Ұлттық байлық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2013 в 22:54, доклад

Описание работы

Ұлттық байлық жинақталған әрі нәтижелі көрсеткіштер санатына жатады және мемлекеттің экономикалық даму деңгейінің айнасы десе болады.
Ұлттық байлық — бұл материалдық және рухани игіліктердің жиынтығы және осы уақытта барлығы қоғам меншігінде болады. Ұлттық байлық құрамына мыналар енеді:
а) негізгі өндірістік және өндірістік емес қорлар;
ә) айналмалы өндірістік қорлар;
б) материалдық резервтер мен сақтандыру қоры;
в) айналым қоры;
г) тұрғындар мүлкі.

Файлы: 1 файл

Ұлттық байлық жинақталған әрі нәтижелі көрсеткіштер санатына жатады және мемлекеттің экономикалық даму деңгейінің айнасы десе болады.docx

— 28.95 Кб (Скачать файл)

Ұлттық байлық жинақталған  әрі нәтижелі көрсеткіштер санатына жатады және мемлекеттің экономикалық даму деңгейінің айнасы десе болады.

Ұлттық байлық — бұл материалдық және рухани игіліктердің жиынтығы және осы уақытта барлығы қоғам меншігінде болады. Ұлттық байлық құрамына мыналар енеді:

а) негізгі өндірістік және өндірістік емес қорлар;

ә) айналмалы өндірістік қорлар;

б) материалдық резервтер мен сақтандыру қоры;

в) айналым қоры;

г) тұрғындар мүлкі.

Ұлттық байлық құрамына негізгі жер, ормандар, сондай — ақ барланған табиғи ресурстар және олар натуралды түрде есептелінеді.

Қазақстан өзінің ауқымы бойынша ұлттық байлықтың үлкен көлемін иеленген. Біздің республикада жалпы жер көлемі 222,5 млн.га мөлшерді құрайды, оның ішінде 82%-ауыл шаруашылығы жеріне жатады. Қазақстанда 21,7 млн.га орман мен табиғи егістіктер, 11 мың өзен, 7 мыңнан астам көл мен су қоймалары бар.Өсімдіктер қоры 6 мыңнан астам түрлерден тұрса, ал жануарлар әлемі алуан түрлі.

Шабындықтар мен жайылым (162млн. га) көлемі бойынша Қазақстан Австралияны (450 млн. га), АҚШ-ты (320 млн. га) және Қытайды (234 млн. га) ғана алдына жібере алады. Қазақстан пайдалы қазбалар қоры мен олардың алуан түрлері бойынша –ТМД- дағы ең бай аймақтың бірі. Минералдық ресурстар ұлттық табыстың төрттен үшін құрайды.

Бұрынғы одақтағы мұнай қорының 9%-ы Қазақстан үлесіне тиесілі болса, ал әртүрлі бағалаушылардың пайымдауынша жалпы әлемдік мөлшердегі мұнайға ТМД үлесі 6-10% құрайды екен. Қазақстанда марганец рудасы (408 млн. т) қорының 13% шоғырланған және мөлшері бойынша тек АҚШ- ты (553млн. т), Украинаны ғана алдына салады.

Қазақстан әлемде хром рудасы қоры бойынша екінші орынды иеленді және республика 1990жылы жалпы одақтағы оны өндірудің 96,6%-ын игерген. Жалпы темір рудасы қоры (16662млн. т.) бойынша Қазақстан әлемде Бразилия,  Австрия, Канада, АҚШ, Индия, Ресей мен Украинадан соң сегізінші орынды иеленеді.

Вольфрам қоры бойынша әлемде Қазақстан бірінші орынды, фосфор рудасы бойынша — екінші, ал қорғасын мен молибден бойынша — төртінші орында.

1990жылы бұрынғы Одақтағы 98,2% хромит, 81,7% барит, 64,7% фосфорит, 53% вольфрам, 38,5%-қорғасын, 29,5% молибден, 28,4% мыс, 22,1% боксит, 20,1%асбест, 13%марганец, 11,9% көмір және 9,7% темір рудасының қоры Қазақстан үлесіне келеді. Уран рудасы қорының көптігі бұрынғы Одақтағы уран өндірудің 56% қамтамасыз етті. Республика жерінде Менделеев кестесінің 60-тан астам ең белгілі элементтері табылған.

Қазақстанның ауқымды  табиғи байлықтарын терең білу мен тиімді игеру — экономиканы дамытудың ең басты жағдайының бірі болып табылады, сондай — ақ елдің ұлттық байлығының үздіксіз өсуінің ең маңызды екендігі де рас.

