Валюталық операциялар жөнінде түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2013 в 07:14, реферат

Описание работы

Валюталық операциялар — валюталық құндылықтарға қатысты жасалатын мәмілелер. Олар ұлттық заңдармен және халықаралық келісімдермен реттеледі. ҚР-ның заңдары бойынша, валюталық операциялар валюталық құндылықтарды меншіктену және т.б. құқыларының өзгеге берілуіне байланысты, соның ішінде төлем құралдары ретінде шет ел валютасын және шет ел валютасы түріндегі төлем құжаттарын пайдалануға байланысты операциялар; валюталық құндылықтарды республикаға алып келу, сыртқа шығару және жолдау; ұлттық валютаны, сондай-ақ, номиналы мен құны осы валютамен есептелінетін құнды қағаздар мен төлем құжаттарын меншіктену құқыларының бір-біріне өтуі жөніндегі резиденттер мен резидент еместер арасындағы мәмілелер болып бөлінеді

Файлы: 1 файл

Валюталық операциялар жөнінде түсінік.doc

— 68.00 Кб (Скачать файл)

             Валюталық операциялар жөнінде түсінік.

          Валюталық операциялар — валюталық құндылықтарға қатысты жасалатын мәмілелер. Олар ұлттық заңдармен және халықаралық келісімдермен реттеледі. ҚР-ның заңдары бойынша, валюталық операциялар валюталық құндылықтарды меншіктену және т.б. құқыларының өзгеге берілуіне байланысты, соның ішінде төлем құралдары ретінде шет ел валютасын және шет ел валютасы түріндегі төлем құжаттарын пайдалануға байланысты операциялар; валюталық құндылықтарды республикаға алып келу, сыртқа шығару және жолдау; ұлттық валютаны, сондай-ақ, номиналы мен құны осы валютамен есептелінетін құнды қағаздар мен төлем құжаттарын меншіктену құқыларының бір-біріне өтуі жөніндегі резиденттер мен резидент еместер арасындағы мәмілелер болып бөлінеді. Олардың ағымдық және капитал қозғалысына байланысты түрлері бар. Ағымдық валюталық операцияларэкспорт-импорттық сауда операцияларына (олардың төлемақыларын өтеуге, осы мақсаттар үшін кредит бөлуге), сондай-ақ, шет елде тұратын, жұмыс істейтін азаматтардың валюталық қаражаттарын (зейнетақыларын, аударымдарды, т.б.) пайдалануларын қамтамасыз етуге арналады. Капитал қозғалысына байланысты валюталық операциялар қазақстандық капиталды шет ел экономикасына салуға, не шет ел капиталын ішке тартуға, ел экономикасын өркендету үшін пайдалануға қызмет етеді. Егер белгілі бір шектен асып кетсе, осы екі процес те экономикасының дамуына кері әсер етіп, кесірін тигізуі ықтимал. Мәселен, ұлттық экономиканың әр алуан саласында ше-телдіктердің бақылау орнатуына немесе отандық капиталдың қайтарымсыз шетке кетіп қалуына душар етеді.Сондықтан, капитал қозғалысына байланысты операциялар тиесілі органдар арқылы мемлекет тарапынан қатаң бақылауға алынуға тиіс. Экономикалық процестерге тигізетін әсерлеріне қарай валюталық операциялар осындай екі негізгі түрге сараланған. Бұған қоса, өткізілу тәртібіне орай олар қолма-қол және шұғыл валюталық операцияларға жіктеледі. Қолма-қол валюталық операциялар кезінде валюталар мәміле жасалған сәтте не одан бір жұмыс күні өткен соң айырбасталады.

          Валюталық операциялар түсінігінің мазмұны мен мәнін ашу мақсатында тақырыптың негізгі терминдеріне анықтама берген жөн.Валюталық операцияларға төмендегілер жатады: 
          1) Меншік құқығы мен басқа да құқықтарының валюталық құндылықтарға ауысу операциялары, сонымен қатар төлем құжаттары мен төлем құралы ретінде шетел валютасын қолдануға байланысты операциялар. 
          2) Қазақстан Республикасының валюталық құндылықтарды енгізу және шығару операциялары. 
          3) Халықаралық ақша аударымдарын жүзеге асыру. 
          Бірақ бұл операциялармен ғана валюталық операциялартізімі шектелмейді. Валюталық бақылау жөніндегізаңға сәйкес валюталық операциялар түсінігі валюталық құндылықтармен және ҚР-ның валютасында орындалатын операцияларды қамтиды. 
          Шетел валютасындаорындалатын операциялар заңға сәйкес жүзеге асырылады. Банктер әртүрлі мемлекеттердің шаруашылық субьектілері арасында ақшалай есеп-айырысуды қамтамасыз етумен, валюта айырбастаумен, халықаралық валюталық несие берумен, шетел валютасындағы бағалы қағаздарды сату және сатып алу операцияларын жүзеге асыра алады. 
 
