Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 13:49, курсовая работа
Осы курстық жұмыстың тақырыбы “АҚ-ғы мүліктерінің аудитін жүргізу” болып табылады. Осы тақырыпқа сай курстық жұмыста “Облгаз” АҚ –ның экономикалық жағдайына талдау жасалып, оның ұйымдастырылуы қарастырылды.
Осы курстық жұмыста келесідей мәселелер қарастырылды: бірінші бөлімінде “Облгаз” АҚ-ның ұйымдық-экономикалық сипаттамасы: акционерлік қоғам қаржылық жағдайын жақсарту бағытында, осы екі, үш жылда газды сату көлемін үлкейтіп, оның жұмысын жақсарту, ал сатып алушылармен газдың тұрақты құнын орнату болып табылады;
Кіріспе
1Бөлім “ Облгаз” АҚ-ның ұйымдық-экономикалық сипаттамасы және оның есебін ұйымдастыру
“Облгаз” АҚ-ның экономикалық жағдайы
“Облгаз” АҚ-ның бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуы
2 Бөлім АҚ аудиттің жүргізілу тәртібі
2.1 АҚ-ның аудитінің жүргізілу маңыздылығы
2.2 АҚ-ның ақша қаражаты аудитінің жүргізілу тәртібі
2.3 АҚ-ның негізгі құралдарын тексеру тәртібі
2.4 АҚ-ның қаржылық қорытындыларының аудиті
2.5 Аудиторлық қрытынды
Қорытынды және ұсыныстар
Қолданылған әдебиеттер
Қорыта келе, Облгаз ААҚ-ң 2003-2004 жж.. аралығындағы қаржылық есеп көрсеткіштері бойынша дайын өнімнің сатылу кірісі бойынша 2003 жылы 164156 мың тг. болғанын, 2004 жылғы көрсеткіш бойынша 308499 мың, тг., ал 2005 жылы 542012 мың тг-ге дейін көбейген. Үш жылдық орташа құнды алатын болсақ 311804 мың тг. тең болып отыр.дайын өнімнің сатылған өзіндік құны бойынша, 146454 мың тг., ал 2004 жылы 308499 –ға жеткен болса, 2005 жылы 542012 мың тг. пайда болған, ал орташа құн бойынша 338322 мың тг. болып отыр. Жалпы табыс бойынша базистік жылы 17702 мың т. өткен жылы 52433 мың тг. болғанын, ал есепті жылы 83441 мыңға көбейгені, үш жылдық көрсеткіш бойынша 51192 мың тг-ге тең болып отыр. Кезең шығындары бойынша орташа үш жылдық көрсеткіш ьойынша 153286 мың тг болса, соның ішінде сату бойынша шығындар 2003 жылы 2710 мың тг. болса, 2004 жылы 2398 мың тг., ал 2005 жылы 2185 мың тг, болып отыр. Негізгі қызмет табысы(зиян) бойынша 2003 жылы –103352 мың тг. болып зиянға ұшыраған, ал 2004 және 2005 жылдары –114477- -101563 мың тенгеге зиян шегіп отыр. Бұл зиян орташа құн бойынша –37561 ге тең болып отыр. Негізгі емес қызмет табысында 2003 жылы –2017мың тг. көрсеткішімен зиян болған болса, қалған екі жылд табыс алғанын байқаймыз, ал үш жылдық орташа құн бойынша 203322 мың тг-ге тең боып отыр. Салық салудан жай қызметке дейінгі табыс(зиян) бойынша базистік жылы –105369 мың тг-ге зиян қөрген болса, өткен жылы 189919 мың тг, ал 2005 жылы 198731 мың тг-ге табыс болғанын орташа құндық көрсеткіш бойынша 94427 мың тг-*ге тең болып отыр. КТС шығындар көрсеткіштері бойынш 2003 жылы шығын болмаған, 2004 жылы 8573 мың тг., ал 2005 жылы 9315 мың тг. болып отыр, орташа құн бойынша 8944 мың тг. тең. Салық салудан кейінгі жай қызмет шығыны(зиян) бойынша 2003 жылы салық салудан жай қызметке дейінгі табыс(зиян) мен бірдей зиян шеккен, ал 2004 жылы 181346 мың тг. көбейгені, 2005 жылы 215405 мың тг. болған. Орташа жылдық құн бойынша 97127 ге тең болып отыр. Таза табыс(зиян) -105369 мың тг-ге базистік жылы зиян көрсе, өткен жылы 181346 мың тг. көбейгені, 2005 жылы 173642 мыңға төмендегені орташа есеп бойынша 83206 мың тг-ге тең болып отыр. 2003 жылғы қаржылық есеп көрсеткіштері бойынша зиян мен табыс бірдей болғанын, ал 2004-2005 жылдары “Облгаз” ААҚ-ның қаржылық жағдайы жоғарлағаның байадық.
