Тақырыбы:Қазақстан Республикасында инвестициялық саясат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2013 в 21:55, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді.

Содержание работы

Кіріспе ..........................................................................................................3-4

1-Бөлім ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ
1.1. Ивестицияның пайда болуы және даму тарихы .....................................5-8
1.2. Инвестицияның қызметі мен операциялары ..........................................8-13
1.3. Шет мемлекеттердегі инвестициялық қызметті қаржыландыру барысында тартымды ресурстардың құрлымы мен даму ерекшелігі ...............................................14-16

2-Бөлім ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ РЕСУРСТАРЫН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ ЕРЕКШЕЛІГІ
2.1. Инвестицияның түрлері мен есептеу әдістері .......................................16-20
2.2. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметті реформалау заңдары..............................................................................................................20-25
2.3. 2004-2006 жылдардағы инвестициялық қызметті қаржыландыру ресурстарына талдау ................................................................................................................25-32


ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................33-34

Файлы: 1 файл

Моя курсовая1201.docx

— 98.23 Кб (Скачать файл)

Сөйтіп, инвестициялар - Қазақстан  экономикасының қозғаушы күші екенін ұғынуымыз керек.

2.2 Қазақстан Республикасындағы  инвестициялық қызметті реформалау  заңдары

 

Қазіргі кезде Кдзақстан  Республикасының үкіметі басты  назарды инвестицияның сапасына бөлу қажет деп санайды.

Қазақстан Республиканың өнеркөсіпқұрылымында минералды-шикізат кешенінің үлесі шамамен 65 % тең. Бұл салада капиталды ерекше  белсенділігіне   қол  жеткізілгенмен  жер  қойнауын пайдалану мен  жағдайын талдау   кезінде   оның толықтай игерілмегендігі анықталды.[1;12]

Геологиялық ізденіс жұмыстарына  бағытталған инвестиция көлемі күрт төмендеді, егер 1997 жылы ол инвестицияның  жалпы көлемінен 14 % кұраса, 2000 жылы тек 5 % құрады. 2001 жылдың 1 жартысында салынған инвестиция 121,7 млн. АҚШ доллар болды. Инвестицияның пайдалы қазбаларды геологиялық ізденіс жұмыстарына  тек 3 % бөлігін құрады.

Қазақстан Республикасының  үкіметі мемлекет саясатының минералды-шикізат  ресурстарының корларын ұлғайту  мақсатында ізденіс жұмыстарына  инвестиция тартуда қосымша ынталандырушыларды жасақтауға негізделгенін көрсетеді. Оған Казақстан Республиканың үкіметі  жасаған республиканың минералды-шикізат  кешенінің даму бағдарламасы маңызды  орын алуы тиіс. “Инвестициялар туралы”  заң 2003 жылы 8 қантар №373-11 шыққан, кейіннен 2005 жылы 4 мамыр №48, және 2006 жылы 31 қаңтар №125 өзгертулер енгізілген.

Екінші жағынан бүгінгі  күні жоғары косымша құны бар және өңдеуші салаларды жақсартуға барынша  күш салу қажет. Осы мақсаттарды  үкімет "Инвестициялар туралы" заң жобасын дайындады. Заң жобасының  басты мақсаты экономикада отандық  және шетел инвесторларының құқықтары  мен мүмкіңдіктерін теңестіру болып, Қазақстан Республикада жасалған инвестицияларға  қатысты мемлекеттік кепілдіктерді  болашақта ұлттық экономиканы реформалау кезіңде инвесторлар 
мүдделерінде қайшылық туғызбайтын деңгейде үйлестіру болды. Бұл тұрғыда заң жобасының 6 бабы кайшылықты туғызды. Мұндай шетел инвесторларына берілген кепілдік конститутционалды экономикалық іс-әрекет субъектілерінің тең құқықтығы дәрежесіне күмән келтіретіні сөзсіз.[19;28]

Инвестициялық хал-ахуалды  нашарлатпау мақсатында заң жобасына бұрын қойылған келісм — шарттардың тұрақтылығын қамтамасыз ететін өтпелі қағидалар енгізілді. "Шетел инвестициялары туралы" занның 6 бабынан біртіңдеп  бас тартуын, мемлекет әлемдік тәжірбиеде орын алған осындай саяси және реттемелі тәуекелділіктен сақтандыру жүйесін құруды ұсынуда. Саяси және реттемелі тәуекелділіктерді сақтандырудың  құқықтық негіздері мен әрекет етуші  механизмін жасақтау арқылы, Қазақстан  мүмкін болатындау таластарды шешулін  өркениетті әдістерін жасақтауға бір  қадам жасады.

