Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2013 в 23:15, реферат
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, Қазақстанға қазіргі таңда сүт өнімдерінің 40%-ы, ет өнімдерінің 29%-ы және көкөніс өнімдерінің 43%-ы шет елдерден жеткізіледі. Яғни, еліміздің отандық тамақ өнеркәсібі өнімдерін қамсыздандыру қадамы әлі де күшейе қойған жоқ. Сондықтан Елбасымыздың алдағы он жылда ел экономикасын әртараптандыру жөніндегі тапсырмасына осы сала да ілігеді.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, Қазақстанға қазіргі таңда сүт өнімдерінің 40%-ы, ет өнімдерінің 29%-ы және көкөніс өнімдерінің 43%-ы шет елдерден жеткізіледі. Яғни, еліміздің отандық тамақ өнеркәсібі өнімдерін қамсыздандыру қадамы әлі де күшейе қойған жоқ. Сондықтан Елбасымыздың алдағы он жылда ел экономикасын әртараптандыру жөніндегі тапсырмасына осы сала да ілігеді. Аграрлық өндірістің ірі әлеуетіне ие Қазақстанның бүл реттегі мүмкіндігі жоғары екені белгілі. Мәселен, тамақ өнеркәсібі бойынша осыған дейін жүзеге асырылған инновациялық жобалардың арқасында аталған нарықтағы өсім былтыр 4%-ды құрапты. Ал, биыл іске кіріскен "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы аясындағы қаржыландыру бойынша бұл ауқым әлі де арта түсері хақ. Бұған экономиканың стратегиялық маңызды салаларын оңалту мақсатында "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры қолға алған жобалар куә.
Айта кетейік, үстіміздегі жылы "Самұрық-Қазына" жалпы кұны 20 млрд АҚШ долларын құрайтын 40 жобаны жүзеге асыруды көздеп отыр. Бұл жобалар ел экономикасын әртараптандыруға бағытталған. Оның ішіңде тамақ өнеркәсібін де. Қордағы даму институтының бірі болып табылатын "ҚазАгро" акционерлік коғамының өзі биыл 2010-2014 жылдарғы Қазақстанның индустрияландыру картасына енетін 8 жобаны жүзеге асыруды мойнына жүктепті. Сонымен, "Қазақстан Іскерінің" бүгінгі талдауы еліміздің тамақ өнеркәсібі саласын қамтымақ.
Құс шаруашылығы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, академик Рахман Алшанов, Қазақстан шикізат шығару бойынша алдына оқ бойы озық келе жатқан мемлекет, дегенді айтады. Бірақ одан біз кеп жағдайда ұтылып жатырмыз.
"Мысалы, Италияда күлсалғышты зерттеуге бүтін бір ғылыми зерттеу институты арналған. Сән нәтижесінде олар жылына 60 млрд еуро пайда көріп отыр. Біз 60 млн тонна шикізат шығарып, одан 40 млрд. АҚШ доллары шамасында табыс тапқанымызға мәзбіз. Швецияның халқы бізден екі есе аз. Бірақ онда 80 мың инновациялық кәсіпорын бар. Ал бізде небәрі - 300. Осының өзі ел экономикасын әртараптандырып, қайта өңдеуге көп жұмыс істеуімізді талап етеді", - дейді ғалым. Сондай-ақ, азық-түлікке қатысты бір мысал келтірген Рахман Алшанұлы, Қазақстан жылына 200 мың тоннаға жуық күс етін сырттан алатынын айтып, "аграрлы ел болсақ та осындай әлсіздік танытудамыз" дейді.
Ғалым сынға алған күс еті өндірісім алатын болсақ, шындығында мұнда импорт көлемі басым. Үстіміздегі жылдың өзінде елімізге 109 мың тонна құс еті импортталыпты, онда да оның 92%-ын "буштың сирағы" құрайды екен. Дегенмен бұл бағытта бізде жұмыс жасалмай жатқан жоқ. Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Евгений Аман мырзаның айтуынша, алдағы бес жылдың ішінде тауық етіне қатысты импортқа деген тәуелділіктен түбегейлі құтыламыз.
"Бізде кұс шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Биыл құс етін өндіру көлемі 20-25 мың тоннаға артты. Қазір құс өсіретін бес зауыт салынып жатыр. Алдағы бес жылда тағы алты кұс фабрикасын салу жоспарда бар. Осы жағынан алғанда, алдағы бес жыл көлемінде ішкі нарықтағы құс етіне деген сұраныстың 75-80%-ын өзіміз қамтамасыз ететін жағдайға жетуіміз керек", - дейді Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы.
