Қоғамның саяси жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2013 в 19:15, реферат

Описание работы

Қоғам - экономикалық және рухани біртұтастықпен, өмір сұру жағдайын ұйымдастырудың тұтастығымен сипатталатын, белгілі бір аумақтағы адамдар бірлігі.
Саяси жүйе - елдің саяси өміріне қатысатын мемлекет пен мемлекеттік емес қоғамдық құрылымдардың біртұтас кешенде қарастырылуы

Содержание работы

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

1Қоғамның саяси жүйесі қызметінің түсінігі ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ……………………………………………………………………...5

1.1ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІНІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАЗМҰНЫ…………………………………………………………………….5
1.2 САЯСИ ЖҮЙЕ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ДАМУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ……………9
1.3 ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІҢ ОРНЫ МЕН РӨЛІ…………………………………………………………………………...10

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЯСИ ПРОЦЕСТЕР……….14

2.1ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛКАСЫНДАҒЫ САЯСИ КҮШТЕРДІҢ КЕМЕЛДЕНУ ҮРДІСІ……………………………………………………….14
2.2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ ЖҮЙЕНІ РЕФОРМАЛАУ………………...21

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………...27

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…………………………………………..28

Файлы: 1 файл

КІРІСПЕ.docx

— 56.89 Кб (Скачать файл)

Партиялардың рөлін көтеру де азаматтың, қоғамның мемлекет басқарудағы рөлін арттырудың жолы. Сонымен қатар, жергілікті өзін-өзі басқарудың да әлемдік тәжірибесіне сүйене отырып, Конституциядағы бүгінгі қайшылықты жойып, жергілікті өзін-өзін басқару органдары ретінде сайланбалы әкімдер және  мәслихаттарды тануымыз керек. Өйткені, демократиялық  бағыттағы өзгерістердің қажеттілігі  бүгін айқын сезіліп отыр.

Өткен жылы Президент Мемлекеттік  комиссияның жұмысын бастаумен тұспа-тұс келген Жолдауында Қазақстанды әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосу бастамасын көтерді. Бәсекеге қабілеттілікті дамытуда да, шектеуде де саясатта, экономикада, шығармашылықта, еңбектің қай саласында болсын, саяси жүйенің әсері мол. Оған адамзат тарихындағы нақты мысал ретінде екі Корея мен кезінде қатар өмір сүрген екі Германияны келтіруге болады. Екі Германия 40 жыл бөлек мемлекет болып ғұмыр кешті. Бір халық – екі саяси жүйе. Сонда демократияға негізделген Батыс Германия 40 жылдың ішінде Шығыс Германиядан бірнеше есе озып кетті. Қазір екі саяси жүйеге бөлінген Солтүстік Корея мен Оңтүстік Кореяны алыңыз. Оңтүстік Корея  демократиялық бағыт ұстану негізінде әлемдегі ең қарқынды дамып келе жатқан және алдыңғы қатарлы мемлекеттің біріне айналса, Солтүстік Корея құр тоталитарлық  жүйенің қару-жарағымен маңайындағыларға қоқан-лоқы жасағаны болмаса, өзінің халқын асырайтын тамақ тауып бере алмай отыр.

“Саяси реформа”, қысқаша  айтсақ, саяси жүйеге өзгерістер енгізу. Ал саяси жүйе  биліктің жасақталуын, қызмет атқаруын, және қоғаммен қарым-қатынасын реттейді. Саяси жүйе осы үш күрделі мәселенің тетіктерін біріктіреді. Демократиялық елдерде билікті қалыптастыру сайлау арқылы, яғни қоғамның шешімі негізінде жүзеге асырылады. Және де, биліктің жауапкершілігі қалыптасу үшін өкілетті, атқарушы және сот тараптарының бірін-бірі тежеп, қадағалап отыру тетіктері болуы керек.

Қоғамның бақылауын қамтамасыз ету үшін, біріншіден, биліктің өзінің жариялылығы қажет. Екіншіден, қоғамдық пікірдің билік саясатына әсері болуы тиіс. Билік қоғамдағы пікірдің өзгеруіне, сондай-ақ жаңа талаптардың туындауына байланысты ұстанып отырған саясатына өзгерістер енгізгені жөн. Үшіншіден, сөз бостандығы, тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары болуы шарт. Саяси жүйе осы бағытқа қарай жылжуы керек. Бірақ әлемде өзінің саяси жүйесін дамытудың шегіне жеткен, бұдан әрі даму мүмкіндігі жоқ деп айтатын ел жоқ. Өйткені, адамзаттың ерекшелігі сол, жақсы нәрсеге үйренген соң, одан да биік талап туындайды. Тұрмыста да, ғылымда да, саясат пен экономикада да сол.

