Тәжірибеліқ сабақтың жоспары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2014 в 08:31, лабораторная работа

Описание работы

1. Тоталитаризм және оның әр түрлігі.Тоталитарлық (латынның total - бүтін, тұтас деген ұғымын білдіреді) режим деп қоғам, адам өмірінің барлық салалары тұтасымен мемлекеттік бақылауға алынған мемлекеттік-саяси құрылымды айтамыз. Онды өндіріс, экономика, бұқаралық ақпарат құралдары, білім, мәдениет, адамдардың жеке өмірі – бәрі тек мемлекеттің бақылауында болады. Сөз бостандығы болмайды. Жеке меншік, бәсекелестік, нарықтық қатынастарға жол берілмейді. Азаматтық қоғамның элементтері жұмыс істегенімен, ол тұтасымен мемлекеттің қарамағында. Жеке басқа табынушылық, бір партияның идеялық күштілігі байқалады.

Файлы: 1 файл

Саясаттану - 2.docx

— 92.18 Кб (Скачать файл)

Аталған іс-шараның орындалуын қадағалап, міндеттеп отыруды тіл шаруасын тәртіпке шақыратын құқы бар ресми орын – Тіл комитеті қолына алуы қажет. Тек осындай жолмен ғана біз тілдің мәдениетін кемелдендіріп, оның қолданыс ауқымын кеңейте түсеміз.

Айталық, саяси тілде «әскери өнеркәсіп», «әскери комплекс», «қару-жарақ», «қарулану», «әскери блок», «соғысқа әзірлену», т.с.с. қолданылса, сөз жоқ, тіл мәдениеті өзінен-өзі байқалып тұрады.

Саяси мәдениет осы аталғандармен ғана шектелмейді. Ол саяси іс-қызметті де қамтиды. Оған адамның саяси жүйеге қатынасы және т.б. жатады. Әр түрлі елдерде бұл мәселе¬лерге көзқарас та, олардың шешімі де біркелкі емес. Бұл жағдай саясатшыны дау-дамайдан қашпауға, оларды басқара білуге немесе одан әрі өрбітпеуге, әлеуметтік «қопарылысқа», сілкініске жеткізбеуге үйретеді.

Қоғамдық жағдайларға, сонымен қатар көпшілік арасында кең тараған ереже, қалып, үлгілерге байланысты саяси мәде¬ниет әр түрлі болады. Мұны мәдениеттің әр түрлілігі дейді.

Оны ғалымдар әр алуан жіктейді. Солардың ішінде ең көп тараған Г. Алмонд пен С. Вербаның «Азаматтық мәдениет» деген кітабында келтірілген жіктеуі. Олар Алманияның, АҚШ-тың, Англияның, Италияның, Мексиканың саяси жүйелерін талдай келіп, саяси мәдениетті патриархалық, азаматтық және қоғамшыл етіп үш түрге бөледі. Бірақ ол көбінде аралас болып келеді.

Қоғамның жеке топтарының саяси мәдениеті де пайда болады. Оны субмәдениет дейді. Мысалы, Алматы мен Шымкент тұрғындарының саяси ойлауы мен өзін-өзі ұстауында шамалы ғана өзгешелік байқалса, Қазақстан мен Балтық жағалауы республикаларының саяси мәдениетінде елеулі айырмашылықтар бар. Бұрынғы КСРО-ны тұтасымен алсақ та соны байқауға болады.

Саяси мәдениетті қалыптастыруда ең алдымен мемлекет қатысады. Ол бұл міндетін заң шығару, атқару және сот орган¬дары арқылы атқарады. Мемлекет ұлттық саяси рәміздердің қалыптасуын қатаң қадағалайды. Айталық, республиканың туын, елтаңбасын, әнұранын, ақшасын, т.б. қалыптастырады. Мемлекетпен қатар саяси мәдениетті қалыптастыруға қоғам¬дық ұйымдар, әсіресе партиялар да қатысады. Саяси мәде¬ниетті қалыптастырушы күштерге зерттеушілер әрдайым діни ұйымдарды да қосады. Саяси мәдениетті қалыптастыруда ақпарат құралдары көп рөл атқарады. Қазір олардың биліктің төртінші саласы деп жүргені тегін емес. Дамыған өркениетті елдерде бизнес те саяси мәдениеттің қалыптасуына ықпал етеді. Саяси мәдениетті қалыптастыруға тікелей және мақсат¬ты түрде қатысушылардың қатарына академиялық қауым да жатады. Оның рөлі әсіресе АҚШ-та өзгеше көзге түседі.

Кейбір елдерде саяси мәдениетті қалыптастыруға әскер де қатысады. Мәселен, бұрынғы Пруссияның, Алманияның, тіпті оның бергі жағында бұрынғы Кеңес Одағының саяси мәдение¬тінің біраз жақтары осыған айғақ бола алады.

Саяси мәдениеттің жалпы міндеті – белгілі бір жүйенің қоғамдық қатынастарын ұдайы жаңарту. Ол бірнеше жолмен жүзеге асырылуы мүмкін. Солардың бірі – саяси әлеуметтену, яғни саяси процесті жасаушы адамдардың белгілі бір ереже¬лер мен қазыналарды меңгеруі арқылы әлеуметтік бірлес¬тіктердің біріне енуі. Отбасындағы және мектептегі тәрбие мен білім алу, балалар және жастар саяси ұйымының жұмысына қатысуы барысында өмірге аяқ басқан жас адам осы саяси мәдениетті жақтаушылардың көзқарастарын меңгереді. Кейін өмірдегі өз тәжірибесінің нәтижесінде адамның саяси сенімі өзгеруі мүмкін.

