Салық механизмі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2014 в 18:46, лекция

Описание работы

Салық механизмі қаржы механизмінің құрамдас бір бөлігі, және салық саясатын жүзеге асыру үшін пайдаланылады. Салық механизмі ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу қатынастарын жүзеге асыру арқылы мемлекеттік орталықтандырылған ақша қаражат қорларын құруға, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуын реттеуге, шаруашылық субьектілерінің тұтынуын және қорлануын қамтамассыз етуге қажет салықтық қатынастардың амал -әдістерінің, ережелерінің жиынтығы

Файлы: 1 файл

Салық механизімі.docx

— 17.83 Кб (Скачать файл)

Салық механизімі

Салық механизмі қаржы механизмінің құрамдас бір бөлігі, және салық саясатын жүзеге асыру үшін пайдаланылады. Салық механизмі ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу қатынастарын жүзеге асыру арқылы мемлекеттік орталықтандырылған ақша қаражат қорларын құруға, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуын реттеуге, шаруашылық субьектілерінің тұтынуын және қорлануын қамтамассыз етуге қажет салықтық қатынастардың амал -әдістерінің, ережелерінің жиынтығы.Қандай да болмасын мемлекеттің салық саясаты салық заңдылықтарын қабылдау, нормативтік актілерді бекіту, салықтардың түрлерін белгілеу, төлеушілердің ауқымын, ставкасын, жеңілдіктерін, төлеу мерзімдерін және салықтарды төлеу тәртібі, салықтық заңды бұзушылардың жауапкершілігі, бюджет жүйесі арқылы салықтарды бөлу, бір сөзбен айтқанда салық механизмі арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да салық саясатының, салық жүйесінің бірыңғай, әрі тиімді қызмет етуі салық механизміне тікелей байланысты.  
Салық механизмі салық теориясындағы ұйымдастырушылық экономикалық категория ретінде ұлттық табысты бөлу барысында туындайтын басқарудың обьективті процесін айтады. Осы процестердің сферасын үш түрлі ішкі жүйеге бөлуге болады, яғни олар:  
- салықтық жоспарлау мен болжау;  
- салықтық реттеу;  
- салықтық бақылау. 

Салық механизмінің функцияларының басты мақсаты болып, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының игеріміне қатаң түрде қарау және осының негізінде жалпы ішкі өнімнің, ұлттық табыстың бір қалыпты өсуін қамтамасыз ету болып табылады. Бұл, ставка және салық дифференциясы, салықтық жеңілдіктер мен салықтарды пайдалану және т.б.  
Салық механизмінің құрылымы келесі элементтерден тұрады:  
- салық түрлерінің жиынтығы (салық жүйесі);  
- салықтық төлемдерді жоспарлау және болжамдау;  
- салықтық құқық және салықтық заңдылықтар;  
- салық салу қағидалары;  
- салықтарды басқару жүйесі;  
салық элементтері;  
- салықты төлеу қабілеттілігі және реттілігі;  
- салықтық федерализм;  
- салықтық бақылау;  
- ақпараттық қамсыздандыру;  
- салықтық есеп қисаптар. 

Салық әкімшілігі

Салықтық әкімшілік – бұл  салық төлеушілер мен алымдарды төлеушілерге қатысты заңды негізде белгілі бір билік өкілеттігі берілген мемлекеттік салық органдары және басқа да органдар. Салықтық әкімшіліктердің құрамы төмендегідей болып табылады:  Салық қызметі органдары;  Қаржылық органдар;  Кедендік органдар;  Қаржы полициясы 
 
Источник: http://reftrend.ru/707673.html

Орындаған: Ордабаев Бақыт қаржы 331 (ДОТ)

 