Әрине, біздің қоғамның өзіндік  ерекшелігі бар. Бізде еліміз егемендігін  алып, қайта құру басталғанға дейін  билікке талап қою тәжірибесі болған емес. Сонау патша дәуірінде де, кеңес дәуірінде де билік өз бетімен, қоғам өз бетімен өмір сүрді. Сондай-ақ қоғамның билікке әсер ететін тетіктері болған жоқ. Сайлаудың барлығы баламасыз сайлау болды. Мемлекеттігіміз қалыптасу кезеңінде тиімді  саяси жүйе іздеу – заңды құбылыс./6/

Егер саяси жүйе экономикада, шығармашылықта, саясатта, жалпы адамның кез келген еңбек ету саласында шынайы мықтыларды іріктеп алып, соларды көшбасшы ететіндей болса, барлық салада елдің бәсекелестік деңгейі өседі. Олай болмайтын болса, бәсекеге қабілеттілік төмендейді.

Негізі партия деген сөздің өзі қоғамның бір бөлігі деген  ұғымнан шыққан. Бөліну әртүрлі болады: әлеуметтік, кәсіптік, діни, жас мөлшерлігі, т.б. Ал партия деген – дәстүрлі қалыптасқан саяси көзқарастар, саяси құндылықтар, бағдарламалар негізінде біріккен топтар. Олар қоғамға жалпы ел қандай бағытта дамуы керек деген идеялар ұсынады. Сол идеялардың, бағдарламалардың бүкіл қоғамға кедергісіз таралуына жағдай жасалса, қоғам өзі сол партиялардың ішінен ұнағанын таңдап алады. Өкінішке қарай, бізде әлі ондай жағдай жоқ. Тіпті, басқа күштерді былай қойғанда, Мемлекеттік комиссияға, басқа да отырыстарға қатысып жүрген біздің партияның шараларының, ұсыныстарының өзі кейбір мемлекеттік электрондық ақпарат құралдарында ешқашан көрсетілмейді. Бұл партиялардың арасындағы бәсекенің әділ еместігінің көрінісі. Әсіресе, мемлекеттік басылымдар, БАҚ бүкіл халықтың қаржысына ұсталатынын ескерсек, олар бүкіл партиялардың идеяларын Конституция аясында халыққа еркін жеткізуге тиісті. Сонда ғана әділ бәсекелестік  болмақ. Екіншіден, түрлі деңгейдегі әкімдіктер мықты партиялардың болуы мемлекеттің тұрақты дамуының кепілі екенін түсінетін күн жетті. Жалпы, елдің ішінде саясатта әділ бәсекелестік болмаса, келешекте мықты саяси тұлғалардың шығуы да, ұлт мүддесін қорғау да қиын болады.

Егер кейбір партиялар  теледидардан көрінбейтін болса, олардың ойлары халыққа жетпейтін болса, бұл ел әлеуетін шектеп, ұлт мүддесіне қайшы келеді. Мысалы, дамыған елдерді алсақ, қазір Франциядағы биліктегі партияда  Николя Саркази президенттіктен үміткер болып отыр. Ал Сиголен Роял деген әйел басқа партиядан үміткер, бірақ Францияның бүкіл теледидары сол Сиголен Роялдың да сөзін еш кедергісіз көрсетеді. Өйткені, сол арқылы ең

 

мүддесі үшін жұмыс жасауына жағдай туғызылады.

Партиялардың  ықпалы мықты болуы үшін жалпы еліміздің саясатында қоғамдық пікірдің ықпалы күшті болуы керек. Ол үшін кез келген деңгейдегі сайлау әділ бәсекелестік түрінде таза өтуі тиіс. Бұл жағдайды қалыптастыру – билік тетіктерін ұстап отырған әрбір азаматтың парызы. Бізде әлі күнге дейін осыны түсінбейтіндер жеткілікті. Мен  алдыңғы жылы Шығыс Қазақстан облысының бір ауданында болғанымда аудандық сайлау комиссиясының төрағасы айтты: “Міне, менің қолымда бір қап дәрі. Бұл өткен сайлаудан кейін пайда болды. Енді тағы бір сайлау өткізсем, инфаркт болатын шығармын. Өйткені, халықтың айтқанын жасайын десем, билікке ұнамайды. Биліктің айтқанын жасайын десем, жолдастарымның көзіне қарай алмаймын”. Егер осылай жалғаса беретін болса, көппартиялық жүйенің халыққа беретін мол мүмкіндігі пайдаланылмай қалады.

