ҚР бойынша жер ресурстарын тиімді пайдалану мәселерін шешу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2013 в 14:28, реферат

Описание работы

Республиканың жерге орналастыру қызметінің құрылымында жерлерді пайдалану мен қорғаудың мемлекеттік бақылау жүйесі қалыптасқан, оның міндетіне жер қатынастары саласындағы жер, азаматтық, табиғат қорғау және өзге де заң талаптарын сақтауды қамтамасыздандыру кіреді. Осыған орай мемлекеттік бақылау жүргізіледі. Бұл жердің меншік иелері мен пайдаланушылар арасында жерді қате бөлу мен қайта белудің немесе олармен жер ресурстарын тиісті пайдаланбауының кері салдарын анықтау мен жоюды қамтамасыз етеді және үйымдар мен кәсіпорындардың лауазымды және жеке түлғаларын берілген жерді пайдалану бойынша және көрші жер пайдаланушыларға қатысты міндеттерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартады.

Содержание работы

І. Кіріспе
ҚР бойынша жер ресурстарын тиімді пайдалану мәселерін шешу
ІІ. Негізгі бөлім
Жерді тиімді пайдалану.
Жер ресурстарын тиімді пайдалану проблемасы
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

шажо 1 с.docx

— 30.32 Кб (Скачать файл)

Мазмұны

І. Кіріспе

ҚР бойынша  жер ресурстарын тиімді пайдалану мәселерін шешу                                                         ІІ. Негізгі бөлім

    1. Жерді тиімді пайдалану.
    2. Жер ресурстарын тиімді пайдалану проблемасы

ІІІ. Қорытынды 

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

                         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

        Жерді пайдалану — қоғамдағы адамдар мен әлеуметтік топтар арасында қалыптасқан әлеуметтік және экономикалық қарым-қатынастар формаларының бірі. Оның жүйесі мен түрлері өндірістік қатынастардың тарихи дамуы мен ауысуына байланысты өзгеріп отырады. Жерді сол қоғамда қабылданған заңдарға сәйкес пайдаланады. Қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуы (егінші, мал бағушы тайпалардың бөлініп шығуы) және осыған байланысты отырықшылыққа көшу алдымен рулардың, тайпалардың және қауымдардың арасында, содан соң жеке жанұялардың арасында жер бөлінісін туғызды. Мұның өзі жерді пайдаланудың тұрақты формаларының құрылуына әкелді. Егістік жер, мыс., қауым меншігіне қалғанымен, әр егінші өзіне пайдалануға берілген егістікті өз күшімен өңдейтіндей етуі үшін қауым мүшелерінің арасында жер дүркін-дүркін қайта бөліске салынып тұрды. Қазақстанның табиғи-климаттық ерекшеліктеріне қарай жер әр түрлі дәрежеде, көбінесе, егіншілік, жайылымдықтар мен шабындықтар үшін пайдаланылады. Ол үшін жерді құнарландыру мәселесін қолға алып, жер байлығын мал өсіру мен егіншілікте тиімді пайдаланудың маңызы ерекше.

