Казақстанның төлем жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2014 в 09:27, лекция

Описание работы

Қазақстанның егемендігін жариялау, нарықтық қатынастарға көшу елдің экономикасын, оның ішінде қаржы жүйесін құрылымдық реформалауға себепші болды. Бұл ретте сенімділігімен және жоғары тиімділігімен ерекшеленетін түбегейлі жаңа төлем жүйесін құрудың маңызды мәні болды. Қазақстан Республикасының төлем жүйесі реформасының негізгі мақсаттары банктер және олардың клиенттері арасындағы төлемдердің өтуін жеделдету (90-шы жылдардың басында бір төлемнің өту мерзімі 3-12 күнді құрады), сондай-ақ әртүрлі төлем құралдарын (тапсырмаларды, чектерді, төлем талаптарын) айналысқа неғұрлым кеңінен ендіру болып табылды.

Файлы: 1 файл

төлем заңы.docx

— 31.08 Кб (Скачать файл)

ҚАЗАҚСТАННЫҢ  ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІ

 

Қазақстанның егемендігін  жариялау, нарықтық қатынастарға көшу елдің экономикасын, оның ішінде қаржы  жүйесін құрылымдық реформалауға себепші  болды. Бұл ретте сенімділігімен және жоғары тиімділігімен ерекшеленетін  түбегейлі жаңа төлем жүйесін  құрудың маңызды мәні болды. Қазақстан  Республикасының төлем жүйесі реформасының негізгі мақсаттары банктер және олардың клиенттері арасындағы төлемдердің  өтуін жеделдету (90-шы жылдардың  басында бір төлемнің өту мерзімі 3-12 күнді құрады), сондай-ақ әртүрлі  төлем құралдарын (тапсырмаларды, чектерді, төлем талаптарын) айналысқа неғұрлым кеңінен ендіру болып табылды. Қазіргі  заманғы төлем жүйесін құру кезінде  Қазақстанның Ұлттық Банкі Еуропа Одағы, Шығыс Еуропа, Балтық Жағалауы елдерінің  және ТМД елдерінің тәжірибесін  зерделеді.

Төлем жүйесін реформалаудың  алғашқы қадамы 1991 жылы коммерциялық банктердің филиаларалық айналымдарының (ФАА) шоттарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарында ашылған  корреспонденттік шоттарға көшіру болып  табылды, бұл ФАА жабуға, банкаралық есеп айырысуларды реттеуге және коммерциялық банктерге (Кредсоцбанк, Промстройбанк, Агроөнеркәсіпбанкі, Жинақ банкі) кассалық қызмет көрсетудің орындалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

КСРО-ның тарауына және кеңестік кеңістіктен кейінгі елдердің мемлекеттік тәуелсіздік алуына байланысты 1992 жылы ТМД елдерінің  ұлттық/орталық банктері үшін сауда-экономикалық есеп айырысуларды жүзеге асыру мақсатында корреспонденттік шоттар ашылды. Осы  шоттар бойынша операциялар 1992 жылғы 1 шілдеден бастап жүргізіле бастады.

1992 жылы банкаралық  есеп айырысуларды қамтамасыз  ету мақсатында Ұлттық Банк  барлық ауданда, қалаларда, облыс  облыстарының қалалық аудандарында  және Алматы қ. есеп айырысу-кассалық  орталықтарын құрды. 1992 жылдың ортасында  Ұлттық Банктің 19 облыстық және 274 аудандық есеп айырысу-кассалық  орталықтары жұмыс істеді.

1993 жыл ішінде Ұлттық  Банк ел ішінде және сол  сияқты одан тысқары шаруашылық  жүргізуші субъектілер арасындағы  өзара берешекті есепке алуды  жүргізді. Осы жылы техникалық  құралдардың дайын болуына орай  жалға авизоларды пайдалануға  жол бермеу және төлемдерді  жеделдету мақсатында Қазақстан  облыстарының арасындағы есеп  айырысу кезінде электрондық  төлемдерді ендіру басталды.

1994 жылы тұңғыш рет  Қазақстан Республикасы Қаржы  министрлігінің мемлекеттік қазынашылық  міндеттемелерінің шығарылымы жүзеге  асырылды. Осы жылы Мемлекеттік  бағалы қағаздардың орталық депозитарийі  құрылды.

