Единая Россия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2014 в 09:07, реферат

Описание работы

Единая Россия» - «Единство», «Отечество» және «Вся Россия» үш саяси партиясының бірігуі нәтижесінде құрылған ресейлік оңшылцентристік саяси партия. Партия саясаты қызмет етіп отырған үкімет пен президенттің бағытын қолдауға негізделеді. Осылайша партия өзіне сайлаушылар дауыстарының көбісін қамтамасыз етеді.

Бұл тақырыпты таңдау себептерінің бастысы – бұл партия көрші Ресей мемлекетінде билеуші партиясы болып табылады.

Содержание работы

Кіріспе
Негізгі бөлім: І Партияның тарихы
ІІ Партияның идеологиясы
 Центризм және консерватизм
 Путин жоспары
ІІІ Партияның бағдарламасы мен жарғысы
 Партияның бағдарламасы және 2011 жылғы бағдарламалық үндеуі
Қорытынды

Файлы: 1 файл

Единая Россия реферат.docx

— 26.50 Кб (Скачать файл)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: ________________________________________________

___________________________________________________________

 

 

 

 

 

 

Орындаған: ____________

Тексерген: ____________

 

 

 

 

АЛМАТЫ 2011

 

«Единая Россия» партиясы

 

 

Жоспар:

 

Кіріспе

 

Негізгі бөлім: І Партияның тарихы

 

ІІ Партияның идеологиясы

        • Центризм және консерватизм
        • Путин жоспары

 

ІІІ Партияның бағдарламасы мен жарғысы

        • Партияның бағдарламасы және 2011 жылғы бағдарламалық үндеуі

 

Қорытынды

 

 

Кіріспе

 

«Единая Россия» - «Единство», «Отечество» және «Вся Россия» үш саяси партиясының бірігуі нәтижесінде құрылған ресейлік оңшылцентристік саяси партия. Партия саясаты қызмет етіп отырған үкімет пен президенттің бағытын қолдауға негізделеді. Осылайша партия өзіне сайлаушылар дауыстарының көбісін қамтамасыз етеді.

 

Бұл тақырыпты таңдау себептерінің бастысы – бұл партия көрші Ресей мемлекетінде билеуші партиясы болып табылады.

 

Жұмыстың мақсаты: саяси партияның тарихымен, идеологиясымен, ұстанған саясатымен танысу.

 

Жұмыстың міндеттері:

    • партияның тарихын оқу;
    • партияның идеологиясы сипаттау;
    • партияның бағдарламасы мен жарғысымен танысу.

 

Пайдаланылған әдебиет ретінде мен интернет, партияның ресми сайтын, газет, журнал және БАҚ мақалаларының электронды түрлерін пайдаландым.

 

 

Партияның тарихы

2001 жылдың 1 желтоқсанында  «Единство» (лидері – Сергей Шойгу), «Отечество» (Юрий Лужков) және «Вся  Россия» (Минтимер Шаймиев) қоғамдық-саяси бірлестіктердің съезінде «Единство и Отечество – Единая Россия» Бүкілресейлік саяси партия ретінде құрылды.

Партиялардың бірігуінен кейін съезде біріккен партиялардың лидерлері партияның Жоғарғы кеңесінің төрайымдары (сопредседатели) болып тағайындалды. Партияның бас кеңесі және партияның Орталық атқарушы комитетінің төрайымы Александр Беспалов болды.

2002 жылдың 20 қарашасында Жоғарғы кеңестің төрайымы болып Ішкі істер министрі Борис Грызлов тағайындалды. 2003 жылдың 27 ақпанында оның орнына партия бас кеңесінің төрайымы болып Валерий Богомолов, ал Орталық атқарушы комитет басшысы болып Юрий Волков келді.

2003 жылдың 29 наурызында партияның ІІ съезі өтті. Съезд Б.В.Грызловтың баяндамасын тыңдап, «Ұлттық табыстың жолы» атты манифестке қол қойды. Съезде алда болатын парламенттік сайлауға өз бағдарламасын жасау шешімі қабылданды.