Жер аграрлық экономиканы шектеуші фактор болып табылады. Сондықтан жерді пайдалану және жерді иемдену аграрлық қатынастар жүйесінің негізін құрайды. Иемдену деген әлі толық меншік емес. Иемдену қатынастарындағы меншік объектері, тікелей иемденетін объект емес, олар шаруашылық жүргізудің шарты болып табылады. Жерді пайдалану одан да қарапайым қатынас. Бұл екі жағдайдан тұрады: жерді өндіріс құралы ретінде қолдану және жасалған өнімді иемдену. Қолдану, пайдалану иемденудің жалпылама шарты болып табылады. Жерге меншік формасы қандай болмасын, иемдену және пайдалану, жерде шаруашылық жүргізу үшін қажет болып табылады. Жер ресурстарын қорғау мен тиімді пайдаланудың негізгі бағыттары, міндеттері мен әдістемелік тәсілдері 1994-1995 жылдарғы және 2010 жылға дейінгі кезеңге жасалған жер ресурстарын қорғау жэне тиімді пайдалану Концепциясында қарастырылған. Бұларға мыналар жатқызылған: жер реформасын дамыту және тереңдету негізінде жер қатынастарын жетілдіру; нарықтық қатынастар мен көп деңгейлі экономика жағдайында жаңа жер иеленушілік пен жер пайдаланушылық жүйесін жасау; жер ресурстарын қорғау мен тиімді пайдалану бойынша шараларды жасау; жердің жай-күйі мен оны жақсартуына мемлекеттік бақылау орнату; жүйелі тәсіл әдістемесі негізінде жерге орналастыру бойынша жобалық-зерттеу жұмыс процесін жетілдіру; жер ресурстары, жер кадастры мен жер мониторингі бойынша бірыңғай ақпаратты-есептеуіш жүйені жасау.

Жер қатынастары тұрақты емес және нақты жағдайға сәйкес өзгерістерге  ұшырайды. Оларды материализациялау механизмі ретінде жер ресурстары саласындағы мемлекеттік басқару болып табылады.

Жер ресурстарынын  басқару процесінде мемлекет арнайы уәкілетті орган арқылы мемлекеттік  жер кадастры мен жер мониторингі,оларды беру мен алып қою, жерге орналастыру, жерлерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау, жер қатынастарын құқықтық реттеуді және т.б жүзеге асырады.

Сонымен қатар  мемлекеттік-құқықтық шаралар автоматты  түрде өздігінен жүзеге асырылмайды, ол әрдайым жетілдіруде және бақылауды талап етеді.

 Қазакстан Республикасының Жер заңдары жерді ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, оның тиімділігін арттыру үшін жағдайлар жасайды, заңды және жеке тұлғалардың мүдделері мен құқықтарын қорғайды, жер қатынастары саласында заң күшін күшейтеді.

Жерге орналастыру  қызметі жүйесінде жүзеге асатын мемлекеттік бақылау жер катынастары саласындағы құқық бұзушылыктың кері салдары,жер пайдаланушылар мен меншік иелерінің жер ресурстарын тиімді пайдаланбауын анықтау мен жоюды қамтамасыз етеді, сонымен қатар жер заңдарын бұзған жеке тұлғалар және ұйымдар мен «мекемелердің лауазымды адамдарын жауапкершілікке тартады.

Жер ресурстарын  ұтымды пайдалану мен корғау мәселесі егемен Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік және экологиялық саясатындағы ең ауқымды  мәселесіне жатқызылады. Қазіргі уақытта  жер ресурстарын ұтымды пайдаланбау, оларды ластау жалпы экологиялық  мәселелердің құрама бөлігі болып табылады. Әр жыл сайын топырақтың нашарлауы мен құнарлығының төмендеу қарқыны агротехникалық шаралар кешенін дұрыс қолданбауы немесе орындалмауы, пестицидтердің бақылаусыз қолданылуы, ирригациялық жүйенің бұзылуы, эрозиялық процестің дамуы, батпақтануы, қайталап сортаңдануы және басқа кері факторлар салдарынан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің бүлінуі байқалуда.

Жерді (жер  ресурстарын) ұтымды пайдалануды республиканың  нақты табиғи, экологиялық, территориялық, тарихи, саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайларды ескеріп ұйымдастырылған, оның нысаналы тиімді пайдалануының нұсқасын, табиғат пен қоғамның арасындағы жалпы мойындалған (қалыптасқан) қағидаларға сәйкес өзара араласу деп түсіну қажет.