Сайлаудың мағынасы – таңдау. Талғам таңдау арқылы қалыптасады. Таңдау мүмкіндігі болса, халықтың саяси талғамы  жетіледі. Партиялар халықтық таңдаудан өту үшін өздерінің қоғамды, экономиканы дамыту тұрғысынан жаңа, тың ұсыныстарын жасайды. Сол ұсыныстар бәсекеге салынып, тиімді шешімдер қабылдауға септігін тиізеді. Сондықтан партиялардың қаншалықты қолдауға ие екенін айту үшін, алдымен партиялар арасында әділ бәсекелестік болу керек. Екіншіден, елде үрей болмау керек. Мен басқа пікірдегі партияны қолдасам, ертең жұмысымнан айырыламын, менің туыстарым жапа шегеді-ау деген қорқыныш болмау керек. Осындай жағдайда ғана кімнің шынайы қолдауға ие болғанын білуге мүмкіндік бар.

Еліміздегі партиялық  жүйе жайында әңгіме қозғалып отырған соң тәуелсіздіктен кейін қалыптасқан қазақстандық саяси құрылымдарға қысқаша шолу жасап өтпей болмас. Сонау тоқсаныншы жылдары бірпартиялық өктемдіктің және социалистік саяси жүйенің ыдырауы республикамызда демократиялық қағидаттар негізінде қызмет жасайтын сан алуан саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің қызметіне жол ашты. Яки, көппартиялық жүйеге өтумен республика халықтарының мақсат-мүдделерін, талап-тілектерін жүзеге асыру жолында қызмет жасаған саяси құрылымдар шоғыры қалыптасты. Көсеуі ұзын көрінетін Кеңес Одағы күйрегеннен кейін аз уақыт ішінде әлі буыны бекіп, бұғанасы қатая қоймаған тәуелсіз Қазақстан демократиялық, ашық қоғам құра отырып, экономикалық реформалардың алғашқы сатысынан сүрінбей өтті. Соның ішінде жаңадан құрылған қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялар жас мемлекетте қоғамдық-саяси өмірді демократияландыру, саяси әр алуандық, халықтың әр түрлі әлеуметтік топтардың мүдделері мен құқықтарын қорғау, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуға қол жеткізу мақсатында кеңінен қызмет жасады. 1990 жылғы 1 наурызға қарай республикада 100-ге жуық қоғамдық ұйым қызмет істеп тұрған екен. Олардың қатарында: “Достастық” азаматтық қозғалысы, “Форум” қоғамы, “Инициатива” әлеуметтік-саяси бірлестігі, “Қазақ тілі” қоғамы, Қазақ ұлттық мәдениеті ассамблеясы, Ұлттық мәдени орталықтар ассоциациясы, “Бірлесу” тәуелсіз кәсіподағы, “Желтоқсан” қоғамдық комитеті, “Бірлестік” азаматтық қозғалысы, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің ірі экологиялық ұйымдары — ядролық жарылысқа қарсы “Невада-Семей” халықаралық қозғалысы, “Арал-Азия-Қазақстан” халықаралық қоғамдық комитеті деп, міне осылайша тізім тізбектеліп жалғаса береді.

