Желі архитектурасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Апреля 2014 в 10:14, курсовая работа

Описание работы

Желі әдетте қолданушының өзімен жүргізіледі және кейбір аумақты алады да, аумақтық белгісі боынша келесідей бөлінеді:
Локальдық есептеуіш желі (ЛЕЖ) немесе Local Area Network (LAN), бір немесе бірнеше жақын орналасқан ғимараттарда орналасқан. ЛЕЖ әдетте қандай да бір ұйымның шекарасында орналастырылады, сондықтан оларды корпоративті деп атайды.
Бөлініп тармақталған компьютерлік желілер әртүрлі ғимараттарда, қалаларда және мемлекеттерде орналасқан, глобальды немесе Wide Area Network (WAN) аумақтық, аралас және глобальды болады. Осыған байланысты глобальды желілер төрт негізгі түрде болады: қалалық, аумақтық, халықаралық және транснациональды. Мысал ретінде өте үлкен масштабтабөліп тармақталған желілерді атап өтсек: Internet, EUNET, Relcom, FIDO.

Файлы: 1 файл

zheli_arhitekturasy.doc

— 237.50 Кб (Скачать файл)

                                                 Оптикалы-талшықты кабель 

Оптикалы-талшықты кабель(Fiber Optic Cable)  алысқа ақпаратты  өте үлкен жылдамдықпен жібереді және олар тыңдау құрылғыларына жарамсыз.Оптикалы-талшықты кабельмен ақпарат жөнелту үшін жарық қолданылады.Жарық өткізгіш қызметін атқарып тұрған талшық ақпаратты алысқа әрі үлкен жылдамдықпен жіберуге көмектеседі, бірақ ол өте қымбат және онымен жұмыс істеу өте ауыр.Оптикалы-талшықты кабель жуандығы бірнеше микрон ғана болатын орталық шыны жіпшеден тұрады.Оның сырты жалпылай шынымен жабылған.Мұның бәрі сыртқы қоғаныс қабатының ішінде орналасады.Оптикалы-талшықты линиялар өте сезімтал.Мұнда жарық көзі ретінде жарық диодтары қолданылады (LED - Light Emitting Diode), ал ақпарат жарықтың интенсивтілігінң өзгеруі арқылы кодталады.Кабельдің қабылдайтын ұшында детектор желілік импульстарды электрлік сигналдарға айналдырады.Оптоталшықты кабельдердің екі түрі бар:бір модтық және көпмодтық.Бірмодтықтардың диаметрі кішкентай ,қымбат және ақпаратты жіберу қашықтығы жоғары.Жарық импульстары бір бағытта қозғала алатындықтан оптоталшықты кабельдер базасындағы желілердің әр сегмент үшін кіретін және шығатын кабельдері болуы керек.Оптоталшықты кабельдер арнайы коннекторлерді және жоғары квалификациялық орнатуды талап етеді.

Өткізгішсіз технологиялар.  
Мәліметтерді өткізгішсіз жіберудің әдістері (Radio Waves)  өте ыңғайлы және ақпарат жіберуде теңдессіз құрал болып табылады.Өткізгішсіз технология сигналдың типі бойынша, жиілік бойынша (үлкен жиілік үлкен жылдамдықты білдіреді), және жіберу қашықтығы бойынша ажыратылады.Мұндағы бөгеттер мен бағасы да үлкен роль атқарады.Өткізгішсіз технологияның үш түрін бөліп қарастыруға болады:

-радиобайланыс;

-микротолқынды диапазондағы байланыс;

-инфрақызыл байланыс;

                                                      Радиобайланыс

Радиобайланыс технологиясы мәліметтерді радиожиілік арқылы жіберіледі де, алшақтығы жағынан мүлдем шектелмейді.Ол географиялық ара-қашықтығы  өте үлкен локальдық желілерді байланыстыру үшін қолданылады..Радиобайланыс өте қымбат тұрады, атмосфералық және электрондық жағдайларға сезімтал келеді.Оны бұзу оңай, сондықтан қауіпсіздік деңгейін жоғарылату үшін шифрлауды қажет етеді.

Микротолқынды диапазондағы байланыс

Микротолқынды диапазондағы байланыс (Microwaves) арқылы  мәлімет алмасуда өте үлкен жиіліктер қолданылады, және оларды қысқа қашықтықта да, үлкен қашықтықта да қолдануға болады.Бұл байланыстың шектеулі жері жіберуші мен қабылдаушы тікелей байланыс зонасында болуы керек.Бұл физикалық ақпарат тасушыларды қолдану мүмкін болмаған жағдайда пайдаланылады.Микротолқынды диапазондағы байланыс арқылы ақпарат жөнелтуде спутникті қолдану өте қымбат болуы мүмкін.

Инфрақызыл байланыс

Инфрақызыл технология (Infrared transmission) өте үлкен жиіліктің негізінде жұмыс жасайды.Оның жиілігін көрінетін жарықтың жиілігімен салыстыруға болады.Оны ара-қашықтығы жақын жерге екіжақты немесе кеңтаралған байланысты орнату үшін қолдануға болады..Инфрақызыл байланыста әдетте қабылдаушыға инфрақызыл толқындарды беру үшін жарық диодтары(LED – Light Emitting Diode)  қолданылады.Инфрақызыл ақпарат жіберу ара-қашықтығы бойынша шектелген, сондықтан ол тек офистік ғимараттарда ғана қолданылады.

 


Информация о работе Желі архитектурасы