Республиканың жерге орналастыру қызметінің құрылымында  жерлерді пайдалану мен қорғаудың  мемлекеттік бақылау жүйесі қалыптасқан, оның міндетіне жер қатынастары  саласындағы жер, азаматтық, табиғат  қорғау және өзге де заң талаптарын сақтауды қамтамасыздандыру кіреді.  Осыған орай мемлекеттік бақылау жүргізіледі. Бұл жердің меншік иелері мен пайдаланушылар арасында жерді қате бөлу мен қайта белудің немесе олармен жер ресурстарын тиісті пайдаланбауының кері салдарын анықтау мен жоюды қамтамасыз етеді және үйымдар мен кәсіпорындардың лауазымды және жеке түлғаларын берілген жерді пайдалану бойынша және көрші жер пайдаланушыларға қатысты міндеттерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартады.

Жердің өндіріс құрал-жабдығы ретінде өзіне тән өзгешеліктері немесе бірқатар ерекшеліктері бар.

 

 Аталмыш міндеттерді іске асырудағы аграрлық-индустриялық әртараптандыру арқылы ауылшаруашылық шикізатын қайта өңдеуді шұғыл арттыру, жаңа құрал-жабдықтар мен жаңа технологияларды енгізу, ауыл шаруашылығында заман талабына сәйкес, сапалы өнім өндіруге жаңа көзқарасты қалыптастыру, сонымен қатар әлемдік тәжірибені кеңінен пайдалану – бүгінде еліміз өздігінен шеше алатын істер. Бұл ретте, әрине, ауыл шаруашылығында негізгі өндіріс құралы болып саналатын жер ресурстарын тиімді пайдалану, аталған міндеттерді іске асыруда аса маңызды рөл атқаратыны белгілі.    Ашық нарықтық экономика жағдайында және әлемдік азық-түлік рыногында орын алып отырған үлкен бәсекелестікте ауыл шаруашылығы өндірісінде жетістіктерге жету үшін де жерді тиімді пайдалану басты шарт болып табылады. Қазіргі кезде республикамыздағы ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын жерлердің жалпы көлемі 91, 7 млн. га, оның ішінде егістік жерлер – 22,5 млн. га. Бұл ретте, егістік жерлердің 70 пайызы Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында шоғырланған. Сонымен қатар, республика бойынша 2,1 млн. га суармалы жер бар, оның ішінде 1,4 млн. гектары егістік жер және ол негізінен (80%) Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан.Дегенмен, Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетінің мәліметтеріне сәйкес, 2008 жылы суармалы жерлердің 37%-ы пайдаланылмаған. Оның басты себептері, көп жылдардан бері суару жүйелерінің техникалық төмен жабдықталуы, су тарту мен су бөлу жүйелерінің ескіруі және алаптардың қайта сорлануы топырақ сапасын нашарлатып, аталған жерлерді тиімді пайдалануға кері әсерін тигізуде.

             Елімізде, ТМД елдері мен басқа да шет мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес, ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану қатысты мәселелер негізінен екі бағытта жүргізіледі.

           Біріншісі, мемлекет тарапынан жерді тиімді пайдалануға қатысты жүргізілетін іс-қимылдар. Оларды мақсатына қарай үш бөлікке бөлуге болады. Олардың алғашқысы жерді тиімді пайдалануға байланысты заңнамаларды жетілдіру. Қолданыстағы Жер кодексіне сәйкес (92-бап), екі жыл пайдаланбаған жер учаскелері, жерді бақылау инспекциялары тарпынан жазбаша ескерту берілген соң, жер учаскесі тағы да бір жыл пайдаланылмаған жағдайда, сот тәртібінде жер учаскесі оның иесінен мәжбүрлеп алынады. Ал ауылшаруашылық жерлері оларды пайдалануда жер құнарлылығының едәуір төмендеуіне соғатын болса (93-бап), жер инспекциясының, талап арыз беруден үш ай бұрын, заң бұзылуын жою туралы жазбаша ескертуден кейін ғана және осы мерзімде жер иесі заңдардың бұзылуын жоймаған жағдайда сот тәртібімен жер учаскесі мәжбүрлеп алынуы мүмкін.

