Диплом қолда, оқу - қашықта, баста «дым» жоқ

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2013 в 14:24, реферат

Описание работы

Жаһандану дәуірі білімді меңгертудің сан түрлі тәсілдерін бойына сіңірген. Күндізгі мен сырттайды айтпағанда, осы күні жоғары оқу орындарында оқытудың неше атасын кездестіресіз. Қашықтан дей ме, кредиттік, модульдік, осылайша тізбектеліп кете береді. Дәл қазір баяғыдай тәптіштеп түсіндіріп жататын мұғалімнің дәурені өткен сияқты. Дегенмен, жаңа замандағы жас буынның барлығын бірдей - компьютербасты деуге келе ме? Адам миы кез келген оқыған нәрсесін қабылдап, игере алатын болса, мұғалімнің қажеті қанша? Кейінгі жылдары еліміздегі жоғары оқу орындарында қолданысқа енгізіле бастаған білім берудің жаңа жүйесі - қашықтан оқыту туралы жұрт түрлі пікірде.

Файлы: 1 файл

Диплом электрон оку.docx

— 30.40 Кб (Скачать файл)

Диплом  қолда,   оқу - қашықта, баста «дым» жоқ!   

 Жаһандану дәуірі  білімді меңгертудің сан түрлі тәсілдерін бойына сіңірген. Күндізгі мен сырттайды айтпағанда, осы күні жоғары оқу орындарында оқытудың  неше атасын кездестіресіз. Қашықтан дей ме, кредиттік, модульдік, осылайша тізбектеліп кете береді. Дәл қазір баяғыдай тәптіштеп түсіндіріп жататын  мұғалімнің дәурені  өткен сияқты. Дегенмен, жаңа замандағы жас буынның барлығын бірдей  - компьютербасты деуге келе ме? Адам миы кез келген оқыған нәрсесін  қабылдап, игере алатын болса, мұғалімнің қажеті қанша? Кейінгі жылдары еліміздегі жоғары оқу орындарында қолданысқа енгізіле бастаған білім берудің  жаңа жүйесі - қашықтан оқыту   туралы жұрт түрлі пікірде. 
     Жалпы, оқудың бұл түрі - студент пен мұғалімнің шалғайдан білім алмасуымен ерекшеленеді. Шетелдің, сырт қарағанда қол жетпейтіндей көрінетін оқу орындарында  өз отаныңда жүріп-ақ білім алуға мүмкіндік мол. Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызатын көмекші құралдар - ақпараттық және телекоммуникациялық желі. Жүйе бүгінде басты байлық саналатын денсаулық саласының ақ халаттылар даярлайтын оқу орындарына енгізілмеген.  Ал қалған оқу орындарының барлығында дерлік элементтері табылады. Байқап отырғаныңыздай, бұл жерде басым күш студенттің өзіндік жұмыс жасауына негізделеді. Есектің жүгі жеңіл болса, жатаған келедінің кері келіп жүрмесін. Себебі, оқудың күндізгі бөлімінде оқытушының түртпектеуімен әзер оқып жүрген студентке  - бұл ауырдың асты мен жеңілдің үсті.   