Демек, құс фабрикалары тұрғызылғаннан кейін оның кластері де бір жолға қойылып, құс етінен дайындалатын тағамдар да өз елімізден шығатын күн алыс емес секілді...
Сүт және сүт өнімдері
Қазақстанға сүт өнімдерінің 40%-ы сырттан: Қытайдан, Ресейден және Қырғыз Республикасынан тасымалданады. Аталған елдер бізге жақын орналасқандыктан, ішкі нарықтағы импорттың бағасы да онша қымбат емес. Мұндай жағдайда отандық шағын сүт өндірушілердің олармен, әсіресе, құн жағынан бәсекеге түсуі қиын соғары анық. Соңғы кездері отандық сүт өндірушілер ауыл шаруашылығы министрлігіне "сүт сусыны" деген термин енгізуді сұрап жүр. Бұл құрғақ ұнтақтан жасалған сүтке қатысты нәрсе. Көбіне, импорттық тауарлардың құрғақ сүттен өндірілетінін ескерсек, оның құнарлылық жағына да күмән көп. Әрі Қытай сүтінен меламин шыкқандығын, оның адам ағзасына қауіпті екенін жапатармағай жариялап жататын баспасөз беттеріндегі бұл ақпарат та көпті алаңдатпай қоймайды. Әрине, бұл мәселені өзімізде осы өндірісті дамыту арқылы ғана шеше аламыз. .Сондықтан сүт өндірісін дамыту - өзекті мәселенің бірі.
Айта кетейік, биыл негізгі бағ ытты шағын жөне орта бизнестің сапалы дамуына жәрдемдесу және Қазақстан экономикасын әртараптандыру үдерісіңдегі осы сектордың рөлін күшейтуге бағытталған "Самұрық-Қазынаның" "Даму" қорының "Даму-Қолдау" бағдарламасы бойынша 3 млрд теңгені құрайтын 10 жоба қаржыландырылды. Онын .ішінде тамақ өнімдері де бар. Нақтырақ айтқанда, "Даму" қорынан Өскемендегі "Raimbek Vostok-Agro" серіктестігіне бұрынғы қаланың сүт комбинаты кешені аясында ұзақ мерзімге сақталатын зарарсыздаңдырылған сүт шығару бойынша жаңа өндірісті құру үшін 750 млн теңге қаржы бөлінді. Аталған кәсіпорын сүт өндіруде еліміздегі көш бастаушы компанияға айналып отыр.
Ал, "Даму" қорының үшінші траншы бойынша несиелендіруге қол жеткізген Жаңаөзен сүт зауытының директоры Сәуле Жақаева, бизнес аясының кеңейіп келе жатқанын айтады.
"Бастапқыда тек қаймақ шығарумен айналысқан біздің зауыттан бүгін 14 түрлі өнім өндіріледі. Таяу болашақта шұбаттан өзге тамақ түрлерін дайындау да жоспарымызда бар. Бізден жылына 265 млн теңгенің 360 000 тонна сүті өндіріледі. Таяу болашақта Беларусьтегі әріптестерімізбен балмұздақ шығару бойынша өзара біріккен кәсіпорын құруды да ойлап отырмыз. Онда тек сиыр емес, түйе сүтін де пайдалану көзделген. Бұған Ұлттық әл-ауқат қорының қолдауы ұйытқы болып отыр", - дейді ол.
Осындай жобалардың көптеп қолға алуынуына тілектестік білдірген Ауыл шаруашылығы институтының төрағасы Ғани Қалиев, "сүтті өндіру үшін мал басын арттыру керек, ал біздегі малдың 90%-ы жеке қолда. Ал, жеке қолдағы малмен біз алысқа бара алмаймыз" дегенді айтады.
