Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 15:42, реферат
Жыл өткен сайын адамдардың радиоактивті сәулеленумен зақымдануы көбеие түсуде. Өйткені жыл сайын атом электр станциялары салып, олар іске қосылып жатыр. Сондай-ақ неше түрлі тездеткіштер (ускорительдер) сыналып, атом бомбалары жарылып жатыр. Олардан қаншама радиоактивті сәулелер бөлініп шығып, адамзат баласына неше түрлі зиян келтіріп, әлі де келтіруде. Сондықтан да адамзат баласын радиациядан қорғау осы кездегі кезек күттірмейтін өзекті мәселеге айналып отыр.ағаштарды радиациядан қорғау үшін неше түрлі киімдер тігуді қажетті етеді. Олардың құрамында қорғасын болады. Ол гамма сәулесін тұтып қалып, адам денелеріне сәулені артпайды.
І. Кіріспе:
1.1 Радиaция
ІІ. Негізгі бөлім:
2.1 Радиациялық ластану
2.2 Радиоактивті заттардан қорғану
2.3 Қазақстандағы радиациялық жағдай
ІІІ. Қорытынды:
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Космостық
сәулелердің жалпы табиғи радиациялық
фондағы үлесі 3-8 мкр/сағ. 1995 жылы зерттеулер
нәтижесінде Көкшетау облысының Арықбалық
және Сарытүбек мекен-жайларындағы барлық
ғимараттарда радиоактивті газ радонның
жоғары концентрациясы анықталған. Мысалы,
Арықбалық селосында екі балалар бақшасы
жабылған (радонның концентрациясы 4000
Бк/куб м-ге жеткен, қалыпты мөлшерде 200
Бк/куб м.
Елімізде үкіметтік емес экологиялық
ұйымдардың қызметін саяси, құқықтық негізде
дамытуға да қолайлы жағдайлар жасалуда.
«Қоршаған ортаны қорғау туралы», «Экологиялық
сараптау туралы»заңдарда жұртшылықтың
қатысу ережесі, ақпарат туралы негіздер
қаланған. Республикамызда 200-ден аса үкіметтік
емес ұйымдар қоршаған ортаны қорғау,
экологиялық білім беру, радияциялық қауіпсіздік,
экологиялық ағарту сияқты бағыттарда
жұмыс істеді.
Қаладағы ауаның ластануы, жердің тозуы
мен шөлейттенуі, өндірістік және тұрмыстық
қалдықтардың көбеюі, жер асты және үсті
су көздерінің ластануы, Ертіс, Жайық,
Талас, Сырдария, Іле, Шу өзендерінің ластанған
сулары негізгі экологиялық мәселелер
болып отыр. Ауаның ластануы 15 қалада нормадан
асып кеткен, Өскемен, Ленинагор, Алматы,
Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Теміртау, Шымкент,
Тараз, Петропавл, Қарағанды т.б. бұрынғыға
қарағанда қазіргі үлкен деңгейде болып
отыр. Арал өнірінің 59,6 млн.-ға жері азған.
Сонымен қатар көтерілген тұзды шұаңның
ағындары 300 шақырымға, ара қашықтығы 500
шақырымға дейін таралып жатыр. Республикамызда
20 млрд. тоннадан астам өндіріс және тұрмыс
қалдықтары жиналып қалған. Жыл сайын
14 млн. Куб м тұрмыстық және 700 млн. тонна
өнеркәсіптік қалдықтар, олардың ішінде
84 млн. Тонна уландырғышт.б. жиналады. Сонымен
қатар зауыт, фабрикалар өндеген рудаларын
өндіріс қалдықтарының 1-18 үйіндісі жалпы
көлемі 56 млн. текше метр алып жатыр, радиоактивті
фоны 35 мкр/сағаттан 3000 мкр/сағат қажетіп,
халық денсаулығын бұзуда.
Қазақстанда АЭС құрлысын салу туралы әңгімен, сонау Кеңес Одағы тұсында жиі қозғалатын. 1995 жылы бұл мәселе Үкімет басқармасында қайта қаралып, Оңтүстік Қазақстан облысында Шардара АЭС-ін салу көзделген-ді. Ғалым-мамандардың айтуынша, тәуелсіз, егеменді ел ретінде, әлемдік өркениеттің бір бөлігі салынатын Қазақстанда атом электр станциясының болуы қажет. Тіпті, Балқаш көлінің жағасында «Үлкен» атты елді мекенде салынады деген әңгіменің ұшы шығып жатыр. Бірақ, арнайы жұмыс жоспары жасалып, мамандар ірітелмеген. АЭС-тің қоршаған ортаны ластайтыны, өзен, көлдердің жағасында салуға болмайтыны тағыда дәлелденіп отыр. Шетелдерде, мәселен, Францияда электр энергиясының 90 пайызын АЭС өндіргенімен, есесіне адам өміріне қауіпсіздігі жан-жақты қаралған. Демек,, АЭС құрлысын салмай-ақ, электр энергиясын өндірудің басқаша көздерін қарастыру қажет. Бұған қосымша бас қосуға қатысушылар жалғыз түйін – Қазақстан қазіргі АЭС салуға дайын емес деген қортынды жасады.