Бұрынғы Кеңес Одағында саяси мәдениеке нұқсан келті¬рілгені белгілі. Ал Одақ ыдырағаннан кейін кейбіреулер мем¬лекеттік басқару органдарының толық саясатсыздандыры¬луына, идеологиясыздандырылуына шақыруда. Президент Н.Ә. Назарбаев айтқандай, «соңғы уақытта көзқараста алаң¬датарлық тенденциялар байқалуда, ал ол мәдени, саяси құн¬дылықтардан жұрдай жас ұрпақтың өсіп, ержетуіне әкелуі мүмкін. Қоғамдық пәндердің екінші дәрежедегі қатарға құлды¬рауы практикасымен келісуге болмайды». Керісінше, халық демократиялық жолмен даму тәсілдерін, бұрынғы тоталитар¬лық тәртіпті болдырмау әдістерін жақсы білуі керек. Сондықтан күні кешегі құбыламыздың – Мәскеу, Меккеміздің – Кремль, құранымыздың – СОКП-ның тарихы, мешітіміздің – партияның саяси ағарту үйлері болғандығын есте сақтай отырып, оның ауылының келмеске кеткендігін де қанағат тұтқандығымыз жөн.

Жалпы алғанда адамның ел ішіндегі және басқа елдердегі жағдайлар жөнінде жақсы хабардар болуы – оның саяси мәдениетінің жоғары, тұрақты болуының кепілі.

Халық арасында мәдениеттілік саясатты жүргізгенде мына мәселелерге мән берілгені жөн: сол елдің Конституциясын, өзінің саяси құқығын, еркі мен міндеттерін білуі, мемлекеттік құрылыс, саяси жүйе, саяси мәселелерді шешу, қоғам мен мемлекеттік басқарудың түрлері жөнінде хабардар болу, мемлекеттің, халықтың асыл мұратын білу, өкімет пен саясат жөнінде білімі болу және т.с.с. Егер өз мемлекетінің және басқа елдің тарихын, олардың қалыптасуы мен даму кезеңдері туралы түсінігі болса, тіпті орынды болмақ.

Мәдениеттік саясатты жүргізудің тісілдері мол. Оған ең алдымен оқу-ағарту жүйесін жетілдіру, халықтың білімін көтеру жатады. Қазір БҰҰ-ның мәліметіне қарағанда, жер шарының 700 миллионға жуық ересек халқы сауатсыз.

Мәдениеттілік саясатты жүргізуде ғылымдарды дамытудың рөлі зор, әсіресе қоғамдық ғылымдар адамдарға өздерінің саяси қатынастарының қожасы болуына, әлеуметтік тұрмысы¬ның заңдылықтарын меңгеруге көмектеседі. Бұл ғылымдар өмірді жаңа негізде құруға, қоғамдық қатынастарды жетіл¬діруге, әлеуметтік-экономикалық процестердің болжамын жа¬сауға кең өрістер ашады.

Адамның саяси дамуы, оның ішкі дүниесінің толымдылығы, дүниетанымы мен адамгершілік келбетінің қалыптасуы әде¬биет пен өнердің өркендеу деңгейіне байланысты.

 

Тәжірибелік сабақ №13. Саяси элита және саяси көшбасшылық

Саяси элита - қоғамның ішіндегі аз топ, іштей жіктелген, біртекті емес, бірақ сапыстырмалы интеграцияланған қоғамдық институттарда басшылықпозицияларға ие және тікелей қоғамдағы билік шешімдеріне ықпал ететін тұлғалар тобы.

           Саясаттың сан алуан субьектілерінің оған ықпалы, әрине әр түрлі. Жеке азаматтар және әлеуметтік топтар күнделікті саяси өмірге тікелей қатынаса бермейді. Күнделікті саясатпен адамдардың ерекше қабаты айналысады , оларды ерекше басшы топ атайды. Саяси элита аталымын қалай түсінуге болады? “ Элита” француз тілінен аударғанда “таңдаулы”, “сұрыпталған “, ”ең жақсы” деген мағынаны береді. 18ғ бастап ол сөзбен жоғары сапалы тауарларды атады . 20ғ бастап саясаттану мен әлеуметтануда білімі , байлығы, беделі , билігі жоғары адамдардың азғантай әлеуметтік тобын білдіреді . Бұл аталымның этимологиялық маңызының екі аспектісі бар. Оның біріншісі элита өзіне белгілі бір сапалық қасиеттерді , айқын белгіленген интенсивті белгілерді жинақтайды. Екінші аспектісі , осы белгілерді кң жоғарғы өлшеммен бағалайды . Өзінің алғашқы этимологиялық маңызы бойынша элита түсінігінде ешқандай ізгіліктілікке, демократиялыққа қарсылық жоқ. Әдетте, жоғары сапалы жылқы тұқымы , дәннің тұқымы, спорт саласындағы элита т.б түсініктер пайдаланылады. Демек, адамзат қоғамында да адамдар арасында табиғи және әлеуметтік айырмашылықтар орын алып, бұл жағдайлар олардың басқару саласындағы мүмкіндіктерінің әр түрлілігінен, саяси және қоғамдық процестерге әр түрлі ықпалынан көрінеді. Осының өзі саяси элитаны айқын бейнелеген саяси- басқарушылық сапаны иеленуші ретінде сипттауға негіз болады.Тарихи жағынан алғанда адамдарды ел билеуші таңдаулыларға және олардың дегенін істейтін бағыныштыларға бөлу идеясы өте ертеден бастау алады. Мысалы, Конфуций (б.з.б 551-479) адамдарды асыл азаматтарға және төменгі адамдарға бөлді. Платон билеуші-философтарға, 
әскерлерге, егіншілер мен кәсіпшілерге ажыратты. Алайда элитарлық теорияны көзқарастар жүйесі ретінде 20ғ басында итальян ғалымдары Г. Моска, В.Парето, неміс Р. Михельс және т.б қалыптастырды. 
Гаэтано Моска (1854-1941) элита теориясын “Cаяси ғылым негіздері” деген еңбегінде негіздеді. Онда ол қоғам басқарушылар мен басқарылушыларға бөлінеді деді. Оған ұйтқы болатын қасиеттерге әскери ерлікті, байлықты, діни дәрежені жатқызды. Осы үш қасиет , оның ойынша, адамға басқарушылар ( элита ) қатарына кіруге жол ашады