Валюталық операциялардың экономикалық негіздері.

 
           Валюталық операциялар түсінігінің мазмұны мен мәнін толық ашу үшін негізгі терминднрге анықтама беру қажет, соның ішінде ең негізгісі – шетел валютасы.Шетел валютасы болып саналады: 
          1) банкноталар, қазыналық билеттер, сәйкес шет мемлекетте заңды түрдегі төлем құралы болатын және айналымдағы тиындар, сонымен қатар айналыммен шығарылатын, бірақ айырбастауға жататын ақша белгілері; 
           2) шетел мемлекеттерімен халықаралық ақшалай немесе есеп- айырысу бірліктеріндегі счеттарда орналасқан қаржы.

          Ал валюталық құндылықтарға: 
           1) Шетел валютасы. 
          2 )Шетел валютасындағы бағалы қағаздар- төлем құжаттары (акция мен облигациялар), және басқа шетел валютасында көрсетілетін қарыз міндеттемелер 
           3) Бағалы металлдар – алтын, күміс платина мен платиналық топ металлдары барлық түрде және жағдайда, ювелир бұйымдары мен ломнан басқа; 
          4) Табиғи бағалы металлдар- алмаз, рубин, изумрудтар, жемчуг және т.б. 
            Қазақстан Республикасының валютасына кіреді: 
 
       - айналымдағы, сонымен қатар айналымнан шығарылған, бірақ айырбастауға жататын ҚР Ұлттық банкінің билеттері мен тиындары түріндегі теңгелер; 
        - Қазақстан Республикасы банктеріндегі мен басқа да несиелік мекемелеіндегі счеттарға орналасқан теңгелей қаржылар. 
        - ҚР валютасындағы бағалы қағаздар- теңгеде көрсетілген төлем құжаттары мен қарыз міндеттемелер. Ұлттық және Шетел валютасындағы операцияларды жүргізетін субъектілерді анықтауүшін валюталық реттеу жүйесінің «резидент» пен «резидент емес» деген негізгі түсініктеріне анықтама беру қажет. 
          «Резидент» түсінігінің құрамына келесі категориялы азаматтар мен мекемелер кіреді: 
           - ҚР территориясында тұратын тұлғалар  
( белгілі бір мерзімде ҚР территориясынан тыс тұратын тұлғалар да) 
          - ҚР заңдарына сәйкес және қР территориясында орналасқан заңды 
          тұлғалар; 
          - Заңды тұлға ретінде саналмайтын, бірақ ҚР-ның заңына сәйкес құрылған мекемелер мен организациялар. 
          - ҚР –ң территориясынан тыс орналасқан дипломатиялық және басқа да ресми предстовительстволар. 
         - ҚР территориясынан тыс жерде орналасқан резиденттердің филиалдары 
«Резидент емес» тұлғаларға жатады: 
         - ҚР тыс мемлекеттерінің заңына сәйкес және ҚР да тұрақты мекен жайы жоқ заңды тұлғалар 
         - Заңды тұлға болып табылмайтын мекемелер мен организациялар. 
         - ҚР территориясында шетел дипломатиялық және басқа да ресми представительстволары 
         - ҚР-ның территориясында орналасқан резидент еместердің филиялдары. 
 
         Валюталық операциялар түсінігінің мазмұны мен мәнін ашу мақсатында тақырыптың негізгі терминдеріне анықтама берген жөн. Валюталық операцияларға төмендегілер жатады: 
         1. Меншік құқығы мен басқа да құқықтарының валюталық құндылықтарға ауысу операциялары, сонымен қатар төлем құжаттары мен төлем құралы ретінде шетел валютасын қолдануға байланысты операциялар. 
        2. Қазақстан Республикасының валюталық құндылықтарды енгізу және шығару операциялары. 
        3. Халықаралық ақша аударымдарын жүзеге асыру. Бірақ бұл операциялармен ғана валюталық операциялар тізімі шектелмейді.Валюталық бақылау жөніндегі заңға сәйкес валюталықоперациялар түсінігі валюталық құндылықтармен және Қазақстан Республикасының валютасында орындалатын операцияларды қамтиды. 
        4. Шетел валютасында орындалатын операциялар заңға сәйкес жүзеге асырылады. Банктер әртүрлі мемлекеттердің шаруашылық субъектілері арасында ақшалай есеп- айырысуды қамтамасыз етумен, валюта айырбастаумен, халықаралық валюталық несие берумен, шетел валютасындағы бағалы қағаздарды сату және сатып алу операцияларын жүзеге асыра алады.  
 