"Сондықтан оларды
ерікті түрде бір бірлестікке
шоғырландырып, мал өнімдері
Ұн және ұн өнімдері
Астық, ұн өндірісі бойынша Қазақстан әлемдегі ірі экспорттаушы мемлекет болып саналады. Бірақ, соған қарамастан бізде ұннан өндірілетін тағамдар ішкі сұранысты қамтамасыз етуге жеткіліксіз. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 2009 жылы елімізде 127 228 тонна макарон өнімдері өндірілген, бұл 2008 жылмен (128 858 тонна) салыстырғанда 1,3%-ға кем. Ал, макаронның ішкі тұтыну көлемі қарқыңды өсу үстінде. Бұл ретте, соңғы жылдары макарон өнімдерін ішкі тұтыну өсімі өндіріс көлемі өсімінен артық. Осыған байланысты соңғы жылдары өндірістегі экспорттың үлесі төмендеп, 2009 жылы 7%-ды құрады. Осы кезеңдегі макарон өнімдерінің импорты (20 422 тонна) 2,5 есеге артқан. Сондықтан биыл "Даму-Қолдау" бағдарламасы бойынша қаржыландырылған шикізаттық емес сектордағы 10 жобада тамақ түрлеріне басымдық берілуі кездейсоқтық болмаса керек. Оның ішінде, атап айтар болсақ, ұн және ұннан дайындалатын өнімдерді шығарумен айналысатын "Мулен" ЖШС, макарон өнімдерін шығаратын "Злак плюс М", ұн ж ә не ұннан дайындалатын өнімдер өндіретін "Тағам-Регион" және дәнді дақылдарды өңдеумен айналысатын "Компания "Аманат ЛТД" серіктестіктері де бар. Осының ішінде бүгіндері өндіріс аясын кеңейтіп, нарықта тұрақты жұмыс істейтін кәсіпорынға айналғандығының арқасында үкімет тарапынан берілетін қаржылық қолдауға бірнеше мәрте қол жеткізе алған "Злак Плюс М" серіктестігінің директоры Александра Деменева өз пікірін былайша білдіреді: "Алғашқы қадамдарымыз киын болғанымен, іс бірте-бірте түзеле бастады. Ал, Италиядан алынған жаңа құрал-жабдық ісіміздің өнімділігі мен бәсекелестік қабілетімізді әрі қарай арттыруға мүмкіндік беретініне көз жеткізген соң, ескірген құрал-жабдықтарды жаңасына ауыстыруға шешім қабылдадық. Алайда, бүкіл қаржы айналымда болғандықтан, "Даму" кәсіпкерлікті қолдау қорынан несие алуға бел будық. Алынған несиеге Италиядан макарон өнімдерін өндіруге арналған жаңа құрал-жабдық сатып алдық. Бұл өзгерістер өнім көлемін 30%-ға өсіруге көмектеседі деп жоспарлап отырмыз".
"Злак Плюс М" серіктестігі берген мәлімет бойынша, 2009 жылы кәсіпорынның өнім көлемі 133 тоннаны құрапты. 133-ке 30%-ды қосқанда 172,9 тонна шығады. Демек, өнім ауқымы 39,9 тоннаға артпақ. Отандық компания енді экспорт бойынша жоспар құруда. Алғашқы экспорт Қырғызстанға бағытталмақшы.
Отандық өнімге сұраныс бар...
Экспорт демекші, отандық тамақ өнімдерінің Еуропа нарығына шығуы оңай шаруа емес. Үстіміздегі аптада Алматыда өткен "Сауда академиясы: шикізаттық емес экспортты қолдау" семинарына қатысқан "Kaznex Invest" Ұлттық экспорт және инвестиция агенттігінің басқарушы директоры Жәлел Болатов мырзаның айтуынша, Батыс мемлекеттерінің тамақ өніміне қоятын талабы жоғары, әрі бұл сала бойынша стандарттау процесі күрделі. Сондықтан көбіне көтерме саудамен отандық тамақ түрін ол жаққа жеткізу қиындық туғызуда.
Aдам денсаулығы үшін қауіпті
нәрсе тамақ өнімдерінде болатын – ауыр
металдар (РШШ – рауалды шекті шама деңгейінен
жоғары). Кез – келген тамақ өнімдерінен
ауыр металдарды байқауға болады, бірақ
әрбір тағамда металдық ластану дәрежесі
(құрылымы) әр түрлі болып келеді.
Ауыр металдардың шамамен 70 пайызы адам
ағзасына тамақ өнімдері арқылы түседі.
Тамақ өнімдерінің уытты металдармен
ластануы адамдардың денсаулығына зиян
келтіреді. Өндірілетін өнімнің металлдық
ластану құрылымы негізгі дайындалатын
шикізатты өсіру жағдайы мен тазалылығы,
оны технологиялық өңдеудің сапалылығы
және пайдаланылатын қосымша материалдарға
тәуелді болады.