Тәжірибелік сабақ №14. Саяси технологиялар

1 Саяси технология түсінігі. Қоғамның  қоғамдық-саяси өмірін түсінудегі  саяси технологияның маңызы.Қазақстан  Республикасы Президентінің жанындағы  Мемлекеттік басқару академиясында  «Қазақстанның мемлекеттік басқару  жүйесіндегі саяси технологиялар» тақырыбына семинар болып өтті.Семинар жұмысына ҚР Президенті Әкімшілігінің қызметкерлері, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Сыртқы істер министрлігі, Мәдениет және ақпарат министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қызметкерлері, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессор-оқытушылар құрамы, сондай-ақ Астана қаласындағыЕҚЫҰорталығыныңөкілқатысты.Семинар әр түрлі әлеуметтік мен халық топтарымен жұмыс жүргізу, саяси жүйені жаңғырту, қоғамды демократияландыру, сондай-ақ ҚР мемлекеттік басқару аясындағы билік пен халықтың өзара іс-қимылының тиімді технологияларын пайдалану жөнінде пікір алмасуға мүмкіндік жасады. Саяси талдау және болжау, сайлау және ақпараттық технологиялар, саяси қақтығыстарды бақылау және басқару технологиялары, саяси шешімдерді қабылдау сияқты саяси технологиялардың өзекті мәселелері қарастырылды. 
Семинар аясында мемлекеттік қызметтің жаңа үлгісінің тұжырымдамасы талқыланды, мемлекеттік органдар қызметкерлеріне мемлекеттік басқару жүйесіндегі саяси технологияларды қолданудың түрлері мен әдістерін одан әрі жетілдіру бойынша практикалық нұсқаулар берілді.  
Іс-шара ҚР Президенті Н.Назарбаевтың осы жылдың 17 маусымында Мемлекеттік басқару академиясында өткен «Мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы мемлекеттік қызметтің рөлі» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында сөйлеген сөзінде қойылған міндеттер аясында өткізілді. Өз сөзінде Елбасы мемлекеттік қызметтің мәртебесін біршама нығайту, мемлекеттік кадр саясатын Қазақстанның аса маңызды ұлттық басымдығы шеніне көтеру қажеттігін атап өтті.Семинардың жұмысы тыңдаушылардың қазіргі саяси технологиялар саласындағы білімін өзекті етуге бағытталған. 
1. Мамандық формуласы. «Саяси институттар, этносаяси қақтығыстар, ұлттық және саяси процестер мен технологиялар» мамандығы саяси институттар мен процестердің қалыптасуының, жұмыс істеуінің және даму келешегінің негізгі заңдылықтарын зерттеуді, халықаралық, аймақтық және жергілікті деңгейлердегі саяси қақтығыстар мен геосаяси өзгерістерге талдау жасауды, қолданбалы саясаттану әдістерін, атап айтқанда, саяси процестерді зерттеудегі жаңа саяси технологияларды зерттеу мен пайдалануды білдіреді. Саяси институттар мен процестердің, саяси қақтығыстар мен саяси технологиялардың қолданылуын зерттеуге ғылыми көзқарас тұтастай алғанда қоғамның саяси жүйесінің даму деңгейін анықтауға ықпал етеді, саясаттағы жаңа технологиялардыәзірлеуарналған.  
II.Зерттеу салалары.  
1. Саяси процестер әлемдік жаңғырту контекстінде, транзиттік қоғамның ерекшеліктерін анықтау.  
2. Қазақстан қоғамын демократияландырудың институционалдық негіздері, оның саяси құрылымы саяси процестің дамуының жиынтық құбылысы ретінде.  
3. Қазақстан Республикасының саяси жүйесін трансформациялау және жаңғырту проблемалары.  
4. Билік пен индивидтің өзара қарым-қатынасы проблемалары саяси процесс субъектілері ретінде.  
5. Қазақстан қоғамының саяси және идеялық топтасу процестері.  
6. Саяси реформалар және олардың құқықтық демократиялық мемлекетке көшудегі маңызы.  
7. Қазақстанда жаңа типті мемлекеттіліктің пайда болу, құқықтық мемлекеттің және азаматтық қоғамның қалыптасу проблемалары.  
8. Қазақстанда саяси пікір алуандығы мен көп партиялылықтың қалыптасуы.  
9. Сайлау процестері және жаңа саяси технологиялар («паблик ри-лэйшнс», PR-технологиялар, имиджелогия, саяси маркетинг, саяси жарнама). 
10. Саясаттағы саяси қақтығыстар мен дағдарысты жағдайлар. 
11. Халықаралық және аймақтық қауіпсіздік контексіндегі қазіргі заманғы геосаяси процестер.  
12. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік проблемалары.  
III. Ғылыми дәреже берілетін ғылым салалары – саяси, заң, әлеуметтік.

