Салық әкімшілігінің мәні және оның жіктемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2013 в 11:05, отчет по практике

Описание работы

Тапсырма: Келесі ұғымдарға түсінік беріңіз: салық әкімшілігі, салық әлеуеті, салық механизмі, салықтық өндіріс.
Салықтар – тауарлы өндіріспен бірге, қоғамның топқа бөлінуімен жəне мемлекеттің пайда болуымен, оған əскер, сот, қызметкерлер ұстауға қаражаттың қажет болуынан пайда болды. Салық – заңды актiлерге сəйкес салық төлеушiлермен жүзеге асырылатын бюджетке төленетін мiндеттi төлем. Салық – белгілі бір объектілерден төленетін төлем.

Файлы: 1 файл

1 Практика.docx

— 67.39 Кб (Скачать файл)

Абдикаримова  Карлыгаш ҚР(Д)-221 топ

1 Практика. Тақырып: Салық әкімшілігінің мәні және оның жіктемесі

Тапсырма: Келесі ұғымдарға түсінік беріңіз: салық әкімшілігі, салық әлеуеті, салық механизмі, салықтық өндіріс.

Салықтар – тауарлы өндіріспен бірге, қоғамның топқа бөлінуімен жəне мемлекеттің пайда болуымен, оған əскер, сот, қызметкерлер ұстауға қаражаттың қажет болуынан пайда болды. Салық – заңды актiлерге сəйкес салық төлеушiлермен жүзеге асырылатын бюджетке төленетін мiндеттi төлем. Салық – белгілі бір объектілерден төленетін төлем.

Салық дегеніміз – белгілі  бір мерзімде жəне белгілі бір көлемде алынатын, заң бойынша қарастырылған міндетті төлемдер. Қорыта айтқанда, барлық анықтамалар бір негізді құраушы жүйе екендігін байқауға болады.

1.Салық әкімшілігі

Салық əкімшілігін жүргізу – салық қызметі органдарының салықтық бақылауын жүзеге асыруы, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тəсілдері мен салық берешегін мəжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдануы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес салық төлеушілерге (салық агенттеріне) жəне басқа да уəкілетті мемлекеттік органдарға мемлекеттік қызмет көрсету.

Тиімді салық жүйесін қалыптастыруда мемлекет ең басты рөл атқарады.

Экономиканың қажеттілігі мен мемлекеттің қаржы міддесіне сай салық заңнамасын қабылдау – қажетті, алайда жеткіліксіз талап. Салық заңнамасының орындалуын қамтамасыз ететін механизмді қалыптастыру осындай маңызды міндет болып табылады.

Салықтан жалтарудың негізгі себебі салынатын салықтың жоғары деңгейі мен табысты жасыру мімкіндігінің болуы. Сондықтан салық төлеуден жалтару ауқымын қысқарту проблемасын шешу ішін салық заңнамасын реттеу, қайшылықтар мен келеңсіздіктерді жою, салық салумен байланысты мəселелерді əр тірлі тісіну мімкіндігінің, сонымен бірге салықты бақылау проблемасын шешуді қолға алу қажет. Салықты бақылауды арнайы құрылған органдар жізеге асырады жəне ол салыққа əкімшілік етудің негізін қалайды.

Қазақстанда салық қызметі органдары мемлекеттің жəне салық органдары (өңіраралық, облыстар, қалалар, аудандар, қалалардағы аудандар бойынша) алдындағы салық міндеттемелерінің орындалуын, салық пен бақылауды қамтамасыз ететін уəкілетті мемлекеттік органнан тұрады.

Қазақстанның заңнамасы бойынша салық қызметі органдары салық төлеушілердің құқықтарын сақтап, мемлекеттің міддесін қорғауға, салық міндеттемелерінің есебін жіргізуге, ұйғарымнамалар бойынша қатаң салық тексерісін жіргізуге, салық құпиясын сақтауға, салық төлеушіні əкімшілік айыппұлға жəне басқа міндеттерге тартуға міндетті.

Сондай-ақ салық органдары салық төлеушіден салықты есептеу мен оны төлеу жөніндегі құжаттарды талап етуге, салық құқығын бұзушылық жасалғанын растайтын құжаттарды алуға, сотқа заңды тұлғаны тарату туралы талап беруге, пайда табу ішін пайдаланылатын кез келген объектілерді зерттеуге, мілікті жəне басқа да құқықтарды тігендеуді жіргізуге құқылы.

Қазақстан Республикасының Салық кодексінде негізгі салық ережелері жүйеленіп, салық заңнамасының барлық нормалары біріктірілді жəне Салық кодексінің құрылымына салық органдары мен салық төлеушілердің өзара қарым-қатынастары айқын тəртіптелген «Салыққа əкімшілік ету» атты дербес бөлік енгізілді. Салық төлеушілерді мемлекеттік реттеу мен оларды тіркеу есепке қоюдың негізгі ережелері бекітіліп, салықты бақылаудың тірлері заңды негізде нақты реттелді.

Салықтық бақылау салық заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету процесіндегі аса маңызды элемент болып табылады. Салықты бақылауды салық органдарының лауазымды тұлғалары тексеріс жіргізу, салық төлеушілерден тсініктеме алу, есеп пен есептілік деректерін тексеру, ій-жайлар мен аумақтарды қарау арқылы жіргізеді.

2.Салық әлеуеті.