2003 жылдың 20 қыркүйегінде өткен партияның ІІІ съезі сайлау алды бағдарлманы қабылдап, сайлаудағы кандидаттарды қарастырды. 7 желтоқсанда «Единая Россия» сайлауда жеңіп, 37,57 % дауыс жинады. Партия өзінің мандаттастарымен бірге Ресейдің Мемлекеттік Думасында конституциялық көпшілік орындарға ие болды. Борис Грызлов Мемлекеттік Думаның спикері болды.

2003 жылдың 24 желтоқсанында IV съезд өтті. Съезд келесі президент сайлауында Владимир Путин кандидатурасын қолдау туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, партия атауын «Единство и Отечество – Единая Россия»-дан «Единая Россия» атауына өзгерту туралы шешім қабылданды.

2004 жылдың 27 қарашасында партияның V съезі өтті. Съезде партия төрайымы қызметі енгізіліп, «Единая Россия» партиясының төрайымы болып Борис Грызлов сайланды.

2005 жылдың 22 сәуірінде бас кеңес президиумының хатшысы болып Мемлекет Думасының вице-спикері Вячеслав Володин сайланды. 2005 жылдың 23 сәуірінде Орталық атқарушы комитетінің басшысы қызметіне Мемлекет Думасының депутаты Андрей Воробьев кірісті.

2005 жылдың 26 қарашасында партияның VI съезі өтті. Съезде партия бағдарламасына өзгерістер енгізілген жоқ.

VII съездің қарсаңында Ресейлік біріккен өндірістік партиясының басшылығы екі партияны біріктіруді ұсынды. Формальді бірігу 2006 жылдың 1 желтоқсанында өтті.

2006 жылдың 2 желтоқсанында Екатеринбургте партияның VII съезі өтті. Съезде «Біз таңдайтын Ресей» атты бағдарлама қабылданды. Бағдарламада суверенді демократия принциптеріне негізделген даму стратегиясы сипатталды.

2006-2007 жж. «Единая Россия» қолдауымен бірнеше жаңа ұйым: «Молодая Гвардия Единой России», Ресей зейнеткерлерінің Одағы, Ресейлік педагогикалық қоғам, Бүкілресейлік жергілікті өзін-өзі басқару кеңесі пайда болды.

Партияның VIII съезі екі этапта өтті. 2007 жылдың 1-2 қазанында Мәскеуде бірінші этап өткізілді. Съезд жұмысына президент Владимир Путин қатысты. Съездің бірінші күнінде «Путин жоспары» талқыланды. Екінші күні партияның Федеральді сайланушы тізімі қабылданды. 2007 жылдың 17 желтоқсанында Мәскеуде съездің екінші этабы өтті. Съезге президент Владимир Путин мен үкіметтің вице-премьері Дмитрий Медведев қатысты. Партия төрайымы Борис Грызлов съездің басты мақсаты президенттің сайлау алды кампаниясын дайындау екенін атап өтті. Съезд ресми түрде Ресей президенті қызметіне үкіметтің вице-премьері Дмитрий Медведевтің кандидатурасын ұсынды. Оның кандидатурасына 478 делегат дауыс беріп, 1 делегат қарсы болды.

2008 жылдың 7 мамырында Борис Грызловтың орнына партия басшылығы қызметіне Владимир Путин кірісті.

2008 жылдың 20 қарашасында Мәскеуде партияның Х съезі өтті. Оның ашылуында партия төрайымы Владимир Путин сөз сөйледі. Съезд жұмысына Ресей президенті Дмитрий Медведев қатысты.

Партияның ХІ съезі 2009 жылдың 21 қарашасында Санкт-Петербург қаласында өтті. Партия төрайымы Владимир Путин үкіметтің антикризистік жұмысын қорытындылап, экономиканың посткризистік басты бағыттарын айқындап, партия алдына жаңа мақсаттарды қойды.