2 Саяси технологияның түрлері.Саяси  шешімдер институты қырғыз оппозицияның  сайлаудан кейінгі әрекеті бейбіт  саяси акция өткізумен ғана  шектеледі деген болжам айтып  отыр. Қазақстандық институттың  Қырғыз президентін сайлау қарсаңында  келтірген жорамалы расталып  шықты. Таяуда құрылған саяси  зерттеулер орталығы бүгін тағы  бір есебін жариялады. Дельфи  әдісімен өткен зерттеу жобасы  аймақтағы саяси режимдердің  өміршеңдігі мен ертеңгі тағдырын  анықтауға бағытталуға. Жаңа институттың  алғашқы қадамдары мен сарапшылар  шығарған нәтиже туралы – Алматыдағы  меншікті тілшіміз Айбар Олжаевтың  арнайы репортажы. 
Сарапшылар Орталық Азияның тағдырын шешетін факторларды бір-біріне жайып салмас бұрын белгілі әлеуметтанушы Бақытжамал Бектұрғанованы құттықтап алған болатын. Оның жөні бар. Жақында ғана Саяси шешімдер институты құрылып, Бектұрғанова осы мекеменің тізгінін ұстаған. Енді мамандар еліміздегі сарапшылар қауымының тынысы кеңейеді деп отыр. Қазақстанда аймақ және әлем сарапшылары бас қосып, көкейдегісін талқылай алатын тағы бір алаң пайда болды. 
Бақытжамал Бектұрғанова, саяси шешімдер институтының директоры: «Саяси шешімдер институты көп қырлы ұйым деп айтар едім. Бір ғана Орталық Азия аймағы әрі бір ғана тақырыппен шектеліп қалмаймыз. Пікірсайыспен бірге терең зерттеу жұмыстарын жүргізетін боламыз. Мемлекеттік мекемелер мен жеке бизнес нысандарына кеңес береміз деген үлкен жоспарлар бар. Сондай-ақ сараптама жанрындағы теле жобалар ұйымдастыруды қолға алмақшымыз». 
Бүгінгі отырыстың басты тақырыбы деп Қырғызстан мен ондағы президенттік сайлаудың қорытындысы алынған болатын. Бәкиевтің таққа қайтадан отыруы ешкімді таңғалдыр қоймаса да, елдің сыртқы саясаттағы ендігі жүрістеріне қатысты пікір екіге бөлінді. Бірақ сарапшылар «Бәкиев Қазақстанға да, АҚШ-қа да жағып отыр, сондықтан оны тақтан тайдыруға сыртқы күштер араласпайды» дейді. 
Андрей Чеботарев, саясаттанушы: «2005 жылғы Қырғыз революциясы туралы айтқанда, тапсырыспен жасалған саяси технология бұл елдің дамуын, экономикалық өркендеуін қарастырмаған болатын. Әңгіме аймақтағы сыртқы күштердің ықпалы туралы болып келді, сондықтан Қырғызстанда экономикалық әлеуметтік, тіпті саяси құрылым тұрғысынан кері кетушілік байқалады». 
Бүгінгі отырысқа жиналғандар «Орталық Азия үшін қауіп іштен емес, сырттан келеді» дегенге келісті. Сонымен қатар сарапшылар саяси хал-ахуалдың тұрақты болуы халықтың әл-ауқаты мен тұрмысына тікелей байланысты деген пікірмен келісті. 
Бақтиер Ергашев, өзбекстан республикасы президенті мемлекеттік кеңесші қызметінің жанындағы экономикалық зерттеулер орталығының аға ғылыми қызметкері: «Здесь законы рынка играют не самую главную роль. Здесь нужно накормить людей. Потому что все революции происходят от того, что у людей нет хлеба».  
Саяси шешімдер институтының алғашқы қадамы жақсы жасалды дейді, мамандар. Енді дөңгелек үстелдегі пікірлер түйінделіп, жеке жинаққа айналатын болды. 
Бүгінгі отырыс, бір жағынан, Саяси шешімдер институтының тұсаукесері болса, екінші жағынан, Орталық Азиядағы саяси синтездің әңгіме бола бастауы сарапшылардың болашақтағы тосын өзгерістерді сезіп отырғанын байқатты. Әзірге сарапшы қауым пікір айтыса алатын жаңа алаңның пайда болғанына қуанып отыр. 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институты ғалымдарының 2009 жылы баспаға шығаруға дайындап жатқан «Тәуелсіз Қазақстан тарихы» оқулығы мен хрестоматиясы, «Қазіргі кезеңдегі Қазақстанның саяси партиялары» анықтамалық жинақ және «Саяси технологиялар. Терминдер мен ұғымдар сөздігі», «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» атты оқулық пен оқу құралдарының қазақ және орыс тіліндегі таныстырылымы өткізілді.  
Жиынға Астана қаласындағы жоғары оқу орындарының оқытушы-ғалымдары, қоғам және БАҚ өкілдері, Елордалық мектептердің бірқатар мұғалімдері шақырылды. 
Оқулық пен оқулық құралдарының жобасын ұсынып отырған Институт ғалымдарынан құралған авторлар ұжымы: тарих ғылымдарының докторлары, профессорлар Б.Ғ.Аяған, Х.М. Әбжанов, Д.А. Махат, Ә.М. Ауанасова, саяси ғылымдарының докторы, профессор Г.Р. Нұрымбетова, тарих ғылымдарының кандидаты Т.С.Каленова, жас ғалым А.М.Сүлейменов және т.б. жиналғандардың алдында сөз сөйлеп, оқу құралының қазіргі жағдайымен таныстырды. 