IFOAM (органикалық ауыл шаруашылығының
қозғалысы жөніндегі халықаралық федерация)
анықтамасы бойынша, экологиялық таза
өнім – генетикалық өзгеріске ұшырамаған,
өсіру мен өндіру кезінде пестицидтер,
гербицидтер, улы химикаттар қолданылмайтын
өнімдер. Экологиялық таза тамақ өнімі
дүние жүзінде әртүрлі терминдермен аталады.
Батыс Еуропа елдерінде «биологиялық
өнім», Солтүстік Еуропада «экологиялық
өнім», АҚШ пен Ұлыбританияда «органикалық
өнім», Финляндияда «табиғи өнім» деп
аталады.
«Экологиялық таза» дәрежесін алу үшін,
өнім тек таза күйінде өсіріліп қана қоймай,
химиялық заттарды пайдаланбай сақталынған,
қайта өңделген, жабдықталған және тұтынушыға
жеткізілген өнім болуы керек. Мысалы,
Еуропада «био», «эко», немесе «органик»
маркаларымен белгіленген тауарлар тыңайтқыштар,
улы химикаттар және пестицидтерді пайдаланылмай
өндірілген өнім түрін білдіреді.
Біздің пікірімізше экологиялық таза
тамақ өнімі дегеніміз – адам денсаулығына
өмір бойы зиянын тигізбейтін, болашағына
кері әсер етпейтін өнім және оның құрамында
әр түрлі уытты заттардың, агрохимикаттардың,
ауыр металдар мен радионуклидтердің
болмауы тиіс.
Экологиялық таза өнімді өндірілуіне
байланысты келесідей бөлуге болады:
1. Экологиялық таза өнім – бұл құрамында
зиянды заттар дәстүрлі өнімдерге қарағанда
аз, (жол берілетін шекті шамадан аспайтын)
сапасы бойынша нормативті құжаттарға
сәйкес өнімдер;
2. Экологиялық таза өнім – экологиялық
таза аумақта қосымша минералды тыңайтқыштарсыз,
қалдықсыз немесе аз қалдықты технологиялар
көмегімен табиғи шикізаттан алынған
өнім.
Ауыл шаруашылығында экологиялық таза
өнім алу үшін, 3–5 жылға дейін химикаттар
әсері байқалмайтын топырақ пайдаланылады.
Экологиялық таза өнім ұғымы 1924 жылы Р.
Штайнердің теориялық негіздеуімен қалыптасты,
ол кезде тәжірибе жүзінде биодинамикалық
аграрлық қызметтер жүзеге асырыла бастады.
1930–1940 жылдар аралығында бұл идея Швейцарияда
Г. Мюллердің, Ұлыбританияда Э. Бэлфер
мен А. Ховордың, Жапонияда Фукуокойдың
бастамасымен дами бастады (1-кесте ).
Органикалық тауарларды тұтыну Одағының
экологиялық ұйымдармен бірлесе отырып
жұмыс жасауы генетикалық құрамы өзгертілген
ауыл шаруашылық өнімдерінің нарықта
пайда болуына қарсы күрес жүргізуіне
мүмкіндік туғызды. Ал қазіргі кезде органикалық
және агроөндірістің басқа да әдістерін
нақты жолға қою қажеттілігі пайда болуда.
«Био» сауда белгісі тұтынушыға өнімнің
нақты белгіленген әдістерді қолдана
отырып өндірілгендігін көрсетеді, яғни
талаптарға сай келетінін бейнелейді.
Бұл органикалық секторда өсірілетін
өсімдік түрі мен сорты, мал, аң, құс тұқымы
және балық түрлері дәстүрлі секторларда
да өсірілетінін көрсетеді. Дегенмен органикалық
өнімдердің тұтыну құндылығы дәстүрлі
өнімдерге қарағанда ерекшеленеді. Мысалы,
органикалық және дәстүрлі секторларда
өсірілген, алманың элемент құрамы, түсі,
көлемі бірдей болмайды, органикалық секторда
өндірілген өнімде химиялық заттардың
болмауы өнімнің тұтынушы үшін тартымдылығын
көрсетеді.