Сонымен қатар, қызметі тарихи-ағарту сипатындағы бірлестіктерден “Ақиқат”, “Мемориал”, “Әділет” тарихи-ағарту қоғамдары, “Жерұйық” тарихи-этнографиялық бірлестігі жұмыс істесе, қоғамдық-саяси қозғалыстардың ішінен “Азат” (1990 ж., 1 шілде), “Поколение” (1992 ж., 24 қараша), “Лад” (1993 ж., мамыр), “Азамат” азаматтық қозғалысы (1996 ж., 20 сәуір) өз хал-қадерлерінше азаматтық қоғамға арна салды. Қазақстанда қоғамдық бірлестіктердің қалыптасуының келесі кезеңінде Қазақстанның либералдық қозғалысы (1997 ж., мамыр), “Қазақстанның болашағы үшін” (1998 ж., ақпан) жастар қозғалысы, “Қазақстан — 2030 үшін” (1998 ж., 6 қазан) қоғамдық қозғалысы, “Өрлеу” (1998), “Ақ жол” қоғамдық қозғалыстары (1998), тағы басқалары құрылды. 1989—1994 жылдардың аяғында Қазақстанда 500-ге жуық қоғамдық бірлестік Әділет министрлігінде тіркелді. 1998 жылы олардың саны 1500-ден асты, ал 2001 жылдың аяғына қарай елде 1700-ден астам ресми тіркеуден өткен қоғамдық бірлестік қызмет жасады. Сол кезеңде аталған қозғалыстар мен қоғамдық бірлестіктердің нақты стратегиялық тұғырнамалары және соңынан ерткен орнықты идеялас электораты бола қоймаса да олар егемен елде көппартиялық құрылыстың іргесін қалауларымен тарих беттерінен орын теппек. Қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерді құқықтық жағынан реттеу республикамыздың Конституциясында, “Қоғамдық бірлестіктер туралы” (31.05. 1996) және “Саяси партиялар туралы” (15.07.2002) заңдарында қамтамасыз етілді.

Қазақстандағы аталған саяси  партиялар мен қоғамдық бірлестіктер әлеуметтік әділдік, демократиялық-құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам, ұлтаралық және азаматтық келісім орнатуда осы уақытқа дейін аз қызмет атқарған жоқ, атқара да бермек. Алайда алдына әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру жөнінде өршіл міндет қойған Қазақстанның жедел саяси жаңаруына көптеген саяси партиялар мен қозғалыстардың сылбыр әрекеті”  сай келмейтіні анық еді.

Партиялардың саяси жүйедегі рөлін нығайту арқылы ғана демократиялық реформаларды алға бастыруға болатынын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бірнеше рет алқалы жиындарда атап көрсеткені соның айқын мысалы. Президент саяси партиялар мұнан былайғы саяси жаңа үрдістердің қозғаушы күшіне айналуға тиіс екенін және партиялық жүйенің дамуы ел заңдарын берік ұстана отырып жұмыс істейтін неғұрлым күшті әрі қабілетті партиялардың табиғи түрде іріктеліп шыға алатынына сенім білдіргені көпшіліктің есінде.

Бұл ретте елдегі саяси  партиялар өз өкілеттіктерін елеулі түрде кеңейтуге дайын ба, өздерінің еселеніп отырған ықпалын қоғам мен мемлекеттің мүддесіне сай қаншалықты пайдалана алады деген заңды сұрақтың туындайтыны жасырын емес. Өйткені өткен тәжірибе көрсетіп отырғандай, осыған дейін Қазақстан қоғамында көпшілік партиялар тек өздерінің саяси жетекшілері мен қаржылық демеушілерінің мүдделері аясында қызмет етіп келгені ақиқат.

Осыған орай Мемлекет басшысы қоғамның барлық буынының қолдауы мен сеніміне шын мәнінде ие болған бірнеше ірі бұқаралық партияның құрылуын өмірдің өзі талап етіп отырғанын қадап айтқан еді.

Өзара идеялас партиялардың “Отанның” айналасына топтасу үрдісіне орай бұдан былай қазақстандық партиялық жүйе қандай болады деген дүдәмал әңгімелердің туатыны шындық. Бұл сауалға жауапты Президент таяуда Азаматтық партияның кезекті съезінде өзі айтты. Бәзбіреулер Қазақстанда бірпартиялық жүйе болуы керек деген пікірлер айтып қалатынын, бірақ біздің бұл жолдан өткенімізді, ондай қадам тұйыққа әкеліп тірейтінін Елбасы нақты айтты. Сондай-ақ енді біреулер екіпартиялық жүйе тиімді болады десе, келесі біреулері нақты өмірден мүлдем алыс экзотикалық схемаларды ұсынған. Менің көзқарасымша, деген еді Елбасы, мұндай әңгімелерді саяси үдерістер мен партиялық алаңның құрылуын жасанды шеңберлермен шектеуге болмайтынын ескермейтіндер шығарып жүр. Бізге демократиялық стандарттар мен нормаларға сай келетін партиялық жүйе керек. Біз осындай анық та айқын қағидатқа тоқтам жасауымыз керек. Президент, түптеп келгенде, бізде бірнеше қуатты, бәсекеге қабілетті, көшбасшы партиялардан құралған демократиялық көппартиялы тұрлаулы жүйе құрылуы тиіс деп есептейтінін, еліміз басшылық жасауға жауапты әрі реформаларды жүргізе алатын, халықтың мүдделерін қорғай алатын бірнеше іргелі саяси партиялар болуына қадам жасауы керектігін, жаңа ұйым негізінде біз шын мәнінде бұқаралық халықтық партия жасай алатынымызды ашып айтты.

