Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2013 в 12:15, статья
Мақаланың жалпы сиппатамасы. Қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке меншіктің пайда болуы нәтижесінде алғашқы қауымдастық құрылыс тапқа бөлінуінің туындысы болып мемлекет қалыптасты. Мемлекет – қоғамның саяси –экономикалық, мәдени-әлеуметтік жүйесін бірізділік түсіретін, қоғамды басқаратын және сақтайтын негізгі институт болып табылады. Мемлекет жария өкіметтің пайды болуы мен іс-әрекетінің нәтижесі ретінде қалыптасатын, қоғам өмірін ұйымдастырудың нысаны және оның негізгі салаларына басшылық ететін қажетті жағдайларда өкіметтің күш қуатына сүйенетін басқару жүйесі осы басқаруды іске асыру кезінде мемлекеттің басқару нысанына, құрылымдық нысанына және саяси тәртібіне мән бере отырып назар аудару маңызды істердің бірі.
Мемлекетті басқарудағы өзекті мәселелер.
Мақаланың жалпы
сиппатамасы. Қоғамдық еңбек
Мемлекеттің тарихи
даму процесінде оның нысанына
бірнеше жағдайлар әсер етеді.
Мемлекетті басқарудың
бірқатар тарихи қалыптасқан
формалары бар. Бұл жерде
Басқару нысаны – жоғарғы мемлекеттік билік органдарының құрамы, құрылу тәртібі және өкілеттіліктерінің арақатынасы.Басқару нысаны мынадай негізгі түрлерге бөлінеді: монархия және республика. Монархия – бұл тақ ұрпақтан ұрпаққа мұрагерлік жолмен берілетін, жоғарғы мемлекеттік билік бір адамның – монархтың қолында болатын басқару нысаны. Монархиялар шексіз – бұнда монарх бірден бір мемлекеттік билік органы болып табылады, және шектеулі – бұнда жоғарғы билік өкілеттіліктері монархпен және қандай – да бір монархтың билігін шектейтін басқа органның арасында бөлінген, болып бөлінеді. Шектеулі монархиялар өз кезегінде өкілді (дуалистік), бұл кезде монархта атқарушы билік, үкіметті құру құқығы, олардың алдында жауапты министрлерді тағайындау және ығыстыру құқығы, вето құқығы және парламетті шектеусіз тарату құқығы қалдырылған, және парламентарлық, бұнда монархтық құқықтық жағдайы біршама шектелген, өйткені мемлекет басшысы тағайындаған министрлер парламенттің сенім вотумына тәуелді болады, монархтың заңмен қарастырылған жағдайда ғана кідіртушілікті қажет етпейтін вето құқығы, парламентті тарату құқығы ғана қалдырылады, болып бөлінеді. Республика – бұл жоғарғы мемлекеттік билік нақты бір мерзімге сайланған органдарға берілгенн және сайлаушылары алдында жауап беретін басқару нысаны. Жоғарғы мемлекеттік билік органдарын сайлауға қатысу құқығы берілген тұрғындардың топтарына байланысты барлық республикалар ақсүйектік, автократтық және демократиялық болып бөлінеді.
Демократиялық республикалар өз кезегінде мынадай болып бөлінеді:1) парламенттік, бұнда саяси өмірде шешуші рөл басында премьер –министр болатын парламент құрған үкіметке тиесілі болады; Мысалға:Албания, Бангладеш,Греция, Мальта. 2) президенттік, бұнда сайланған мемлекет басшысы, сонымен біруақытта үкіметтің басшысын тағайындайтын және үкіметті тарататын үкімет басшысы болады. Мысалы: Афганистан, Аргентина,Суринам,АҚШ; 3) аралас, бұнда үкіметті президент пен парламент біріге отырып құрады. ҚР президенттік басқару нысандағы мемлекет болып табылады. Мысалы: Алжир, Египет, Ресей,Франция.
Мемлекеттік құрылым нысаны – бұл мемлекеттің құрамды бөліктерінің арасындағы, сондай – ақ олардың әрқайсысының мемлекетпен арасындағы өзара байланысын сипаттайтын мемлекеттің аумақтық құрылымы. Барлық мемлекеттер өз мемлекеттік құрылым бойынша жай және күрделі болып бөлінеді.
Жай (қарапайым) немесе унитарлы мемлекеттер – бұл біртұтас, бөлінбейтін мемлекет, өз ішінде жекеленген мемлекеттік құрылымдар болмайтын, жоғарғы органдардың бірыңғай жүйесі, заң шығарушы органдардың бірыңғай жүйесі, бірыңғай сот жүйесі, бірыңғай азаматтық және бір каналды салық жүйесі болады. Қазақстан Республикасы унитарлы аумақтық құрылымы бар мемлекет.