Одан басқа Қазақстан  Республикада "Жер койнауы мен  оны пайдалану" мен "Мұнай туралы" заңдарға өзгеріс енгізу туралы заң  жобасы дайындалуда. Заң жобасы пайдалы  қазбаларды пайдалану құқықтарын беру, мемлекет пен мердігерлер   арасында   табиғи   ресурстарды   тиімдіжәне кешенді пайдалану аясынадағы нормаларға қатысты бір қатар кағидаларды жетілдіру көзделген.

Қазақстан Республикамыздың үкіметімен 2004-2005 жылдарға тікелей  инвестиция тарту бағдарламасы жасалды. Оған жобаларды қоса қаржыландыру мен  мемлекеттік үлеске ену сияқты инвестицияны ынталандыру формалары енгізілді. Бағдарламада капитал салымшыларды ынталандыру мақсатында жеңілдіктер  жүйесі қарастырылып, оған тездетілген  амортизация, шығынды қайтару нормасының ұлтайтылуы сияқтылары енген.

Қазақстан Республикасының  Президентінің 2000 жылдың 6 наурызындағы № 349 жарлығымен «Экономикалық басты  салаларына инвестициялық іс-әрекетті асырушы инвесторлар мен келісім  — шарт жасауда жеңілдікпен преференциялар беру тәртібі» бекітілді.

Тәртіпке сәйкес, жеңілдіктер  менпреференциялар беру жағдайына:

1) инвестициялық    жобаның    экономиканың басты секторларына  қатысты болуы;

2) инвестициялық жобаны  жүзеге асыруында қазақстаңдық   заң   тұлғасының   негізгі   қорларына тікелей инвестицияларды  жүзеге асыру.

Инвестщиялық жобаның  тиімді жүзеге асырылуы үшін инвестиция бойынша Қазақстан Республика агентігін  келесідей жеңілдіктермен преференциялар беруі мүмкін:

- натуралды мемлекеттік  гранттар;

- келісім-шарт жасасудан  5 жыл мерзімге жер мен мүлік  салығынан босату;

- салық алына бастайтын  табыс алу кезінен 5 жылға табыс  салығынан босату;

- инвестициялық жобаны  жүзеге асыруға қажетті құрам-жабдық, шикізат, материалдар импортты  кезііще кедендік баға салықтарынан  толықтай немесе бір бөлігінен  босату.

Салықтық жеңілдіктер  беру мерзімі негізгі қорға инвестиция көлемі мен экономиканың басты секторларына жатқызылуына байланысты беріледі. Ал кедендік баға салықтарынан босату оның Қазақстан Республикасында өндірілмеген немесе көлемі инвестациялық жобаны жүзеге асыру жағдайына сәйкес келмеу жағдайында беріледі.

Мемлекеттік натуралды гранттарға:

1) негізгі қорлар —  жер учаскелері, ғимараттар, өндіріс   құрал-жабдықтары,   машиналар,   есептеуіш техника және басқалары.

2) бейматериалды активтер-ғимаратты,  жермен пайдалану құқығы мен  басқадай құқықтар.

3) өндірістік қорлар, аяқталмаған   құрылыс, салықтар, дайын өнім.

Реформалардың жүзеге асырылуы ғаламдық, жүйеаралық институтционалды-экономикалықөзгерістер қажеттілігінің дәлеллі.

Бұл жағдай инвестициялық  саясат аясында интеграция процестері мен әлемдік нарыққа шығумен  байланысты шараларды жүзеге асыруын  талап етелі. Машина жасау, жеңіл  өнеркәсіп пеп агроөндірістік кешенің  бір бөлігінің потенциалды толықтай қамтылмағандығымен сипатталады.

Реформалардың бастапқы кезеңіндегі  болашақ белгісіздігі, көптеген экономикалық агенттердің әрекет ету мүдделерін қатты өзгеріске ұшыратқаңдықтан, инвестициялық механизм тиімсіз  әрекет етті. Инвестициялық саланы қалпына келтіру мен халықтың жинақтарын инвестиция түрінде тартуға  бағытталған кешенді шаралар  экономика реформасының басты бағыты болып табылады.

Осыған байланысты отаңдық  қор нарығын дамытудың басты  бағыттарына ішкі инвесторлар институтын күшейту мен қаржы құралдар тізімін  ұлғайту болып табылады.

