Аз қалдықты және ресурс үнемдеуші өндіріс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Апреля 2014 в 20:30, реферат

Описание работы

Экономикалық дамудың экстенсивті әдістерінің басымды- лығы қоршаған ортаның нашарлауы мен халық шаруашылығын ресурспен қамтамасыз етудің шиеленіскен проблемасына алып келеді. Табиғат байлықтарын ұтымды түрде пайдалану, әсіресе, табиғи ресурстардың тапшылығы үдеп отырған кезде ресурстардың сарқылуының абсолютті және салыстырмалы жағы пайда болып жатқанда, айналымдағы шикізат ресурстары массасының қолдағы барынан өнімнің санын көбірек алумен қорытындыланады. Сондықтан, өндірістік емес жұмыстарда және өндірістің өзінде өндірістік тұтынудың соңғы сатысында пайда болып, қалатын қайталама ресурстарды өндіріске әкелу керек.

Файлы: 1 файл

Аз қалдықты және ресурс үнемдеуші өндіріс.docx

— 45.80 Кб (Скачать файл)

Қалдығы аз өндірістің экономикалық тиімділігін бағалаған кезде мыналар есепке алынуы тиіс. Соншалықты оларды құру ісі - шикізат саласындағы техникалық-экономикалық көрсеткіштердің ары қарай нашарлап кетуін тежейді. Сонымен шикізат секторындағы қоғамдық өндірістің тиімділігінде болатын келеңсіз беталыстың ықпалын тегіс жояды. Қалдығы аз және қалдықсыз өндірісті іске асыру барысында бастапқы шикізатқа шығатын шығынның үнемділік маңызы мен технологиясының жүйесі тұрақты өседі. Өйткені тау-кен өндірісінің өзіндік құны мен қор сыйымдылығының өсу процестері қалыпты сипатқа ие болып отыр.

Өндіріс қалдықтарын сақтау шығындары өндірілген өнім құнының біршама үлесін құрайтынын атап өткен орынды. Әрине, қалдықтарды қаладан алыстау жерге апару мсн оны ұстап түру шығын үлесінің шамасы оны жинақтап үю технологиясын қолдануға көбірек тәуелді болады. Мысалы, үйіндінің орналасқан жері, физика-химиялық құрамы, қалдықтарды құрушы өндірістің қуаттылығына да байланысты болады. Сонымен, қалдықтарды тасымалдау мен оларды сақтап, пайдалы қазба деңгейіне жеткізіп, шикізатты байыту мен руданы дайындау шығыны 30-40%-ке дейін жетеді. Көмір өнеркәсібіндегі үйіндінің тең жартысына жуығы жануға ұшырап, 5-10 шақырым радиуста қоршаған ортаның ластануына әкеледі. Үйінді шаруашылығының құрылысын салу құны мен қалдықтарды сақтаудың ағымдық шығыңдары олардың өңдеу шығыстарынан артып кетуі жиірек кездеседі.

Үйінді шаруашылығын құру қажеттілігі бірталай жер көлемін өз қарауына алуға мәжбүрлейді. Ал, бұл жағдай ауыл шаруашылығына зиян келтіреді. Сондықтан, барлық келеңсіз салдарды ескере отырып, аңғарғанымыз - қоқыстарды үю экономикалық жағынан тиімді емес екен. Оларды сол жерде өңдеп, пайдаға асыру мен қалдықтардан қосымша жер қойнындағы бар өнімдерді алу әлдеқайда арзанға түседі. Сонымен қатар, жаңадан қуатты қазба кен орындарын ашудың қажеті де шамалы болар еді.

 

 

 


Информация о работе Аз қалдықты және ресурс үнемдеуші өндіріс