Өнеркәсіптік өнімнің сапа көрсеткіштері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 20:03, реферат

Описание работы

Жұмыстың мақсаты: 1) өнеркәсіптік өнімнің сапа көрсеткіштерінің жалпы номенклатурасын үйрену.
2) өнеркәсіптік өнімнің әр түрлі түрлерінің комплекстік сапа көрсеткіштерін әзірлеу.

Файлы: 1 файл

Прак.раб-1-по ква-на каз.яз+.docx

— 46.78 Кб (Скачать файл)

Тәжірибелік жұмыс  №1

 

Тақырыбы: Өнеркәсіптік өнімнің сапа көрсеткіштері.

Жұмыстың мақсаты: 1) өнеркәсіптік өнімнің сапа көрсеткіштерінің жалпы номенклатурасын үйрену.

2) өнеркәсіптік өнімнің әр түрлі түрлерінің комплекстік сапа көрсеткіштерін әзірлеу.

 

  1. Жалпы ережелер

 

   МЕМСТ 15467-79 сәйкес " Өнім сапасын басқару. Негізгі  түсініктер. Терминдер мен анықтамалар"  белгілі бір қажеттіліктерді  қанағаттандыруға арналған, халық  шаруашылығы қызметіндегі заттанған  нәтиже болып өнім түсіндіріледі. Өз кезегінде бұйым деп саны үлгі, дана немесе комплекс боынша есептелетін өнеркәсіптік өнім бірлігін айтамыз. Өнеркәсіптік өнім бірлігінің арнайы бумадағы, саны үзіксіз мөлшер (килограмм, метрмен және т.б.)  көмегімен есептелетін шығынды бұйыммен түсіндіріледі.

Барлық халық шаруашылығындағы өнімді келесідей сұлбаға сәйкес топтастыру шешілген:

 

 

Сурет 1  Өнеркәсіптік өнімнің жіктелуі

 

 

Бірінші кластың  өнімі қолданылу  процесіндегі тағайындалуы бойынша бөлінеді. Осыдан қағидаттай, қайтарымсыз қайта жасау процесінде (шикізат, материал, жартылай фабрикаттар), жағуда (жанармай), тірідей организмдермен сіңіруде (ас өнімдері, тыңайтқыш), ал басқа жағдайларда ішінара қайтарымды процесс (мысалы, еріткішті регенерациялау және рекуперациялау кезінде т.б.) болуы мүмкін.  

    Екінші класты өнімді пайдаланғанда оның ресурстарының шығыны жұмсалынады. Мұнда өнім техникалық немесе моральдық тозуға дейін пайдаланылады.

   Өнеркәсіптік өнімнің әр түріндегі сапа деңгейін бағалау үшін сапа көрсеткіштерін таңдау бағалау мақсатына байланысты болады. Сонымен міндеттерді қамтамасыз ету үшін келесідей сапа көрсеткіштерінің негізгі түрлерінің жалпы номенклатурасына сүйенуге болады:

   1. Тағайындалу көрсеткіштері. Арналынған қызметін орындалуы үшін негізгі қызметтерін анықтайтын, өнімнің қасиеттерін сипаттайды. Олар өнім сапасының деңгейін оның негізгі тағайындалуы жағынан (өнімділік, қуаттылық, жүк көтерімділік), сонымен қатар өнімді эксплуатациялағаннан пайдалы әсерді (тұтыну) бейнелейді.  Тағайындалу көрсеткіштерін кейде сындарлылық көрсеткіштері д.а.

   2. Мүлтіксіздік көрсеткіштері. Жұмысқа қабілеттілікті кейбір уақыт аралықтарында немесе кейбір  атқарымдарда үздіксіз сақтау қасиетін сипаттайды. Бұл көрсеткіштер тағайындалуы бойынша пайдалану периодына да, тасу және сақталу периодына да жатады.

   3. Төзімділік көрсеткіштері. орнатылған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүйесінде бұйымның шекті жағдайының болуына дейінгі жұмысқа қабілеттілігін  сақтау қасиетін сипаттайды.