Кесте №4
“Облгаз” ААҚ-ң 2003-2004 жж.. аралығындағы жұмысшылар саны және еңбек ақы қоры
№ |
жұмысшылар саны және еңбек ақы қоры атаулары |
2003 |
2004 |
2005 | |||
мың, тг. |
% |
мың, тг. |
% |
мың, тг. |
% | ||
1 |
Жұмысшылар саны, орташа еңбек ақыны есептеуге алатын,- барлығы, адам соның ішінде: негізгі жұмысшылар персоналы |
449
433 |
100
96,4 |
467
467 |
100
100 |
485
485 |
100
100 |
2 |
Еңбек ақы қоры (ақшалай және натуралды нысанда) сызылған және сызылмаған жұмысшылар саны – барлығы, мың,тг. (оңдық белгі) соның ішінде: негізгі жұмысшылар персоналы |
105039,3
101081,8 |
100
96,2 |
125658,6
125658,6 |
100
100 |
163493,6
163493,6 |
100
100 |
Қорыта келе, жұмысшылар саны және еңбек ақы төлеу қорының көрсеткіштері орташа еңбек ақыны есептеуге алатын жұмысшылар саны 2003 жылы 449 адам , ал үлес салмағы 100 пайызды көрсетсе, соның ішінде негізгі жұмысшылар персоналы 433 адам болып, 96,4 пайызды құрап отыр. 2004 жылы 467 адам 2005 жылы 485 жұмысшылар саны, орташа еңбек ақыны есептеуге және негізгі жұмысшылар персоналының үлес салмағы 100 пайыздан келіп тұр. Еңбек ақы қоры сызылған және сызылмаған жұмысшылар саны 105039,3 мың тг. оның үлес салмағы 100 пайызға тең, ал негізгі жұмысшылар персналы 101081,8 мың, тг. үлес салмағы 96,2 пайыз болып табылады. 2004 жылы 125658,6 мың, тг. негізгі жұмысшылар персналы да 125658,6 мың тг. болса, 2005 жылы Еңбек ақы қоры сызылған және сызылмаған жұмысшылар саны соның ішінде: негізгі жұмысшылар персоналы 163493,6 мың, теңгені құрап отыр.ал 2004-2005 жылдардағы пайыз көрсеткіші 100-ге тең. 2004 жылы 2003 жылға қарағанда жұмысшылар саны 18 адамға және негізгі жұмысшылар персоналы 44 адамға дейін өссе, 2005 жылы 2004 жылдан сонша есеге дейін өсті. Еңбек ақы қорыда жылдан жылға өсіп персонал саныда оң деген бағаны көрсетіп тұр.
1.2 Облгаз” АҚ-ның бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуы
Бухгалтерлік есепті жүргізу барысында, әр жұмысшы өз міндеттерін атқарады. Сол міндеттер “Облгаз” АҚ-дағы есепшілердің міндеттері қалай жүргізілетіні сипатталады:
Касса, негізгі құралдарды, жинақтаушы кассамен есеп айырсу және аудандық желінің байланысын бастапқы құжаттарды өндеп журнал-ордерге енгізеді. Негізгі құралдарды күрделі жөндеуден, құрылыстан амортизация есептегенде құжаттарды өндеу. Негізгі құралдарға аналитикалық есепті енгізу. Қорға, табысқа, шығысқа журнал-ордерге үйлестіру. Бас кітапқа енгізу. Есептің дұрыстығын бақылау.
Газ қозғалысын өндеу және қабылау есебі. Есептеуге салыстыруды жүргізу, кредиторлық бережақ, дебиторлық бережақты құжаттар көрсету, тұтынылған газды есептеуді аналитикалық есепке енгізу, бухгалтерлік жазуларды құру.