Қазақстан Республикасындағы тамақ өнеркәсібі
өнеркәсіп салаларының маңызды стратегиялық
саласы және тұрғындарды сандық, сапалық
тағам өнімдерімен тұрақты қамтамасыз
етеді. Табиғи шырын өндірісі тамақ өнеркәсібінің
ішінде өзіндік маңызы бар сала болып
табылады. Бұл осы сала өнімдерінің халық
шаруашылығының басқа да салаларына кеңінен
пайдалануымен түсіндіріледі, себебі
бұл сала адам ағзасына қажетті дәрумендер
мен минералдарды заттар жинақталған
тағам өнімдерімен тұрғындарды қамтамасыз
етеді.
Қазіргі таңда Қазақстандағы табиғи шырын
нарығы негізінен шет елдерден әкелінген
және отандық тауар өндірушілердің өнімдерінен
тұрады. Алыс және жақын шет мемлекеттерден
әкелініп жатқан табиғи шырындар отандық
тауар өндірушілердің негізгі бәсекелестеріне
айналды. Бұған қоса, ішкі өнім өндірушілер
Қазақстан нарығында бәсекелік ортаның
жоғарлауына ықпал етуде. Табиғи шырындардың
жетіспеушілігі импортты шырындардың
тұрақты өсуіне алып келді, ал ол отандық
өндірушілердің бәсекеге қабілетті тауарларды
өндіруіне мүмкіндік туғызды. Қазіргі
уақытта импортталған арзан өнімдер Қазақстан
нарығын жаулап алды.
Диссертациялық жұмыста біз шырын нарығына
байланысты біршама өзекті мәселелерді
қарастырдық. Қазақстан Республикасында
табиғи шырын өндіретін кәсіпорындарға
маркетингтік зерттеулер жасалынды.
Қазақстанда сусындар спектрі өте кең-
дүкендердің сөресінен шырын, нектарлар,
морс, газдалмаған және газдалған су, аз
алкогольді және алкогольсіз сусындарды,
квас, тониктерді көруге болады, тіпті
салқындатылған шай түріндегі сусындарды
да кездестіруге болады. Дегенмен әр түрлі
белгідегі шырындарды қарапайым тұтынушылардың
таңдауы өте қиын: яғни, сусындарды таңдауда
тұтынушы денсаулық үшін пайдалы және
сапалы не сапасыздығына назар аудармай,
керісінше сол өнімнің арзан не қымбаттығына
көңіл аударады.
Шырындарды тұтынудың жоғары деңгейін,
сыра және күшті алкогольды сусындарды
ұсынатын «солтүстік үлгі» деп аталатын
Батыс Еуропалық сусындар саласымен салыстырсақ,
Қазақстанда тұтынушылар әлі де болса
Еуропаның солтүстік елдеріндегі шырынды
тұтынудың орташа көрсеткіштерінен (халықтың
жан басына шаққанда 24–28 л) артта қалып
келеді. Германияда табиғи шырындарды
тұтыну ерекше жоғары мәнге ие: онда халықтың
жан басына шаққанда табиғи шырындарды
тұтыну 42–44 л. Ресейде қазіргі көрсеткіш
10 л деңгейіне жетіп отыр. Ал Қазақстанда
халықтың жан басына шаққанда табиғи шырындарды
тұтыну 8 – литрден келеді.
Нарыққа ұсынылған өнімдерді таңдау барысында
тұтынушының назары, ең алдымен, жарнамалануы
көп өнімге ауады. Оның қасиеттерін алдын
– ала білуі және басқа ұқсас өнімдерден
ерекшелену сипаттарымен таныс болуы,
тұтынушыны осы өнімді сатып алуға итермелейтіні
сөзсіз.
Қазақстандағы шырын нарығын тұтыну сұранысының
өсуі халықтың тұтыну қабілетінің жоғарлауына
байланысты. Алайда тағы бір маңыздысы-
тұтынушылардың экологиялық таза өнімге
деген қызығушылығының артуында. Табиғи
шырындар өніміне деген сұраныс, ірі қалалардағы
өмір сүруге зиянды факторлардың әсерін
бейтараптандыру, сондай-ақ ағзаға жетіспейтін
дәрумендерді толықтыру қажеттілігінен
туындайды.
Табиғи шырын өндіретін Оңтүстік Қазақстандық
консерві зауыттарының көбі Кеңестік
кезеңде салынған зауыттардың негізінде
жұмыс істеуде. Соның бірі зерттеуімізге
негіз болып отырған Түлкібас жеміс консерві
зауыты.