Институт ғалымдары әзірлеген «Тәуелсіз Қазақстан тарихы» оқулығы мен хрестоматиясы Қайта құру кезеңінен яғни 1985 жылдан бастап тәуелсіз Қазақстанның 2009 жылғы материалдар негізінде құрастырылған. Жаңа оқулықтың бірінші кезеңдегі нұсқалық жобасы 2009 жылғы 5 маусымда ғалымдардың аралық талқылауынан кейін, қайта өңделіп, құрылымы, мазмұны, жағынан өзгеріп, теориялық-методологиялық жағынан толықтырылды. 
Тарих мамандығынан өзге мамандықтардың бакалавриатына, ЖОО оқытушыларына және орта арнаулы оқу орындарына арналған жаңа методологиялық көзқарас тұрғысынан құрастырылған жаңа оқу құралында көптеген құжаттар, деректер пайдаланылып, алғаш рет жарияланып отыр. Бірқатар құжаттардың түпнұсқасы қолданылған. 417 беттен тұратын оқулық құралына еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі түсірілген құнды суреттердің көшірмелері енгізілді. 
Оқулық хрестоматиясының ерекшелігі ресми құжаттармен қоса, мақалалар, естеліктер негізінде құрастырылған. Хрестоматияда тарихи тұлғалар, демографиялық көрсеткіштер, халық санағы туралы деректер де берілген. Хрестоматия оқулықтағы тақырыпқа байланысты қосымша материалдарды орнымен пайдалануға, студенттердің білімін кеңейтуге, өз бетімен білім алуына көмектеседі. 
«Қазіргі кезеңдегі Қазақстанның саяси партиялары» анықтамалық жинақ және «Саяси технологиялар: терминдер мен ұғымдар сөздігі» де ғалымдардың сараптауынан кейін, қайта өңделіп толықтырылды. Анықтамалық жинақта ресми тіркелген партиялардың бағдарламалары, жарғылары мен партия жетекшілерінің өмірбаяндары баяндалса, сөздікте қазақстандық саяси ғылым саласына әлі толық ене қоймаған, саяси технологиялар саласында қолданылатын жаңа, күрделі салаға ғана тән, халықаралық терминдер қолданысқа енгізіліп отыр. 
Сонымен қатар Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Б.Ғ. Аяғанның жетекшілігімен дайындалған Жалпы орта білім беретін мектептің 9-шы сыныбына арналған 400 беттен тұратын «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» деп аталатын оқулық қазақ және орыс тілінде жарық көрді. Оқулықты дайындауға Астана қаласынан № 4 қазақ гимназиясының тарих пәні мұғалімі С. Дүйсенов, Петропавл қаласынан Т.Ю. Родная мен Е.Г. Чернова қатысты. Өзіндік жұмыстарға арналған тапсырмаларды кестелер, тірек сызбаларды М.Д. Шаймерденова мен тарих пәні мұғалімі В.С. Ткаченко дайындады. Оқулықта өзіндік тапсырмаларды орындау үшін қарапайымнан күрделігіне қарай әр түрлі деңгейдегі шығармашылық тапсырмалар берілген. 
«Тәуелсіз Қазақстан тарихы» оқулығы мен хрестоматиясының рецензенті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Қазақстан тарихы кафедрасы, Әлеуметтік ғылымдар факультетінің оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты А.М.Жаркенованың айтуынша, қысқа мерзімде оқулықтың қазақша және орысша нұсқасы қатар дайындалған. Жаңа үлгідегі оқулық мемлекеттік стандарттық білім бағдарламасы талабына сай жауап береді. А.Жаркенова: «Келешекте тарих мамандығынан өзге мамандықтардың бакалавриатына ғана емес, тарих мамандықтарына да арнап оқулық құралдарын жазуды ұсынды және оқулық студенттердің тәуелсіз Қазақстан тарихын терең меңгеруіне септігін тигізетін сенімді оқу құралы бола алады деп ойлаймын», — деді. 
Атылмыш басқосуда жоғары оқу орнының оқытушы-ғалымдары, мектеп мұғалімдері Институт ғалымдары дайындап жатқан оннан аса оқулық пен оқу құралдарымен танысып, ғалымдардың шығармашылық жұмыстарына табыс тіледі.Сайлау жүйесі. Сайлау жүйесінің стратегиясы және тактикасы.Жаңа реформалар тек қана мемлекеттің басқару құрылымын ғана емес, бүкіл саяси жүйенің қызметіне толық өзгерістер әкелді. Яғни Парламенттің өкілеттігін ұлғайту арқылы бұған дейінгі президенттік басқару формасынан «президенттік-парламенттік» басқару жүйесіне көштік деуге толық негіз бар.  
Сондықтан, болып жатқан өзгерістердің мәні мен мағынасы өте жоғары. Шын мәнісінде, біз бүгінгі күні 15 жылдың белеңінде өз мемлекеттілігін қалыптастырып және оны даму даңғылына дұрыс бағыттай білген елдің өткеніне, оның сындарлы сәттеріне, тарихи драмасына үңілер тұсқа енді келгендейміз. Өткен 15 жылдағы әрбір күннің драмалық күй-жағдайын, күрделілігі мен маңыздылығын сезсек те, толық ұғына алмаспыз. Бүгінгі күн де солай. Себебі, еліміздің тәуелсіздік алғаннан бергі тарихы – бұл әртүрлі сындарлы сәттерде дұрыс таңдау тарихы.  
