойынша  өткізілген  Төлем  шоттар   тізілімі   нысаны;

Қазнашылық мемлекеттік мекемелерге 4-20 арнаулы нысанын ұсынады.

Ал мемлекеттік мекемелер осы 4-20 нысанындағы ерекшеліктерге түскен қаржыларды мақсатты жұмсауға тиіс.

Қазынашылық бөлімі осы  қаржының мақсатты жұсалуына ҚР Қаржы министрлігі 13-ші наурыз 2013 жылы бекіткен №71 «ҚР Біріңғай бюджеттік  сыныптамасының кейбір  мәселелері» бұйрығын негізге ала отырып бақылау жасайды. Негізгі еңбек жалақы, жәрдем ақы, төлем ақы, бюджетке төленетін төлемдер (табыс салығы, әлеуметтік салық ), зейнетақы жарнасы, іс-сапар шығындарына шарт жасалынбайды.

Бұл 111,113,112,121,161 ерекшеліктерді қамтиды.Бұл аталған шығыстар төлеуге берілетін шот арқылы (счет к оплате) қабылданады.

Ал, 149-159,411,414,416,421 ерекшеліктерде қаралған қаражаттар, яғни тауарларға, көрсетілген қызметтерге қаттама жасалынып, шарт жасасып Қазнашылыққа өтінім (заявка на регистрацию обязателств) өткізеді.

 

Бөлім 4 топқа бөлінген:

 

    1. Бюджеттік мекемелерден азаматтық, құқықтық мәмілесін тіркеуге арналған өтінім (заявка) оған келісім шарт, шот фактура тіркеледі. Сондай-ақ  төлем шоттары қабылданып олардың дұрыс бұрыстығы,яғни барлық реквизиттері тексеріледі. Сонымен қатар жергілікті қаржы бөлімі бюджеттік бағдарламаларды (кіші    бағдарламаларды) міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарын өткізеді. Бұл бағдарламаны (жергілікті бюджет) қондыру қазнашылық бөлімінде жүргізіледі.

 

  1. Екінші топ төлем шоттарын енгізу тобы болып саналады. Ол топтың міндеті арнайы программа бойнша мемлекеттік мекеменің аударған ақшасын ақша алушының шотына аударады. Мемлекеттік мекеме яғни аударушы әр ерекшеліктен аударылады.

 

Мысалы: 111- ерекшелік- еңбек жалақысы, табыс салығы, кәсіп одақ                                                                                                                жарнасы.

112 - сый ақы

113 –сауықтыру

149 –кеңсе тауары

151 –ауыз су, жарық (электр энергиясы)

152 – байланыс қызметі

144 – отын (сұйық отын,сексауыл)

159 – қызмет көрсету

161 – іс-сапар 

Осы ерекшеліктен аударылған төлем шоттарын тиесілі алушының шотына  түсуі ықпал жасайды.

 

3.Үшінші топ енгізілген төлем шоттарын барлық реквизитін тексере отырып

   (контроль) арнайы программа бойынша бекітеді.

Информация о работе Еңбек ақыны төлеуге шығатын шығынды есептеу ерекшелігі