1995 жылы Қазақстанда  тұңғыш Алматы клирингтік палатасын  (АКП) құру маңызды қадам болды,  ол көпжақты өзара есеп айырысу  әдісі бойынша жұмыс істеді. Осы  жүйенің кемшілігі қатысушы банктердің  күннің аяғында төлем тапсырмаларын  қағаз тасымалдауыштармен алмасуға  тура келуі болды. Сол 1995 жылы  Ұлттық Банк рубль аймағы елдерімен  шоттарды салыстырып тексеруді  және ұлттық банктердің корреспонденттік шоттарындағы қалдықтарды реттеуді жүзеге асырды, сондай-ақ тиісті мемлекетаралық келісімдерді дайындады.

Ұлттық Банк 1996 жылы төлем  жүйелерін дамыту жөніндегі мынадай  бірқатар іс-шараларды жүргізді:

- Ұлттық Банктің облыстық  филиалдары жанында аймақтық  клиринг палаталарын құру, олар  ішкі аймақтық төлемдердің банкаралық  клирингін жүзеге асырды;

- «электрондық төлем  тапсырмасы» ұғымын нормативтік  бекіту, төлем жүйесінің қатысушылары  арасында ақпарат алмасу үшін  электрондық хабарлардың SWIFT тәріздес  форматтарын әзірлеу және ендіру;

- Алматы клиринг палатасын  «Қазақстан Республикасы Ұлттық  Банкінің Қазақстан банкаралық  есеп айырысу орталығы» РМК  (ҚБЕО) етіп қайта ұйымдастыру,  ол осы уақытқа дейін төлем  жүйелерінің операторы болып  табылады.

1996 жылы ҚБЕО-да жиынтық  негізде есеп айырысуды жүзеге  асыратын және нақты уақыт  режимінде жиынтық есеп айырысудың  перспективалық жүйесінің (RTGS –  real time gross settlement system) сипаттамалары бар  ірі төлемдер жүйесін құру  банкаралық төлемдердің өтуін  жеделдетуге себепші болатын  сәт болды. Ірі төлемдердің  Қазақстандық жүйесінің негізі  ретінде Швейцария тәжірибесі, атап  айтқанда SIC (Swiss Interbank Clearing) жүйесін  құру тәжірибесі алынды. Ірі төлемдер  жүйесі қысқа мерзім ішінде  қағаз нұсқасымен растай талап  етілмейтін электрондық құжат  айналымы нәтижесінде ақша аударымдарының  жылдамдығы мен сенімділігі, сондай-ақ  жоғары қауіпсіздік деңгейі бойынша  барынша танымал болды.

Төлем жүйесін жетілдіруге  себепші болған маңызды іс-шара Ұлттық Банктің орталық аппаратында  екінші деңгейдегі банктердің корреспонденттік шоттарын орталықтандыру болып табылды, орталықтандыру 1998 жылғы қазан –  қараша аралығында жүргізілді. Корреспонденттік шоттарды орталықтандыру Ұлттық Банкке есеп айырысу банкінің және банктердің банкінің функцияларын жедел жүзеге асыруға, төлем жүйесін және тұтас  банк жүйесін бақылау функцияларының тиімділігін арттыруға мүмкіндік  берді.

Бөлшек төлемдерді нарығында  бәсекелестікті құру және банк қызметінің осы саласында қызмет көрсету  сапасын жақсарту мақсатында 1999 жылғы 1 тамыздан бастап Қазақстан Республикасының  аумағында Ұлттық Банкінің облыстық филиалдары жанындағы клирингтік палаталардың қызметі тоқтатылды. Бұл ретте  Қазақстанда Америка автоматтандырылған клиринг жүйесінің түрі бойынша  жүйе клиринг жүйесін (қатысушылардың жалпы жүйедегі таза позицияларының түпкілікті есебімен қаражатты алдын  ала депонирлемей жұмыс істейтін, қарама-қарсы міндеттемелерді көпжақты өзара есепке алу жүйесін) – осы  уақытта ойдағыдай жұмыс істеп  тұрған Банкаралық клиринг жүйесін  құру туралы шешім қабылданды.

1998 жылғы маусымда «Ақша  төлемi мен аударымы туралы»  Қазақстан Республикасының Заңы  қабылданды, бұл Қазақстан Республикасындағы  ақша төлемi мен аударымын жүзеге  асыру кезiнде туындайтын қатынастарды  реттейтiн негізгі құжат және  Ұлттық Банктің осы саладағы  нормативтік құқықтық базасын  әзірлеу бойынша жұмыстар басталды.

Нормативтік және технологиялық  базаны жетілдіру нәтижесінде банктік  және қаржы секторларының сол  күнгі түпкілікті есеп айырысулары  бар тиімді және қауіпсіз жүйеге өсіп отырған қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында ірі төлемдер жүйесі 2000 жылы нақты уақыт режимінде жұмыс  істейтін және Қазақстанның жүйелік  маңызы бар төлем жүйесі болып  табылатын Банкаралық ақша аударымы жүйесі (БААЖ) болып қайта құрылды.