Кез-келген мемлекеттің алдынан дамудың даңғылы сайрап жатпайтыны, керісінше оның алдынан саяси таңдаудың сан тарап соқпағы сайрап жататыны белгілі. Ол әсіресе посткеңестік кеңістікте өз бұйдасы өзіне тиген Қазақстан секілді елдер үшін тым ауыр жұмбақ, аса жауапты таңдауды қажет етті. Қалың жыныстан жол шеккендей, қара түлейден із кескендей күйге түстік. Жаңа мемлекеттік жүйенің даму барысында қадам сайын бір таңдау, қарыс сайын бір шешімге келу қажет еді. Қандай салада болсын, саясатта да, экономикада да шешім қабылдау оңай болған емес. Әрқашан дилемма. Үнемі таңдау жасау керек. Айналадағыны жинаймыз деп, қолда барды шашып алмаймыз ба? Жылдам нәтижеге ұмтылып, бір күнде бәрін жоғалтып алмаймыз ба? Уақыттан ұтамыз деп, соңғы мүмкіндіктен айырылып қалмаймыз ба? Біз ең болмаса, қанша уақыт бар екенін де білгеніміз жоқ. Жедел реформалауға кірісу керек пе, әлде асықпай, сәті келгенде тәуекелге барамыз ба?  
Кез-келген мемлекет үшін өзінің ішкі этникалық, әлеуметтік, мәдени ерекшеліктері мен сыртқы саяси қатынас сипаттарына сәйкесетін жолдың әлемдік коньюнктурадан бастап, аймақтық альянс, іргелес одақтастармен ықпалдаса алатындай варианттарын таңдау – өте күрделі мәселеге айналды. Мұны біреулер тым үстірт, сол сәтінде қалай болса солай да қабылдап жатты. Шыдамсыздары алды-артына қарамай, тарихи маңызы бар шешімдерді аса жеңіл көзқараста қабылдай берді. Нәтижесінде, халқын кедейленіп, елдегі жағдайды бақылаудан шығарып алып, тіпті әлеуметтік катаклизмдерге ұрынды. Енді бірі мұндай дилеммалардан қорғалақтап, аңырып қалды. Сондықтан да өз бағыт-бағдарын таңдауға тәуекелсіздік танытқандар сол күйіндегі өзінің таз қалпында қалып қойды да, ұшқалақтыққа жол алдырғандары уақыттан ұрынып қалғандарын түсініп жатты. Ал біз болсақ, таңдау жасауға асықпадық, ал шешім қабылдағанда қорықпадық. Біз әрқашан өз таңдауымызды өзіміз жасадық. Қазақстандық дамудың басты логикасы да осы деуге болады. Мемлекетіміздің саяси дамуы да осындай дилеммалардан тұрды.  
Бірінші дилемма. Алдымен саясат па, әлде экономика ма? 
Бұл баяғыдан келе жатқан дау. Оған бүгінгі күннің өзінде де кесіп айтатын жауап жоқ. Біреулер саясат анықтаушы фактор, ал экономика сол қоғамдағы қалыптасқан саяси қарым-қатынастарға тәуелді деседі. Басқалары, керісінше белгілі бір елдегі саяси-қоғамдық процесстердің дамуы сол елдегі экономикалық жағдайға байланысты деп дәлелдейді. Ғалымдардың өзі, екі үлгідегі көрсетілген бағыттардың ішіндегі біреуін ғана ұстанады. Яғни тек қана «саясат», болмаса «экономика» деген секілді.  
Қазақстан «алдымен экономика, сосын саясат» моделін таңдады. Өйткені Қазақстанды тәуелсіздік мәртебесін иеленуші бірақ жалаң декларативтік мемлекетке айналмау, яғни өзінің азаматтарының нақты мүдделері мен саяси хұқықтарын, еркіндіктерін сақтауға, қорғауға экономикалық әлеуеті, экономикалық-құқықтық тетігі бар мемлекеттік жүйе қалыптастыру мәселесі баса толғандырды. Мемлекеттік дамудың негізгі базистік бағыты ретінде экономикалық реформаны бірінші кезекте қарастыру талабы – қазақстандық қоғамның ішкі ахуалы мен сыртқы ықпалдастық тұрғысынан да сұранысқа ие еді. Сол кездегі даму дилеммаларын таңдаушы елдердің арасынан экономикалық реформаны бірінші кезекке қойғандарының ғана ішкі тұрақтылыққа ие болып отырғандарын байқауға болады. Бір ғана мысал келтірер болсақ, ең бірінші саяси дамуға басымдылық берген көршілес Қырғызстанның бүгінгі көрінісі мен экономиканы реформалауға кіріскен Қазақстанның жетістігін салыстырып көріңіз. Құрманбек Бакиев мырзаның: «Бүгін Үкімет те, Жоғары Кенеш те экономика мәселелерін шешудің жолдарын қарастырып, елді алға сүйреудің қамын жасау керек. Қазақстан неліктен тез дамып келеді? Өйткені Президент те, Үкімет те, Парламент те әуел бастан экономикамен айналысты, ал Қырғызстан 15 жыл бойы тек саясатпен айналысып келеді. Нәтижесінде біздің қолымыз осыған жетті» деуі көп жағдайды аңғартса керек. Демек, біз кейбір елдердің мемлекеттік даму бағытын қайта қарастырып, осыдан он бес жыл бұрынғы қателікті қайта түзетуге әрекеттене бастағанын байқаймыз. Ал бүгінгі Қазақстандағы конституциялық өзгерісті мемлекеттік даму жүйесін қайтадан алмастыру, яғни бұрынғы таңдауға қайта оралу деп түсінушілік, нақтырақ айтсақ түсіндірушілік өте қате пікір дер едік. Өйткені Қазақстанның саяси реформаға көшуі уақыты келген, пісіп жетілген саяси эволюциялық процесс.  
