Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2013 в 19:43, реферат
Отбасы қоғамдық қатынастар мен процестердің алуан түрлі формалары біртұтас болып ұштасатын комплексті әлеуметтік құбылыс болып табылады. Сондықтан да отбасына әлеуметтік тұрғыдан ғылми зерттеу жүргізу оңай емес. Адам мен қоғам үшін отбасының маңызы , атқаратын қызметі алуан түрлі болғандықтан оны зерттеуші қоғамдық ғылымдар да көп. Ол ғылымдардың әрқайсысы отбасына өз анықтамасын беруге тырысады. Социология ғылымы оны былай анықтайды: отбасы дегеніміз-тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік топ-оның жалпы белгілері –бөтен адаммен жыныстық байланыс орнату, туысқандық қатынамстар жүйесі, адамның әлеуметтік және жеке дара адамгершілік сапаларын қалыптастырып дамыту, белгілі бір экономикалық қызметті іске асыру. Қысқасы отбасы еркек пен әйелдің табиғи жыныстық және басқа қажеттерін өтеп, ұрпақ өсіру арқылы қоғамды қалпына келтіре дамытушы әлеуметтік топ болып табылады. Отбасының жоғарыда келтірілген анықтамасы бойынша , ол отбасындағы қатынастар, оның құрылымы мен формасы тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік топ балып табылады.