Кассадағы және есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттар есебі
Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2014 в 18:04, курсовая работа
Описание работы
Бухгалтерлік есепті халықаралық стандарттардың талабына сай жүргізу қазіргі кезде ең басты мәселе болып табылады. Осыған байланысты бухгалтерлік есеп пен аудитке жүктелетін міндеті қай кезде болмасын күрделі болып отыр. Осы тұрғыдан қарағанда ақша қаражаттар есебін дұрыс ұйымдастырудың рөлі зор. Ақша қаражаттардың есебін зерттеп бақылай отырып кез — келген кәсіпорынның жабдықтаушылары мен клиенттерінің кім екендігін, олардың қандай тауар сататынын, қызмет көрсететінін, олармен қандай қарым -қатынастарда, қандай тәртіпте, қандай құжат негізінде жүзеге асатынын көріп білуге болады.
Содержание работы
КІРІСПЕ………3 I Тарау. Ақша қаражаттар есебінің теориялық негіздемесі. 1.1. Ақша қаражаттар операцияларын есепке алудың мәні мен мақсаты……4-5 1.2. Есеп айырысу шоты операцияларының есебі………………….6-10 ІІ Тарау. Касса операцияларының есебі……..11-14 2.1. Банктегі арнайы шоттардағы ақшалар есебі……….15-20 2.2. Төлем карточкаларының есебі…………20-23 2.3. Ақша қаражаттар қозғалысының есебі…….24-26 ҚОРЫТЫНДЫ……..27-28 ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……..29-30
Тауар кеңселерінің,
пристаньдардың және пайдаланудағы учаскелердің,
аялдама, үзен үткелдерінің кассасындағы
билет және багаж кассаларындағы, порттар
мен вокзалдардың, байланыс бөлімшесінің
кассаларындағы ақша қаражаттарының қолда
бары мен қозғалысы 451/2 шотта ескеріледі.
451-452 шоттар бойынша
шаруашылық операциялры
1. Кассаға сатып алушылар
мен тапсырыс берушілерден ақша қаражатары
түсті Д-т 451,452 К-т 3 01
2. Вексель бойынша
түсті Д-т451,452 К-т 302
3. Алынған қарыздар
бойынша келтірілген залал үшін жүмсалмаған
есеп беру сомаларын қайтару Д-т 451,452 К-т
333
4. Еншілес кәсіпорындардан
және өзге серіктестерден берешектің
түсуі Д-т 451,452 К-т 321-322
5. Банк шоттарынан
қолма қол ақшаның түсуі (чек бойынша)
Д-т 451, 452 К-т431,441
24. Кассаға түгендеу
жүргізген кезде анықталған ақша
қаражаттарының жетіспеушілігі
Д-т 334, К-т 451,452
1) егер кінэлі
адам анықталмаса немесе сот
оны өтеп беруден бас тартса
Д-т 821 (845) К-т334
2) егер кінэлі
адам табылса Д-т 333 К-т 334
Кассаның кірісі бойынша
операциялар №1 санды журнал-ордердің
ведомосында, ал шығысы бойынша операциялар
№1 санды журнал-ордерде есептелініп жүргізіледі.
2.1 Банктердегі
арнайы шоттардағы ақшалай қаржылар есебі
Кәсіпорындар ұйымдар,
фирмалар үздерінің ақшалай қаржыларын
сақтауға банк мекемесінен арнайы шот
ашуына болады. Бұл шотта ашылған аккредетивтердегі
ақшалай қаржылар, чек кітапшаларындағы
ақшалай қаржылар, банктердегі арнайы
шоттардағы ақшалар және басқа да ақшалай
қаржылыр есептелінеді.