        Валюталық қатынасты реттеуде негізгі ролді арнайы валюталық заң атқарады. Қазақстан Республикасында валюталық реттеудің негізгі органы республиканың заңымен сәйкес валюталық реттеудің функцияларын атқаратын Ұлттық Банк болып табылады. Басқарма мен басқа мемлекеттік органдарзаңмен сәйкес болатын өзінің компетенциясы шегінде валюталық реттеуді жүзеге асырады. Валюталық реттеу бойынша негізгі нормативті акт «Валюталық реттеу туралы» заңы толықтырулар мен өзгертулер есебімен 24 желтоқсанда 1998 жылы шықты. Бұл Қазақстан территориясында валюталық операцияларды атқару тәртібі мен қағидаларын, валюталық операция субъектінің құқығы мен міндеттемелерін, валюталық заң бұзылуының жауапкершілігін анықтайды. Валюталық бақылаудың агенттері валюталық операцияларды жүргізу кезіндегі валюталық заңның сақталуын бақылаудың міндеті жатқызылған банктер мен банктік емес қаржылық өнеркәсіптер.                Қазіргі кезде ҚР-да келесі негізгі валюталық шектеулер әрекет етеді: 
         - Резиденттер арасындағы операция бойынша төлемдер тек Қазақстандық валютада жүргізіледі, тек Ұлттық банктің, сонымен қатар салық және кедендік заңмен бекіткен нормативті құқықтық актілерді санамағанда: 
        - Ерекше банктік операцияларды атқаратын өкілетті банктер мен ұйымдардан, сонымен қатар олардың айырбастау ( пункт) орындарынан тыс шетел валютасын сатуға, сатып алуға және айырбастауға тыйым салынады: 
        - Резиденттердің тауар мен қызмет көрсету түрінде төлем алатын шетел валютасы, сонымен қатар несие түріндегі өкілетті банктерде шотқа есептелуінің міндетіне жататын, егер Қазақстан Республикасының Ұлттық банк лицензиясында басқалары да қарастырылмаса. 
          Қазақстан Республикасының Ұлттық банк ҚР Президенттік «ҚР Ұлттық банк туралы» заңды күші бар жарғысымен сәйкес шетел валютасында валюталық операцияларды атқаруға қажетті шектер қоюға, соның ішінде мұндай операцияның көлемі мен сыйақы мөлшерлеменің деңгейіне шек қоюға құқылы. ҚР. Реттеу туралы заңға сәйкес ҚР Ұлттық банк резиденттердің экспортты операцияның төлем валютасына шек қоюға құқы бар. Қазіргі жағдайда экспортты табыс сатуға шекті уақытша алып тастады. 
           Валюталық бақылау органдары ( Ұлттық банк пен ҚР-ның үкіметі) және оның агенттері ( өкілетті банктер) валюталық бақылауды жүзеге асырады. Оның мақсаты – валюталық операцияларды орындағанда валюталық заңдарды сақтауға бақылау жасау болып табылады. 
           Валюталық бақылаудың негізгі жолдары мынадай: 
           1. Өткізілген валюталық операциялардың заңға сәйкестігін анықтау және қажетті лицензиялар мен келісімдердің бар екендігін анықтау. 
           2. Мемлекет алдындағы шетел валютасында резиденттердің міндеттемелерін өтегенін, сонымен қатар ҚР ішкі валюталық нарығында шетел валютасын сату бойынша міндеттемелерін тексеру. 
          3. Шетел валютасындағы төлемдердің негізділігін тексеру. 
          4. Валюталық операциялар бойынша есеп ақпардың толықтығы мен объективтілігін тексеру. 
 
         Валюталық бақылаудың негізгі органы – ҚР Ұлттық банкі болып табылады. Оның міндеттері: 
        1. Шетел валютасы мен шетел валютасындағы бағалы қағаздардың Қазақстанда айналу тәртібі мен сферасын анықтайды. 
        2. Резиденттер мен резиденттер емес тұлғалар үшін нормативті актілер шығарады. 
        3. Валюталық операциялардың барлық түрін орындайды. 
        4. Шетел валютасы мен бағалы қағаздармен орындайтын операцияларға резиденттер мен резидент емес тұлғаларға жалпы ережелер анықтайды. 
        5. Банктерге және басқа да несиелік мекемелерге валюталық операцияларды орындаулицензияларын берудің жалпы ережелерін белгілейді. 
       6. Есеп беру, ақпар құжаттардың бір нысандылығын белгілейді. 
       7. Басқа да қызметтерді орындайды.


Информация о работе Валюталық операциялар жөнінде түсінік