Өткенге көз жүгіртсек, биліктің партиясы саналатын “Отан” өзінің жетіжылдық белесінде бірнеше шағын  саяси құрылымдарды қатарына қосып келе жатқанын аңғарамыз. Мәселен, 1999 жылғы 19 қаңтарда Елбасы Н.Назарбаевтың кандидатурасын қолдау жөніндегі қоғамдық штаб түрінде құрылған саяси құрылым, соңыра 1 наурызда алғашқы съезін өткізіп, сол жиында “Қазақстанның халық бірлігі”, Қазақстанның демократиялық партиясы, “Либералдық қозғалыс” және басқа да қозғалыстарды өз қанатының астына алды. Ал 2002 жылы республикалық Еңбек және Халықтық-кооперативтік партиялары “Отанның” құрамына енді. Сол жылы аталған саяси партияның құрамы 111 мың адамға жетті. Бір қарағанда, бас партия ұсақ шабақтарды қылғыта беретін алып жайынға ұқсап кетуі әбден мүмкін. Бірақ бағыты мен бағдарламалары қос тамшыдай өте ұқсас мұндай ұсақ саяси бірлестіктер ешқашан қоғамда қозғаушы күшке айнала алмасы белгілі жәйт еді. Өз кезегінде “Отанның” мығым күші саяси белсенді топтардың идеялық көзқарастарының өмірге енгізуіне мүмкіндік туғызып берді. Әңгіме тиегі ашық айтылып отырған соң “Отан” осы уақытқа дейін де Елбасы Нұр&s

аса күшті саяси беделімен  сусындап келе жатқанын да жасырмауымыз керек. Мемлекет басшысы бұл жағдайды таратып айтпаса да саяси идеяларды жеке тұлғаның күшімен ғана емес қоғамдық ұйым негізінде жүзеге асыруға қабілетті партияның құрылу қажеттігін жеткізген болатын.

Бізге қуатты әлеуметтік тірегі бар, жұртшылықтың мүддесін анықтай  алатын, соны жеткізе алатын, сайлаушылардың дауысы үшін бір-бірімен өркениетті түрде тіресе алатын күшті, бәсекеге қабілетті партиялар керек. Сонымен қатар, олар жалпыұлттық идея төңірегінде біріккен, сындарлы тұрғыдан өзара ынтымақтасатын партиялар болуға тиіс. Елдің жедел дамуына бағыт ұстап отырған жағдайда партиялар халықты жұмылдыруға, қолға алынған өзгерістерге қоғамдық қолдау қалыптастыруға қабілетті болуы керек. Біз іс жүзінде күшті әрі бәсекеге қабілетті партиялары бар осы заманғы партиялық жүйені қалыптастыруға кірістік, деді Елбасы.

Сонымен қатар, Қазақстанда  басым күшке ие орнықты партияның құрылуы жалпыұлттық қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ете алмақ. Стратегиялық келешекте таңдап алынған бағыттың сабақтастығын қамтамасыз етпек. Бұған қоса, көшбасшы партия Парламентте басым дауысқа ие бола отырып алдағы реформалардың заңнамалық негізін қалауға атсалыспақ.

Әлбетте, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, кез келген іргелі мемлекетте ірі партиялар өз халқын жалпыұлттық мақсаттарға жұмылдыра отырып, елдің дамуына қуатты серпін беріп келген.

Екінші дүниежүзілік соғыстың зардабын тартудай-ақ тартқан Жапония саяси жаңғыру кезеңінде елдегі ірі партияның күшіне иек сүйеп, сол мемлекеттегі либерал-демократиялық партия өзі құрылған 1955 жылдан бастап іс жүзінде дәйім билік басындағы партия болып келеді. Азия жолбарыстары Сингапур мен Малайзия, демократиялық құрылымының сан ғасырлық тарихы бар Еуропаның көптеген елдері де осы жолды таңдаған.

Информация о работе Қоғамның саяси жүйесі