Әрбір мемлекеттің қалыпты дамуы мен тұрақты жағдайына ең алдымен үш түрлі капиталдың негіз болатыны белгілі: Біріншісі – ресурс, табиғи капитал, екіншісі – адамгершілік сана яғни моральдық капитал, үшіншісі – саяси капитал.  
Табиғи капиталды игеру үшін де ең бірінші экономикалық реформаның таңдалатыны белгілі. Екінші капитал ешқандай реформамен, мемлекеттік шешімдермен реттелмейтін азаматтардың жеке ерік ықтиярындағы индивидтік рухани дүние. Ал саяси капитал дегеніміз – саяси технологиялар, саяси стандарттар. Демек еліміздегі бүгінгі саяси реформа – мемлекеттің даму бағытындағы екінші кезең деуге толық негіз бар. 
Егер егжей-тегжейлі зерделеп қарар болсақ Қазақстанның саяси реформаны қолға алған мезгілінің экономиканы инновациялық дамуға ұластырған тұспен дәл келгенін аңдар едік. Демек ұлттық экономика тұрақталып, өзіндік даму қарқынына ие болды. Бұл мемлекеттің саяси реформаға кірісуіне мүмкіндігі туды деген сөз. Осылайша Тәуелсіз Қазақстанның даму стратегиясын саяси сабырлылық пен экономикалық әлеуметтілікті тең қалыптастыруға негіздеп белгілеген мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Адамзат өркениеті экономикада – шаруашылық жүргізудің нарықтық тәсілінен, саясатта демократиядан тиімді еш нәрсе таба алған жоқ» деген сөзі даусыз ақиқатқа айналғанына көңіл сеніп, көз жетті.  
Екінші дилемма. Қатаң билік және демократия. 
Көп жағдайда, демократия мен тәртіпті, демократия мен қатаң билікті қарсы ұғымдар ретінде қарастырады. Әсіресе, бұл ұғымдарды қарсы қоюға әуестенген посткеңестік саяси элиталар. Алайда, бұл жалған дилемма.  
Өз елінде демократиялық мемлекет, азаматтық қоғам орнату секілді ізгі мұраттар мен іргелі мақсаттар кім-кімге де жеңіл шаруа емес. Ол әсіресе жиырмасыншы ғасырдың соңында ғана әупіріммен тәуелсіздікке қолы жетіп, мемлекеттік бастауларын қайта жүйелеген Қазақстан секілді елдер үшін жауапты сын. Бұл мақсаттардың нәтижелі болуы қоғамның саяси белсенділігі мен заңгерлік өркениет қағидаларының орайласа дамуына тікелей байланысты. Демек, тәртіпке жүгіну мен заң нормаларының орындыласын қалыптастыруды барынша мемлекеттік ұстанымға айналдыру – қоғамдық та, мемлекеттік те міндет болды. Бұл тарапта Қазақстан қатаң билікті таңдады. Қатаң билік деген түсініктен үркудің қажеті жоқ, керісінше оның демократия ұғымымен табиғаты бір екендігіне мән берген жөн! Егер демократияны шын мәніндегі саяси құндылық деп ұғар болсақ қатаң тәртіп оның сауыты деп қабылдаған ләзім. Ал бұл тұрғыда президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Мен тәртіп диктатурасы, дәлірек айтқанда, ұлы мәртебелі Заңның диктатурасы салтанат құрғанын қалаймын!» деп айқын шешімін жариялады.  
Демократияны өзінің меншігіндегі дүниедей төл, етене санайтын батыс елдерінің өзі анархиялық демократияға бой алдырып алып, одан арылудың жолын іздеген сәтте, либералдық құндылықтарға баса мән бергіш еуропалықтардың да демократияны сақтап тұру үшін қуатты билік көзі керек екендігін мойындаған кезінде саяси реформаларға кіріскен Қазақстанның дұрыс шешім қабылдағанына куәгерміз.  
Бүгінгі таңда қатаң билік пен демократия ұғымдарын бір-біріне қарама-қайшы дүниелер ретінде қарастырудың теріс екендігі де белгілі болды. Олар бір-бірін толықтырушы ұғымдар. Демократия – қолдауды ғана керек етпейді, ол мемлекеттік тұрғыдан қорғауға да мұқтаж. Ол үшін мемлекет пен қоғамның лайықты саяси мәдениеті орнығуы тиіс. Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлы: «саяси мәдениеті бар елдерде демократия мемлекеттікті нығайтады, ал саяси мәдениеті төмен елдерде демократия мемлекетті құрдымға дейін апарады» деп, бұл мәселені орынды тұжырымдайды.  