Салық жійесін құрудың жалпы (классикалық) қағидаларымен қатар салық теориясында бірқатар арнайы (жеке) қағидалар да əзірленген. Осы қағидалардың қатарында салық заңнамасының тұрақтылығы; салықтарды бір рет өндіру; шаруашылық жіргізудің ұйымдастыру-құқықтық нысаны мен меншік тіріне қарамастан салық төлеушілерге тең қаржы талаптарын қою; салық ставкаларының оңтайлы деңгейі; салық жеңілдіктері жійесінің негізділігі; салық функцияларының оңтайлы ійлесуі (бюджет табысындағы тікелей жəне жанама салықтардың) жəне т.б. бар.

Федеративтік мемлекеттік  құрылымды елдерде жұмыс істейтін басқа салық жійелерінде салық жійесінің біртұтастық қағидасы қолданылдады. Осы қағида бүкіл мемлекеттің аумағында біртұтас сипаттаманың бірі болып табылады; мемлекеттік биліктің өңірлік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін салықтық өкілеттіктер жеке өңірлік салық жійесін қалыптастыруға жəне осылайша біртұтас салық кеңістігін бұзуға əкеп соқтырмауы тиіс.

Алайда салық əлеуеті жеткіліксіз өңірлерде басқа өңірлердің асырауына үйренуіне жол бермеу жəне жаңа резервтерді, өздерінің қаржы-экономикалық əлеуетін өсіру жолдарын іздестіруді ынталандыру ішін өңірлер мен муниципалдық құрылымдар деңгейінде біршама салықтық дербестікке жол беріп, оның орын дылығына негіздейтін басқа да көзқарас қолданылады.

3.Салық механизмі.

Салық механизмі деп салық заңнамасын орындауға бағытталған ұйымдастыру-құқықтық сипаттағы барлық құралдар мен əдістердің жиынтығы аталады.

Салық механизмі арқылы мемлекеттің салық саясаты іске асырылады, салық жійесінің негізгі сандық жəне сапалық сипаттамалары, оның нақты əлеуметтік-экономикалық міндеттерді орындауға мақсатты бағытталуы қалыптастырылады.

Салық механизмінде салық салу механизмі (салық ставкаларының деңгейлері, жеңілдіктер жійесі, салық салынатын базаны есептеу тəртібі, салық салынатын объектілердің құрамы мен салықтарды есептеумен байланысты басқа да элементтер) маңызды рөл атқарады. Салық салу механизмін (сол немесе басқа салықты есептеу тəртібін) өзгерту арқылы салық жійесін жаңартуға, мысалы, салықтардың саны мен тір құрамын өзгертпей, оның құрылымын өзгертуге болады, бұл ішін ең маңызды салықтардың ставкаларын өзгерту қажет болады.

Алайда əлемдік практикада басқа тəсіл қолданылады, атап айтқанда салық жійесі мен ставкалардың деңгейі тек өте қажет жағдайда ғана өзгереді, алайда салық жеңілдіктері жійесі жиі қайта қаралады. Салық жеңілдіктері біршама қысқа мерзімге, яғни 2-3 жылға белгіленеді, осы мерзім өткеннен кейін жеңілдіктер өз-өзінен қолданылуын тоқтатады, алайда жеңілдіктердің мерзімі ұзартылуы да мімкін. Салық төлеушілер құрамының, салық төлейтін объектілердің жəне т.б. есебінен салық төлеу базасын өзгерту арқылы салық жійесінің бағытын біршама өзгертуге болады.

4.Салықтық өндіріс

Жалпы салықтық қатынастар мемлекетпен кәсіпорын арасындағы міндетті қарым-қатынас болып келеді. Бұл міндеттемесінің мәні салықты  төлеуіне жатыр: әрбір салық төлеуші  заңмен бекітілген салықтармен алымдарды  төлеуге міндетті.

Салық төлеушінің салық заңдарына  сәйкес мемлекет алдында туындаған  міндеттемесі салық міндеттемесі деп  танылады, оған сәйкес салық төлеуші:

  1. салық міндеттемелерін дер кезінде және толық көлемінде орындауға;
  2. салық қызметі органдарының анықталған салық зандарын бұзушылықтарды жою туралы заңды талаптарын орындауға, соңдай-ақ қызметтік міндеттерін атқаруы кезіндегі заңды қызметіне кедергі жасамауға;
  3. нұсқама негізінде салық қызметі органдары лауазымды адамдарының салық салу объектісі және салық салумен байланысты объект болып табылатын мүлікті тексеруіне жол беруге;
  4. салық есептілігі мен құжаттарды заңда көзделген тәртіппен табыс етуге;
  5. заңға сәйкес қолма-қол ақшамен, төлемдік банк карточкаларымен, чектермен сауда операцияларын жасаған немесе қызметтер көрсеткен кезде тұтынушылармен ақшалай есеп айырысуды фискалдық жадысы бар бақылау-касса машиналарын міндетті түрде пайдалана отырып және тұтынушының қолына бақылау чегін бере отырып жүргізуге міндетті.

Осы салық міндеттемелері ішіндегі ең негізгі мақсаты –  ол салықты толығымен және уақтылы  төлеу болып саналады. Мемлекет салық  кызметі органы арқылы салық төлеушінің өз салық міндеттемелерін толық  көлемінде орындауын талап етуге, ал олар орындалмаған жағдайда оларды қамтамасыз ету жөніндегі тәсілдерді және Қазақстан Республикасының  Салық Кодексінде көзделген тәртіппен мәжбүрлеп орындату шараларын қолдануға құқылы.


Информация о работе Салық әкімшілігінің мәні және оның жіктемесі