 Дегенмен, аталмыш   оқыту жүйесінің артықшылықтары да жоқ емес. Біріншіден, уақытыңды тиімді пайдаланып, ақшаңды үнемдесе, әрі жұмыспен қатар шет елдің беделді оқу орындарында оқи аласың. 
Білім беру жүйесіне енген бұл жаңалық әлемнің алпауыт елдерінде әлдеқашан енгізіліп те қойған. Мәселен, АҚШ-та қашықтан оқыту жүйесі бойынша 1 миллионнан астам студент білім алады екен.  Бізге кешеуілдетіп жеткенімен, ақ қарасын ажыратпай, шетелде жылт еткен бір нәрсе шықса, соны айна-қатесіз көшіріп алуға  әдеттенген емес пе? Алайда, аталмыш жүйенің елімізде әлі жемісін бере қоюы екіталай. Себебі, бізде компьютерлендіру ісі мен жалпы коммуникациялық кеңістік дұрыс дамымаған. Біз әлі жаһантордың игілігін толық көре алмай отырмыз. Жаһантордың жиілігі  небәрі орта есеппен - 1024 кбит немесе 1 гбит болып отыр. Оның үстіне бізде жаһанторды пайдалану бағасы қымбат. Ал сапа мәселесіне тоқталатын болсақ – ең бастысы, педагогтың білімі мен компьютерге енгізілген электронды оқулықтың дұрыстығына байланысты. Ал еліміздегі әр жоғары оқу орындарында 4 әрі кетсе 6 адам ғана қашықтан оқытумен шұғылданатын көрінеді.  Жазылатын адам саны қаншама?! Көзі жоқтың өзі жоқ деген осы.  Жүйенің шикі тұстары баршылық. Біріншіден, лауазымдылық жөнінен заңдылық  анықталмаған. Доктор немесе профессорлар арнайы тағайындалмаған. Сондықтан көп оқу орындары басы жас, жаһанторды және электронды оқулықты жетік меңгерген азаматшаларға табыстай салады. Күл болмасаң бүл бол. Екіншіден, қазақстандық оқытушылардың оған білім дәрежесі  де жете бермеуі ықтимал, себебі, оқу қысқа-нұсқа, әрі тұтынушының керекті сауалына ғана жауап беруі тиіс. Осылайша, білім сапасына енгізілген жаңалық кредиттік жүйе секілді «маман емес, тест жаттаудың төресін» дайындап жүрмесін. Білім сапасын арттырудан гөрі, білім беру процесін жеңілдетіп, студенттердің қаржысын босқа шашпасына кім кепіл?  Біздің қоғамдағы қордаланған мәселенің бірі - дипломды сатып алу... Ал қашықтан оқыту – диплом сатуды заңдастырудың жақсы жолы болып тұр. Ал одан қандай маман шығатыны – өз-өзінен белгілі.  

Шетел тәжірибесіне не дейді?   

 Германияда қашықтан оқыту – тек мүмкіндігі шектеулі жандарға ғана арналған. Ал сырттай оқитын азаматтары, біздегідей емес,  60 % күндізгі бөлімді бітіріп тапсырады екен. Шынында да, елімізде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға оқудың осы түрін пайдаланса, құптарлық екендігі даусыз. Оның үстіне, ол жандардың еркін білім алуына еліміз жағдай жасап жатқан жоқ. Олқылықты жеңуді осылай сабақтастырсақ жөн емес пе? Жалпы жоғары оқу орындарында оқитын мүмкіндігі шектеулі азаматтарға өте қиын. Қоршаған ортадағы азаматтардан өзін төмен сезінеді де,  психологиялық күйзеліске көп ұшырайды. Ал тәжірибеге сүйенсек, Ұлыбританияның қаржысын зағип жан басқаратын көрінеді. Германияның білдей министрі арбамен таңылып өмір кешіп мемлекет басқарады екен. Дені сау, аяқ-қолы балғадай азаматтарымызға бұл оқудың түрімен сауаттану ұят болуға тиісті. Дегенмен, шалғай ауыл-елді мекендерден қатынап оқуға қауқары жетпейтін азаматтар үшін қажеттігі өте зор. 
     Білімін толықтыру үшін аттай бір айлап келіп оқитын мұғалімдеріміздің ауылда аңырап қалатын бала-шағасын ойлап егілгенде екі етегі жасқа толады. Сонымен қатар, ата-анасының қолқанаты болып, ас-суына жарап, алысқа кетсе үйінің іргесі сөгілетіндей жағдайы мүшкіл азаматтарға да тиімдірек болар еді. Ал қалада өмір сүретін азаматтарға онсыз да оқу орындары қолжетімді. Сондықтан ауыл аймаққа қашықтан оқытуды жөнге салсақ – нұр үстіне нұр болмақ.  Біздің бір кемшілігіміз – арбаға теріс отыруымыз. Тек бұл жөнінде қала халқы ғана біледі де, олар жағдайды пайдаланады, ал ауылдағы қалаға келуге қаражаты немесе, жан бағу керек болатын азаматтар мұндай оқу түрін бірі білсе, екіншісі қолын бір сілтейді. 