Зейнет ақы жүйесін  реформалау негізінде зейнетақы  қорлары сияқты мүмкіндігі мол инстуцоналды инвесторлар пайда болды. Қазіргі  кезде олардың активтері 530 млн. АҚШ  долларына тең көлемге жеткен. Қазақстан Республикасының орналастырған  еурооблигацияларының 45 % дейін көлемі зейнетақы корларына тиесілі.

Корпоративті бағалы қағаздарға көп мөлшерде инвестицияларды екінші деңгейлі банктер жүзеге асыра алады. Бүгінде шетел банктерінде ностро-есеп шоттарында 52 млрд. теңге сәйкес мөлшерде қаржылар сақталуда. Бұл қаржыларды экономиканың нақты секторына немесе бағалы қағаздарға инвестицияға бағыттауға болады. Ол үшін республикада несиелеу келешегі мол жобалардың көп болуы  қажет.

2000 жылы сақтадыру компаниялары  тарапынан экономикалық нақты  секторымен бағалы қағаздарға , инвестиция  көлемі 300 млн. АҚШ доллар құрады.

Қазақстан Республикасы үкіметінің мәжілісінде сөз сөйлеуде елбасы Назарбаев Н.Ә. жыл сайын елімізге келетін 1,5 млрд. доллар инвестицияны еліміздін  ішкі қорларымыздан алуға толық  мүмкіндік барын мәлімдеді.

Қазіргі кезде Қазақстаңда  шикізат секторының басым болуына  қарамастан, ғылыми сыйымды өндіріс  үлесін жоғарлату тенденциясы үстем  болуы тиіс.

Реформалар жүргізудің алғашқы  кезеңдерінде Казақстан Республикасына инвестицияларды тарту мәселесі объективті сипатта болды. Ішкі қаржы  ресурстарынын жетіспеушілігіне байланыста мемлекеттің экономикалық саясатында шетел тікелей инвестицияларын  тарту мен қолайлы инвестициялық  хал-ахуалды калыптастыру басты  бағыт болды.

Жыл сайын тартылатын тікелей  шетел инвестициялар көлемі бойынша  Қазақстан ТМД елдері ішінде бірінші  орында болып, шетел инвестицияларының  көлемі әр түрлі жылдарды 1 млрд. АҚШ  доллары мөлшерінде болды.

АҚШ мемлекетінің республика экономикасына инвестиция ағымынын басты ерекшелігіне оның 90 жылдардың  ортасында күрт өсуі болды. 1998-1999 жылдары  капитал салымдарының көлемі 2.9 млрд. долларға тең болды. 1999 жылдан бастап жыл сайынғы көлемі 1 млрд. доллардан  төмен болған жоқ. 2000 жылы республикаға 2 млрд. доллардан астам инвестиция келді, бірақ осы жылы қайтарым 785 млн. долларды құрады. 2001 жылы азиялық  дағдарыс әсерінен тікелей шетел  инвестиция көлемі күрт төмендетеді, бірақ  оның мөлшері 1 млрд. доллардан төмен  түскен жоқ.

Тікелей шетел инвестиция көлемі бойынша абсолютті көрсеткішке 2002 жылы қол жеткізілді, бірақ осы  инвестиция қайтарым көлемі 1,4 млрд. АҚШ  долларын құрады.

1994 жыл мен 2000 жыл аралығында  инвестициялық іс-әрекетті реттейтіи  заң негіздері қалыптастырылып,  инвестициялық механизмдер үйлестірілді. "Шетел инвестициялары туралы" және "Тікелей инвестицияларды  мемлекеттік қолдау туралы" заңдар  қажетті кепілдіктерді беріп,  экономикаға шетел капитталының  келуіне жағдай жасады.

Қазіргі Казақстан экономикасы  дамуында жаңа сапалық дәрежедегі кезеңге  келді. Экономикадағы тұрақтандыру процесі аяқталып, тұрақты өсу  деңгейіне жетті. Осы жағдай инвестициялық  саясатта өзгерістерді тудырды.

Бүгінде бұл инвестициялық  саясат бір қатар мәселелерді  шешуі шарт. Біріншіден, тартылатын инвестициялардың сапалық сипаттамаларына  басты назар аудару. Екіншіден, барлық экономика субъектілері үшін тең  дәрежелі жағдайды қалыптастыру. Үшіншіден, экономикалық жан-жақты әлеуметтік бағытын ұстану болып табылады.[19;26]

Жаңа жағдай заң негіздерін жетілдіру етеді. "Инвестициялар  туралы" жаңа заң қабылданды, сонымен  қатар "Қазақстан Республикасының  заңдарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы", "Жер қойнауы  мен оны пайдаланушылар туралы", "Мұнай туралы" заңдар дайындалып, "акционерлік қоғамдар туралы" заңға сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделуде.

