Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Апреля 2013 в 23:12, реферат
Үстеме шығындарға өндіріске қызмет көрсету және негізгі және көмекші цехтардың жұмысын ұйымдастырумен байланысты шығындар жатады. Оларды тікелей дайын өнімдердің түрлеріне , өндірістік процеске, сату көлеміне, сатып алатын топқа жатқызуға болмайды.
Бір сөзбен айтқанда , үстеме шығындар өндірісті басқарумен және қызмет көрсетумен байланысты шығындар. Олар: цехтағы басқару аппараты жұмысшыларына есептелген еңбекақы; негізгі материалдардың тозуы және материалдық емес активтердің амортизациясы; үйлерді, ғимараттарды және жалпы өндірістік бағыттағы инвентарларды ұстау және жөндеу шығындары; өндіріік сипаттағы ойлап табушылыққа, зерттеуге, тәжірбие жасауға кеткен шығындар, еңбек қорғау бойынша шараларға және өндірісті басқару мен қызмет көрсетуге байланысты басқа да цехтық шығындар.
Үстеме шығындардың есебі және төлеудің ставкалары
Үстеме шығындарға өндіріске қызмет көрсету және негізгі және көмекші цехтардың жұмысын ұйымдастырумен байланысты шығындар жатады. Оларды тікелей дайын өнімдердің түрлеріне , өндірістік процеске, сату көлеміне, сатып алатын топқа жатқызуға болмайды.
Бір сөзбен айтқанда , үстеме шығындар өндірісті басқарумен және қызмет көрсетумен байланысты шығындар. Олар: цехтағы басқару аппараты жұмысшыларына есептелген еңбекақы; негізгі материалдардың тозуы және материалдық емес активтердің амортизациясы; үйлерді, ғимараттарды және жалпы өндірістік бағыттағы инвентарларды ұстау және жөндеу шығындары; өндіріік сипаттағы ойлап табушылыққа, зерттеуге, тәжірбие жасауға кеткен шығындар, еңбек қорғау бойынша шараларға және өндірісті басқару мен қызмет көрсетуге байланысты басқа да цехтық шығындар.
Нақты үстеме шығындардың құрамына ішкі себептер бойынша тұрып қалудан болған жоғалтулар, цехтарда материалдық құндылықтарды сақтау кезіндегі бүлінуден болған жоғалтулар, сонымен бірге басқа өндірістік емес шығындар және өндірістегі жоғалтулар
Үстеме шығындар, әдетте, біршама жалпы сипатқа ие болады кешенді сипаттағы шығыстар құрамында шығыннның барлық экономикалық элементтері көрсетіледі: екі және одан да көп бұйымдар шығаруда , бұл шығыстарды тікелей бұйымдарға апару мүмкін емес, сондықтан олар бір жағынан дайын өнімдердің және аяқталмаған өндірістердің арасында жанама тәртіппен таратылады.Үстеме шығындарды өнімдердің құнына екі сатылы процедураны қолдану арқылы апаруға болады.
Бірінші сатының мақсаты –барлық өндірістік шығындарды өндірістік шығын орталықтарыбойынша тарату. Бұл алғашқы саты екі мақсатты көздейді.
Біріншіден, шығын орталықтары бойынша жазылған шығындар, шығын дәрежесін бақылау және қызмет көрсету нәтижесін бағалау үшін пайдаланылады. Екіншіден, өндірістік шығын орталығымен шоғырланған шығыстар, қаржылық есеп талаптарына сай, босалқыларды бағалау бойынша өнімдерге таратылады.
Екінші сатыда өнімдерге үстеме өндірістік шығыстарды тарату үшін негіз таңдалады. Бұл негіз шығындарды тарату базасы деп аталады.
