Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Июня 2013 в 18:50, курсовая работа
Негізгі құралдар – бұл:
1) тауарларды шығаруда немесе қызметтерді көрсетуде немесе беруде пайдалануға, басқа адамдарға жалға беруге арналған немесе әкімшілік мақсаттарға арналатын, және
2) күтіліп отырғандай бір кезеңнен (12 айдан) астам ішінде пайдаланылатын материалдық активтер.
Қосалқы бөлшектер мен қызмет көрсетуші жабдық, әдетте, қорлар ретінде ескеріледі және пайдада және залалда оларды тұтыну шамасына қарай танылады. Алайда, ірі қосалқы бөлшектер мен резервтік жабдық, егер субъект оларды бір кезеңнен астам пайдалануға болжаса, негізгі құралдар ретінде санапталады. Ұқсас тәсілмен, егер қосалқы бөлшектер мен қызмет көрсетуші жабдық негізгі құралдар объектісіне байланысты ғана пайдаланыла алатын болса, онда олар негізгі құралдар деп саналады.