Ұлттық байлық өзінің қолданылуы бойынша былай бөлінеді:

а) өндіріс — құрал жабдығына (еңбек құрал — сайманы, шикізат, материал мен табиғи ресурстар және

ә)тұтыну заттарына (тамақ, киім, тұрғын — жай және т.б.), ал өзінің туу тегіне қарай қорланған еңбек өніміне (еңбек құрал — сайманын, шикізат, материал мен тұтыну құрал — жабдығы қорларына) және табиғи ресурстарға (жер, су байлығы, орман және т.б.). Қоғам аса дамымаса, онда оның материалдық негізін табиғи байлықтар құрайды. Ал, қоғам тым дамыса, онда оның материалдық  негізін адам еңбегімен жасалған байлық құрайды.

Ұлттық байлықты өзінің құрамы бойынша екі топқа бөлуге болады: ұлттық мүлік және табиғи ресурстар. Елдерге материалдық игіліктердің заттай жиынтығы ұлттық мүлікті құрайды. Онда бұрынғы кезеңдегі барлық ұрпақ өміріндегі адамдардың қорланған еңбегінің бейнесі толық бар.

Табиғи ресурстар елдегі табиғат берген табиғи байлықтарды қамтиды. Сондықтан ұлттық байлық құрамына тек зерттелген, ескерілген және өндіріс процесіне тартылған ресурстар қоры енеді – пайдалы қазбалар, орман, су, гидроэнергоресурстар мен жер көлемі және т.б. Ұлттық байлыққа елдегі ескерткіштер, архитектуралық ежелгі құрылыстар, сурет галереясы, мұра – жай экспонаттары және т.б., алмаз бен валюталық қорлар жатады.

Ұлттық байлықтың ең маңызды  элементіне өзінің құрамы мен жеке салмағы бойынша ұлттық мүлікті айтамыз, оның үлесіне ұлттық байлықтың жартысынан астамы тиесілі болады. Ол өз бойына халық шаруашылығының  өндірістік және өндірістік емес қорларын, оның резервті қорын, тұрғындардың өз басының мүлкін енгізеді.

Өндірістік қорлар құрамына барлық еңбек заты мен құралдары енеді.

Олар процесс кезінде қалпына келген құралдарды игеру арқылы материалдық игіліктер процесінде қолданылады немесе қолданылуы мүмкін. Қызмет жасайтын еңбек заттары ғана ұлттық мүлікке енеді. Қоймада жатқан машина, станоктар немесе бекіту процесінде әлі негізгі қорлар бола алмайды және тек іске қосылған кезде ғана негізгі қорға айналады.

Халық шаруашылығының өндірістік емес негізгі қорларына тұрғын үй қоры мен ұлттық байлық элементтері жатады және олар өндірістік емес салаларда қолданылады (денсаулық сақтау, білім беру, ғылым, мәдениет және т.б.). Бұл қорлар тұтыну сипатына ие болады және тұрғындардың алуан түрлі тұтынулары мен қоғамдағы барлық өндірістік емес қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған.

Халық шаруашылығы резервтік қорының құрамына өндіріс құрал- жабдығы мен тұтыну заттары да енеді және олар кездейсоқ жағдайларда, халық шаруашылығының кейбір салалары дамуының жекелеген диспропорциясын және т.б. жою үшін резервтелген.

Ұлттық байлықтың элементіне тұрғындардың мүлкі де жатады және ол барлық ұлттық байлықтың шамамен 15 бөлігін құрайды. Тұрғындардың өз бастарының мүлкінің құрамына ұзақ мерзімге қолданатын заттар енеді –олар: үй — жиһазы, картина, жеңіл машиналар және т.б. Тұрғын үй, саяжайлар және басқа құрылыстар негізгі өндірістік емес қорларға жатады, ал ірі қара, омарта, ауыл шаруашылығы құрал — саймандары – негізгі өндірістік қор болып табылады.

 

Баға

Баға индексі – бір тіркеу кезеңінен екіншісіне дейінгі уақыт ішінде қандай да бір болмасын тауарға, өнім-

ге, қызмет көрсетуге баға деңгейінің өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.

Бағаны тіркеу – базалық кәсіпорындардың іріктелген жиынтығы бойынша өткізілетін тауарларға (қыз-мет көрсетулерге) бағаның деңгейі туралы ақпараттарды жинау әдісі. Экономиканың нақты секторында базалық кәсіпорындардың мемлекеттік статистикалық есептілік бланкілерін толтыру және оларды кәсіпорынның орналасқан жеріндегі статистика органдарына ұсыну жолымен жүргізіледі.

Базалық кәсіпорын – оларда бағаларды тіркеу мақсатында таңдап алынған байқау объектісі. Базалық кәсіпорындардың іріктелген жиынтығы негізгі талап - өңірлік және салалық бөліністегі репрезентативті ұсы-нымға жауап беруі тиіс.