Қорытынды:
Табиғи ортаны ластаушы заттар әр түрлі
болып келеді. Ол заттар өзінің табиғатына,
шоғырлануына және адам организміне
әсер ету уақытына қарай әр түрлі
жағымсыз нәтижелер туғызады.Қазіргі
кезде ауаны ластайтын заттардың 150-ден
астамы белгілі. Бұл заттар ауада күн сәулесінің
әсерімен бір-бірімен реакцияға түсіп,
жаңа қосындылар түзеді.
Радиациялық ластанудың баска ластанудан
көп айырмашылығы бар. Қысқа толқынды
электрмагниттік сәуле шығару мен зарядталған
бөлшектерді бөліп шығаратын тұрақсыз
химиялық элементтердің ядросы — радиактивті
нуклидтер. Міне, осы бөлшектер мен шығарылған
сәулелер адамның организміне түскенде
жасушаларды (клеткаларды) бұзады, соның
нәтижесінде түрлі аурулар пайда болады.Радиациялык
ластанудың негізгі көздері — альфа, гамма
және бэта, сиякты радиоактивті сәулелер.
Ионданған сәулелер адам, жануар организмдерінде
ақуыз, фермеш және басқа да заттардың
өзгеруіне, яғни сәуле ауруының дамуына
әкеліп соғады.
Сәуле ауруы өзінен алынған
сәуленің мөлшеріне қарай ауыр және созылмалы
болып бөлінеді. Адамдар екі-үш рет сәуле
алғанда ауыр сәуле ауруына ұшырайды,
ал аз мөлшерде адам ұзак уакыт сәуле ауруына
шалдығады.
Қабылданған мөлшеріне карай сәуле ауруы
төрт түрлі дәрежеде болады:
Сәуле ауруы төрт кезенде жүреді: бірінші кезең- сәуленің организмге әсері оның мөлшеріне карай болады. Оның ең алғашкы белгілері: әлсіздік, бас айналу, бас ауру, жүрек айну, құсу, іш өту, терінің бозаруы, қан қысымының секірмелі болуы, естен тануы. Екінші кезең — бірінші кезеннен кейін уакытша аурудың жағдайы жақсарады. Бұл кезеңді латентті кезең, яғни, жағдайдын жақсы болып көріну кезеңі деп атайды. Алған радиация мөлшері көп болса, бұл кезең қысқа болады да екі күннен үш жетіге дейін созылады. Әлсіздік, терлегіштік, тәбетінің төмендеуі, ұйқысынын бұзылуы байкалады және қанда өзгеріс болады. Үшінші кезең — өте жоғары мөлшерде сәуле алғанда сәуле ауруының асқыну кезеңі басталады. Аурудың температурасы көтеріліп, ішіне қан құйылады, жаралар пайда болады, бадамша безі асқынып, баспа ауруы пайда болады. Үш-төрт жетіден кейін шаштары түседі, қан үюы бүзылады да жүқпалы аурулар дами бастайды (өкпенің кабынуы, дизентерия, іш өту, қанның бұзылуы, т.б.). Төртінші кезен — сәуле ауруыньщ жеңіл түрі, бұл осы кезеңде ауру жазыла бастайды. Ауыр түрі болса, онда адам бірінші кезеңде өліп кетеді. Орташа және ауырлау түрінде адамның жазылуы бірнеше айға созылып қан азаяды, қан кысымы көтеріледі және организмнің әлсіздігі байкалады.
Радиактивтік ластану өткен ғасырдың 40-шы жылдары уранның ыдырау реакциясы ашылғаннан бастап пайда болған. Атом энергиясын американдықтар соғыс максатында, ал 1945 жылдан бүрын Кеңес дәуірінде оны бейбіт максатка пайдалана бастады. Атом энергиясын пайдалану кезінде сактандыру шаралары коса жүргізіледі. Өйткені, атом қондырғылары жұмыс істеу кезінде, адам өміріне қауіпті радиактивті шлак түзіледі. Ал оны залалсыздандыру оңай шаруа емес. Радиактивті калдықтарды теңізге, мұхитқа, өзенге тастауға рұксат етілмейді. Әрине, бұл жағдай кейбір капиталистік елдерде сақталмайды. Мәселен, Ирландия жағалауы қазір ядролық үйіндіге айналған. Жыл сайын мүхит түбіне радиактивтік қалдықтар тасталып жатыр. Көптеген дамыған елдерде атом өнеркәсібі кәсіпорындарында белгіленген санитарлык нормаға дейін радиактивт ізаттардың концентрациясын азайтатын тазарту қондырғыларын салынған.Қалдықтар баллондар гасалынып цементтеледі де, арнаулы жерлерге тасталады. Чернобыль апаты айналадағы орта мен халықтың денсаулығына қатты әсер еткен, атом энергиясындағы ешуакытта болмаған апат. Чернобыль апаты кезінде атмосфераға 50 МК радиактивті заттар шығарылған және ауданы 3000 км болатын жерге таралған.
Қолданылған әдебиеттер
1.Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология. Алматы, 2009.
2. Төлеубаев Б.Ә. Радиациялық экология жайлы қысқаша таным. Павлодар, 2008.
3. Жатқанбаев Ж.Ж. Экология негіздері. Алматы, 2003.
4. Интернет порталы. Яндекс.
5.Молахметов З.М., Ғазалиев А.М., Фазылов С.Д., Экология негіздері. Қарағанды, 2002.
М.Өтемісов атындағы Батыс
Қазақстан мемлекеттік
факультеті
кафедрасы
Реферат
Радиация туралы
Орындаған: 01110- топ студенті,