Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2013 в 13:25, контрольная работа
Негізгі қорлардың толық барын көп жағдайда белгіленген бір мезгілдегі жағдайын сипаттайды. Мысалға, есептік жылдың жыл басына және жыл аяғына бар болуын негізгі қорлар балансынан алуға болады. Бірақ кейбір жағдайларда негізгі капиталдың бар болуы орташа бір кезең ішіндегі негізгі қорлардың қозғалысы салдарынан олардың түсімі және шығысы жүрген туралы сипаттама қажет болады.
Техникалық прогресс жағдайында құрал-жабдықтар жаңарып, ескі жабдықтарды ауыстырып өнімділігі биік механизмдер пайда болуда. Негізі қорды қайта құруға жұмсалған қаржы-қаражаттын тиімді болуына құрал-жабдықтардың қызмет ету мерзімі көп әсер тигізеді. Сондықтан негізгі қорларды тиімді және үнемді пайдалану – кәсіпорынның басты мақсаты болып отыр.
Зерттеудің мақсаты: Кәсіпорынның бәсекелестік деңгейін көтеру мақсатында негізгі қорлардың жаңару және қайта құрылу сұрақтары негізгі мәселенің бірі болып табылады. Осыған орай негізгі өндірістік қорлардың пайдалануын және қайта құрылуын қарастыру зерттеудің мақсаты болып қойылды.
Зерттеудің міндеттері:
- негізгі қордың теориялық сұрақтарын қарастыру;
- амортизацияны экономикалық категория ретінде зерттеу;
- “Отау құрылыс” ЖШС-нің негізгі қорларын, шаруашылық және қаржылық жағдайын талдау.
Зерттеудің объектісі: Қазақстан
Республикасының
Зерттеу пәні: Кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді басқару.
Негізгі қорлар – еңбек құралдарының
құндылық сипаты болып табылады. Негізгі
құралдардың басты белгісі оның өз құнын
дайын өнімге біртіндеп көшіру, яғни өндірістік
циклдардың қатарлы ағымы мен тозу көлеміне
байланысты[4, 66б].
Негізгі қорлар – кәсіпорынның өндірістік
материалдық-техникалық базасы болып
табылады. Олардың көлемі кәсіпорынның
өндірістік қуаты мен еңбектік техникамен
қарулану деңгейіне байланысты болады[5,
100б].
Өндірістік үдеріске қатысу дәрежесіне,
қолданылып жүрген топтастыруына қарай
негізгі қорлардың құрамына өндірістік
және өндірістік емес объектілер кіреді.
Өндірістік бағыттағы негізгі қорларға:
− Өнеркәсіп,
− Құрылыс,
− Ауыл шаруашылығы,
− Автомобиль көлігі,
− Байланыс,
− Сауда,
− Ғимараттар,
− Құрылыстар,
− Машиналар,
− Жабдықтар мен басқа да еңбек құралдары
жатады.
Олар өндіріс процесіне ұзақ уақыт қатысады.
Өндірістік емес қорларға:
− Тұрғын-үй,
− Коммуналдық шаруашылық,
− Денсаулық сақтау,
− Білім беру,
− Мәдениет,
− Спорт салаларына бөлінеді.
Олар өндірістік процеске тікелей қатыспайды,
бірақ олар жұмысшы күшін ұдайы өндіруге
қажетті жағдай жасай отырып, оның нәтижесіне
жанама әсер етеді[6, 43б].
Өндіріс процесіне қатысу дәрежесінде
негізгі қорлар активтік және пассивтік
болып бөлінеді.
Актив бөлігі (машиналар, құрал-жабдықтар)
тікелей өндіріске, өнімнің (қызмет, жұмыс)
мөлшері мен сапасына ықпал етеді.
Пассив бөлігі негізгі қордың ғимарат,
құрылыс және өндірістік процеске қажетті
жақтарын құрап, жағдай жасайды[7, 25б].
Негізгі қорлар алдына қойған мақсаты
мен атқаратын қызметіне қарай мына топтардан
тұрады:
− Үйлер;
− Ғимараттар;
− Өткізбелік тетіктер;
− Күш машиналары;
− Жұмыс машиналары мен жабдықтар;
− Есептеуіш техникалары және олардың
бағдарламалық құралдары;
− Тасымалдау құралдары;
− Құрал-саймандар мен жабдықтар;
− Өндірістік және шаруашылық құрал-жабдықтары;
− Өнім және жұмыс малдары;
− Көпжылдық өсімдіктер мен көшеттер;
− Кәсіпорындардың, мекемелердің меншігіндегі
жер телімдері және басқа да негізгі қорлар
деп бөлінеді. [7, 25б]
Басқа негізгі қорлардың құрамына техникалық
кітапханалар, өрт сөндіретін шаруашылық
құралдары және т.б. кіреді[8, 64б].
Негізгі қорлар топтарының аталғандардың
барлығы өндірістегі және тиімділігін
көтеру маңызы әрқалай болады. Негізгі
қорлардың белсенді бөлігі өндірістегі
еңбектің техникалық қарулану деңгейіне
тікелей байланысы бар, яғни олар жұмыс
машиналары, құрал-жабдықтар, көліктік
құралдар және құрал-саймандарды пайдалану
өнімділік пен тиімділіктің сапасы және
көлеміне үлкен әсерін тигізеді.
Негізгі өндірістік қорлардың
нәтижелілігін арттырудың аса маңызды
факторларының бірі – жабдықтардың пайдалануын
жақсарту. Ол үшін олардың жұмыссыз тұрып
қалуын азайту, ауыстыру коэффициентін
көбейту жолымен қол жетеді[12, 197б].
Негізгі қорларды пайдалану мерзімі (қызмет
ету мерзімі) өндірістік процесс барысында
техникалық прогресс жағынан да, негізгі
қорлардың жаңа түрлерін жасауға кететін
тиімділігі жоғары капитал салымдарын
пайдалану жағынан да маңызы зор болады.
Негізгі қорларды және айналым қорларды
үнемді, әрі рационалды пайдалану әрбір
кәсіпорынның басты міндеттердің біріне
жатады. Әрине, кез келген кәсіпорынның
қалыпты жағдайда қызметі үшін негізгі
құралдармен бірге айналым құралдары
қажет болады, олар ақша құралдары ретінде
қолданылып, негізгі қорларды және айналым
қорларды сатып алуға кетеді. Кез келген
кәсіпорынның басты міндеттердің бірі
– жалпы қоғамдық өндірістің сапасы мен
тиімділігін жоғарылату және капитал
алымдары мен негізгі қорларды қайтарымын
үлкен көлемде ұлғайту, себебі, олар елдің
өндірістік күштердің құрама бөлігі, материалдық
базасы болып табылады.
Негізгі құралдарының сандық өсімі мен
сапалық жақсару ғылыми-техникалық прогрестің
негізінде құралған болса, онда ол еңбек
өнімділігінің жоғары қарай өсуінің шешуші
қадамы ретінде есептеуге болады.
Негізгі құралдардың құрылымы бойынша
барлық негізгі қорлардың жалпы құндылығының
үлес салмағы ретінде анықталынады[13,
103б].
Негізгі қорлардың сыныптамасы, құрамы
мен құрылымы бойынша талдап, олардың
жұмыс істеуге жарайтын қалыпта сақтау
және тиімді пайдалануын қарастырамыз.