Сырттай оқудың сыпайы түрі.   

 Сырттай оқуды жабамыз дегенімізбен оның сорақы түрінің белең алып кететіндігін ескермей тұрмыз. Сырттай оқыту барысында  40 күннен екі,  қыстық және жаздық, сессиясына қатысу керек болса, ал қашықтан оқыту технологиясында университет қабырғасында сіз 15 күнде 1 рет қатыссаңыз жеткілікті. Есептесек, 1 жылда 26-ақ рет университет бетін көреді екен, көрмейтіні де баршылық. Содан соң қолақпандай құжатты қолтықтап білдей маман шығатыны - он ойласаң да орайы келмейтін дүние. 
    Шетел компаниялары өздерінің электронды оқыту платформаларын сатып та үлгерген. Жоғары оқу орындары қауымдастығы қашықтан оқытудың мынадай үлгісін ендіріп отыр.  Tamos University Suite (Қазақстан), «CMS Moodle» (Франция),  Platonus және Ррометей (Ресей), Clix (Германия) немесе кейбір оқу орындарының өз өнімдерімен жұмыс жасайтыны анықталып отыр. Мұнымен келісімшарт жасасқан оқу орындары да бар. Аталмыш оқыту платформалары шетелдіктердің тек ақша жасауының бір тетігі ғана болуы да мүмкін. Қыруар қаржыны талап еткен шетелдік жүйені пайдалана аламыз ба? Ол шын мәнінде, бізге қажет пе, жоғарыдағы талаптарға сай ма? Оны игеру үшін, алдымен оның тілін білетін мамандар қажет. Оған университеттің электронды материалдық оқыту базасы қаншалықты дайын? Жоғары оқу орындарының өздері өндірген өнімдерінің соңғы үлгідегі әлемдік стандартты білім жүйесіне сәйкестіктері қанша?  Сауал көп, жауап жоқ.  Сонымен қатар, кейбір электрондық жүйеге кіру оңай болмайды. Бірі смс жолда десе, келесісі – аты-жөнің мен құпия кодты дұрыс термедің деп ит-әлекке салатын кездері де аз емес. 
      Өкініштісі сол,  заманауи жүйеге, әсіресе жекеменшік оқу орындары құмар. Бірақ осы тұста, олардың қашықтан оқытуды толыққанды жүзеге асыра алатындай қаншалықты әлеуеті мен мүмкіндігі жетеді, оны ешкім сарапқа салып, електен өткізген емес. Білім берудің бұл жүйесін енгізу үшін педагогикалық және техникалық тұрғыдан да өте биік талаптар орындалуы қажет. Шетелде осылай екен деп шала-бүлінудің қажеті шамалы. Қалай айтсақ та, қашықтан оқыту жоғары оқу орындарындағы күндізгі бөлімде алатын біліммен теңесе алмайды. 
    Меніңше, қашықтан оқыту онсыз да аяқасты болып жатқан біздегі білім беру сапасын одан ары аяқасты ете түседі. Осының кесірінен әр салада сауатсыз «мамандар» көбейе түспек. Ендеше, алыстан арбаламай-ақ жақыннан дорбалайық, ағайын! 
 
  Әлия, ҚазҰУ магистранты, тарихшы: 
 Мен қашықтан оқытудың – Ешко деген түрімен оқыдым. Ағылшын тілінен ажырап қалмау мақсатында оқыдым.  1 жыл көлемінде. Бірақ айтарлықтай нәтижеге қол жеткізе алған жоқпын. Мұғалімнің орны қатты білінеді. Сұрай салайын десең, адам жоқ. Тапсырмасын жақсылап орындауға да зауқың соға қоймайды. Маған хат түрінде жіберіліп тұрды. Ал банк арқылы мен ақшамды аударып отырдым. Пәнді меңгерген, тек қыр-сырынан мәліметке молығамын деген азаматтарға ғана арналған секілді. Ал тіл үйренуге аса қолайлы емес. Жалпы қашықтан оқыту идеясы жақсы, бірақ адам зейінін талғайтын секілді. 