2010 жылдың 28 қыркүйегінде қызметінен шеттетілген Мәскеу мэры Юрий Лужков партия Жоғарғы кеңесінің төрайымы қызметі мен партия қатарынан кетті.

2011 жылдың 24 қыркүйегінде өткен партияның ХІІ съезінде Медведев алда келе жатқан президент сайлауында премьер-министр Путиннің кандидатурасын қолдады. Президент премьер-министр Владимир Путиннің «Единая Россия» партиясына басшылық ету ұсынысын қабылдады. Сонымен қатар, съезде желтоқсанда өтетін Мемлекеттік Думаға сайлауға сайлау алды кандидаттардың тізімі қабылданды.

 

Партияның идеологиясы

Центризм және консерватизм

Партияның ресми идеологиялық платформасы оның лидерлерінің сипаттауынша центриз мен консерватизм болып табылады. Оған прагматизмді де жатқызуға болады. Партия радикалды қозғалыстарға қарсы болып келеді. Партия қазіргі қызмет етіп отырған үкімет пен президентті қолдайды.

Консервативті модернизация партиялық идеологияның негізі болып табылады.

 

Путин жоспары

Путин жоспары – Ресейдің екінші президенті Владимир Путиннің саяси және экономикалық бағдарламасын анықтау үшін енгізілген идеологиялық клише.

 

Партияның бағдарламасы мен жарғысы

Ресми түрде қабылданған «Единая Россия» партиясының бағдарламасы мен жарғысы 2001 жылдың 1 желтоқсанына сәйкес келеді және Ресей Федерациясының Әділеттік министрлігінде орналасқан.

Қазіргі жарғы 2009 жылға сәйкес келеді және 2001 жылғы жарғыға қарағанда бірқатар өзгерістер шекті.

Ресми сайтта «Единая Россия» партиясының 2008 жылдың 15 сәуірінде өткен VII съезінде қабылданған бағдарламалық арызы бар.

Сонымен қатар, «Единая Россия» партиясының сайтында «Россия: сохраним и приумножим!» атты «бағдарламалық құжат» бар. Бұл құжат 2009 жылдың 21 қарашасында өткен партияның XI съезінде қабылданды.

Құжатта қарастырылатын мәселелерге қысқаша тоқталып өтсек: партия идеологиясы «Единая Россия» партиясын қарсыластарынан ерекше етеді. Партия жұмысы «Сақтау және көбейту» принципіне негізделген. Бұл – ресейлік консерватизмнің негізі. «Единая Россия» елді билеу, әлеуметтік және саяси тұрақтылықты қамтамасыз ете алатындығына көз жеткізді. Партия мемлекетті модернизациялау, «2020-Стратегиясы» атты ұлттық бағдарды асыруда өзін жауапты етеді.

«2020-Стратегиясы» - бұл, іс жүзінде, партияның тағы да бір бағдарламасы. Басқа бағдарлама мен бағдарламалық құжаттардан ерекшелігі – ол аяқталған құжат ретінде қабылданған жоқ.

«2020-Стратегиясы» туралы алғаш рет 2008 жылы 8 ақпанда Красноярскте өткен Ресей Федерациясының Мемлекеттік кеңесінің жиналысында Путин айтты.

2011 жылдың мамырында РФ Үкіметінің төрайымы мен «Единая Россия» партиясының төрайымы В.В.Путиннің ұсынысымен «Бүкілресейлік халықтық фронт» атты қоғамдық ұйымдардың коалициясы құрылды. Коалиция бағдарламасы мен «Халықтық бағдарлама» атты партияның сайлау алды бағдарламасы 2011 жылдың 23 және 24 қыркүйегінде өткен ХІІ съезде қабылданды. Бүкілресейлік халықтық фронттың бағдарламасын дайындау үшін Владимир Путиннің қолдауымен «Әлеуметтік-экономикалық және саяси зерттеу институты» құрылды. Оны сенатор Николай Федоров басқарды.