Кез келген ел үшін RTGS жүйесін  құрудың қаржы саласында ең жоғары басымдығы бар. Осы жүйенің болуы  мемлекеттің банк жүйесінің тұрақты  жұмыс істеуін сипаттайды. Бүкіл  әлемде осындай жүйелерді құруға қойылатын тиісті талаптарды белгілейтін  жалпыға ортақ стандарттар қолданылады. Осылайша, БААЖ-ды ендіру жүйеге қатысушы банктердің мониторинг жүйесінің механизмдерін  және өтімділік тәуекелдерін басқаруды  жетілдіруге мүмкіндік беретін, Қазақстанның төлем жүйесінің дамуының келесі маңызды кезеңі болып табылды.

2003 және 2005 жылдары Халықаралық  Валюта Қорының және Дүниежүзілік  Банктің сарапшылары Қазақстанның  төлем жүйелеріне бағалау жүргізді, оған сәйкес Қазақстанның төлем  жүйелері халықаралық стандарттарға,  оның ішінде Халықаралық Есеп  айырысу Банкі жүйелік маңызды  төлем жүйелері үшін белгіленген  10 Басты қағидаттарға сәйкес келеді  деп танылды. Сондай-ақ, 2003 жылғы  қарашада Қазақстанның төлем  жүйелері жұмысының негізгі ерекшеліктерін  ашатын Төлем жүйелері жөніндегі  Қызыл кітап жарияланды. 2006 жылғы  сәуірде Қазақстандағы төлемдер, клирингтік және есеп айырысу  жүйелері жөнідегі күміс кітап  шығарылды.

2007 жылы Қазақстан Республикасы  Ұлттық Банкінің Астана қ. жаңа  Резервтік орталығын салу бойынша  жұмыстар басталды. Ұлттық Банк  Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі  № 51  қаулысымен «Қазақстан  Республикасы Ұлттық Банкінің  «Q-BRO» Резервтік Орталығы» акционерлік  қоғамы құрылды», оны құрудың  негізгі мақсаты Резервтік орталықтың  үйін салу және оны одан  әрі пайдалануға беру болып  табылады.

Ақша төлемі мен аударымын  жүзеге асыру кезінде мемлекеттік  тілді пайдалануды қамтамасыз ету  мақсатында 2008 жылғы 1 желтоқсанда Қазақстан  төлем жүйелерінің ҚР СТ 1048-2002 стандартына  негізделген қазақ тілінің символдары бар жаңа код кестесін пайдалануға  көшу жүзеге асырылды.

2009-2010 жылдары Ұлттық  Банк Қазақстан төлем жүйелерінің  операциялық сенімділігін және  өндірістік тиімділігін арттыру  мақсатында ұлттық төлем жүйелерінің  техникалық инфрақұрылымын түрлендіру  және жаңа бағдарламалық-техникалық  платформаға көшу бойынша жұмыс  жүргізді. Жүргізілген жұмыстардың  қорытындысы бойынша 2010 жылғы  7 маусымда олардың төлем жүйелерінің  жаңа нұсқаларына (БААЖ-2, Банкаралық  клиринг жүйесі-2) миграциясы жүзеге  асырылды, миграция жоғары қауіпсіздік  деңгейімен және өткізу мүмкіндігінің  айтарлықтай ұлғаюымен сипатталады.  Жаңа төлем жүйелерінің барлық  компоненттері ресурсты үнемдеу  және барынша пайдалану талаптары,  қорғаныш пен рұқсат етудің  талап етілетін деңгейін қамтамасыз  ету, сондай-ақ қаржы саласында  қолданылатын стандарттармен үйлесімдігі  ескеріле отырып әзірленді. Негізгі және резервтік орталықтардың бір тұтас ретінде жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін кластерлік бағдарламалық қамтамасыз етуді теңшеу және тәжірибелік пайдалануға енгізу жүзеге асырылды.

2011 жылдың басында Қазақстанның  төлем жүйелерінің, Ұлттық Банктің  автоматтандырылған ақпараттық  шағын жүйелерінің, төлем жүйелерін  пайдаланушылардың жеке сәйкестендіру  нөмірлерін пайдалануға көшуге  дайындығын тексеру бойынша бірқатар  тестілеу жүргізілді.

Ұлттық Банктің төлем  жүйелерінің тиімді жұмысын қамтамасыз ету саласындағы басым бағыттарының бірі Астана қ. негізгі орталық орналасқан ауданда төтенше және авариялық  жағдайлар туындаған жағдайда Ұлттық Банктің және төлем жүйелерінің  үздіксіз жұмыс істеуіне кепілдік беретін  жаңа резервтік орталығын құру болып  табылады.

