Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 22:36, реферат
Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында маңызды стратегиялық міндеттердің бірі ретінде бәсекеге қабілетті елдер арасында өз орнымызды табуымыз қажеттігі тұжырымдалған. Сондықтан мемлекет және жеке сектор өзара сенімге және пайдаға негізделген әріптестік қатынастарды қалыптастыруы тиіс. Еліміздің экономикасының әрі қарай шикізатсыз салаларға мамандануы қажеттілігі айқындалған. Ол үшін қызмет көрсетуші кәсіпорындар еңбек құралдарымен жоғары деңгейде жарақталуы қажет.
Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорындардың негізгі қорлармен қамтамасыз етілу дәрежесі, сатып алушылар және жеткізушілермен есеп айырысу мәселесі кеңінен орын алып отыр.
КІРІСПЕ 3
МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК, ОЛАРДЫ ЖІКТЕУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ 5
Материалдық емес активтер ұғымы және оларды жіктеу 5
Материалдық емес активтерді бағалау және бухгалтерлік есебінің міндеттері 9
ҚОРЫТЫНДЫ 13
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 15
Кәсіпорынның өзімен жасалған материалдық емес активтің бастапқы құны нақты жұмсалған тікелей шығындар және шынайы анықталған үстеме шығындар сомалары бойынша анықталады.
Баланстық құны – бұл материалдық емес активті қаржылық есеп беруде көрсету сомасы, ол бастапқы құн мен жинақталған тозу сомасының айырмасы ретінде анықталады.
Амортизацияланатын құн – бұл активтің бастапқы құнынан жойылу құнын шегергенге тең болады. Материалдық емес активтің амортизацияланатын сомасын оның пайдалы қызмет мерзімі ішінде жүйелі бөлу амортизация деп аталады.
Жойылу құны – бұл пайдалы қызмет мерзімі соңында өткізу бойынша жоспарланған шығындарды шегергеннен кейін алыну межеленген сома. Материалдық емес активтің жойылу құны мына жағдайларда нөлге тең болып саналады:
Материалдық емес активтердің бухгалтерлік есебінің міндеттері:
“Энергия” ҚК ЖШС-нің қазан айындағы материалдық емес активтер есебі бойынша шоттар корреспонденциясын қарастырайық (7-12 қосымшалар):
“Энергия” ҚК ЖШС материалдық емес активтер есебі бойынша шоттар корреспонденциясы
Р/с |
Операция мазмұны |
Сомасы, теңге |
Шоттар корреспонденциясы | |
Дебет |
Кредит | |||
1 |
Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге лицензия алынды |
52000 |
101 |
671.1 |
2 |
Жеке кәсіпкерден 1С: Бухгалтерия бағдарламасы алынды |
69000 |
102 |
671.1 |
3 |
Кәсіпорынды қайта құру бойынша заң фирмасының қызметтері қабылданды |
58000 |
104 |
671.1 |
4 |
Кәсіпорынның қайта құрылуына байланысты мөр, штамп дайындау қызметтері қабылданды |
24000 |
104 |
671.1 |
5 |
Алынған материалдық емес активтер бойынша жеткізушілер шоты төленді (банк көшірмесі бойынша) |
203000 |
671.1 |
441 |
6 |
Алынған лицензия бойынша амортизация есептелінді |
5800 |
821.1 |
111 |
7 |
Бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша амортизация есептелінді |
826 |
821.1 |
112 |
8 |
Ұйымдастыру шығындары
бойынша амортизация |
2114 |
821.1 |
114 |
Рефератты жазу және тақырыбымды қарастыру барысында мынадай қорытындылар жасадым:
1. “Энергия” құрылыс кәсіпорны жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің негізгі қызметтері: өндірістік қызметіне жобалық-сметалық құжаттаманы жасау, жаңа техникалық жабдықтарды дайындау және монтаждау, ғимараттар құрылысы, жылу жүйелерін күрделі жөндеу, қала және облыс тұрғындары үшін тұрмыстық жылу қазандарын, санитарлық-техникалық бөлшектерді дайындау.
2. Серіктестікте орындалған жұмыстар және қызметтер көлемі есепті 2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда 22404,5 мың теңгеге ұлғайғанын көріп отырмыз. Бұл есепті жылы серіктестікке тапсырыстың молаюымен түсіндіріледі. Қазір нарықта серіктестіктің бәсекелестері өте көп, ал тапсырыстың көбеюі бұл тұтынушылардың серіктестікке сенімділігі мол екендігін дәлелдейді. Орындалған жұмыстар көлемінің молаюына байланысты сәйкесінше орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны да өткен жылмен салыстырғанда 10995,1 мың теңгеге ұлғайған.
3. Серіктестік есепті жылды 4188,1 мың теңге таза табыспен аяқтап отыр. Бұл “Энергия” құрылыс кәсіпорны жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметінің тиімділігін, нәтижелілігін және рентабельділігін дәлелдейді.
4. Серіктестікте
материалдық емес активтер
101 “Лицензиялық келісімдер”
102 “Бағдарламалық қамтамасыз ету”
103 “Патенттер”
104 “ Ұйымдастыру шығындары ”
105 “Гудвилл”
106 “Басқадай материалдық емес активтер”
Серіктестікте аталған шоттардың дебеті бойынша материалдық емес активтердің ай басындағы және соңындағы қалдығы, олардың келіп түсуі бойынша операциялар; ал кредиті бойынша – материалдық емес активтердің шығуы көрініс табады.
Информация о работе Материалдық емес активтер ұғымы және оларды жіктеу