Аккредитивтермен
есеп айырысу. Шаруашылық субъектілер
421-«Аккредитивтердегі ақшалай қаржылар»
— деп аталатын шотта жабдықтаушы және
басқа да кәсіпорындар мен ұйымдардың,
фирмалардың аттарына ашылған аккредетивтегі
ақша қаражаттарын есептейді. Негізінен
есеп айырысудың бұл түрі басқа қаладағы
(субъекті орналасқан жерден басқа жерде
тұратын) жабдықтаушылармен қолма қол
ақшасыз есеп айырысу үшін қолданылады.
Есеп айырысудың бұл түрі басқа қолма
қол ақшасыз есеп айырысуға ұқсас болып
келеді. Бұл есеп айырысу құжаты бойынша
сатып алушы өзіне қызмет күрсететін банк
мекемесі арқылы жабдықтаушының шоты
ашылған, яғни оған қызмет көрсететін
банктен аккредетив ашады. Есеп айырысудың
бүл түрі 1931 жылдан қолданылып келеді.
Аккредитивтердегі ақшалай қаржылар бойынша
есеп айырысу жабдықтаушыларға төлемнің
дер кезінде төленуін қамтамасыз етеді.
Аккредитив — сатып алушыға
қызмет ететін банк мекемесінің осы кәсіпорынды
немесе ұйымды жабдықтайтын шаруашылық
субъектісіне қызмет көрсететін банк
мекемесіне тауарларының жіберілгендігін
немесе қызметтерінің күрсетілгендігін
дәлелдейтін құжаттар бойынша төлем төлеу
жайлы тапсырмасы.
Аккредитив тек бір
ғана жабдықтаушымен есеп айырысуға арналады.
Ал аккредитивтің мерзімі жабдықтаушы
мен сатып алушының арасындағы келісім-шартқа
сәйкес бекітіледі. Бұл шартта мыналар
күрсетілуі қажет:
1. Төлеушінің тапсырмасы
бойынша аккредитивті ашқан банктің (банк
имитенттің) аталуы
2. Аккредитивтің түрі
және оның орындалуы мен пайдалануының
әдісі мен тәсілі
3. Аккредитив бойынша
қаржы (ақша) алу үшін жабдықтаушының өзіне
қызмет ететін банкке тапсыруға тиісті
құжаттардың толық тізімі және нақты сипаттары
4. Тауарларды, материалдарды
тиеп-жөнелткеннен немесе жұмыстарды,
қызметтерді орындағаннан кейін қүлсаттардың
банк мекемесіне тапсырылу мерзімі және
олардың орындалуына қойылатын талаптар.
Жабдықтаушыларға аккредитив жайлы, яғни
оның ашылғандығы туралы хабарлау.
5. Басқа да керекті
құжаттар мен шарттар.
Аккредитивтердің
«өтелінген» (депоненттелген) және «өтелінбеген»
(депоненттелінбеген) — деп аталатын түрлері
ашылуы мүмкін. Аккредитив сонымен қатар
«кері шақырылатын» және «кері шақырылмайтын»
болып екі түрге бүлінеді.
Тапсырыс берушінің
үзінің шотындағы ақша қаражаты есебінен
немесе оған күрсететін банкінің берген
несиесінің есебінен жабдықтаушы кәсіпорынға
қызмет күрсететін банкке келісім — шарт
бойынша алдын ала аударылған қаржысы
— «Өтелінген аккредетив (депоненттелген)»
болып есептеледі.
Ал сатып алушы кәсіпорын
мен жабдықтаушы кәсіпорындарға қызмет
көрсетуші банк мекемелері арасында аккредитивте
көрсетілген қаржы сомаларын аударуға
тек қана келісім-шарт жасалынып келісілген,
яғни ақша әзірге аударылмаған болса онда
бұл — «Өтелінбеген аккредитив» түрі
қатарына жатқызылады.
Аккредитив ашу жайлы
келісім-шартта қарастырылған келісімдерді
өзгертуге, жоюға тек сатып алушы, яғни
қаржы төлеуші шаруашылық субъектінің
ғана құқы болса, ондай аккредитив . —
«Кері шақырылатын аккредитив» болып
саналады.