          Жерді пайдаланбауына байланысты жер учаскесін алу механизмі өте күрделі және сот процедурасын қоспағанның өзінде, жерді пайдаланбау мерзімі үш жылға дейін созылады. Бұдан басқа жер құнарлылығының төмендеуіне байланысты оларды алып қою тетігі жер құнарлылығының төмендеуінің көрсеткіштері заңнамалармен белгіленбеуіне байланысты бүгінгі күні аталған заң бұзушылық бойынша шара қолдану мүмкін емес. Осы себепті, агенттік тарапынан Жер кодексіне тиісті ұсыныстар әзірленіп, қазіргі кезде олар Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілді. Бұл ретте, жерді пайдаланбағаны үшін оларды алып қою тетігін жетілдіру және ауылшаруашылық жерлерінің ұзақ мерзімге айналымнан шығып қалуының алдын алу мақсатында, кодексте белгіленген екі жыл пайдаланбау мерзімі 5 жыл кезеңдегі екі жыл пайдаланбаған мерзімнен тұратын болады.Сонымен қатар, жер құнарлылығын төмендетуге байланысты көрсеткіштер Үкімет бекітетін жерді тиімді пайдаланудың тәртібі құрамында белгіленетін болады. Жер құнарлылығы көрсеткіштерін анықтау және оларға мониторинг жүргізу мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрамында болып келген “Республикалық агрохимия қызметінің ғылыми методикалық орталығы” мемлекеттік мекемесі Үкімет қаулысымен Жер ресурстарын басқару агенттігі құрамына берілді.

         Келесі шара – ауыл шаруашылығына субсидиялар беруді жүйелендіру. Аталған мәселе бойынша мемлекет саясатының мәні, ол ауыл шаруашылық субъектілеріне берілетін субсидияларды озық технологиялар мен сапалы ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін және жер ресурстарын тиімді пайдаланатын субъектілерге басымдылық ретінде беруді жүйелендіру болып табылады.Соңғысы – жер пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау. Мемлекеттің басты әкімшілік функцияларына жататын мемлекеттік бақылаудың негізгі мақсаты жер пайдалануда заңдылықтардың сақталуын бақылау болып табылады. Аталған функцияны агенттіктің өңіраралық жер инспекциялары атқарады. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша, агенттіктің жер инспекциялары көлемі 1,3 млн. га жерде 9 мыңнан аса пайдаланылмайтын жер учаскелерін анықтады. Сонымен қатар, көлемі 2,04 млн. га болатын 3,4 мың жер учаскелері иесіз учаскелер ретінде есепке қойылды.Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге қатысты инспекция көлемі 1,6 млн. га жерде 1,6 мың тексеріс жүргізіп, жалпы көлемі 416,3 мың га жерде 894 жер заңнамасы нормаларының бұзылуын анықтады. Тексеріс нәтижелері бойынша 894 субъекті жауапкершілікке тартылды (ауылшаруашылығына белгіленген жерлерді тиімсіз пайдалану немесе мүлде пайдаланбағаны үшін) оларға жалпы сомасы 17,9 млн. теңге айыппұл салынды және 119 жағдайда ескерту түрінде әкімшілік шаралар қолданылды. Көлемі 41,1 мың га болатын 9 жер учаскелері бойынша сот органдарына талап-арыздар дайындалды. Аграрлық сектордың иелік етуші субъектілеріне нысаналы белгіленген ауданы 583,3 мың га жерлерді пайдалану қажеттілігі туралы 5,1 мың ескерту хаттар жіберілді. Ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын 480,2 мың га жерлер жер пайдаланушылардың иелігінен шығарылып, мемлекеттік меншікке қайтарылды.Жерлерді тиімді пайдалану бойынша мемлекет тарапынан жүргізілетін іс-шаралардың келесі бір бағыты, ол жер иелерінің өздері бастамашы болатын іс-қимылдар.Еліміздің заман талабына сай нарықтық экономикаға көшуіне байланысты, республикамыздағы ауылшаруашылық мақсаттағы жерлері негізінен мемлекеттік емес субъектілердің иелігіне көшкені аян. Осы себепті, ауылшаруашылық жерлерінің 98 пайызынан астамы 207 мың шаруа қожалықтары және 7,1 мың шаруашылық серіктестіктер, акционерлік қоғамдар мен ауылшаруашылық кооперативтерінің иелігінде. Сондықтан да, өз иеліктеріндегі жерлерді тиімді пайдалану мен оларды қорғау аталған субъектілердің басты мүддесі мен міндеті.