Төлем жүйесі бір банк шотынан басқа  банк шотына осы елде белгіленген  заңдар, ережелер және стандарттар  бойынша ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру тетігін білдіреді. Қаржы нарықтарының және экономиканың банк секторының жұмыс істеуінің  тиімділігі көбіне елдегі жұмыс істеп  тұрған төлем жүйесіне байланысты.

Соған байланысты төлем жүйелерінің  қауіпсіз және тиімді жұмыс істеуін  қамтамасыз ету орталық банктердің негізгі міндеттерінің бірі болып  табылады. Халықаралық терминологияға сәйкес төлем және есеп айырысу жүйелерін  қадағалау (оверсайт) орталық банктің  функциясы болып табылады, оны  орындаған кезде сенімділік және тиімділік мақсаттары жұмыс істеп  тұрған және жоспарланған жүйелердің мониторингі, олардың осы мақсаттарға  сәйкес келуін бағалау және, егер қажет  болса, өзгерту арқылы қол жеткізіледі.

Төлем жүйелерін қадағалауды жүзеге асыру кезінде Халықаралық есеп айырысулар банкінің Төлем және есеп айырысу жүйелері жөніндегі комитеті әзірлеген халықаралық стандарттарға, оның ішінде мынадай негізгі қағидаттарға үлкен көңіл бөлінеді:

- ашықтық (жүйелерге  арналған талаптар мен стандарттарды  және оларға қатысты қолданылатын  жүйелерді айқындау критерийлерін  қоса алғанда орталық банктер  өздерінің қадағалау саясаты  туралы ашық мәлімдеулері тиіс);

- халықаралық стандарттар  (орталық банктер тиісті жағдайда  төлем және есеп айырысу жүйелеріне  қатысты халықаралық стандарттарды  қолдануы тиіс);

- пәрменді өкілеттіктер  мен мүмкіндіктер (өздерінің қадағалау  жөніндегі міндеттемелерін тиімді  орындауы үшін орталық банктердің  өкілеттіктері мен мүмкіндіктері  болуы тиіс);

- жүйелелік (қадағалау  стандарттары орталық банктің  өзі басқаратын жүйені қоса  алғанда, салыстырмалы төлем және  есеп айырысу жүйелеріне қатысты  жүйелі қолданылуы тиіс);

- басқа ресми органдармен  ынтымақтастық (орталық банктер  төлем және есеп айырысу жүйелерінің  сенімділігі мен тиімділігін  қамтамасыз ету кезінде басқа  да тиісті орталық банктермен  және ресми органдармен ынтымақтасуы  тиіс).

Төлем жүйелерін қадағалаудың маңыздылығы  туралы мәселенің 90 жылдардың өзінде көтерілгенін атап өткен жөн. Мәселен, Ондық Тобы мемлекеттерінің орталық  банктері неттингінің банкаралық схемалар жөніндегі комитетінің есебінде (Ламфалусси есебі, Халықаралық есеп айырысулар банкі, 1990 жыл) орталық банктердің өздерінің ішкі банкаралық нарықтардың дамуын және осы нарықтардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін төлем және есеп айырысу жүйелерінің қызметін қадағалайтыны көрсетілген. Банкаралық есеп айырысулар бойынша қызмет көрсетулердің негізгі жеткізушілері және соңғы сатыдағы кредиторлар ретінде орталық банктер банктердің кредиттеу және өтімділікке қатысты басқару саясатына, сондай-ақ олардың кредит тәуекелі мен ұлттық банк жүйесімен өтімділік тәуекелін байланыстыратын есептеу тетіктеріне ерекше көңіл бөледі және банктердің  орталық банктің тарапынан төтенше қолдауына өтініш білдірмей қолайсыз өзгерістерге қарсы тұру қабілетін бағалайды. Ұлттық төлем жүйесін бұлай қадағалау орталық банктің түрлі функцияларын үйлестіреді және монетарлық және бақылаушы органдардың міндеттерін үйлестіруден де тұрады.

Көптеген орталық банктердің төлем  жүйелерін қадағалау саласындағы  өкілеттіктері заңнамалық актілерде  айқындалған және ақша төлемдері  мен аударымдары саласындағы  нормативтік құқықтық базаны әзірлеуден, статистикалық деректердің мониторингінен, жинақтаудан, талдаудан және төлем  жүйелерінің жұмыс істеуін бағалаудан тұрады.

Информация о работе Казақстанның төлем жүйесі