Үстеме шығындарды тарату базасы өндірістің ерекшелігіне байланысты және өздерінің көзқарасы бойынша шаруашылық жүргізуші
субъектінің есеп саясатында көрсетілуі мүмкін:
-өндіріс жұмысшыларының орындаған нақты уақыты;
-өндіріс жұмысшыларының еңбекақысына пропорционалды;
-тікелей материалдар шығыстарына пропорционалды;
-цех құнына пропорционалды немесе шикізат құны шегерілген цехтың өзіндік құнына пропорционалды;
-белгіленген шығындарды таратудың тұрақты коэфициенті бойынша;
-басқа да тарату базалары бойынша
Әрбір өндірістік шығын орталықтары үшін үстеме шығыстар ставкасы орталыққа бөлінгенжалпы шығындарды, шығындарды тарту базасының жалпы көлеміне бөлу арқылы анықталады. Өнімдерге үстеме шығындар, әрбір өнімге қажетті, үстеме шығындарды тарату базасының екінші сатысында алынған , әрбір орталықтағы үстеме шығыстар сиавкаларына көбейту жолымен таратылады.
Кейбір компанияларда үстеме шығыстарды таратудың бірінші сатысынан бас тартады, олар шығын орталықтары бойынша таратылмайды. Оның орнына тұтас кәсіпорын үшін , Барлық өнімдерге таратылатын бірыңғай ставка енгізіледі. Бұл әдісті барлық бөлімшелердегі өндірілетін шығын орталықтарының үстеме шығыстары болса пайдаланған жөн.
Егер кәсіпорын өнімдердің көп ассортиментін шығаратын болса, оның үстіне кәсіпорынның әр түрлі бөлімшелеріндегі әрбір өнімге әр түрлі сағат жұмсалатын болса, онда шығыс орталықтары үшін үстеме шығыстарды таратудың жеке ставкалары белгіленуі қажет.
Өндірістің және қызмет көрсетудің жеке шығын орталықтары үшін
үстеме шығыстарды тарату ставкасын есептеу үшін қажетті шарттар:
І.Өндірістің және қызмет көрсетудің шығын орталықтары бойынша барлық жалпы зауыттық шығыстарды тарату қажет.
Кейбір үстеме шығыстар тікелей өндірістік шығын орталықтарына апарытуы мүмкін. Бірақ кейбір үстеме шығыстар баптары, көптеген бөлімшелердің мүддесінде жүзеге асырылатындықтан , нақты бір бөлімшенің шығынына апарылуы мүмкін емес.Бұл баптар үшін үстеме шығыстарды таратудың логикалық базасын белгілеу қажет.
Мақсаты — әрбір бөлімшелердегі қажетті ресурстарды бағалауға мүмкіндік беретін әдісті таңдау керек.
ІІ.Қызмет көрсету шығын орталықтарындағы үстеме шығыстарды өндіріс шығын орталықтарында қайта тарату қажет. Қызмет көрсететін бөлімшелер – осы немесе басқа әдістермен қамтамасыз ететін бөлімшелер , мысалы, техникалық қызмет көрсету қоймалары және бөлімдер. Олар өндіріс процесі дұрыс жүргізілуі үшін қажетті қызметті көрсетеді. Бірақ өндіріс өнімдеріне тікелей қатысы болмайды.
Сондықтан, олар арқылы өтетін қызмет көрсету бөлімдерінің шығыстарын өнімдерге апару мүмкін емес. Бұл шығындар нақты өнімдерді шығаратын өндірістік бөлімшелерге апарылуы керек.
ІІІ. Әрбір орталықтар үшін үстеме шығыстарды таратудың сәйкес ставкасының есебі болуы тиіс. Уақыт есебіне және сандық көрсеткіштерге
негізделген шығындарды таратудың кең базасы болуы керек .
Сандық көрсеткіштерге негізделген тарату базасын пайдалануда «өнімдер» шығын орталығының ресурстарын олардың өндіріс көлеміне пропорционалды болуын талап етеді.
Информация о работе Үстеме шығындардың есебі және төлеудің ставкалары