Қазақстан Республикасының әлеуметтік стратификация мәселесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2015 в 20:58, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасының әлеуметтік құрылымдар өзгерістер Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі(1999) ҚР Президентінің 1999 ж. 22 қаңтардағы Жарлығымен құрылды. ҚР Үкіметінің 2004 ж. 31 желтоқсандағы қаулысымен агенттік туралы жаңа ереже бекітілді. Агенттік ҚР Үкіметінің құрамына кірмейтін ҚР орталық атқарушы органы болып табылады.

Файлы: 1 файл

Алеуметтану.docx

— 26.15 Кб (Скачать файл)

Мүдделер – бұл тұлғалардың, топтардың және басқа да қауымдастықтардың әлеуметтік жүйедегі әлеуметтік жағдайын белгілейтін және олар өз әрекеттерінде негізге алатын нақты өмірлік ұмтылыстары. Әлеуметтік мүдделер арқылы белгілі бір әлеуметтік қауымдастықтар өкілдерінің өзекті қажеттіліктерінің жалпыланған көрінісі бейнеленеді. Мүдделерді ұғыну қоғамда тұрақты жүзеге асатын әлеуметтік салыстыру процесі, яғни әртүрлі әлеуметтік топтардың өмірлік жағдайларын салыстыру нәтижесінде болады.Әлеуметтік өмірде маңызды орынды әлеуметтік өзара қатынас алады – бұл бір-біріне бағытталған, партнері тарапынан анық (күтілетін) реакцияны туғызуға бағытталған және осы реакция жауап ретінде басқа реакцияны туғызатын партнерлардың жүйелі, тұрақты әлеуметтік әрекеті.Әрбір әлеуметтік қайраткер өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға талпынады. Дж.Хоманс өзінің әлеуметтік алмасу теориясында әрбір қайраткер әлеуметтік өзара әрекет барысында марапаттауды (материалдық та, моральдық та – қолдау, келісу, мақұлдау) максимизациялауға және шығынды минимизациялауға ұмтылатындығын атап көрсетеді. Өзара марапаттау тұрақтылық тенденцияны танытады, сақталады. Осы тұрғыдан өзара күту пайда болады.Әлеуметтік жанжал – бұл түрлі әлеуметтік топтардың өз қажеттіліктерін қамтамасыз етуге талпыну, сәйкес келмейтін және тіпті қарама-қайшы мүдделерді жүзеге асыру жолындағы қақтығыстар. Жанжалдарды шешу жолдары: қақтығысты шешудің сырттай белгісі болып, оның аяқталуы табылады (уақытша тоқтату емес). Бұл дегеніміз қақтығысушы жақтар арасында жанжалдық өзара әрекет аяқталады. Алайда әлеуметтік қақтығыстың түбірлі шешілуі қақтығыстық жағдайдың өзгеруі кезінде ғана жүзеге асады. Атап айтқанда тиімді болып қақтығыс себебін жою табылады – қарсыластардың бір-біріне деген көзқарасын өзгерту. Сондай-ақ, әлеуметтік қақтығысты бір жақтың талаптарын өзгертуі арқылы шешуге болады: қарсыластың бірі өз мінез-құлқының мақсатын өзгертеді.

Қазіргі Қазақстан қоғамындағы әлеуметтік құрылымның дамуы кездейсоқтылығымен, анықсыздығымен, аморфтілігімен сипатталады. Алғы шетке меншіктік және әлеуметтік теңсіздік мәселесі қойылады. Ол кластық қарама-қайшылық және қақтығыстармен сипатталады.Экономиканың тұрақтануы және экономикалық заңдылықтар еркіндігін заңдастыру, әлемдік нарыққа өту негізгі әлеуметтік қауымдастар арасындағы қатынастар құрамы мен сипатына маңызды өзгерістер әкеледі. Қазіргі қоғамның негізгі сипаттамасы болып оның әлеуметтік поляризациясы, кедейлер мен байларға бөлінуі табылады.Дәстүрлі әлеуметтік топтардың жойылуы, меншік, табыс, билік құрылымына ену, перспектива сезімі, топтық әлеуметтік мобильділік формаларына байланысты жаңа топшылык интеграция жүріп жатыр. Жаңа әлеуметтік құрылымды қалыптастыру үрдісі үш жол бойынша жүргізілуде:

Жеке меншік формаларының плюрализациясы негізінде жаңа әлеуметтік қауымдастықтардың қалыптасуы;

Мемлекеттік меншік формаларының трансформациясы және дәстүрлі кластық-топтық қауымдастықтардың жағдайының, шекараларының, сандық-сапалық сипаттамаларының өзгеруі мен шекаралық, маргианалдық қабаттардың қалыптасуы;

Әртүрлі жеке меншік формаларының өзара қатынасы негізінде қабаттар мен страталардың қалыптасуы.Қазір жаңа қабаттар өзінің құрамы, іс-әрекет түрлері, даму перспективасы тұрғысынан әртүрлі. Олардың болашақтағы дамуы, мінез-құлқы, өмір сүру салты меншіктің жаңа формаларын заңдастыруға байланысты болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік Университеті

 

 

 

 

 

Тіл және әдебиет Институты

Герман филологиясы кафедрасы

 

 

 

Қазақстан Республикасының әлеуметтік стратификация мәселесі

(реферат)

 

 

 

 

 

Тексерген: аға-оқытушы

 Ильясова Г.С.

Орындаған: Ия-15к студенті

Тасмагамбетова А.М.

 

 

 

 

 

Петропавл қ., 2015


 

Мазмұны:

1.Қазақстан Республикасының  стратификациясы

2 .Әлеуметтік құрылымдар

3. Стратификацияның әлеуметтік теориясы

4. Әлеуметтік қоғамның негізгі сипаттамасы


Информация о работе Қазақстан Республикасының әлеуметтік стратификация мәселесі