 

Партияның бағдарламасы және 2011 жылғы бағдарламалық үндеуі

2011 жылы 24 қыркүйекте өткен «Единая Россия» партиясының ХІІ съезінде Дмитрий Медведев пен Владимир Путин сөз сөйледі.

Медведев үкімет саясатының жеті стратегиялық бағытын анықтады: экономиканы модернизациялау; қоғамдық міндеттерді орындау; коррупциямен күресті күшейту; сот жүйесін күшейту; ұлтаралық бейбітшілікті қолдау, заңсыз миграция және этникалық қылмыспен күрес; заманауи саяси жүйені қалыптастыру; ішкі және сыртқы қауіпсіздік.

Путин өз кезегінде Ресейдің әлемдік ең зор бес экономикасына ену мақсатын алға қойып, 36 миллион ресейліктердің қате 30 миллиард рубль қарызын жойып және бюджет саласындағы қызметкерлер жалақысын 10 қазаннан бастап 6,5% көтеруге ұсынды. Сонымен қатар, Владимир Путин ауқатты азаматтарға арналған салықтарды көтеруді ұсынды. Бағдарламаның басты бағыттары етіп Путин әскер мен флотты 5-10 жыл ішінде қайта қаруландыру, 10 жыл ішінде жолдар құрылысын тездету, 20 жыл ішінде 25 миллион жұмыс орнын құру немесе жаңартуды қарастырды.

Дмитрий Медведев пен Владимир Путиннің сөйлеген сөздерінен кейін Мемлекеттік Думаның спикері Олег Морозов олардың сөздерін партияның сайлаудағы бағдарламасы етіп санауға ұсынды. Съезд бұл ұсынысты бірден қабылдады.

Газета.ру авторларының ойынша, осылайша «Халықтық бағдарлама» өз маңызынан айырылды. «Халықтық бағдарлама» - сенатор Н.Федоровтың институты жаз бойы дайындаған ауқымды құжат. Бұл құжат мамандар мен сайлаушылардың ұсыныстарын жинап дайындалды. Жоба бойынша, бұл құжат съезде оқылуы керек еді.

2011 жылдың 14 қазанында «Единая Россия» партиялық съездегі президент Дмитрий Медведев пен премьер-министр Владимир Путиннің сөздерінен құрылған «бағдарламалық үндеуін» жариялады. Газета.ру мамандарының ойынша, құжат Брежнев кезеңінің мәтініне ұқсап, болашақтағы тоқыраумен үйлеседі.

 

Қорытынды

 

«Единая Россия» партиясы өз мақсат-бағдарларында идеологиядағы объективті тарихи қажеттілікті қамтамасыз етеді. Партияда елдің саяси күштері жақсы үйлескен. Себебі, партия тек парламенттік көпшіліктің ғана емес, сонымен қатар бүкілхалықтық көпшіліктің партиясы болып табылады. Менің ойымша, партия өзіне жоғары мақсаттарды ғана қоймай, оларға жетуге де дайын. Партияның идеологиясы адами және мемлекеттік абыройдың құндылығын біліп, өткенге сүйеніп, болашаққа ұмтылады.

Осылайша, партия қазіргі таңда қоғамдағы жағымды өзгерістерді қамтамасыз етіп, саяси мәселелерді шешуде маңызды рөл атқарып, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық өзгеруінің заңды негізін қалыптастырады.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

  1. Жаңалықтар порталы – http://www.newsru.com
  2. “Единая Россия” партиясының ресми сайты – http://www.edinros.ru
  3. Бірінші канал. Ресми сайт – http://www.1tv.ru
  4. Уикипедия — ашық энциклопедиясы – http://ru.wikipedia.org
  5. “Единая Россия” фракциясының сайты – http://www.er-duma.ru/

 


Информация о работе Единая Россия