Күрделі мемлекет – бұл қандай да бір дербестілікті пайдаланатын жекеленген мемлкеттік құрылымдардан тұратын мемлекет. Күрделі мемлекеттерге империяларды, конфедерацияларды, федерацияларды, достастықтарды және қауымдастықтарды жатқызады.
Империялар –бұл күштеп құрылған, құрамды бөліктері жоғарғы биліктен тәуелділік дәрежесі әр түрлі болатын күрделі мемлекеттер. Империялардың ерекшелігі олардың құрамды бөліктерінде ешқашанда бірыңғай мемлекеттік – құқықтық мәртебесі болмағандығы болып табылады.
Конфедерацияларды империялардан айырмашылығы, олардың ерікті негізде құрылуы. Бұл белгілі бір тарихи кезеңде нақты мақсаттарға жету үшін құрылған мемлекеттердің уақытша одағы. Конфедерацияны құрған егеменді мемлекеттер халықаралық – құқықтық қатынастардың субъектілері болып табылады, өз азаматтығы, билік, басқару және әділсот органдарының жүйелері сақталады.
Федерация –бұл құрамды бөліктерінде қандай да бір мөлшерде мемлекеттік егемендік болатын және мемлекеттік құрылымдар болып табылатын күрделі, одақтас мемлекет; онда жоғарғы федералды органдар мен федералды заңнамамен қатар федерация субъектілерінің жоғарғы органдары мен заңнамалары болады; федерацияда екі каналды салық жүйесі пайдаланылады; формалды белгілерінің біреуі қос азаматтықтың болуы.Федерациялар аумақтық немесе ұлттық – мемлекеттік қағида бойынша орнауы мүмкін.
Достастық – бұл ортақ белгілерінің болуымен, нақты біртектілікпен сипатталатын мемлекекттердің ұйымдастырылған бірлестігі.Біріктіретін олардың белгілері экономикаға, құқыққа, тілге, мәдениетке, дінге қатысты болады. Достастық мүшелері – бұл толғымен тәуелсіз, егеменді мемлекеттер, халықаралық қатынастардың субъектілері.
Мемлекеттердің қауымдастығы – бұл қоғамның мемлекеттік ұйымға өтудегі ауыспалы нысаны. Қауымдастықтың негізінде көп жағдайда қауымдастыққа кіретін мемлекеттердің интеграциялық байланыстарын күшейтетін және конфедерацияға бірігуге септігін тигізетін мемлекеттік аралық шарт қаланады.
Антидемократиялық яғни
демократияға қарсы саяси
Бір саяси партияның
үстемдігі; бір ресми
Мемлекетті басқару формаларының даму проблемасы жайында Қажымұрат Әбішев: Мемлекет үйлесімдікке құрылатындықтан, онда үстемдік болмауы тиіс. Өмірде үстемдік болып жатады, сондықтан да ондай мемлекетте тұрақтылық жоқ. Орта деңгейдегі ауқаттылар көпшілікті құраса, сондай мемлекет орнықтылау келеді. Кейбір формальдық өзгешіліктері болғанымен қазіргі демократиялық басқарулар шығу тегінен ең байырғы деп есептейміз. Оған дәлел ең алғашқы қауымдық құрылымдар. Оларда мемлекеттің ең алғашқы ны-шандары ғана болды. Ұзақ дәуір үстемдік құрып келген тоталитарлық басқару формалары осы тұрғыдан мемлекеттің түпкі шығу тегін, түпкі мәнін тәрік ету болып табылады. Тек Жаңа дәуірде ғана осы ақиқат біртіндеп айқындала бастады. Орта ғасырларда мықтап бекіген дүниеге көзқарас бойынша мемлекетті Жаратушының орнатқан тәртібі деп қабылдаудың іргесі уақыт өткен сайын сөгіле берді. Оның негізгі себептері сыртқы жағдайларда емес. Адамдар өздерінің ойлауында әрі істерінде өздері күрделі өзгерістерге ұшырады. Ол өзгерістер жеке адамның әлеуметтік орнын өзгертті. Әрбір адам өзін дербес, автономдық күш ретінде тани бастады. Әрбір адам өз болмысының бірден-бір иесі деп өзін қабылдайтын болды. Өз ойларының, өз істерінің бірден-бір авторы, шығатын көзі өзі екендігін сезіне бастады. Сондықтан да ол өз болмысын өзі түзеді, бүкіл әлемде өз тірегі тек өзі, басқа тірек жоқ екенін түсінді. Олай болса, ол басқа дүниемен, басқа адамдармен тек осындай дербес субъект ретінде қатынас жасауға тиіс, жасай алады және оның осы қалпын басқа дүниенің мойындауын, солай деп санасуын күтеді әрі талап етеді.-өз мақаласында деген болатын.
Қорытынды: Әр түрлі
мемлекеттік басқарудағы
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.