Ішкі аудит қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2013 в 17:43, реферат

Описание работы

Ішкі аудит қызметінің мақсаты (әрі қарай – Қызмет) стратегиялық мүдделерге жету мақсатында Директорлар кеңесіне және «Қазпочта» АҚ-ның (әрі қарай – Компания) басшылығына тәуекелділіктерді басқару міндеттерін жүзеге асыруға және бизнес-үрдістерді жақсартуға көмектесу болып табылады.
Қызметтің негізгі міндеттері:
ішкі бақылау жүйесінің сенімділігі және тиімділігін бағалау;
тәуекелдерді басқару жүйесінің сенімділігі және тиімділігін бағалау;
Компаниянда корпоративтік басқару үдерісінің жетілуін бағалау.

Файлы: 1 файл

Ішкі аудит қызметі.docx

— 18.51 Кб (Скачать файл)

 

Ішкі аудит қызметі  

 

Ішкі аудит қызметінің мақсаты (әрі қарай – Қызмет) стратегиялық мүдделерге жету мақсатында Директорлар кеңесіне және «Қазпочта» АҚ-ның (әрі қарай – Компания) басшылығына тәуекелділіктерді басқару міндеттерін жүзеге асыруға және бизнес-үрдістерді жақсартуға көмектесу болып табылады.  

Қызметтің негізгі міндеттері:

  • ішкі бақылау жүйесінің сенімділігі және тиімділігін бағалау;
  • тәуекелдерді басқару жүйесінің сенімділігі және тиімділігін бағалау;
  • Компаниянда корпоративтік басқару үдерісінің жетілуін бағалау.

Ішкі аудит қызметі Директорлар кеңесін Компанияда әрекет ететін ішкі бақылау рәсімдерінің нәтижелілігі туралы тәуелсіз және объективті ақпаратпен қамтамасыз етеді. Ішкі бақылаудың пәрменді тетіктері барлық операциялар (іс-әрекеттер) уақтылы және дәл есепке алынып, алаяқтықтар мен ұрлық-қарлыққа жол берілмеуін және Компанияда мүдделерге жету мақсатында, дұрыс шешімдер қабылдауын қамтамасыз ету үшін керек.

Қызмет Компанияның ішіндегі ішкі бақылау жүйесіндегі кез-келген кемшіліктерді анықтайды, тәуекелділіктерді төмендетуге және ішкі бақылау жүйесін және үрдістерді жақсартуға бағытталған ұсыныстар береді. Ішкі аудиторлар жұмыстың өнімділігі мен тиімділігін арттыруға әкелетін позитивті өзгерістер ұсынады,  сондай-ақ, әрбір бизнес-бірлікте қабылданған шараларға лайықты баға береді. 
 
Ішкі аудит Қызметінің басшысы тоқсан сайын Компанияның Директорлар кеңесі алдында жалпы корпоративтік басқарушылықты және Компаниядағы корпоративтік қызметтің тәуекелділіктерді басқаруын жақсарту мақсатында жасалған ұсыныстар туралы есеп береді.

Өз жұмысын атқару барысында Қызмет Қазақстан Республикасының заңдарын, Жарғысын, Компания органдарының шешімін, «Қазпочта» АҚ Ішкі аудит қызметінің ережесін, «Қазпочта» АҚ Ішкі аудитын ұйымдастыру саясатын басшылыққа алады. Қызметтің жұмысы Ішкі аудиторлар институты жасаған (IIA) ішкі аудиттың халықаралық кәсіби стандарттарына сүйенеді.

«Қазпочта» АҚ Ішкі аудит қызметінің басшысы туралы ақпарат  

Әлия Сәуелбекқызы Байшұақова, 1977 жылы Алматы облысында туылған. Алматы технология және бизнес университетін бітірген, мамандығы «Экономист».  Халықаралық қаржы есептілігінің дипломы бар (АССА), сертификатталған тәжірбиелі бухгалтер (САР).

Әр түрлі жылдарда «Караван» АҚ, «Акцепт» Корпорациясы» АҚ бас бухгалтер, «Тәуелсіз аудиторлық компания AGM» ЖШС аудит бойынша менеджер, «Самұрық-Қазына-Контракт» ЖШС бас бухгалтер болып жұмыс істеді.

2009 жылдың қыркүйек айынан «Қазпочта» АҚ Ішкі аудит қызметінің  бас аудиторы болды. «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен 2011 жылдың 30 наурызынан бастап «Қазпочта» АҚ Ішкі аудит қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды.

Тексеру барысында ішкі аудитор  кәсіпорынды ақпараттық қамтамасыз ету жүйесіне талдау жүргізу керек. Талдау барысында аудиторлық іс-шараларға  кететін шығындар көлемін анықтау, бақылау құралдарын бағалап және олармен танысу қажет.