   4. Жөндеуге жарамдылық көрсеткіштері. Бұзылудың және зақымдалуды ескертетін бейімділікті жасайтын, олардың пайда болу себебін және зардабын жоюдағы (жөндеуде және техникалық қызмет көрсетуде) бұйымның қасиетін сипаттайды. Жөндеуге жарамдылыққа реттеу орындарына, диагностикалық және бақылау құрылғыларына, жинауға қолайлылық мүмкіндіктеріндей сындарлылық ерекшеліктер әсер етеді.

   5. Сақталыну көрсеткіштері. орнатылған шектердегі берілген сапа көрсеткішін қолдануға (эксплуатациялағанға)  дейін белгілі бір уақыт аралығында тасу немесе сақталыну кезінде өнімнің үздіксіз сақталу қасиетін сипаттайды.

   6. Шикізатты, материалды, жанармай, энергияны және еңбек ресурстарын үнемді пайдалану көрсеткіштері. Бұйымның техникалық деңгейінің немесе олармен тұтыну дәрежесінің шикізат,материалдар, жанармай, энергияны және еңбек ресурстарын эксплуатациялағанда жетілгендігін бейнелейтін бұйымның қасиетін сипаттайды.

   7. Эргономикалық көрсеткіштері. "Адам- бұйым- пайдалану ортасы" жүйесін сипаттайды және адамның берілген бұйыммен (белгілі бір ортада) ара қатынасын еселеуге ұсынылатын талаптарды ескереді. Эргономикалық талаптар анықталады:

  • адамның антропометриялық сипатамасымен;
  • адамның қозғалыс белсенділігінің сипатамасымен;
  • адамның сезу мүшелерінің қызмет ету мүмкіншіліктері мен ерекшеліктерімен;
  • адамның ойлау жүйесі, жады, қабылдау ерекшеліктерімен;
  • адамның бұйыммен өзара әрекеттесетін профессионалдық дайындалу деңгей есебінің қажеттілігімен.

   8. Эстетикалық көрсетіштері. информациялық айқындылық, нысанның тиімділігі, топтаманың тұтастығы, өнімнің өндірістік орындалуының жетіліуін сипаттайды.

   9. Технологиялық көрсетіштері. Өнімді дайындаудағы және жөндеудегі еңбектің аса жоғары өнімділігін қамтамасыз ету үшін конструкторлық-технологиялық шешімнің тиімділігін сипаттайды.

   10. Тасымалдылық көрсетіштері. Өнімнің тасымалдылыққа, яғни өнімнің қолданылуымен қосақталмайтын, кеңістікте ауыстырылатын қабілеттілігін анықтайтын қасиетін сипаттайды.

   11. Стандартизация және унификация көрсетіштері. бұйымдағы стандарттық жалғамалы бөлімдерді қолдану дәрежесі мен олардың унификация дәрежесін сипаттайды.

   Сәйкестендірілген нәрселер- СТП бойынша шығарылатын немесе белгілі бір кәсіпорындағы бірнеше әртүрлі бұйымды пайдалануға болатын, бұйымның бөлшегі.

   12. Патентті-құқықтық көрсетіштері. Бұйымда пайдаланылатын техникалық шешімдерді жаңарту дәрежелерін, олардың өз елдерінде және шет елдерде патенттік қорғалуын, және бұйымды тежеусіз өткізу мүмкіншілігі (өз елдерінде және шет елдерде) сипаттайды.

   Патентті-құқықтық  көрсетіштер жалпы бұйымда пайдаланылатын жаңа ғылыми және техникалық жетістіктерді сипаттайды.

   13. Қауіпсіздік көрсетіштері. Қызмет көрсетуші қызметкерлердің, айналадағылардың қауіпсіздігін, сонымен қатар өнімнің қызмет істуіндегі объектілердің ұштасуын сипаттайды.

   14. Өнімнің қоршаған ортаға әсер ету көрсеткіштері. Эксплуатациялағанда немесе өнімді тұтынғанда туатын (қоршаған ортаның зиянды қоқыстармен және қалдықтармен ластануы),  зиянды әсер ету дәрежесін сипаттайды.