Салмақтау - индексті есептеуде әрқайсысына белгілі бір мән немесе салмақ берілетін жеке элементтер сомасы ретінде   жиынтық көрсеткіштерді алу үшін қолданылатын процедура.

Салмақтау схемасы - өнімнің, тауардың немесе қызмет көрсетудің нақты түрлерінің олардың жалпы көлеміндегі салмақтық  үлесі.

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі, халықтың жеке тұтыну үшін сатып алы-натын тауарлар мен қызмет көрсетулерге жалпы баға деңгейінің уақыт ішіндегі өзгеруін көрсетеді.

Тұтыну бағасын байқау және ТБИ-ін есептеу үшін қажет тауарлар мен қызметтер жиыны Қазақстанның барлық өңірлері үшін бірдей. Тауарлар мен қызмет көрсетулердің тізбесіне 508 позиция кіреді, бұл тізбеге репрезентантты, халық тұтынуындағы үлес салмағы ең көп орын алатын тауарлар мен қызметтердің негізгі түрлері қосылады.

Баға туралы ақпарат жинауды баға тіркеушілер тауарлардың (қызмет көрсетулердің) тікелей сатылған орындарында жүргізеді. Зерттеу жүргізілген күні қолма-қол төленген, салықтарды қоса бағалар тіркеледі, бірақ оған тауарларды жеткізу үшін қосымша алымдар кірмейді.

Өндіруші кәсіпорындар бағасының  индексі – кәсіпорындары дайындаған өнеркәсіп өнімдері бағала-рының серпінін көрсетеді. Оны құрған кезде белгіленген жылы қолданыстағы бағаларда өнеркәсіп кәсіпо-рындарымен республикада өндірілген өнімнің құны туралы деректер негізінде құрылған салмақтау схемасы қолданылады.

Бағаның өзгеруін байқау дербес баланста жұмыс істейтін, әртүрлі меншік нысанындағы базалық кәсі-порындардың іріктелген желісі бойынша жүргізіледі. Өндіруші бағасы қосылған құнға салынатын салық, акциздер мен өзге де жанама салықтарды, сауда мен өткізудің үстеме бағасын және өнімнің өндірушіден сатып алушыға дейінгі қозғалысымен байланысты көлік шығындарын қоспағанда кәсіпорынның қақпасынан шыққан сәттен бастап өткізілетін өнім бірлігінің бағасын құрайды.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу бағасының индексі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өндірген және түрлі арналары бойынша өткізілген ауыл шаруашылығы өнімдері бағасының серпінін өлшейді. Өткізу бағасының индексін есептеу үшін ақпарат көзі ретінде меншіктің барлық нысандарындағы және ұйымдастырушылық-құқықтық нысандардағы  ауыл шаруашылығы құралымдарының іріктелген шеңберінің статистикалық байқау деректері алынады.

Баға туралы ақпаратты жинау базалық кәсіпорындардың мемлекеттік статистикалық есептілік нысаны бланкісін толтыру және оны статистикалық органдарына тапсыру жолымен жүзеге асырылады.

Қосылған құнға салынған салықсыз өнімдерді тасымалдау, тиеу және түсіру шығыстарын есепке ала отырып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге ауыл шаруашылығы өнімдерінің нақты түрін өткізу үшін төленген нақты баға тіркеледі.

Құрылыстағы баға индексі – технологиялық құрылым элементтері бойынша (құрылыс-монтаж жұмыс-тары, технологиялық жабдық, күрделі жұмыстар мен шығындар) олардың құрылысқа жұмсалған инвестиция-лардың  жалпы көлеміндегі үлесі бойынша салмақталған баға индекстерін біріктіру жолымен есептеледі.

Құрылыс-монтаж жұмыстары  бағасының индексі негізінде республиканың барлық өңірлеріндегі ба-залық құрылыс ұйымдарының іріктелген желісіндегі қызметкерлердің еңбекақысы, құрылыс өнімдері құны-ның басқа элементтері, материалдар, бөлшектер бағасын тіркеу деректері жатыр. Стандартты өлшем бірлігі үшін нақты құрылыстық өкіл-тауарды сатып алудың нақты бағасы тіркеледі. Оған тауарды сатып алу бойын-ша барлық шығындар (өкіл-кәсіпорынның бағасы, тасымалдауға жұмсалған шығындар, жабдықтау-өткізу шығындары және т.б.), сондай-ақ қосымша құн салығы кіреді. Есептеу құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу-ге жұмсалған шығындарды сипаттайтын материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының тізбесі болып та-былатын арнайы әзірленген технологиялық модельдер негізінде жүргізіледі.

Машиналар мен жабдықтар бағасының индексі құрылыста пайдаланылатын жабдықтарды өндіруші-лер бағасының өзгеруі туралы деректер бойынша есептеледі.