Бережақты талдаудың құрылуы, есептеуге салыстыру жүргізу, жабдықтаушылармен дебиторлық және кредиторлық бережақтың құжаттарын көрсетуді жабдықтаушылармен есеп айырсуды аналитикалық есепке №6 журнал-рдерге енгізу.
Еңбек келісім –шартын, бұйрықты, нарядтарды, табельдерді, зейнет ақы есептеуді, барлық еңбек ақы түрлерін келістіруді есептеу. Еңбек ақы бойынша табыс салығын, касса арқылы төлеуді және басқа да құжаттарды ұстау. әлеуметтік салықты, зейнет ақыны есептеуді, еңбек ақыны есептеу және айлық бухгалтерлік жазуларды көрсету. Еңбек ақыдан әр түрлі ұстауларды және кредиттік, ссудаларды аналитикалық есеп арқылы есептеуді негізу.
Қоғамдық аматандыруға есеп, төлеу қызметіне есеп және материалдық есептердің өнделген құжаттарды қабылдау. Жиынтық шешімді келтірудің қозғалысын ТМЗ және олардың берілгенің салыстыруды құру.
Орталық қоймадан ТМЗ қозғалысын және бастапқы құжаттарды өндеу және қабылдау. Кассалық есепті салыстыру, РЭУ бойынша есептің абоненттерінің өздік шотын қабылдау.
РЭУ төлеу қызметінің есебі және материалдық есептің өнделуін және қабылдау. АҚ шығындарын аналитикалы есебін жүргізу.
Бюджеттен салықпен есеп айырсудың аналитикалық есебін жүргізеді айлық берілгендерін жинайды:салық органдарына салық төлемдеріне және жолдар бойынша декларацияны, оның есебін құрап тапсырады. Олардың уақытында төленуін бақылайды. Салық түрлеріне аналитикалық есеп жүргізеді.
Құрылған құжаттар бойынша ақша құралдарын береді және қабылдайды. Кассадағы ақша құралдарының сақтығына материалық жауапкершілік және кассалық есепті құрайды. №7 журнал-ордері есебін жүргізіп, аванстық есеп беру сомасы бойынша өтеу ай сайын №2 журнал-ордерді компьютерге енгізіп, оны шығарады, күнделікті көшіру жасап, мемлекетік банк арқылы төлеу туралы құжаты болады.
2 Бөлім АҚ аудиттің жүргізілу тәртібі
Негізгі құралдар аудитінде колданылатын ақпарат көздері кәсіпорын қабылдаған есеп саясатына тәуелді болады.Бұл есеп формасын таңдауда көрінеді: журнал-ордерлі, мемориалды – ордерлі,қарапайымды, сонымен қатар қолданыстағы регистрлер тізімінде, олардың құрылуында, кезектілігінде және оларда жазу жүргізу тәсілінде. Бірақ есептің кез- келген формасында негізгі құралдар бойынша операциялар алғашқы есептік құжаттаудың бірыңғайлы ведомісті аралық формалары мен толтырылуы тиіс екендігін есте сақтау керек:
НҚ-1 формасы – негізгі құралдарды қабылдау - жіберу актіісі;
НҚ-3 формасы – жөнделген, қайта құрылған және жетілдірілген объектілердің қабылдау – тапсыру актісі;
НҚ-4 формасы – негізгі құралдарды жою актісі;
НҚ-4а формасы – автокөлік құралдарын жою актісі;
НҚ-6 формасы - негізгі құралдар есебінің
НҚ-14 формасы – қондырғыларды қабылдау туралы акті;
НҚ-15 формасы - қондырғыларды монтажға қабылдау – жіберу актісі;
НҚ – 16 формасы қондырғылардың анықталған кемістігі туралы акті.
Негізгі құралдар қозғалысы мен олардың тозуның синтетикалық есебі №13,10 және 10/1 журнал – ордерлерде жүргізіледі, ал компьютерлік ақпараттық технологияларды қолданған кезде 01, 02 шоттары бойынша дебеттік және кредиттік айналымдар машинаграммосында жүргізіледі.
Негізгі құралдар есебінің аудитінің негізгі бағыттары келесілерді қамтамасыз ету керек: