5. ТМҚ синтетикалық есебі мен материалдық
қозғалысын есепке алу.
Қоймалардан түскен құжаттар
жік-жігімен жинақталып, жөнелту
қағаздарымен жабдықталады, содан соң олардың деректерін
бухгалтериядағы мәліметермен салыстырады.
Құжаттың бірінші даналары кейінгі есептік
өңдеуге пайданылады, ал екінші даналары
– материалдар сақталатын орындарда қалады,
олар құндылықтар топтары және номенклатуралық
көшірмелері бойынша орналасады. Олар
анықтамалық мақсатта қоймалар бухгалтериядағы
есеп деректерін салыстыру тексеру үшін
пайданылады. Салыстырудан кейін құжаттардың
деректері кәсіпорында белгіленген есеп
топтары бойынша материалдарды жинақтап
есепке алудың жинақтаушы тізімдемесінде
топтастыралады, ол тауарлы-материалдық
құндылықтар кірісі мен шығысы бойынша
20 «Материалдар» бөлімшесінің жинақтаушы
шоттары және материалдар топтары бойынша
жүргізіледі. Бұл тізімдемеді материалдардың
әрбір тобы бойынша өткен айдағы құжаттардағы
өткізу тізімдерінің топтары бойынша
материалдардың кірісі мен шығысы салалық
сипаттамасы көрсетіледі және айдың басындағы
қалдығы, ағымдағы құжаттардағы өткізу
тізімдерінің топтары бойынша материалдардың
кірісі мен шығысы салалық сипаттамасы
көрсетіледі және айдың аяғындағы әрбір
жинақтаушы шоты мен материалдар тобы
бойынша қалдығы шығарылады. Материалдарды
жинақтап есепке алудың жинақтаушы тізімдемесін
көрсетіп өтемін.
Жинақтаушы ведомосы қойма мен бухгалтерлік
есептерінің мәліметтерін салыстыру үшін
пайдалынады, ол материалдар есебінің
карточкасы мен материалдардың қалдық
кітабы бойынша жүргізіледі.
Материалдардың қалдықтарының кітабы
бір ай бойы бухгалтерияда сақталады және
оны материалдардың қалдықтары туралы
мәліметтерді алу үшін пайданылады. Айдың
аяғында кітап бухгалтериядан қоймаға
беріледі, қойма меңгерушісі есепті жылдың
аяғында материалдық құндылықтардың қалдықтарын
оған түсіріп, өз қолын қойып оны растайды.
Материалдар қалдықтарының кітабы кейінгі
1-3 күні бухгалтерияға тексеруге және
топтар мен тауарлы-материалдық құндылықтарды
есепке алу жөніндегі шоттар бойынша жинақталған
есебі беріледі. Материалдардың қалдық
кітабы төменде келтірілген.
Айдың аяғында материалды жинақтап есепке
алудың жинақтаушы тізімдемесіндегі қалдықтар
туралы әрбір есептік топ бойынша салалық
түрдегі дерек материал қалдықтарының
кітабындағы топтарының жиынтығымен салыстырылады.бұл
деректер сәкес келуге тиіс, өйткені қоймадағы
және бухгалтериядағы жазбалар бір құжаттың
негізінде жазылады.
Бухгалтерияда материалдың жинақтама
есебінің жинақтаушы тізімдемесінің негізінде
немесе материалдық жағынан жауапты адамдардың
материалдық құндылықтардың қалдықтары
мен қозғалысы туралы есеп берулерінде
«Материалдардың ақша түріндегі қозғалысы»
деген тізімдемесі жасалынады. Бұл
тізімдемеде материалдық құндылықтардың
қоймадағы немесе материалдардың жауапты
адамдар арасындағы қозғалыс көрсетіліп,
нақты өзіндік құнымен есептік бағалары
бойынша бір айдағы материалдық құндылықтардың
қалдықтары мен кірісі туралы деректері
шығарылады. Олардың негізінде материалдық
салалық және пайыздық ауытқулары анықталады.
Табылған процент бойынша жұмсалған материалдардық
құндылықтардың нақты құны шығарылады.
Тізімдеме екі бөлімнен тұрады: тізімдеменің
бірінші бөлімінде кәсіпорында түскен
материалдардыцң нақты өзіндік құны мен
есептік бағасының арасындағы ауытқулар
анықталады. Тізімдеменің екінші бөлімінде
екінші бөлімін «Материалдардың синтетикалық
есебінің жинақтаушы ведомствосы» немесе
«Материалдық құндылықтардың қозғаласы
менқалдығы туралы есеп беруі» мәліметтерінің
негізінде жасалады. Бұл бөлімнің деректері
20 «материалдар» мен 22 «Тауарлар» бөлімдерінің
шоттары жөніндегі мәліметтер Бас кітаппен
салыстырылады.тізімдеменің екінші бөлігі
төменде келтірілген.
Бухгалтерияда жинақтау ведомосінің немесе
материалдың жауапты адамдардың материалдық
құндылықтардың қалдығы мен қозғалысы
туралы есептемесінің негізінде «Материалдардың
ақшалай өлшемдегі қозғалысы» деген №
10 ведомосі жасалады. № 10 ведомосі талдамалы
есептің деректерін материалдық құндылықтардың
талдамалы есебінің көрсеткіштерімен
ұйымдастыруға арналған. Келіп түскен
материалдық құндылықтардың құны жинақталмалы
шоттардың немесе есептік топтардың келісімінде
есептік бағалар бойынша келтіріледі.
Сонымен бірге ведомосте сатып алынған
материалдық құндылықтарын нақты құнының
олардың есептік бағағсы бойынша құнынан
ауытқуының есебі жүргізіледі. № 10 ведомос
материалдар шығыстарын шығыстың бағыты
бойынша бөлуге қызмет етеді.
№ 10 ведомос бірнеше бөлімнен тұрады: 1-ші бөлім нақты өзіндік құн бойынша жиынтық деректер
мен ай ішіндегі келіп түскен материалдардың
есептік құнын көрсетуге арналған. Бұл
деректер әртүрлі журнал –ордерлерден
( №6, №10, №3, №7, №1 және т.б.) көшіріледі.
№ 10 ведомостің екінші және, одан кейінгі
бөлімдері материалдың құндылықтарды
сақталу жері бойынша кірісін, шығысын
және қалдығын ақшалай өлшеммен көрсетуге
арналған. Бұл деректер материалдық есеп
берудің сальдолық жинақтаушы ведомостерінің
негізінде толтырылады, ал оларда – материалдық
құндылықтардың қозғалысы мен қалдығы
есептік бағамен келтірілген. Материалдың
толық нақты өзіндік құны есептік бағалар
мен ауытқулар бойынша материалдар құнының
саласы ретінде анықталады.
6. Тауарлы –материалдық қорлар есебін
жетілдіру жолдары.
Біріншіден ТМҚ есебін
жетілдіру мен қарастыруым бойынша бухгалтериялық
есепті жүргізуде қолданылатын бағдарламаларды
көрсетемін. Яғни, бухгалтерлік жұмысты
жеңілдету, тездету және шығын аз келтіріп қызмет жүргізуді таңдаймын. Қазір
мен ПК Компьютерленген бухгалтерия «Алтын»
бағдарламасында, жабдықтаушылар мен
жұмыс жасау және тауарлы – материалдық
қорларды қоймаға қабылдау жөнінде айтып
кетемін.
Негізгі жұмыс «Қойма» есебінде жүргізіледі,
«Алтын» бағдарламасында аналитика қандай
да болмасын балансттық шотта бес баспалдақты
болады. «Қойма» есебінде келесі функциялар
жүзеге асады:
· өндірілген цех өнімдері, материалдар,
тауарлар, дайын өнімдер қоймаға түскенде
бірінші ретті құжаттар өңделеді, жабдықтаушылардан
қабылданған қызметтер құжаттамасы өңделеді,олар
шығыс қа апарылады, ал ҚҚС олар бойынша
есепке алынады;
· Тауарлы- материалдық қорларды ішкі
қозғалысына накладной мөрмен рәсімделеді,
мысалға өндіріске немесе сату нүктесіне;
· Материалдарды есептен шығару бойынша
накладной мөрі және рәсімделуі;
· Шығу құжаттарды құру: қалдық есеп кітабы,
материал қозғалысы бойынша айналым ведомосі,
шығыс және кіріс ведомостарі, инвентарлық
ведомостер;
· Автоматты түрде ҚҚС-ң электронды салық
есебі ақпараты құрылып, НК МФ програмасына
аударылады.
Сонда автоматты түрде бухгалтерлік
корреспонденция құрылып, «Балансқа»
аударылады. Карточка қалдықты жыл басына
көрсетеді және тауарлы – иатериалдық
қорлардың әрбір қозғалыс ерекшелігін
көрсетеді.
· Жинақтаушы мінездегі карточка..
Меню → Документы → «Материалдарды қабылдау»
мұнда қоймадағы материалдар кірісі өңделеді.
Бұл үшін кіріс құжатының келесі мәліметтері
енгізіледі: нөмірі, күші, кіріс сомасының
жиынтығын және корреспонденттік баланс
шотын. Бұл кезде жабдықтаушы аты сұралады,
бұған терезеде пайда болған жабдықтаушылар
тізімінен керек атты таңдаймыз. Егер
біз тауарды бірінші рет алып тұрсақ, оған
карточка ашылу тиіс. (Вставка → таза орынға
атын жазу) және содан кейін оның аты жабдықтаушылар
тізімінде болады. «Номенклатура» справочнигін
қолданып, тауар атын таңдаймыз, тауар
көлемін көрсетеміз, бұл тауар есептелетін
және қойма нөмірі көрсетілетін баланстық
шотты көрсетеміз.
Бағдарламада тауарлы –материалды қорлар
есебі мен есепті шығару тәсілдері: Фифо,
Лифо, орташа өлшенген болып табылады.
Бір накладной бойынша қабылданған тауарлар
қоймада бөлек-бөлек қабылдануы мүмкін.
Құжатты өңдегенде салық сомасы қосымша
құнда ерекшеленеді, ол кіріс- счет фактура
реестріне түседі.
|
Қорытынды.