   15. Ішкі әсерлерге өнімнің тұрақтылық көрсеткіштері. Ұштасатын объектілердің және қоршаған ортаға әсер ететін  сапаның құрамына кіретін қасиеттің қабілеттілігін сипаттайды.

   Өнімнің нақты  түріндегі сапа көрсеткіштерінің жалпы номенклатурасын құруда мына таблицада көрсетілген ұсынуды қолдануға болады:

 

ө/к

Өнеркәсіптік өнімнің сапа көрсеткіштері

Өнім топтары

   

1

2

3

4

5

1

Тағайындалу

+

+

+

+

+

2

Мүлтіксіздік

-

-

-

+

+

3

Төзімділік

-

-

-

+

+

4

Жөндеуге жарамдылық

-

-

-

-

+

5

Сақталыну

+

+

+

+

+

 

6

Шикізатты, материалды, жанармай, энергияны және еңбек ресурстарын үнемді пайдалану

 

-

 

(+)

 

(+)

 

(+)

 

+

7

Эргономикалық

-

-

+

+

+

8

Эстетикалық

(+)

(+)

+

+

+

9

Технологиялық

+

+

+

+

+

10

Тасымалдылық

(+)

(+)

+

+

+

11

Стандарттау және унификациялау

-

-

(+)

+

+

12

Патентті-құқықтық

-

+

+

+

+

13

Қауіпсіздік

(+)

(+)

(+)

(+)

(+)

14

Қоршаған ортаға әсер ету

(+)

(+)

(+)

(+)

(+)

15

Ішкі әсерлерге тұрақтылық

(+)

(+)

+

+

+


  

Ескерту:  "+" белгісі жарамдылықты білдіреді, "-" белгісі- жарамсыздықты, "(+)" белгісі- өнімнің сапа көрсеткіштерінің сәйкес топтарының шектелінген жарамдылығын білдіреді.

   Келтірілген өнімнің сапа көрсеткіштерінің номенклатурасы, әр көрсеткіштің ішінен жекелеген сапа көрсеткіштерінің тобын белгілеуге болатындықтан, үлкейтілген б.т. Мысалы, эргономикалық көрсеткіштерге гигиеналық, антропометриялық, физиологиялық, психофизикалық, психологиялық және т.б. көрсеткіштер кіреді.

   Өнімнің әрбір тобына өнім сапасының деңгейін шарттайтын және өнімнің басқа тобының жиынтығымен жараспайтын, көрсеткіш түрінің белгілі бір жиынтығы сәйкес келеді.

  1. Өзіндік жұмыс

 

Тапсырма 1. Өнеркәсіптік өнімнің (5...10 атауы) біртектік емес берілген тізімі үшін өнеркәсіптік өнімнің сол немесе басқа түрінің қай топқа жатқызылуын анықтау (өнеркәсіптік өнімнің топтастырылуын жүргізу). Нәтижесін мынадай таблица түрінде көрсету керек :

 

Толтырылу мысалы

1 Кесте

Топтың нөмірі

Өнімнің атауы

1

Мұнай, алмаз, мақта,...


 

Тапсырма 2. Берілген тізімге кіретін өнеркәсіптік өнімнің әрбір данасы үшін, сапа көрсеткіштерінің жалпы номенклатупасын құру. Бұл жұмыстың нәтижесін келесідей таблица түрінде орындау керек :

 

 

Толтырылу мысалы 

                                                      2 Кесте                                        

ө/к

Өнеркәсіптік өнімнің  атауы

 

Өнімнің сапа көрсеткіштері

   

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1

Мойынтірек томалау

+

+

+

-

+

-

+

+

+

+

+

+

-

-

+


 

Нормативті-техникалық құжаттама

 

   1. МЕМСТ 15467-79 "Өнім  сапасын басқару. Негізгі түсініктер. Терминдер мен анықтамалар".

   2. РД 50-64-84 "Біртектес өнімніңтоптарының сапа көрсеткішінің номенклатурасын орнататын, мемлекеттік стандартты жасайтын әдістемелік нұсқаулар".


Информация о работе Өнеркәсіптік өнімнің сапа көрсеткіштері