Түлкібас консерві зауыты (1965 ж. іске қосылған)
отандық жеміс-көкөніс өңдеуші кәсіпорындардың
арасындағы ірілерінің бірі саналады.
Түлкібас консерві зауыты өнімі бойынша
Қазақстандағы Алматы (25000 т.), Талдықорған
(23440 т.), Сайрам (20840 т.) консерві зауыттарынан
кейінгі төртінші орында болған. 1980–1992
ж.ж. аралығында Түлкібас консерві зауыты
жылына 32 млн. шартты банкіге дейін консерві
өнімдерін шығарып отырған. Сонымен бірге
жылына 10 мың тоннаға дейін алма, 25 мың
т. көкөніс (соның ішінде 20 мың. т. томат),
34 мың т. астам шие, қараөрік қайта өңделген.
Қазіргі уақытта Түлкібас консерві зауыты
өзінің негізгі қорларын және өнім шығару
қабілеттілігін сақтап қалған жалғыз
зауыт. Зауытта өндірістік инфрақұрылым
және коммуникация, техникалық және ауыз
су мен қамтамасыз ету көздері, табиғи
газбен жұмыс істейтін қазандық және электрлік
қосалқы станциялар, екі теміржол тұйықтамасы
бар.
2004 жылдан бастап Түлкібас консерві зауыты
«ЭкоПродуктГруп» акционерлік қоғамы
деп аталады.
«ЭкоПродуктГруп» акционерлік қоғамының
(Түлкібас консерві зауыты) артықшылығы
шырындарды жергілікті консервантсыз
шикізаттардан өндіретіндігі. Бірақ, Оңтүстік
Қазақстан облысы нарығында әлі бұл зауыттың
шырындарының сатылу үлесі төмен (3%), бұл
өнімдерінің икемсіз сыйымдылығы 2 литрлік
шыны ыдысына құйылуымен байланысты. Шырындар
– тез бұзылатын өнімдер, сондықтан оларды
0,25 л, 0,5 л, 0,75л, 1л ыдыстармен және «Тетра
Пак» орамымен шығару керек. «ЭкоПродуктГруп»
АҚ шығаратын «Песня лета» белгісіндегі
шырындар біртіндеп отандық нарықта үлкен
сұранысқа ие болып келеді.
«ЭкоПродуктГруп» акционерлік қоғамы
2006-2008 жылдарға арналған өндірістік бағдарламасын
жасады. Бұл бағдарламаның орындалу барысы
төмендегі суретте көрсетілген (1 сурет).
«ЭкоПродуктГруп» акционерлік қоғамында
табиғи шырындарды өндіру 2006 жылы – 2605831
л., ал 2007 жылы – 2319131 литрге жоспарланған.
Бірақ нақты өндірілген өнім көлемі 2006
жылы – 1296905 л құраса, 2007 жылы бұл көрсеткіш
1309275 л сәйкес келеді. Кестеден көріп отырғанымыздай
өндірілген табиғи шырындар көлемі 2006
жылы 49,9%-ға, 2007 жылы 56,5% – ды құрап отыр,
яғни 2006 жылға қарағанда табиғи шырынды
өндіру көлемі 2007 жылы артып отыр. Сәйкесінше
басқа өнім өндіру көлемінің жоспардан
ауытқу себебіне ауа – райы жағдайының
өзгеруіне байланысты шикізатпен толық
қамтылмауы, технологиялық үрдістердің
толық орындалмауы ықпал етті.
Экологиялық таза өнім бағасының төменгі
шегін анықтаймыз, онда жылдық экономикалық
пайда дәстүрлі өнім өндірісінің мөлшеріндегідей
болады деп есептейміз.
Цэ = dЦ = 1,5475 · 166 = 256,885 тенге /кг, (17)
Мұндай бағаның әділдігін экологиялық
таза өнімге тексереміз. Ол үшін жаңа өндіріске
өтудегі жылдық экономикалық пайданы
есептейміз:
Пэ = 4000 [256,885 – (46,68+0.15 · 166)] = 4000 · 185,305 = 741220
тенге /жыл
Осы жағдайда, есеп нәтижелері салыстырылып
отырған екі нұсқа – дәстүрлі және экологиялық
таза өнім өндірісі бойынша экономикалық
пайда шамасы артады. Яғни, біздің жүргізген
есептеулер нәтижесінде экологиялық таза
өнім бірлігіндегі бағасы 256,885 тенге /
кг-ден артық болуы керек.