Аудитор ақпарат жүйесін қамтамасыз ету кәсіпорын мен олардың  бөлімшелерінің қызметін дәл көрсетулеріне  көз жеткізуі керек. Ішкі аудит ерекшеліктері  мен көлемдері кәсіпорын мен  олардың бөлімшелерінің көлемімен  сәйкес болуы керек.

Кәсіпорынның ақпаратпен қамтамасыз етілуін, оның ішінде бухгалтерлік есеп жүйесін үйрету және қызметтің келесі жақтары бойынша ақпараттарды талдау мен бағалауды үйрету маңызды  болып табылады:

-          кәсіпорын ЭЕМ-ді қолдану деңгейін;

-          ақпараттық жүйедегі жоспарлау, нормативте, бағалау көздердің жағдайы;

-          кәсіпорынның есеп саясатын құру дұрыстығы;

-          ақпараттық объектінің енгізілуіне жауап беретін бөлімнің ұйымдық құрылымы, оның ішіндегі бухгалтерлік есеп;

-          ақпараттың жаңартылуына, енгізілуіне, жалпы жағдайына байланысты жауапты тұлғалар арасындағы міндеттерді бөлу;

-          нормативтік, жоспарлық ақпараттарды жеткізу, дайындау және оларды сақтау;

-          бастапқы есеп және оның әдістері мен тәсілдері;

-          бухгалтерлік есеп беруді дайындау;

-          есеп беруді дайындау және ақпаратпен қамтамасыз ету, есепті енгізудегі есептеуіш техника құралдарын қолдану деңгейі;

Жауапкершілікті сипаттайтын ішкі аудит стандарттарының жіктелуіне (ІАС) біздің жүйеміз бойынша 4 стандарт кіргізілген. Бүл стандарттар ішкі аудит принциптерін жүзеге асыруға, негізгі мақсаттарын анықтауға  бағытталған. Алдыңғы тарауда көрсетілгендей, ішкі аудиттің мақсаттары мен сыртқы аудиттің мақсаттарының арасында бірқатар айырмашылықтар бар:

- біріншіден, сыртқы аудит аудиторлық  тексерулер нәтижесінде, кәсіпорынның  қаржылық есеп беруінің ыңғайлылығын  «қорытындыласа», ал ішкі аудит  өз «пікірін білдірсе» аудит  басқару құрылымына тәуелді болғандықтан  аудиторлық тексеру туралы және  басшысына есеп берумен шектеледі;

- екіншіден сыртқы аудиттің  зерттеу объектісі болып тек  бухгалтерлік есеп жүйесінен  қаржылық есеп берудің шынайылығы  болып табылса, ал ішкі аудиттің  зерттеу объектісі сыртқы аудитке  қарағанда кеңірек.

ІАС - 020 «Ішкі аудиттің негізгі  принциптері мен мақсаттары»  негізінде және ҚР-ның «Аудиторлық  қызметі туралы» Заң негізінде, № 200 АХС «Қаржылық есеп беруді реттейтін  аудит, жалпы принциптері мен  мақсаттары, стандарттары» негізінде  дайындалған. Бүл стандарт ішкі аудит  объектілерінің қозғалысы мен жағдайы  туралы, оның құрылымы туралы, ақпаратпен қамтамасыз ету, басқаруды ұйымдастырудың тиімділігі және өндірістік-техникалық объектілерді пайдалану және оны  бағалау туралы процестерді сипаттайды.

Өндірістік техникалық объектілері  аудиті - бүл ішкі аудит қызметімен жүзеге асырылатын, тексеру барысында  ішкі аудит объектілерінің жағдайын бағалаумен пікірін білдіру мақсатындағы және аудиторлық тексеру нәтижесі бойынша  жазбаша түрде есеп беретін тәуелсіз тексеру түрі.

«Ішкі аудит бөліміндегі қойылған мақсаттарға жету үшін кәсіпорын  белгіленген принциптерді қолдану  керек. Бүл принциптерге: тәуелсіздік, объективтік, құпиялылық, кәсіби біліктілік жатады».

Бүл принциптердің барлығын сыртқы аудит толығымен пайдаланады, ал оларды ішкі аудитке қолданудың бірқатар ерекшеліктері бар. Егер де кәсіби біліктілік және құпиялылық принциптерін қолдану  аудиторға байланысты болса, тәуелсіздік  және объективтілік принциптерін жүзеге асыру, бірқатар шешімдер мен қосымша  құқықтық міндеттерді бөліп, тиянақтап  қабылдауын және орындауын талап  етеді.


Информация о работе Ішкі аудит қызметі