                Ауылшаруашылық жерлерін тиімді  пайдалануда шаруашылықтардың жер көлемі, ауылшаруашылық мәшинелерін пайдалану тиімділігі мен ауыл шаруашылығын өнеркәсіптік жүйеге бейімдеуге және де жаңа технологияларды енгізуге айтарлықтай әсерін тигізеді деп атауға болады.Қазіргі кезде, солтүстік өңірлерде шаруа қожалықтарының орташа жер көлемі 400 гектардан 720 гектарға дейін, ал оңтүстік өңірлерде 20-дан 162 гектарға дейін құрап отыр. Сол себепті, шаруа қожалықтары жерлерін біріктіру арқылы оларды ірілендіру, сол арқылы өндірісті тиімді жүргізудің тәсілдерін дамыту, өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Заңнамаларға сәйкес, мұндай бастама жер пайдалаушылардың еркімен жүргізіледі. Мемлекет тарапынан оларды ынталандыруда экономикалық тетіктер, яғни субсидияларды беруді жүйелендіру арқылы, шаруашылықтарды ірілендіруге және озық технологияларды пайдалануға екпін беру қолданылады.

          Бұдан басқа, ауыл шарушылығы жерлерін тиімді пайдалану арқылы, осы салада еңбек өнімділігін арттырудың ауыл шаруашылығы субъектілеріне тиесілі келесі бір бағыт – жерді пайдаланудың ғылыми негізделген жерге орналастыру жобаларын жасау. Жоба аясында жерді сапасы мен мақсатына орай орналастыру шаралары, ауыспалы егістерді қолдануды ұйымдастыру, жерді жел және су эрозиясынан қорғауға және топырақ құнарлылығын арттыруға негізделген жерді өңдеудің технологиялық карталарын жасау, рынок сұранысына орай, жергілікті жерге бейімделген ауылшаруашылық дақылдарының құрамын анықтау, тағы да басқа осы айтылған мәселеге қатысты кешенді жұмыстарды жүргізу. Осы себепті бұл шараларды жүргізу жер иелерінің олардың мүдделерімен қатар осы саладағы мемлекет саясатымен ұштасатын іс-шаралар десек қателеспейміз.

 

 

 

 

 Қорытынды. Өндірісте қолданылатын табиғат қоры сапасының төмендеуінен туындайтын өндіріс тиімділігіне кері әсерді ғылыми – техникалық жетістіктер нәтижесі де жоя алмай тұр. Екінші жағынан, өндірістің кері әсеріне табиғи ортаны қорғау ісі де күрделене түсті. Сондықтан да табиғат байлығын кешенді, үнемді пайдалану кезек күттірмей шешімін табуға тиіс мәселеге айналып отыр. Оған табиғаттың және қоғамның даму заңдылықтары негізінде, олардың үйлесімділігін арттыру арқылы ғана қол жеткізуге болады.

Табиғатты тиімді пайдалануда экономика ғылымының  маңызы зор. Табиғатты қорғау, тиімді пайдалануды басқару, жоспарлау, оған экономикалық ынталандыру, табиғат  байлығын игеруге, табиғи ортаны қорғауға жұмсалған шығындардың тиімділігін  анықтау, қоғамдық қажеттілікті қамтамасыз етудің тиімді жақтарын белгілеу, т.с.с. экономика ғылымының тікелей  атқаратын қызметі.

Информация о работе ҚР бойынша жер ресурстарын тиімді пайдалану мәселерін шешу