Аккредитивті ашу үшін
төлем төлеуші кәсіпорын үзіне қызмет
көрсететін банк мекемесіне арыз береді
және сонымен қатар мына құжаттарды көрсетулері
қажет:
1. Жабдықтаушы шаруашылық
субъектісінің аты.
2. Аккредитив ашылатын
келісім-шарттың көшірмесі.
3. Аккредитив ашылатын
банктің аты.
4. Аккредитивтің орындалатын
уақыты және жері.
5. Аккредитивтен төлем
төлеуге қажет болатын құжаттардың толық
және нақты аты.
6. Аккредитивтің түрі.
7. Аккредитивтің қандай
тауарға, затқа немесе орындалатын жұмысқа
төлем түлеуге арналғандығы және оны төлеу
үшін банк мекемесіне табыс етілетін құжаттардың
тізімі.
8. Аккредитивтің сомасы.
Аккредитивтен қаржы
алу үшін жабдықтаушы кәсіпорын тауарды
тиеп жібергеннен кейін аккредетивтің
шартында қаралған құжаттарды банк мекемесіне
табыс етеді. Бұл құжаттар аккредетивте
күрсетілген шарттарды толық қанағаттандыратындай
болуы керек. Егер аккредетивте қарастырылған
бұл шарттың біреуі орындалмаған жағдайда
аккредитивтен қаржы түленбейді. Егер
аккредитивте қарастырылған шарт бойынша
сатып алушы кәсіпорынның өкілі шотты
акцептеуі керек болса, онда ол адам орындаушы,
яғни қызмет көрсетуші банкке мына құжаттарды
күрсетуі қажет:
1. Төлқұжат немесе
оның орнына жүретін басқадай құжаттар.
2. Аккредитив ашқан
кәсіпорын берген іс-сапарлық куәлік пен
сенімхат.
3. Өзінің қолтаңбасының
үлгісі.
Жабдықтаущысының
баңкісінде аккредитив мынадай жағдайларда
жабылады:
1. Аккредитивтің мерзімі
біткенде.
2. Аккредитивті жабу
туралы жабдықтаушының берген арызы бойынша.
Аккредитив жабылған уақытта пайдаланылмаған
сома сатып алушының (төлеуші субъектінің)
банкісіндегі тиісті шотына аударылады.
Ашылған аккредитив сомасы 421-«Аккредитивтердегі
ақшалай қаржылар» шотының дебетіне қай
шоттан аударылғанына қарай, егер есеп
айырысу шотынан аударылса, 441-шотының,
валюталық шоттардын аударылса: 431 немесе
432 шоттардың, банктерден алынған несиелердің
есебінен аударылса: 601-шоттың, банктен
тыс басқа да мекемелердің несиелері есебінен
аударылған болса: 602 немесе 603 — шоттың
кредитіне жазылады. Ал жабдықтаушыға
аккредитивтен түленген сома бухгалтерияда
671-«Мердігерлдер мен жабдықтаушылармен
есеп айырысу» шотының дебетіне 421-«Аккредитивтегі
ақшалай қаржы» — деп аталатын шоттың
кредитіне жазылады. Ал аккредитив жабылған
уақыттағы пайдаланылмаған немесе жүмсалынбаған
сома 441, 431, 432, 601, 602 және 603-шоттардың тиестілерінің
дебетіне, 421-шоттың кредитіне жазылады.
Чектермен
есеп айырысу. Есеп айырысудың бұл
нысаны бойынша шоттың иесі (чек беруші)
үзінің шотынан сатып алушының (чек ұстаушы)
шотына қаражаттың белгілі бір сомасын
аудару жүнінде үзіне қызмет көрсететін
банкке чек түрінде жазбаша тапсырма береді.