Өз ішінде демократиялық құндылықтарды дамытпақ түгілі ендіре алмаған, ендірген күнде де сақтап тұра алмаған әлсіз билік пен дәрменсіз үкіметтері бар елдер де саяси аренадан жиі көрінеді. Оны өз маңайымыздағы әлі тұрақтылығы қалыптаса алмай отырған әріптестеріміздің ішкі саяси драмаларынан бастап, терроризм, нашақорлық секілді қауіп-қатерлерге төтеп бере алмаған кейбір мемлекеттердің тағдырынан анық аңғаруға болады. Міне сондықтан да қазіргі саяси айналымда «мықты билік», «қуатты үкімет» деген ұғымдар қайтадан қолданысқа ене бастады. 
Үшінші дилемма. Демократия егемендіктен маңызды ма? 
Тағы бір жалған дилемма, ол егемендікті демократияға қарсы қою. Немесе, керісінше демократияны егемендікке қарсы қою.  
«Егемендік демократиядан да маңызды, демократия – мемлекеттің ішкі-сыртқы қауіпсіздік иммунитетін әлсіретеді» деп, көптеген посткеңестік элиталар демократиялық саяси реформалардан өз тұрғындарын үркітпекші болса, олардың ішкі қарсыластары — «егемендіктің мән-мағынасын тым зорайтудың қажеті жоқ, ұлттық мүдде мен тәуелсіздікті қорғауға бой алдырсақ, адам хұқы аяққа тапталады» деген пікірге салып, қалағанша өз үкіметтерін сынап, тіпті сол ұранмен төңкеріс жасауға да барды. 
Кейбіреулер, бұл дилемманы өздігінше шешпекші болып, компромисстікі формула ұсынды. Мысалы, Кремльдің бас идеологы атанған, Ресей Президенті әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Владислав Сурковтың пікірі бойынша «мемлекеттің ішкі саясаты – егемендіктің принциптері мен демократиялық мүдделердің арасынан ортақ шешім табуы тиіс». Яғни бұл – «егеменді демократия» формуласы. Бұл формулаға сәйкес, мемлекет – демократиялық принциптерді негізге ала отырып дамуы тиіс, бірақ оны шапшаңдату әлде баяулату мақсатындағы сыртқы ықпал болмауы тиіс. Шындығында да демократия басқа біреулердің талабымен жүзеге асуы міндетті емес. Себебі, демократия – өзгенің рецепттісін өзгертпей даярлайтын экзотикалық тағам емес, керісінше қоғамның нақты сұранысына лайық қабылданатын үрдіс болса керек-ті.  
Алайда аталмыш формуланы да әмбебап дүние деп айтуға болмайды. Себебі, кез келген мемлекет оқшауланып өмір сүре алмайды, оның үстіне қазіргі ғаламдану заманында. Олай болса бұл көзқарасты «демократиялық оқшауланушылық» деп атауға тура келмей ме?! 
Біз ондай жасанды, жалған дилемма жасаған жоқпыз. Қазақстандық саяси реформалардың формуласы: Егемендік пен Демократия бір-бірін шектейтін емес, керісінше толықтыратын құндылықтар! 
Егер мәселенің түбіне үңіліп қарайтын болсақ, егемендікті – мемлекет атты ұлы ғимараттың негізгі іргетасы деп қарау қажет. Демократия да дәл сондай іргетас! Себебі, ерікті де еркін азаматтар ғана егемен мемлекетті құра алады. Азаматтарының еркі мен бостандығы жоқ мемлекет қалайша тәуелсіз болуы мүмкін? Демек егемендік пен демократияны – ұлттық идеологияның қос іргетасы деп таныған абзалырақ. 
4. Жаңа реформалар – ұлттық дамудың жаңа сатысына аяқ басу 
Күні кеше ғана, қабылданған конституциялық өзгерістер қандай толғаныста, қандай күрделі таңдауларда жасалған шешімдер екенін түсіну қажет. Бір нәрсені батыл мойындауымыз керек: еліміздің әртүрлі сындарлы сәттерінде қабылданған әрбір маңызды таңдау мен шешімнің салмағы мен ауыртпалығы біздің Елбасымызға, Ұлтымыздың жетекшісі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа тиіп отырды. Кеше қабылданған жаңа саяси реформалар біздің Елбасымыздың, тағы да, шын мәнісінде ұлы реформатор екендігін көрсетті.  
Елбасының жариялаған жаңа саяси реформаларын мемлекет нығаюының және ұлттық дамудың жаңа сатысына аяқ басу кезеңі деп бағалау қажет. Әрине Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері арасында президенттік басқару жүйесін өзгерткендері болды. Мысалы, Украина мен Қырғызстан. Алайда олардың әлі пісіп жетілмеген саяси реформаларының қандай революциялық шараларға айналғанын көзіміз көрді. Мемлекеттік басқару жүйесін өзгерту – алаулатып от жағып, жалаулатып шеруге шығатын көшелік сана тұрғысынан емес, керісінше көшелі билік трибунасынан ұсынылатын саяси стратегиялық шешімдер болуы тиіс! Демек, қазақстандық мемлекеттік басқарудың жаңа кезеңі – сабақты иненің сәт індей дер кезінде қолға алынды десек қателеспейміз. Осылайша посткеңестік елдер арасында экономикалық трансформацияның үлгісі болған Қазақстанға енді саяси модернизацияның да жаңа моделіне айналуына тура келіп тұр!

Информация о работе Тәжірибеліқ сабақтың жоспары