Жүк тасымалдауға тарифтер индексі көліктің әртүрлі түрлерімен (теміржол, құбыр, ішкі су, автомо-биль, әуе) жүк тасымалдау бойынша қызметтерге тарифтердің өзгеруін сипаттайды. Оны құруда көліктік кә-сіпорындардың алдыңғы жылда жүк тасымалдау бойынша қызмет көрсетуден түскен кірістері туралы дерек-тер негізінде қалыптасқан салмақтау схемасы қолданылады.

Жүк тасымалдайтын көлікке тарифтердің өзгеруін байқау қызметі осы қызмет көрсетумен байланысты базалық кәсіпорындардың іріктелген желісі бойынша статистика органдары жүргізеді. Көліктің қызмет көр-сету тарифтері көлік кәсіпорындарының өзінің тұтынушыларынан алынған ставкалардың (тасымалдау тө-лемдерінің) және тасымалдағаны үшін жиналым жүйесі болып табылады. Барлық көлік түрлерін ұсынушы-ның қызмет көрсетуінде ең жиі тасылатын салмақты жүк тоннасын белгіленген (тіркелген) қашықтыққа тасы-малдау түсініледі.

Заңды тұлғаларға көрсетілген байланыс қызметтері тарифтерінің индексі пайдаланушылардың түрлі санаттарына (бюджеттік ұйымдар және басқа заңды тұлғаларға) почталық, курьерлік және телекомму-никациялық байланыс қызметтерін көрсету тарифтерінің сол уақыттағы жалпы өзгеруін сипаттайды. Тарифтердің индексін есептеу байланыс кәсіпорындары ұсынатын қызмет көрсету түрлерінің белгіленген тізбесі бойынша жүргізіледі. Салмақтау базасы ретінде байланыс кәсіпорындарының осы қызмет көрсету-лерді өткізуден түскен өткен жылғы кірістері туралы деректер пайдаланылады.

Байланыс қызметін көрсету тарифтерінің өзгеруін байқау статистика органдары заңды тұлғаларға қыз-мет көрсетуші байланыс кәсіпорындарының іріктелген желісі бойынша жүзеге асырады. Көрсетілген байла-ныс қызмет көрсету түрлеріне тарифтер қосымша құн салығы  есебінсіз есепті айдың 20-шы күніне дейінгі жағдайы бойынша тіркеледі

Балық аулау – балық аулаудың объектісі болып табылатын, балық және басқа су жануарларын аулау, балық зауытында өңдеуден басқа, балықты алғашқы өңдеу; балық аулаумен байланысты қызметтер.

Аквадақыл (балық өсіру немесе су фермерлігі) – тауарлық өнім алу және олардың қорын табиғи суаттарда толықтыру мақсатымен балықтарды көбейту және өсіру, басқа да су жануарлары мен өсімдіктерін өсіруді қамтитын өндірістік процесс.

Баға туралы ақпаратты жинау базалық кәсіпорындардың мемелекеттік статистикалық есептілік нысаны бланкісін толтырып, статистикалық органдарына тапсыру жолымен жүзеге асырылады.

Өнімдерді тасымалдау, тиеу және түсіру шығыстарын қоса, бірақ қосымша құн салығынсыз  балық аулау өнімдерінің нақты түріне тұтынушының өндірушіге төлеген нақты бағасы тіркеледі.

Күнкөрістің ең төмен деңгейінің шамасы – құнының шамасы бойынша ең төменгі деңгейдегі тұтыну қоржынына тең бір адамға қажетті ең төменгі ақшалай табыс.

Ең төменгі тұтыну қоржыны  заттай және құндық тұлғанудағы тауарлар мен қызметтердің ең аз жиынтығы. Ол азық-түлік қоржынынан және азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтердің шығыстарынан тұрады Азық-түлік қоржынына 43 тамақ өнімдерінің атаулары: ет, балық, сүт, май-тоң май, нан, жеміс-көкөністер және олардың түрлері, жұмыртқа, қант, шай, дәмдеуіштер және басқа тағамдар кіреді.

Халықтың түрлі жыныстық-жас және әлеуметтік-демографиялық топтарының халықтың орташа жан ба-сына шаққандағы тамақтың негізгі өнімдерін тұтынудың ең төменгі шамасын бөлшек сауда желісінің өкілетті объектілеріндегі тіркеудің орташа бағасына көбейту жолымен есептеледі.

Ең аз қажетті азық-түлік емес тауарлар мен қызметтерге шығыстар үлесі күнкөрістің ең төменгі деңгейі шамасын есептеу үшін ең төменгі тұтыну қоржыны құнының 40 пайызы мөлшерінде белгіленге.

Информация о работе Ұлттық байлық