Чектер алынған өнімдер, көрсетілген қызметтер
үшін есеп айырысқанда және «Қазақстан
Республикасында чектермен есеп айырысу
ережесінде» көзделегн басқа жағдайларда
қолданылады. Чектер үтелген және өтелмеген
болып бүлінеді. Біріншісі — депозитпен
өтелген, екіншісі — алдын-ала депозитпен
үтелмеген. Сонымен қатар чектер түленуі
жүнінде банк кепілдемесіне ие болуы мүмкін,
соның ішінде өтелмеген чектер бойынша
да. Чек беруші мен банктің құқықтары мен
міндеттері чекті қолдану келісім — шарты
негізінде туындайды. Яғни, чек беруші
банкі клиенті — чек берушінің (заңды
немесе жеке түлға) чектерін төлеу міндеттерін
өзіне алады, ал клиент өзіне банктің белгілеген
чекті беру және қолдану тәртіптерін сақтау
міндетін жүктейді. Чек үстаушы қүқықтары
чек берушіден чекті алу моментінен бастап
туындайды.
Чек кітапшасын алу
үшін банкке үтініш беріледі. Лимиттелеген
чек кітапшасы иесінің жеке шотындағы
қаражаты депоненттеуге арналған, субъектінің
шоты бойынша операциялар жасауға арналған
құжаттарға қол қоюға құқығы бар адамдардың
қолы қойылған төлем тапсырмасы мүртаңбасы
қойылып, оған қоса беріледі. Чек кітапшасының
лимиті чек жазып беріле алатын және банк
түлеуге тиісті шекті соманы білдіреді.
Ол банк белгілеген сомадан кем болуы
мүмкін емес, бірақ тауарлар мен қызметтерді
түлеуге арналған қаражаттардың айлық
түтынысынан эдетте күп болуы да мүмкін.
Чектермен есеп айырысу
есебі активтік 422 «Чек кітапшаларындағы
ақша қаражаттары» шотында жүргізіледі.
1. Лимиттелген чек
кітапшасын онда күрсетілген лимит сомасында
алған кезде Д-т 422 К-т 441, 431, 601
2. Банктен алынған
чек кітапшалары бойынша сомалар субъект
берген чектердің түленуіне қарай есептен
шығарылады, яғни жеткізушілер, үзге де
кредиторлар үсынған чекті банктің үтеу
сомасы Д-т 671, 687 К-т 422
422, 423 -шоттардың
кредиті бойынша және 42-бөлімшенің
басқа шоттары бойынша операциялар
банк күшірмесінің негізінде №3 журнал-ордерде
(кредитінде) күрсетіледі.
Жолдағы
аударымның және банктегі арнайы шоттардағы
қаражаттардың есебі.Аударылған, бірақ
әлі кәсіпорынның шотына келіп түспеген,
яғни кіріске алынбаған ақша қаражаттары
жолдағы ақшалай қаржылар болып саналып,
Ал олардың есебі 411-«Аударылған жолдағы
ақшалай қаражаттар»-деп аталатын шотта
жүргізіледі. Бұл шот ай соңында кәсіпорынға
немесе фирмаға басқа кәсіпорын, ұйым
немесе фирмалардан аударылған, бірақ
эзірге келіп түспеген, яғни кіріске алынбаған
жолдағы ақшалай қаржылар жайлы ақпараттарды
қорытындылауға арналған. Бұл шотта кәсіпорындар,
фирмалар немесе ұйымдар үздерінің қарамағындағы
филиалдардың, бөлімшелердің, сондай-ақ
сатып алушылардың банктерге, сақтық кассаларына,
почта бөлімшелеріне салған, бірақ тиісті
шотқа әлі түспеген, аударылғандығы туралы
тиісті құжаттармен дәлелденген ақшалай
қаржыларды есептейді. 411-«Жолдағы ақшалай
қаражаттар» шотында ақша қаражаттарын
есептеу үшін мынадай құжаттар болуға
тиіс:
1. Саудадан немесе
басқа да операциялардан түскен түсімді
банкінің қабылдағанын дәлелдейтін құжат.