Жаңа инвестициялық саясат концепциясында нарықтың барлық агенттерінің халықтың, банктердің, қаржы институтарының, қор нарығы, инвестициялық белсенділігін  жоғарлату маңызды орын алуда.

Қазақстан Республикасының  инвестициялық іс-әрекетті реттеудің  тиімділігін жүзеге асыру мақсатында жаңа Салық кодексінде 138-140 беттерінде инвестициялық салықтыңпреференциялар қарастырылған. Инвестициялық салықтық преференциялар корпоративті мүлікке табыс салығы бойынша беріледі.

Инвестициялық салық преференциялары  жаңа өндірісті қалыптастыру, не әрекет етуші өндірісті ұлғайту мен  жаңарту мақсатында негізгі қорға  инвестиция жасаушы салық төлеушілерге, жалпы жылдың табыс салығын белгіленген  сомаға қысқарту, немесе негізгі қор  мүлігі салықтан босату мүмкіндігі қарастырылған.

Қазақстан Республикада инвестициялық  іс-әрекетті реттеуге бағытталған заңдардағы өзгерістер мен толықтырулар, оны  белсенді жүргізілуі ықпал етеді.

 

2.3 2004-2006 жылдардағы инвестициялық қызметті қаржыландыру ресурстарына талдау

 

Қазақстан тұңғыш президенті Н.Ә Назарбаев нарықтық қатынастары  ерте қалыптасқан, нарықтық құрылымдары  әбден дамыған Америка Құрама Штаттары, Европа, Азияжолбарыстары болып  саналатын Оңтүстік Корея, Гонконг, Тайвань, Сингапур, Индонезия, Малайзия, Тайланд және Филипин елдерімен  дипломатиялық достық қарым-қатынас орнатып, олардың әлемдегі ірі-ірі транс-ұлттық компанияларын Қазақстан экономикасына тартты.  Соның арқасында, әсіресе, шикізат саласына миллиардтаған доллар шетелдік қаражат ұзақ мерзімге әкелініп, Қазақстан экономикасына қан жүгіре бастады. Мысалы, Қазақстан экономикасына тартылған инвестицияның көлемі 28 миллиард долларды құрады. Қазақстан шетелдік инвестиция тартудан ТМД елдері арасында бірінші орынға шықты. Ал 1993 жылдан 2004 жылға дейін 31 миллард долларға инвестиция тартылды. Қазақстан нарығында инвестиция тартуда Америка Құрама Штаттың пайыздық көлемі, басқа мемлекеттермен салыстырғанда өте жоғары екен. Мәселен, Америка Құрама Штаты 30,7%, Англия 13,7%, Италия 7,0%, Швецария 5,7%. Алдағы 25 жылға сомасы 100 миллиард Америка Құрама Штат долларын құрайтын келісім шарт жасалып қойылды. [Қосымша Б] Тағы бір қуатты жағдай Қазақстанда шетелдік қаражатпен 5500 бірлескен кәсіпорын ашылып, қазір тәп-тәуір жұмыс істеп отыр. Ресейде бірлескен кәсіпорынның 1042 жұмыс істесе, Қырғызстанда 99, Украинада 74 ғана жұмыс істеуде. Қазіргі экономикалық өрлеуіміз, жетістіктеріміз шетелдік инвесторлардың арқасы. Сол ағылып келіп жатқан инвестициялардың әсерінен ел еңсесі біршама көтеріліп қалды. Инвестиция тартудың ең маңызды жері – тәуелсіз еліміздің тұтастығын, шекарасын қорғайды. Америка Құрама Штаты, Европа мемлекеттері, еліміздің экономикасына миллиарттаған қаржы сала отырып, Қазақстанға басқа мемлекетің қоқон-лоқы жасалуына жол бермейді. Мәселен, Шеврон, басқа да транс-ұлттық шет мемлекеттік компанияларда Кондализа Райс секілді мемлекет қайраткерінің акциялары бар. Шетелдік ірі компаниялар Қазақстан нарығынан үлкен пайда тауып отырады, сыртқы жауға беріп қоймайтыны анық. Мысалы, кеңестік империя ыдыраған соң, Каспий теңізін бөлер кезде Тұран заманындағы қызылбас ағайындылар теңіздегі шекераны бұрынғысынша қалдырайық деп дипломатиялық  қарсылық көрсетіп бақты. [8;38]

Информация о работе Тақырыбы:Қазақстан Республикасында инвестициялық саясат