Дәстүрлі өнім өндірісін экологиялық
таза өнім өндірісіне ауыстырғанда оның
салыстырмалы түрлерін шығарудың тең
мөлшерлі көлемін қамтамасыз етуге болады.
Мұны технологиялық және ұйымдастыру
жағынан да қамтамасыз ету қиын емес. Мәселе
экономикада, кәсіпкерлік құрылымдардың
экологиялық таза өнім өндірудегі қызығушылығын
сақтап қалу үшін оны өткізуде жоғары
пайда алу қажет.
Экологиялық таза өнім өндірісі табиғи
ресурстардың жағдайымен, технологиялық
үрдістердің деңгейімен, өндірісте қолданылатын
заттардың сапасымен , олардың қоршаған
ортаға әсерімен қалыптасады. Оларды басқару
және жоғары сапалы өнім өндірісінің үрдісін
экономикалық реттеу үшін жоғары мамандандырылған
білім, мәліметтердің кең базасы, қамтамасыз
ету мен бақылаудың сәйкес қызметтерінің
болуы қажет. Осыған сәйкес, диссертациялық
жұмыста экологиялық таза өнімнің экономикалық
механизмі көрсетілді. Бұл қадамдар Қазақстан
халқы үшін экологиялық таза ауыл шаруашылық
өнімі өндірісін дамытудағы әрекеттері
болуы керек.
Автордың пікірінше, экологиялық таза
өнімді өндіруді дамыту тұжырымдамалары
келесілерді қамтиды:
– өндірістік күштерді экологиялық орналастыру;
– өнеркәсіп, энергетика, транспорт және
коммуналды шаруашылықтың қауіпсіз экологиялық
дамуы;
– ауыл шаруашылығының экологиялық қауіпсіз
дамуы;
– қалпына келетін табиғи ресурстарды
сарқылмайтын ресурс ретінде тиімді пайдалану;
– қайтарымды ресурстарды, кешенді пайдалану,
ұқсату қалдықтарды көму және залалсыздандыру;
– қоршаған ортаны қорғау және табиғатты
пайдалану саласында басқаруды жетілдіру,
төтенше жағдайлардың алдын алу;
– арнайы ерекшелігі бойынша өнім ассортиментін
кеңейту және экологиялық таза технологияны
жетілдіру;
– ғылыми-зерттеу жұмысын дамыту.
Экономикалық механизмдерді қолдана отырып
Оңтүстік Қазақстан облысындағы табиғи
шырын өндірудің кластерлік байланыстарын
қалыптастыру қажет (3-сурет). Кластер өзегі
болып шырын өндірушілер табылады. Осы
салаға қатысты өнім өндірушілер мен өңдеушілер,
тасымалдаушылар және өнімді өткізушілер
араларында тікелей және жанама байланыс
орнайды. Тікелей байланыстарға өндіріске
қажетті шикізатпен, құрал – жабдықтармен,
отын – энергия, су және адам ресурстарымен
қамтамасыз ету, ғылыми – зерттеу жұмыстары
жатса, ал жанама байланыстарға қаржылық,
құрылыс, транспорт, қойма қызметтерін
көрсететіндер жатады. Ауыл шаруашылығында
тауар өндірушілер жерді жалға алу, жоғары
сапалы тұқым және органикалық тыңайтқыш
өндірушілермен байланысады.
Экологиялық таза өнім өндірісін дамыту
қосымша қаржы көздерін талап етеді. Сондықтан
біз зерттеу жұмысымызда экологиялық
таза өнімді қаржыландыру көздерін ұсындық
(4-сурет).
Экологиялық таза өнім өндірісін қаржыландырудың
негізгі сенімді көзі кәсіпорынның төмендегі
жолмен алынатын қаржылары: барлық деңгейдегі
бюджет қаржылары, бюджеттен тыс мақсатты
қорлар, азаматтардың қайтарымды қаржысы,
кәсіпорын қаржылары, жеңілдікті несиелер,
шетелдік инвестициялар.
Барлық деңгейдегі бюджет қаржыларын
экологиялық таза өнім өндірушілердің
қаржы көзі ретінде пайдалануға негізінен
ірі кәсіпорындар қол жеткізе алады. Орташа
және ұсақ кәсіпорындардың мүмкіндігі
шектеулі, сондықтан олар басқа қаржы
көздерін іздестіруі қажет.