Бүгінде еліміздің білім беру жүйесінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың рөлі күннен-күнге артып келеді. Осы орайда әлемдік тәжірибеде қашықтықтан білім берудің орны ерекшеленіп тұр.

 

АҚШ-та 1 миллионнан астам адам қашықтықтан оқыту арқылы білім алса, Францияның ұлттық қашықтықтан оқыту орталығы жыл сайын әлемнің 120 мемлекетінен 35 мыңнан астам қолданушыларды қамтамасыз етеді. Ал Түркияда алыс аймақтағы тұрғындарға мамандық алуға көмектесу мақсатында 1974 жылдан ашық университет жұмыс істейді екен. Қосымша сабақ ретіне теле-радио арқылы курстар өткізеді. Осылай 12 000-нан астам қолданушыларды игереді. 
 
Қазір дәстүрлі қашықтықтан оқыту, электронды қашықтықтан оқыту, аудиториялық сабаққа түрлі электронды құралдарды пайдалану сияқты қашықтықтан оқыту үлгісінің 2000-ға жуық түрі бар екен. Соның ішінде еліміздің жоғары оқу орындарында кейс, желілі және телевидение сынды ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарының көмегімен қашықтықтан оқыту түрі таңдалған-ды.

 

Бүгінгі таңда шетелдік компаниялар өздерінің электронды оқыту платформаларын ұсынып және оларды отандық оқу орындарына сатып та үлгергендері бар. Мәселен, қазіргі таңда Алматы техникалық университеті Tamos University Suite деген қазақстандық өнімді пайдаланса, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті – Сlіх, Германиялық ІМС фирмасының жасап шығарған өнімін ендіруде. Сондай-ақ Platonus Прометей сынды Ресейдің қашықтықтан оқытуға арналған оқу бағдарламасын қолданып жатқан жоғары оқу орындары да кездесуде. Қолдарынан келген университеттердің басшылықтары өз өнімдерін жасап, қашықтан оқыту, электронды оқыту жүйесін оңтайлы жүргізуге тырысуда. Шетелдің өнімдерін сатып алған университет сол елдің жоғары оқу орындарымен байланыс жасап, әлемдік білім беру, ақпарат кеңістігіне жол ашуды көздейді. Бұл орынды да. Десек те, қыруар қаржыға сатып алған шетелдің өнімін ертеңгі күні тілін тауып дұрыс қолдана аламыз ба? Ол шын мәнінде, бізге қажет пе, жоғарыдағы талаптарға сай ма? Оны игеру үшін алдымен оның тілін білетін мамандар қажет. Оған университеттің электронды материалдық оқыту базасы қаншалықты дайын? Жоғары оқу орындарының өздері өндірген өнімдерінің соңғы үлгідегі әлемдік стандартты білім жүйесіне сәйкестіктері қанша? Профессор-оқытушыларды дайындау қалай жүргізілуде? Осы сынды шешімін таппай жататын сан алуан сұрақтар қашықтықтан оқытуды оңтайлы жүргізілуін тежеуде. Сонымен, еліміздің жоғары оқу орындары арасында бірізді қашықтықтан оқыту жүйесінің қалыптаспағанын аңғарамыз.

 

Шетелдік тәжірибеге сүйенсек, қашықтықтан оқытудың тиімділігі – студенттің университетке бармай-ақ, өзіне ыңғайлы жерде отырып, берілген тапсырманы орындай беретіндігі, яғни уақыттың ұтымдылығы, екіншіден, оқу ақысының арзан болатындығы, шалғайдағы шетел жоғары оқу орнын елде жүріп-ақ оқып, диплом алу мүмкіндігінің болуы.

 

Біз үшін қашықтықтан оқытудың маңыздылығы – білім берудің біртұтас ақпараттық жүйесін құру арқылы студенттердің білім деңгейін көтеру. Сонымен қатар әлемдік ақпарат кеңістігіне жол ашып, оқушылардың ғылыми және шығармашылық ізденістерін арттырып, білікті маман дайындап, оны өз игілігімізге жарата білсек, ұтар тұсымыз да сол болмақ.


Информация о работе Диплом қолда, оқу - қашықта, баста «дым» жоқ