Салық әкімшілігінің негізгі функциялары

 Салық әкімшіліктері: 1 – салық органдары, 2 – қаржылық  органдар, 3- кедендік органдар, 4 –  ҚР экономикалық қылмысқа және  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес  жөніндегі агенттігі (қаржы полициясы). Салықтық жоспарлаудың негізгі  нысандары болып стратегиялық  және ағымдағы салықтық жоспарлау  саналады. Салықтық жоспарлаудың  негізгі тәсілдері: а) экономикалық  жалпы көрсеткіштерді болжамдауға  негізделген жанама тәсіл; ә) салықтар  бойынша салық базаларын болжамдауға  негізделген тікелей тәсілдер; б) бар трендтерді экстраполяциялауға  негізделген қысқартылған тәсілдер. Салық бақылауы функциясын салық  органдары, кеден органдары және  ішкі істер органдары жүзеге  асырады. Бұл функцияның негізгі  мақсаты – салықтар мен алымдарға  қатысты заң бұзушылықтар азаятын  салықтық өндіріс деңгейін қамтамасыз  ету. Салық бақылауының негізгі  нысандары мыналар: салықтық тексерулер; төлемдердің уақытылы түсуіне  бақылау; табыс табуға пайдаланылатын  жерлерді тексеру мен зерттеу; есептілік мәліметтерін тексеру  және т.б. Жүзеге асырылу мерзімі  бойынша тәсілдер алдын-ала, ағымдағы  және кейінгі салық бақылауы  деп бөлінеді. Салықтық реттеу  функциясы қаржылық, салық, және  кей кездерде кеден органдарымен  жүргізіледі. Бұл функцияның негізгі  мақсаты – бұл мемлекеттің  қазынашылық мүддесі мен салық  төлеушілердің экономикалық қызығушылықтары  арасындағы келісімге жету. Негізгі  нысандары ретінде салықтық ынталандыру  және шектеу, салық жеңілдіктері, бюджеттің әр түрлі деңгейлерінің  арасында салықтық түсімдерді  бөлуді айтуға болады. Негізгі  ретінде келесі тәсілдер саналады: тікелей және жанама салық  салу арасындағы қатынасты реттеу,салықтар, салық салу объектілерін, салық  ставкаларының құрамын реттеу, т.б. Мәжбүрлеу функциясын салық қызметі, кеден  қызметі және қаржы полициясы немесе жемқорлықпен күрес органдары жүзеге асырады. Бұл функцияның негізгі мақсаты – барлық субъектілер тарапынан салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерге қатысты заңнаманың міндетті түрде орындалуын, соның ішінде салық төлеушілерге салық міндеттемесін мәжбүрлеп орындауды талап ету, орындаудан жалтарған кезде белгілі бір жауапкершілікке олардың тартылуын қамтамасыз ету. Мәжбүрлеудің негізгі формаларына заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік түрлері жатады: салықтық, әкімшілік және қылмыстық. Мәжбүрлеп өндіріп алудың негізгі тәсілдеріне заң бұзушылықты өз еркімен және мәжбүрлеп орындатуды  жатқызуға болады. Салық әкімшілігіне басқаруға қатысты функциялар тән: жоспарлау, есеп, бақылау, реттеу және мәжбүрлеп өндіріп алу. Функциялардың орындалуының өзіндік мақсаттары, нысандары және жүзеге асырылу әдістері  пайдаланылады. Аталған функциялардың қысқаша сипатын, олардың мақсатын және жүзеге асырылу нысандары мен әдістерін қарастыратын болсақ ол төмендегідей (8-сурет). Экономикалық және құқықтық әдебиеттерде салық әкімшілігінің мәні тек салық заңдылықтарын сақталуындағы дұрыс есептелінуі мен төленуін бақылау деген тұжырымдама кеңінен таралған. Бұл көзқарастар салық органдарының өздігінен шынайы өркениет жасамауына негізделінеді. Бақылауды ұйымдастырудың дамуы соңғы жылдары салық заңдарынан тұрақсыздығы салдарынан, салық комитеті жұмысын ұйымдастырудағы бірқатар мәселелердің туындауынан, салық төлеушілердің салық салу жүйесіне деген кері көзқарастарының әсерінен көп қиындықтарға тап болуда. Бұл салық әкімшілігін ұйымдастыру және әрекет ету барысында көрініс беруде. Бірақ, соған қарамастан бүгінгі қоғамда салық түсімдерін бақылаудың мағынасы, оның экономикалық және қоғамның әлеуметтік салаларына әсері туралы салыстырмалы түрде бірқатар ойларды түйіндеп, оны әрі қарай дамыту қажет екенін көруге болады. Қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес, салық әкімшілігі – салық қызметі органдарының салық заңдарының орындалуын, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақытылы аударылуының әкімшілігі 
 
Источник: http://reftrend.ru/707673.html

 


Информация о работе Салық механизмі