Тауарлы – материалдық
қорлар есебін ұйымдастыру сұрақтарын
қарастыру нәтижесінде мынадай
қорытындылар жасауға болады. Тауарлы – материалдық қорлар қалдығын
есептеу әдісін дұрыс таңдау мен сатылған
тауарлы – материалдық қорларының құнын
дұрыс анықтау маңызды болып табылады.
Егер № 7 БЕС «Тауарлы – материалдық қорлар»
бухгалтерлік есеп стандартына келесі
төрт әдістерін ұсынады: Ерекше ұқсастыру,
Орта құн есептеу, Фифо әдісі және Лифо
әдісі.ХҚЕС сәйкес қор бағалау кем дегенде
екі көлемде өзіндік құн немесе мүмкіндік
сату бағасы бойынша жүзеге асады. Қордың
өзіндік құн орташа өлшенген құн бойынша
немесе Фифо, Лифо әдісі бойынша анықталады.
Ал біздің есеп саясатында Фифо әдісі
қолданылады. Тауарлы – материалдық қорларды
бағалау дұрыс әдісін таңдау кәсіпорынның
таза табысын да, тұтас табысында, қаржылық
жағдайында да мәнді әсер етеді.
Тауарлы – материалдық қорлар сипаттауға
алғашқы есеп құжаттары негізіне кіріс
және шығыс, ал толтыру әдісі бойынша есептеу
техниксының көмегімен және қолмен толтыру
болып бөлінеді. Толтырған құжаттар мен
олардың құжат айналымы данасының санын
субъектінің өзі субъектінің сипатына,
өндірісті ұйымдастыру ерекшеліктеріне,
материалдық, техникалық жабдықталуына
және есепті ұйымдастыру жүйесіне байланысты
бекітіледі.
Тауарлы – материалдық қорлардың қоймаларға
түсуін әлде босатылуын ұйымда тағайындалған
құжаттар толтыру арқылы рәсімделеді.
Бастапқы құжаттар санын азайту үшін түскен
материалдардың қорды құжатсыз толтыруға
рұқсат беріледі.Жабдықтаушылардан алынған
қажетті құжаттарда алшақтық болмаған
кезде, кіріс ордерінің негізгі реквизиттері
мен арнайы штампы қойылып толтырылады.
Ұйымды тауарлы – материалдық қорлармен
прогрессивті жабдықтау үлгілерінің бірі
– жабдықтаушылардың қоймасынан автокөлік
пен орталықтандырылған жеткізіп беру,
ол кезде тауарлық – көлік накладнойы
4 данада түзіледі:
1.сатып – алушыға - кіріс ордері орнына
материалды қабылдау үшін;
2.жабдықтаушыларға құндылықтарды есептен
шығару үшін;
3.автокөлік жүргізушілеріне еңбек ақы
есептеу үшін;
4.төлемді жүзеге асыру үшін банке ұсыну.
Егер жабдықтаушылардан келіп тауарлы
–мсатериалдық құндылықтарды сандық
және сапалық айырмашылығы болса немесе
материалдардың көлік құжатынсыз келіп,
түссе, қабылдау комиссиясы «Материалды
қабылдау Актіні» 2 данада жазады. 1-ші
данасы бухгалтерияға, ал 2-шісі маркетингтік
бөлімге тапсырылады.
Материалдардың қоймадан жән еқойма цехынан
босатылуын құжаттау тәртібі олардың
босатылуын құжаттау тәртібі олардың
босатылу бағытына байланысты. Материалдар
шығынына дұрыс бақылауды іске асыру үшін
материалды талап етуге құқы бар тұлғалардың
тізімі мен қолтаңбасының үлгісі әрбір
қоймада бекітілуі тиіс. Бұл тізім бухгалтермен
келісілген болуы тиіс. Өнім өндіруде
жүйелі түрде қолданылған қорларды өндіріске
босату кезіңде «Шектеулі алу» карталарын
пайдалынған жөн.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Толпаков Ж.С. «Сауда тауарлық
операцияларды құжаттық рәсімдеу.»
2. Толпаков «Бухгалтерский учет».
3. Камышев П.И. « Бухгалтерский финансовый
учет».
4. Жминько С.И. «Финансовый учет».
5. Качалин В.в. «Финансовый учет и отчетность
со стандартами».
6. Радостовец В.К. «Финансовый и управленческий
учет».
7. «Бухгалтер плюс компьютер» №4, 2003.
8. «Бухгалтер плюс компьютер» №1, 2003
9. «Бухгалтер плюс компьютер» 2005, №4 және
№5
10. «Бухучет на практике» 2004,№8.
11. «Бухучет на практике» 2005, №4
12. «ББ отрасль: торговля» 2005, №1
13. «Компьютерная программы» 2004,№1
14. Баймұханов С.Б., Балапанов Ә.Ж. «Бухгалтерлік
есеп».
15. Штиллер М.В. «Принципі бухгалтерского
учета» , 2004.
16. Радостовец В.К. «Бухгалтерский учет
на практике».1998ж.
17. Сокова И.Т. «Путиводитель бухгалтера»
2004 ж. |